Лекции.Орг


Поиск:




Адамның психикалық іс-әрекеті




Ф КГМА 1-8-21/02

МУ «Организация методической работы в соответствии с ГОСО 2006 года» от 04.07.2007 г

 

Арағанды мемлекеттік медицина академиясы

Физиология кафедрасы

 

Д Ә Р І С

Тақырып: «Адамның психикалық қызметтері»

 

FIZ-1 2207 «Физиология-1» пәні

051301 «Жалпы медицина» мамандығы

2 курс

1 сағат уақыты (ұзақтығы)

 

 

Қарағанды 2008.

Кафедраның әдістемелік жиналысында бекітілген

Ж. №______ Хаттама

 

Кафедра меңгерушісі ______________ Ф.А. Миндубаева

 


· Дәрістің тақырыбы: «Адамның психикалық қызметтері»

· Дәрістің мақсаты: психикалық қызметтер объективті дүниенің субъективті бейне болатынын, эволюция барысында икемделу ретінде қалыптасқанын және биологиялық мұқтаждықтармен негізделгенін көрсету.

· Дәрістің жоспары:

1. Психика шынайылықтың көрінісі ретінде.

2. Зерттеу әдістері.

3. Танымның кезеңдері: шындықты нақтылы-сезімдік түйсіну, оның құрамдас бөліктері: сезу, түйсік, елестету.

4. Шындықты абстрактілі-жалпылай түйсіну, оның құрамдас бөліктері: түсіну, ойлау, қорытындылау.

5. Сана – психикалық іс-әрекеттің жоғары формасы ретінде, оның құрылымдық негізі.

 

 

Адамның психикалық іс-әрекеті

Осы күнгі физиология ғылымының өзекті мәселелерінің бірі — адамнық психикалық іс-әрекетінің негіздерін анықтау. Қазіргі кезде үлкен мидың оң және сол жарты шарларынын, әрекеттік айырмашылығы, сезім жүйелерінің, таным, түйсік, тіл, сана процестерінің, ұйқы, сезініс, мотивация іспетті психикалық әсерленістердің физиологиялық механизмдері кеңінен зерттеліп, айтарлықтай нәтиже алынды.

Адамның психикалық әсерленісінің физиологиялық негіздері мен заңдылықтары И. М. Сеченов пен И. П. Павловтың ұғыну ілімі арқылы айқындалады. Психикалық әсерленістер физиологиялық құбылыстармен тығыз байланысты дербестігі бар процестер.

Психикалық және физиологиялык кұбылыстардың ара салмағы бейнелеу теориясының маңызды саласы. Ол материя мен санаға байланысты философияның негізгі мәселесі. Психикалық әрекеттің қалыптасу заңдылықтарын психология гылымы зерттейді. Ол психиканы мидың ақиқат болмысты бейнелеуі ретінде қарайды.

Психикалық әрекет жалпы психикалық құбылыстардан, күйлерден және кісілік қасиеттерден түрады. Психикалық әрекеттерге ықылас, түйсік, зерде, эмоция (сезініс), ойлау, тіл, сана жатады.

Эволюциялық даму кезінде адам мен жануарлардың психикасы биологиялық мұқтаждығынан, қоршаған ортаның жағдайларына икемделуі арқасында қалыптасты. Ол мінездің қарапайым түрінен күрделі көріністеріне алмасып дамыды. Адам бейімделудің және өзгергіштіктің өте ерекше дәрежесіне жетті. Өйткені оның миы өзгеше жетіліп, бүкіл адамзаттың тарихи-қоғамдык тәжірибесін иеленді.

Адамның психикалык, қасиеттері: қабілеті, типтік ерекшеліктері, мінезі, темпераменті, әлеуметтік бағдары, талаптары, оның санасы арқылы ұйымдастырылады.

Психикалық әрекеттің негізі — қоршаған ортамен организмнің объективті арақатынасын сипаттайтын жеке физиологиялық көріністер. Олар біртұтас бірлестірілген субъективтік бейне күрайды (А. А. Ухтомский). П. К. Анохиннің әрекеттік жүйе туралы ілімі физиология мен психология арасындағы тұжырымды байланысты ашты.

Психикалық әрекетті бірнеше әдістер арқылы зерттейді. Олар физиологиялық, психологиялық, социологиялык, кибернетикалық, электрофизиологиялық әдістер. Сонымен бірге пікірлесу, ауызша жауап, бақылау, тәжірибе, психологиялық сынамалар жиі қолданылады.

Ықылас — көңілдің белгілі нәрселерге қажетті мәлімет алу үшін бағытталып, оған қадалуы. Басқаша айтқанда, организмнің тітіркенуге жауап беру даярлырын көрсететін оның сергектік белсенді күйі.

Ықылас ерікті және еріксіз болып екі түрге бөлінеді. Еріксіз ықылас— туа біткен жүйке тетіктері арқылы жүзеге асырылатын кұбылыс. Ерікті ықылас - адам психикасын мақсатты жұмылдыратын және жанама түрде болатын әлеуметтік дамудың жемісі. Ықылас қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болуы ықтимал. Ол сыртқы әлем заттары мен құбылыстарына, не адамның ішкі күйіне, ойына, сезіміне бағыттылады. Ықыластың толықтығынан, тұрақтылығынан, көлемінен адамның іс-әрекеті, сезуі, түйсігі, зердесі, ақыл-ойы, тіпті санасы тәуелді келеді.

Ықыластың әртүрлі көріністері бағдарлау рефлексіне, мидың жергілікті қозу және тежелу процестеріне, сезім мүшелерінін, әсерленісі мен организмнің, табиғи мұқтаждықтарына байланысты. Сондықтан ықыластың физиологиялық механизмін ұғыну үшін И. П. Павловтың шартты рефлекс, ми қыртысының ішкі тежелуі, талдау-синтез әрекеті туралы ілімін арқау етеді. Сонымен катар, А. А. Ухтомскийдің доминанта туралы еңбектері бойынша, ықылас кезіндегі үстемді қозу ошағы теріс индукция (кезеліс) процестері арқылы оның шоғырлануына жағдай жасайды.

Көптеген деректер бойынша, ықылас пен сергектіктің шығу тегі ұқсас. Оларға да торлы құрылым, шашыраңқы таламус жүйесі, оның ми қыртысы проекциясы және гипоталамус жауапты. Торлы құрылымның белсендіруші ықпалы әуелі ілмек (лемниск) жолдарымен келетін арнамалы серпіністерді ми қыртысына тікелей экстраталамустық жолдар (ішкі капсула немесе субталамус) аркылы жеткізеді.

Торлы кұрылымның белсендіруші әрекеті әртүрлі сезім мүше-лері қозғанда немесе ми қыртысының (ұласқан) аймактарыиың кұлдыраушы ыкпалдарынан пайда болады.

Таламустың бейарнамалы жүйесі ми қыртысына берілетін мә-ліметті іріктеп, ыкыласты бір тітіркенуден баскасына ауыстырады.

Торлы кұрылым ұзақ және жалпылама сергектікті, ал таламустың арнамалы жүйесі ықылас пен сергектіктің қыска мерзімді өзгерістерін қамтамасыз етеді.

Ми қыртысы және оньщ ұласқан зоналары ьіқылас механизмінің негізгі орталық бөлімі болып саналады. Мұнда ақпаратты іріктеп алу арқылы түйсік, ықылас және сананын талғамыс түрлері жүзеге асырылады,

Ми қыртысы-торлы құрылым механизмдері ерікті ықыласты, оның шоғырлануын жіті қадағалайды. Еріксіз ықылас механизм-дері кыртысасты құрылымдарда қалыптасады.

Соңғы жылдары ерікті ықыластың ерекше «парасатты ыкылас» деп аталатын түрі айтылып жүр. Ықыластың бұл түрі ми қыртысының маңдай бөлігінің арнамалы нейрондары мен олардың өзара байланыстары арқылы іске қосылады. Сөйтіп ықыластың әркелкі құбылыстарына жауапты құрылымдардың иерархиялык (көп сатылы) құрылысы байқалады (торлы құрылым-таламус-гипоталамус-лимбия жүйесі-ми қыртысы).

Ықыластың сапасы бірнеше физиологиялык, көріністермен сипатталады. Оның белсенділігі, бағыттанушылығы, тереңдігі, орнық-тылығы, қарқындылығы, аударақосушылығы болады.

Ықыластың белсенділігі ерікті және еріксіз болып жіктеледі. Ерікті ықылас адамның санасы, өз ырқы арқылы туады. Ол адам-ның таным-тіршілігі, ақыл-ойы және іс-әрекеті үшін жетекші роль атқарады. Еріксіз ықылас кездейсоқ төтенше тітіркендіріс-терге шартсыз бағдарлау рефлексі ретінде пайда болады.

Орнықтылығы деп ықыластың белгілі нәрсеге (объектіге) шоғырлануын айтады. Ол турақты және тұрақсыз ықылас болып бөлінеді. Дені сау адамның өзінде де ықыластың орнықтылыгы құбылмалы келеді.

Ықыластың терецдігі оның көлемі және таратылуы арқылы анықталады. Оның көлемін ықылас қамтитын нәрселердің саны сипаттайды. Мұнда ықыластың шашырауы немесе шоғырлануы маңызды орын алады.

Сонымен қатар ықылас адамның ішкі әлеміне немесе сыртқы төңірекке бағытталады. Ықылас басқа нәрселерге оңай не киын ауысады. Ал ықыластың қарқындылығы жоғары немесе төмен болады.

Адамдардың тынымды ықыласымен қатар ықылассыздығы байқалады. Ықылассыздықтың бірінші түрі зейін шашыраудан, қажудан кейін білінеді. Бүл көбінесе мектеп жасына дейінгі ба-лаларда, торыққыш адамдарда кездеседі. Ықылассыздықтың екінші түрі, керісінше, жоғары қарқынды, қиын ауыстырылатын және ішке бағытталған болады. Мұны өз ойына терең берілетін «оқымыстының ықылассыздығы» деп те атайды. Ықылассыздық-тың үшінші түрінде әлсіз қарқын, шала ауыстырылатын, селқос жағдай туады.Ықыластың сапасын арнайы тестілер мен санамалар арқылы тексереді.

Ойлау адамнын. жаңа жағдайларға бейімделуі кезінде мақ-саттарды жаңаша шешуге арналған ми қыртысыньщ өте күрделі іс-әрекеті. Ол әлемді танудың және бейнелеудің ең жоғары сатысы. Ойлау болмысты, оның бүкіл байланыстарын, қатынаста-рын және заңдылықтарын жанама түрде, жалпылама бейнелеу. Ойлау аркылы заттардық және құбылыстардың туйсінбейтін мазмұны, маңызы және мағынасы танылады.

Танымның алғашқы кезеқі нақтылы сезімдік бейнелеу. Ол сезу, түйсік, елестету арқылы атқарылады. Қоршаған әлем мен оргаішзмнің өз хал-жағдайын нақтылы сезімдік бейнелеуді бірінші сигналдық жүйе атқарады.

Материалдық (мәдилік) дүниені тану сезуден басталады. Ол әртүрлі талдағышқа әсер ететін қоршаған орта құбылыстары мен заттардың жеке қасиеттерін бейнелейді. Ал түйсік біртұтас нақтылы бейне (образ) түрінде тек сезуден құралады. Сезу мен түй-сік талдағыш жүйелерге тікелей әсерден туады. Жалпы нақтылы елестету (түсінік) арқылы пайда болады.

Ойлау процестері жалпы түсінік.пен үғымнан және пікір мен ой тужырымынан тұрады. Ұғым, ең жоғары ойлаудың дәрежесі түсінікті ой. Ол біздің сезім мүшелеріміз қабылдамайтын ең ма-ңызды жақтарын бейнелейді. Бұлар танымның анағұрлым күрде-лі кезеңі қоршаған әлемді жалпылама дерексіз бейнелеу. Ой-лаудьін, дерексіздік (абстракциялық), сезімдік, нақтылы, көрнекі әсерлі т. б. түрлері болады.

Психология ғылымы негізінен ойлаудың үш түрін ажыратад,ы: нақтылы, бейнелі және дерексіз-қисынды (абстракциялық-логикалық).

Нақтылы немесе көрнекі — әсерлі ойлау бірінші сигналдык жүйеге тіреледі, әрі екінші сигналдық жүйені де арқау етеді. Бұл кисынды ойлаудық алғашқы сатысы, ол кейін бейнелі ойра алмасуы мүмкін.

Бейнелі ойлау ойша байымдау немесе елестету және жос-парлау арқылы жүзеге асады. Бұл тілмен тығыз байланысты.

Дерексіз-қисынды ойлау — ұғым, пікір символдық белгілер және басқа дерексіз категорияларды пайдаланады. Мұндай ойлау ең терең және нәтижелі келеді. Алайда ол үшін жеткілікті білім мен дағдылар қажет.

Ұғым дегеніміз заттар мен құбылыстардыц жалпы және ма-ңызды ерекшеліктерін бейнелеу болып табылады. Пікір олардың әртүрлі жақтары мен касиеттері арасындағы байланыстар мен қатынастарды бейнелейді. Ой тұжырымы пікірлерді заңдылықпен байланыстыратын ойлаудың жоғары сатысы. Ойлаудың үш турі де тектік (гендік) және диалектикалық тұрғыдан алғанда санның сапаға ауысуы.

Ойлау әрекетінің нейрофизиологиялық негіздерін алғашқы ашқан И. М. Сечснов.. Оның айтуынша, ойлау нәрселерді бір-бірімен салыстыратын мидың рефлекстік құбылыстарының аиалпз-дік-синтездік әрекетінің нәтижесі. Ойлау процесінің нейрофизно-логиялық негізін іс-әрекеті түзетіндігі И. П. Павловтың нақтылы тәжірибелерімен дәлелденді.

И. М. Сеченов пен И. П. Павловтың енбектерінде, ассоііиация (ұлас) ұғымы организмнің белсенді бейімделу іс-әрекетінің, курделі нэрселер ортасындағы мінезінің нәтижесі деп саналады. Адам мінезінің физиологияльщ механизмдеріне талдау жасаған-да, ол екі сигналдық жүйенің, ми қыртысы мен қыртысасты кұры- -лымдардың бірлескен іс-әрекеті екендігі көрінеді. Адам өз еркі-мен, өзінің шартты рефлекстік әсерленісін тоқтата алады. Ырық-сыз сезім мен эмоцияның көптеген көріністері қорғаныш, тағамдық, жыныс рефлекстерін тыяды. Ми бағаны меи торлы құрыЛым-ның серпіністері ми қыртысының қалыпты тонусын (сергуін) кам-тамасыз етеді.

Ойдың физиологиялық негізін сигналдық жүйелердің өзара әрекеттесуін жүзеге асыратын үлкен ми сыңарларының кызметі құрайды. И. П. Павловтың айтуынша, екінші сигналдық жүйеиің іс-әрекеті мидың маңдай аймағы мен сөйлеу, есту және көру тал-дағыштарының әрекеттерінен тұрады. Олар ауызша, жазбаша сөздерді түйсініп, жаңа сөйлемдер құрауға, айтуға жағдай жасай-ды. Сөйтіп, миға жететін сигналды кадагалап, сырткы әлемнін, тітіркендіргіштерін қалайша әуелі сезуге, түсінуге болатынын анықтайды. Кейін сөз аркылы нақтылы нәрселерді түйсініп, олар-дың қасиетін ажыратып, белгілі категорияларға жатқызып ұғы-куға болады. Осылай танымның бірінші кезеңі екінші кезенге, қарапайым сезуден күрделі ой-процесіне алмасады.

Ой іс-әрекеті ми кыртысы мен оның маңдай аймағында өтетін анализ және синтез, салыстыру және жалпылау, дерексіз ойлау (абстракция) және нақтылау құбылыстарын бірлестіру аркылы орындалады. Жоғарыда аталған ойлау операциялары ұғым және сөз түрінде әрбір ойдың негізін құрастырады.

Тіл адамдардыц қатынас кұралы ретінде қалыптасты. Ол ең-бектену нәтижесінде адамдар бірімен-бірі түсінісу үшін кажет болды. Тіл сөз арқылы ақпарат қабылдау, өцдеу және жеткізу түрінде сипатталады. яғни, болмыс сөйлеу әрекетімен бейнелеие-ді.

Сөз бейнелеудін екінші сигналдык. формасы. Тіл байланыстыруніы, үрындырушы және реттеуші қызмет атқарады. Тілдің байланыстырушы (коммуникациялык,) эрекеті — онын адамра тән арнайы қатынас құралы болуы. Бүл айтушы мен тьщдаушы арасындағы саналы іс-әрекет. Ол өзара тығыз байланысты айтылу (экспрессивтік), суреттелу немесе үғыну (импрессивтік) түрлерінен түрады. Мұның екеуі де өте күрделі психологиялық қүбы-лыс. Бүлардың физиологиялық негізін мидың ерекше әрекеттік жуйелері аткарады.

Жануарларда да коммуникациялық іс-әрекеттін қарапайым түрлері кездеседі. Олардың кейбір дыбыс шығаруы немесе көру тітіркенулері басқа жануарларға сигнал болуы мүмкін. Алайда ол екінші сигналдық жүйе бола алмайды.

Тілдіқ үғындырушы эрекеті дерексіз ойлаудын, түсінудің күралы. Түскен ақпаратты талдап қорыту арқылы пікір және тү-жырым туады. Сөйтіп сигналдық жүйелердің өзара әрекеті қара-пайым сезуді күрделі ойлау процесіне ауыстырады.

Тілдіқ рвттеуші эрекеті сөз арқылы организмнің әртүрлі жү-йелерін реттеуді жүзеге асырады. Сөз сигналы іиікі ағзалар қыз-метін, организмдегі зат алмасу қарқынын өзгертеді. Мұны Қ. М. Быковтың ми қыртысы ағзалық теориясы дәлелдейді.

Сөздік тітіркендіргіштер қимыл-әрекетті, сезімдік жүйелерді, вегетативтік жүйкені, мидың қызметін өзгертіп, адамның психи-касына, көңіл күйіне әсер етеді. Мүндай психофизиологиялық кө-ріністерді адамнық және науқастардың әртүрлі әрекеттік жағдай-ларын анықтау үшін колданады.

Нәрселерді сөзбен белгілеудің акустикалық, кинестезиялық және оптикалық түрлері кездеседі.

Тілдіқ акустикалық формасы дыбыс сигналдары түрінде болады. Ол сөз түйдектерін жіктеп немесе құрап түйсінуге көмекте-седі. Яғни байланыстырушы әрекет атқарады.

Тілдің кинестезиялық түрі дыбыс шығарушы артикуляциялық мүшелердің қимыл-әрекеті арқылы жүзеге асады. Тіпті дыбыс Іпырармай тек ойлаудың өзі олардың бүлшықеттерінің сергуін күшейтеді. Ал өз ойын саусақпен, ыммен түсіндіретін керен-мыл-қаулардыц қол еттері жиырылады. Сол арқылы оларды екінші сигналдық жүйе жорары парасаттық дәрежеге жеткізеді.

Тілдің оптикалык, түрі жеке сөз (әріп) тітіркендіргіштерін тал-дау және бірлестіру механизмдерін, сөздің символдық мәнін қам-тамасыз етеді. Ми қыртысының шүйде аймақтары зақымданса әріптерді тану, ажырату қиындайды. Ал козгалыс және есту тал-дарыцітары зақымданган жардайда әріпті жазумен қатар естігеи сөзді үрыну бүзылады.

Тілдің физиологиялык, негіздері үш күрделі проиестен тұрады: сөздік сигналды түйсіну және танып білу, кабылдацран хабардың мазмұнын түсіну жопе сөзді айту әрекеттері.

Тілдіц немесе екінші сигналдық жүйенің іс-орекеті мидын, маңдай бөлігі мен сөзді айту, есту жоне жазуды көру талдағыш-таоы аркылы орындалады.

Сөзді айту таллағышы дыбыс аппараттары мен булшыкеттері рецепторларынан мәлімет алып, сөйлемдер құрастырып сөйлеуді жүзеге асырады. Ол мидың маңдай бөлігінің екінші және үшінші қатпарларында орналасқан (Брока орталығы). Аурсыну кезінде еріксіз сөйлеуге байланысты бұған кыртысасты құрылымдар д,а қатысады деп болжаура болады.

Тілді түсіну мидың сөзді есту талдағышы арқылы атқарылады. Ол оңқай адамдардың сол жақ ми сыңарының самай аймағының жоғарры бөлігінде орналасқан (Вернике орталығы).

Тіл туйсігінің негізгі алғы шарты акустикалық немесе оптикалық түрде келген ақпаратты жіктеп ажырату. Мұны тек есту зердесі мен киын материалды оқыған кездегі көздің ізденіс ки-мылдары арқылы орындауға болады. Ми қыртысының белгілі ай-мақтары екінші сигналдық жүйенің әрбір көріністеріне жауапты болғанымен, әдетте, тілдің курделі іс-әрекеті (сөйлеу, оку, жазу, санау) мидың басқа бөліктері бүлінсе де бүзылады. Өйткені пси-хикалық іс-әрекет бүкіл мидың бірлестірілген қызметі.

Сана — болмысты бейнелеудің ең жоғары сатысы. Сапа арқылы адамның қоршаған әлеммен қарым-қатынасы мақсатты түр-де реттеледі. Ол адамның сезу, түйсік, елестету, ықылас, сезім, ырық, ойлау іспетті психикалық іс-әрекетінен кұралады. Сана адам миы қызметінің жемісі. Материяның әрбір қасиеті сиякты сана тек ақиқат заттар мен күбылыстардыц өзара әрекетінен туады.

Адам мен жануарлар болмысты сезімдік түйсіктер арқылы бірдей таниды және бағалайды. Алайда адам жануарларға қараганда объективтік дүниені ақыл-оймен бейнелеу және дерексіз ойлау, тіл арқылы түсінеді.

Тіл сананың (ойдың) матерлалдық көрінісі, негізгі. Тілсіз сана жоқ, ал санасыз адам жоқ. Сана жеке адамның субъектнатік әсерленушілігі. Жалпы сана сезіну және сана-сезімнен құралады. Сезіну дегеніміз ақиқат болмысты жинақталған біліммен салыс-тыру және адамның тәжірибесіи молайту. Сана арқылы басқа адамға білім беріледі.

Адам өзіндік сана (сана-сезім) аркылы езін-өзі сезініп, ұғы-нады. Сана-сезім дегеніміз адамның өзін-өзі және өзінің псн.хи-калық күйін түсінетін арнайы кісілік ерекшелігі. Адамның сана-сезімі қашанда таптык, топтық, коғамдық сана-сезіммен тығыз байлаиысты. Сондыктан сана-сезім адам өзін-өзі түсіигеннен гөрі кең ұғым. Өйткені өзін-өзі сезіну мен қоршаған болмысты сезіну-дің бірлігі арқылы тек адамның кісілік қасиетіне тән өздігінен реттелудің жоғары формасы жүзеге асады. Сөйтіп әрбір сана қор-шаған әлемнің нәрселерін сезіну мен адамның езін-өзі, өзінін. ішкі дүниесін сезінуден тұрады. Адам санасы олеуметтік түрткілердіц ықпалынан — енбек іс-әрекеті мен қатынастан қалыптасады. Сана-сезім бір жағьпіан, танымдық екінші жагынан, әрекеттік ру-хапіі кұбылыс. Әзін түсіну аркылы адам ызін-өзі жөнге салады, «з ісіне бара береді, мінез-қүлқыи реттейді, тәрбиелейді.

Алайда адампың көптеген психикалык. әсерленісі оның саиа-сына жетпей атқарылады. Оларды П. В. Симонов екі топқа бөле-ді. Бірінші топ — шаласана (подсознание). Оған санадан тыс шығарылған автоматты қимыл дағдылары, ішкі арзалардың қыз-меті мен реттелуі, эмоция реқкі мен олардың сыртқы көрінісі, мотнвациялық келіспеушілік жатады. Шаласана адамды артық энергия шығынынан сақтайды, оны ышқынудан қорғайды. Шала-сананың немесе санасыздықтын (бессознательное) бірінші деңгейі адамның өз денесін, тіршілігін психикалық санасыздықпен бақылауы. Екінші деңгейі адамнын. үйықтамай жүрген кезеніне үқсайтын процестер. Оның үшінші деңгейі адам рухының жогары сергектігінде жетілетін көркемдік, ғылыми және басқа сезімталдық психикалық процестерден көрініс табады. Екінші топ асқан сана (сверхсознание) немесе интуиция. Ол сана ба-қыламайтын шығармашылық нүрлану (озорение), болжам, жора-мал, аңғару, шамалау қасиеттерін калыптастыратын механизм-нен тұрады. Асқан сананың негізі зерде іздерін өцдеп, жаңаша комбинациялар табу, жаңа уақытша байланыстар жасау, аналогтар қүрастыру. Ол ғылыми жаңалықтар ашуға, көркем шығармалар жазуга, өнер туындыларын жасауға ықпалын тигізеді.

Сана мен таным процесінде эмоііияның мәні өте зор. Адам эмоция мен сезімі арқылы ақиқат болмысқа өзінің арнайы ыңраыіі білдіреді. Сонымен бірге адам қоршаған болмысты жандандырура саналы іс-әрекет жасайды. Сананың практикалық қимыл-әрекетке багытталуы, оиың маңызды бір саласы адам ырқып қүрайды. Ырық дегеніміз — қиындықтарды жеңуте арналған еаналы, мақсатты психикалық іс-әрекет. Ол адамныц талаптарын, мақсат-мүдделерін, істерін жүзеге асырады.

Көп жылдар бойы сана үлкен ми сыңарлары қыртысы, ал ша-ласана орталық жүйке жүйесінің төменгі бөліктері арқылы ат-қарылады деген пікір болды. Алайда олар мидың. барлық құрылымдарынын бірлестірілген іс-әрекеті. Яғни, үлкен ми сыцарла-рынық қыртысы барлық рефлекстік әсерленістерге қатысады.

Мидың бірлестріліс (интеграция) іс-әрекеті үш пегізгі әрекеттік жүйенің өзара әсерлерінен қүралады. Біріншісі сезім ақпаратын кабылдайтын ж.әне өңдейтіц сезім жүйесі (талдағыштар), екіншісі жүйке жүйесін белсендіретін мидың түрлендіріс (мо-дуляция) жүйесі (лимбия жуйесі, торлы құрылым), үшіншісі мінез актісін бардарлайтын, іске косатын жәпе бакылайтын кимыл-әрекет жүйесі (козғалыс талдарышы).

Әрбір шарты рефлекстік әсерленіс, онын, ішінле екінші сигналдык жүйе де, шаласана деңгейінде іске қосылады. Кез келгсн акпарат санага жетпестен, мидық тиесі бөліктерінде талдаудан өтеді. Бұл адамның жорары жүйке, психикалык. іс-әрскетінің са-налы және шаласаналы көріністеріне мидың тұтас қатысатындығын көрсетеді.

Адамның мұндай екі сатылы құрылымы органпзм меп орта-ның үздіксіз қарым-қатынасын қамтамасыз етеді. Сана мен шаласана тудыратын нейрофизиологиялық құбылыстардың арасын-да жылжымалы (динамикалы) тепе-теңдік болады.

И. П. Павловтьщ айтуынша, шаласана деңгейінде пайда бо-латын әлсіз тітіркенудің сергітетін ықпалы ми кыртысының кыз-метін, жұмыскерлігін күигейтеді. Жаңа, көп ақпарат мидың ша-ласаналық сатысы сананың бүкіл пәрменін қосатын бағдарлама. жасайды. Егер шаласананы ақпараттық талдау мен өңдеудеп айырса, саналық әрекет болмай қалады. Сондықтан да психика-лық ауытқулар немесе жағымсыз субъективтік әсерленушілер тууы мүмкін.

Дені сау адамда ішкі ағзалардың шартты рефлекстік реттелуі де шаласана деңгейінде атқарылады. Ішкі ағзалардын, интерорецепторына әсер ететін үйреншікті тітіркендіргіштерден шыгатын мәліметтер ми қыртысына жетіп талданады. Бұл ишаралар организмнің мінез-құлығын өзгертетін шартты рефлекстердің негізі болуы ықтимал. Мүндай күйлер адамның өзіне түсініксіз болады («күңгірт сезім»). Осы тітіркендіргіштердің әсері күшейсе, ақпараттар санаға жетіп, организмнің сәйкес аймақтарындағы жаман халды баяндайды. Ол науқастарда әртүрлі субъективтік сезулер мен шағымдар туғызады.

Шаласана әсерленіс, мінез-қүлықтық және психикалық іс-әре-кеттің баска түрлері сияқты, себеп пен салдар қатынасы заңда-рына бағынады.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-10-01; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 2843 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Стремитесь не к успеху, а к ценностям, которые он дает © Альберт Эйнштейн
==> читать все изречения...

752 - | 749 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.