Лекции.Орг


Поиск:




Жоғарғы нерв қызметінің типтік ерекшелікгері

Ф КГМА 1-8-21/02

МУ «Организация методической работы в соответствии с ГОСО 2006 года» от 04.07.2007 г

 

Арағанды мемлекеттік медицина академиясы

 

Физиология кафедрасы

 

Д Ә Р І С

Тақырып: «Жоғары жүйке қызметтерінің типтері»

 

«Физиология-1» пәні

051301 «Жалпы медицина» мамандығы

2 курс

Уақыты 1 сағат

 

 

Қарағанды 2008 ж.

Кафедра мәжілісінде талқыланып және бекітілген

 

Хаттама _____________ 2008 ж.

 

Кафедра меңгерушісі ______________ Ф.А. Миндубаева


· Дәрістің тақырыбы: «Жоғары жүйке қызметтерінің типтері»

 

· Дәрістің мақсаты: адамда жоғары дәрежелі жүйке қызметінің типтерін қалыптасуының негізін түсіндіру; И.П.Павлов бойынша жоғары жүйке қызметтерінің типін анықтайтын негізгі жүйке процестерінің қасиеттерін сипаттау.

 

· Дәрістің жоспары:

1. И.П.Павловтың жануарлардағы жоғары дәрежелі жүйке қызметінің типтері туралы ілімі.

2. Жоғары жүйке қызметтерінің типтерін жіктеу.

3. Адамда жоғары жүйке қызметтерінің типтері мен олардың сипаттамасы.

4. Генотип пен фенотип туралы түсінік. Жоғары жүйке қызметтерінің типологиялық қасиеттерін қалыптастырудағы тәрбиенің ролі.

 


Жоғарғы нерв қызметінің типтік ерекшелікгері.

Адамдар ерте уақыттардан-ақ бір-бірінің мінез құлығындағы ерекшеліктерін байқаған. Ерте грек дэуірінен бастап, бүгінгі күнге дейін сақтаған темпераменттің (жігердің) төрт түрі белгілі: холериктік (холе-өт-желчь), сангвиниктің (санги-вис-тірі қан-живая кровь), флегматтық (флегма-шырыш-слизъ) жэне меланхолик (меланхрле-қара ет-черная желчь). Бүл келтірілген темперамент түрлері көне грек медикатерінің байқампаздықтарының нэтижесі.

Темперамент аттары ойлық көзқарас бойынша адамның сүйықтарының сапасына байланысты дегн түсініктен туындаған. Ол сұйықтар: өт, шырыш,қан. Бұігқағида гректерден де ерте біздің эрамызға дейінгі 1000 жыл бүрын қалыптасқан. Индияның қасиетті (киелі-святой) кітабынан алынған.

Сонымен қозғыштығы жоғарғы адамдады көне грек дэрігерлері холериктер, ал өмір өзгерістеріне жіті жауап беретін, эрекеттерінде тепе-теңділік сақталатындарда-сангвинниктер деп атаған. Ал, түрақтылық сақтайтын болмысқа көзқарасын қиын өзгертетін адамдарды-флегматиктерге, қорқақ шешімді іс жасау^І қиын адамдрды-меланхоликтерге жатқызады.

Көне грек дэрігелерінің температенттерге берген аттары біздің уақыымызға дейін сақталып отыр, олардың өмірде бар екеніне мамандар ғана бүл ампириктік түсінікерді ғылыми мазмүнмен толығуға мүмкіндік туады.

Павовтың жоғарғы нерв қызметінің типтік ерекшеліктері туралы ілімнің дамуы үзақ уақытқа созылады: 1910 жылдан 1935 жылға дейін созылады.

Гиппократ бойынша адам темперменттері.

Сангвинник (ширақ)-мінезі жайдары, іскер, қызу қанды, пысық, көпшіл, елгезек, көңілшек адам. Өз мақсатына жетуге жігерлілік, қажырлылық көрсетеді, нысапты, өзін-өзі(ұстай біледі. Тіршілік дағдысының өзгерісіне төзімді. Сыртқы эсерлерге тез бейімделеді, сэтсіздікті, көңілсіз жағдайларды оңай жеңеді.

Флегматик (салмақты, инертті)-сабЬІрлы, байсалд, енжар, сылбыр мінезді, самарқау, салмақты, шабан қимылда келеді. Өз мақсатына жетуде табандылық көрсетеді, істері жайбарақат болады. Флегматик басқа


кісілермен қиын араласады, күнделікті тағдырдың өзерісне қиындау бейімделеді. Оларға тэн белгілі кері татпалық, қыңырлық байқалады. Әдетте қатаң, дэстүрлі түсініктері бар, олардың сезімдері жэне көңіл-күйі түрақты келеді.

Холерик (ұстамсыз)-албырт, қазба, ашушаң, кейігіш, еліктегіш адам. Мінезі қызба, өте белсенді, қймылдар қайратты, көңіл күйі көтеріңкі. Холерик тіршіліктің жайлы жағдайларында тынымсыз жұмыс істей алады. Тіпті шамалы бөтен тітркендіргіштер оларда жиі ашу, ыза тудырады. Кейде едэуір аяқталып қалған ісі зая кетеді, ақырында ол оған екінеді.

Меланхолик (элсіз)-жүмсақ мінезді, екпешіл, дегберсіз, дэрменсіз, мүнды, жасаншақ, жауапкершіліктен сескенгіш, дегенін орындата алмайтын, шамасыз қасиеті бар. Өмір өзгерістеріне қиын бейімделеді. Күйік-қасіретке бейім, сөздік жэне сезімдік белсенділігі төмен, тұйық мінезді келеді.

Сонымен, темперамент-тесми мінездің динамикалық сипаттамасы. Алайда, кейінгі (дүние тануын, көзқарасын, тілегін, сенімін), ол ажыратпайды. Темперамент адамның элеметтік мэңгілігін белгілемейді, өйткені оның мінез-қүлығын санасын басқарып отырады.

Психологтардың ацтуы бойынша барлық кісілерді экстроверт, интроверт жэне невротиктерге жатқызуға болады (К.Юнг, Г.Айзинк). Экстроверт-ер алуан сыртқы эсерлерге ашық. Интроверт-тұйық мінезді. Невротиктер-көптеген тіршілік жағдайларында эр түрлі жалығу күйі пайда болады.

Ж.аймауытов «Психология жэне өнер таңдау», «Психология» атты еңбектерінде Гейманс ұсынған жан сипаттарына талдау жасады. Мінезді: күйгелек, аяныш, жалды, ыстық қанды, салқын қанды, қызбалы, қүмартпалы, ұйтқымалы, сары уайымшыл деп жіктеледі.

И.Павловтың лабораториясында жоғарғы нерв қызметінің типтік ерекшеліктерін анықтау үшін нерв процеетерінің (қозу мен тежелу) мынадай қасиеттерін зерттеу жүргізіледі. 1. Қозу мен тежелу процестерінің күші; 2. Нерв процестерінің ширақтығы, қозғалтқыштығы, қозу мен тежелудің бірін-бірі ауыстыру жылдамдығы; 3. Қозу мен тежелудің теңдестігі, яғни қозу мен тежелудің ара қатынасы. Кейін нерв процестерінің төртінші қасиеті динамикалық қасиеті табылды. Бүл жағында жэне тежегіш уақытша байланыстардың қалыптасу жылдамдығын көрсетеді.

Павловтың зерттеулері жэне клиникалық байқаулары бойынша, адамдарға тэн: көркемпаз, ойшыл жэне аралық типтері болады.

Көркемпаз типті адамда, бірінші сигналдық жүйенің екінші сигналдық жүйеге қарағанда басымдылығы, үстемділігі байқалады. Мүндай адамдар ойлау процесіне ақиқат болмыстық сезімділік бейнелерін кеңірек пайдаланады. И.Павлов бойынша, олар болмысты бөлшектегіштен түтас қабылдайды.

Ойшыл типті адамда екінші сигналдық жүйе бірінші сигналдық жүйеден басым, көрнекті-талдау-синтез әрекеткетке негізделген болмыстан тыс дэрексіз ойлау қабілеті басым.

Аралық тип-болмыстық екі сигналдық жүйесінің эрекеттік теңдеуімен сипатталады.

Адамның жоғарғы нерв қызметінің типтік қасиеттері генотиппен фенотипке байланысты болады.

Генотип жоғарғы нерв іс-эрекетінің туа біткен қасиеттерін, ал фенотип тумыстан жэне тіршілік жағдайларының ықпаланан пайда болған белгілі қасиеттердің өз ара эрекетінен құралады.

Көру, есту, сипап сезу анализаторлары үшін, қысқа мерзімінің сезімді-бейнелік зерденің даралам ерекшеліктерінің көбінесе тектік тэуелділігі басым. Ал, қисынды-мағыналық зерде сыртқы ортаның тітіркендіргіштері ықпалына көбірек байланысты.

Әр бір адамда мүмкіндігі шексіз ақыл-ой қабілетінің негізгі салынған, оның көпшілігін адам пайдаланбайды жэне эр бір адамның бір қасиеті басқаға қарағанда басым келеді.

Адамның дарвиндығына шешуші Маңызды рольді элеуметтік жағдай атқарады.


· Иллюстрациялық материал:

Кестелер:

1. Жоғары жүйке қызметтерінің типтері.

2. Мидың қызметтік латеральдылығы.

3. Қыртыстың соматосенсорлы аймақтары.

4. Қыртыстың сенсорлы орталықтары (талдағыштардың қыртыстық ұштары).

5. «Бөлшектенген ми», оң және сол жақ жарты шарлардың қызметтік маңызы.

 

Кодокарталар:

1. Шынайылықтың көрініс формалары.

2. Адамда жоғары жүйке қызметтерінің үш деңгейі.

· Әдебиеттер:

1. Адам физиологиясы / оқулық – Сатпаева Х.К., Нілдібаева Ж.Б., Өтепбергенов А.А. – Алматы: «Білім», 2005 ж.

2. Төлеуханов С.Т. Қалыпты физиология (биологиялық жүйелердің мезгілдік құралымдар бөлімі): Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2006 ж. – 140 бет.

3. Дюйсембин Ғ.Д., Алиакбарова З.М. Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасы: Оқулық - Алматы: «Білім», 2003 ж. – 400 бет

4. Нұрмұхамбетұлы Е. Орысша-қазақша медициналық (физиологиялық) сөздік / ҚазММУ – Алматы: «Эверо», 2007 ж. – 904 бет.

5. Керимбеков Е.Б. Физиология атауларының орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. – Алматы: Қазақстан, 1992. – 280 бет

6. Адам физиологиясы» 2 томдық. А гаджаян Н.Н., Тель Л.З., Циркин Б.И., Чеснокова С.А. 271-294 бет.

7. Қалыпты физиологияның лабораториялық жұмыстары / студент тер үшін. – Шымкент: Б.И., 1993. – 254 бет.

 

· Бақылау сұрақтары (кері байланыс):

1. И.П.Павловтың жануарлардағы жоғары жүйке қызметтерінің типтері туралы ілімі.

2. Жоғары жүйке қызметтерінің типтерінің сипаттамасы.

3. Жоғары жүйке қызметтерінің типтерін қалыпастырудағы генотип пен фенотип туралы түсінік.

4. Жоғары жүйке қызметтерінің типологиялық қасиеттерін қалыптастырудағы тәрбиенің ролі.



<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
 | Ші және 11-ші сигналды жүйелер
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-10-01; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1972 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Сложнее всего начать действовать, все остальное зависит только от упорства. © Амелия Эрхарт
==> читать все изречения...

790 - | 717 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.