Лекции.Орг


Поиск:




Алкалоидтар өндірісіндегі регламенттің мазмұнына сараптау жүргізіңіз




Алкалоидтар – құрамында азот бар өсімдіктерде кездесетін табиғи қосылыстар, олар табиғатта кездесетін гетероциклді аминдер класына жатады. Көптеген алкалоидтар күшті физиологиялық қасиетке ие және маңызды дәрілік препараттар құрамына да енеді

Регламент - қандайда бір мемлекетті қорған мен оның құрылымдық бөлімшесі қызметінің ішкі тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық акт.

Жалпы табиғи өсімдіктен алынған дәрілік затты регламентке сәкестендіру міндетті. Регламент зертханалық, жартылай өндірістік, өндірістік регламенттер деп бөлінеді. Соның ішінде өндірістік регламентке тоқталайык.

Өндірістік регламентті зауыттың бір цехында тексереді. Өндірістік регламенттің талаптарына сай алынған препаратты зауыттағы зертхана және техникалық бақылай бөлімі тексереді.

Өндірістік регламентте сызбанұсқаның үлкен карта техникалық сызба нұсқасы салынады.

Барлық регламенттің мазмұны мынадай 13 тараудан тұрады:

1. Соңғы негізгі өнімнің сипаты;

2. Өндірістің химиялық жүйесі;

3. өндірістегі технологиялық схема;

4. аралық өнімдер, шикізаттар мен материалдар;

5. Өндірістегі қондырғылар;

6. Техникалық процестерді түсіндіру;

7. Өндірістегі қалдықтарды, желдеткіштегі қалдықтарды бақылау және залалсыздандыру;

8. Өндірісті бақылау;

9. Қауіпсіздік ережелері, өрт қауіпсіздігі;

10. Өндірістегі инструкциялар;

11. Техника-экономикалық нормативтер;

12. Информациялы материалдар,

13. Әдебиеттер тізімі.

22. Цэфедриннен өндірісіндегі маточты ерітіндіні залалсыздандыру және изопропил спиртін регенерайиялауды сараптаңыз

Реакторға 15 л дистелденген су құйып, араластырғышпен араластырып тұру керек, люктан, яғни жоғарғы жақтан 5 кг эфедрин гидрохлорид салынады. Сулы суспензияға 20-25 мин 42 % NaOH құяды. Температураны 5-10С-қа жеткізеді. Содан кейін араластыруды 15 мин жүргізеді. Нәтижесінде эфедрин негіз май түрінде түзіледі, кей жағдайда кристалл пайда болады. Осы реакторға эфедрин негізді экстракциялап алу үшін, жоғары жақтан 5 л дихлорэтан құйып, 15 мин араластырылады. Содан кейін 15 мин қойып қояды. Дихлорэтан төменгі бөлікке түседі де, жинақтағышқа 5 л дихлорэтан құйып алады. Сулы сілтілі ерітіндіні өңдеу 2 рет жүргізіледі және сол ерітіндіні алкалоидтарға тексереді. Кремний, вольфрам қышқылдарымен, егер жоқ болса канализацияға жібереді. 14-15 л алынған экстрактыны 2 кг Na2SO4 cалып, 12 сағат айналдырады. Алынған ерітіндіні бәздің үстінен фильтрлейді. Сусызданған дихлорэтан 19,5 кг екінші техникалық процеске жіберіледі. Эфедрині бар дихлоэтан ерітіндісін келесі реакторға жібереміз. Сыртына рубажкаға 60 С ыстық суды қыздырып, ішкі 40-50С, 0,7 атм қысымда айдалады. Сонда концентрат қалып, тура тоңазытқыш ауыстырылады. Люктан акрилонитрилді жайлап жіберіп, реактор рубажкасына 90-100С ыстық суды 3 сағат бойы жіберіп отырады. Акрилонитрил 1,44 кг, оны суытамыз. Реакция жүргенін тексеру үшін люктан сынама алып, акрилонитрил қалған қалмағанын тексереді. Бәрі оң болса, онда ерітіндіні 40-50С температураға суығанда люктан 10 л изопропил спиртін құйып, 20 мин араластырады. Еріген цефедрин ерітіндісін 20С суытамыз. Суу барысында 40 мин араластырып отырады. Өлшегіштен 4 л изопропил спирт ерітіндісін HCl бар құйып, 10-15 мин қоямыз. рН-6 болу керек. Егер 6 болмаса тұз қышқылының изопропил ерітіндісін тағы қосамыз. Алынған суспензияны реактордың төменгі жағынан инертті газбен центрифугалау арқылы төменгі жақтан құйып аламыз. Техникалық цефедринді 20 л эмальді кострюлге құйып, 15 л абсолютті изопропил спиртін қосып араластырып, центрифугалаймыз.

Техникалық цефедринді үшінші техникалық процеске жібереміз. Қалған 25 л ерітіндіні жинап, басқа аралық сатылық тазалауға жібереді. 5,4 кг техникалық цэфедрин алынды. Цэфедринді 85 % изопропил спиртімен қайта кристалдаймыз. Реакторға 10,8 кг цэфедрин салып 85 % 84 л изопропил спиртін құяды. 80-82С температурада толық ерігенше қыздырамыз. 20 мин 70-75С суытып, люк арқылы 50/1 қатынаста 220 кг көмір қосып, рубажкаға ыстық су жіберіп араластырамыз. Түзілген тұнбаны екі қабатты бәзден фильтрлейді. 80 л фильтрат алады. Оны кристаллизаторға беріп, 0,4 кг шыққан көмірді алып тастап, кристалды 3-5С темп-ға дейін 3 сағат бойы суытады. Цэфедрин суспензиясын центрифугаға жіберіп, алынған тұнбаны сығып, шығарып алады. Тұнба паста сияқты болады. Пастанығ астына қағаз салып, 3 сағат кептіргіште кептіреміз. Сосын ұнтақтап 38-ші илегіштен өткізеді. Алынған цэфедрин 8,3 кг. Бұл процестің бәрінде арнайы қорғаныс киімін киіп жұмыс жасау керек.

---





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-10-21; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 674 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Лаской почти всегда добьешься больше, чем грубой силой. © Неизвестно
==> читать все изречения...

1445 - | 1297 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.