Лекции.Орг


Поиск:




Тапсырма. Мәтінді тыңдаңыз, түсінгеніңізді айтыңыз.




Елімізде үй интерьеріне арналған жаңа сән қалыптасуда. Ол – Еуропа стилімен қазақы өрнектерді араластыру. Аталған интерьерді жасау үшін шеберлер қазақ мәдениеті мен өнерінен, соның ішінде ою-өрнектерінен хабар беретін кітаптарды пайдаланады. Нәтижесінде жаңа ою-өрнектер де жасалып шығуы ғажап емес.

Қазақы ою-өрнектердің шығуына көшпелі мал шаруашылығы себеп болған. Қазақ үй мен тұрмыстық заттардың сыртындағы ою-өрнектердің тарихы тереңде жатыр. «Қошқар мүйіз», «түйе ізі», «жылан басы» сынды ұлттық оюлардың сақ заманындағы жануарлар стилімен байланысы бар. Тарихтан сыр шерткен ерекше ою-өрнектерді жасау өнері – атадан балаға мирас болып қалатын құндылыққа айналған. Онда жиһаздарға оюларды нақыштап түсіруден өзге түстерді дұрыс таңдау мәселесі де бар. Киімдерге тағылатын металл әшекейлерге S және Х тәрізді фигуралар салынады. Олардың шығу тарихы түркі және моңғол мәдениетімен байланысты.

Оюдың барлығының шығу тегі мүйізбен байланысты. Мүйізді әртүрлі етіп бейнелеудің нәтижесінде «қошқармүйіз, арқармүйіз, бұғымүйіз, қырықмүйіз, қосмүйіз, сыңармүйіз» сынды оюлар ойлап табылған. Бұдан өзге жануарлар мүшесіне ұқсатылып жасалған «төртқұлақ, түйетабан, сыңарөкше, қосалқа, қазтабан» сынды оюлар бар. Жоғарыда айтқанымыздай, қазақ оюларының шығу тегі мал шаруашылығымен, аң аулаумен, табиғат көріністерімен байланысты. Әрбір шебер өзі ойлап тапқан оюға атау беріп отырған.

Мүйіз оюы бірде ұсақ немесе ірі етіп бейнеленеді. Әшекей бұйымдар, тоқыма киімдер, ағаш пен сүйектен жасалған ыдыстарға ұсақ түрі қолданылады, ал алаша тоқу, текемет басу, сырмақ ою кезінде және шиден тоқылған бұйымдар мен қоржын жасауда ірісі қолданылады.

«Мүйіз» оюының тарихы тереңде жатқанына қарамастан, заманауи үйлерге керемет жарасады. Бір ғана оюдың суретінде үлкен тарих жатыр. Одан тіпті қозғалып бара жатқан бейнелерді, философиялық мән-мағынаны да байқауға болады. Бүгіндері қазақы ою мен Еуропа стилін араластырған интерьер үлкен сұранысқа ие болуда.(http://massaget.kz)

Тапсырма. Өздерің көріп жүрген ою-өрнектерді суретке түсіріп алып, оның қандай түрі екенін анықтаңыз. Ол үшін осы тақырыптағы еңбектермен танысыңыз

Тапсырма. Қазақтың неше түрлі оюларын білесіз, сол туралы сұхбат дайындаңыз

 

ЖАЗЫЛЫМ

Тапсырма. Мәтін бойынша төмендегі кестені толтырыңыз.

Ою түрлері Мәтіннің идеясы Бүгінгі күндегі оюдың  маңызды
     

 

Тапсырма. Қазақ әндері жинағынан ою-өрнектерге қатысты сөздері бар өлеңді жатқа жазыңыз

 

СОӨЖ тапсырмалары

Тапсырма. Ою-өрнек түрлеріне презентация жасап келіңіз

Тапсырма. «Елімізде ұлттық сән үлгісі бар» деп айта аласыз ба?

Блиц дерек

•Қосымша кірпіктер алғаш рет 1916 жылы жасалыпты. Д.В.Гриффит есімді продюсер өз фильмінде ойнайтын әртістің көзін үлкейтіп көрсеткісі келіп, ол адамның шашынан кірпік жалғапты.

• Осыдан 200 жыл бұрын балалар киімі мүлдем болмаған, яғни балаларға арнайы киім тігілмейтін. Тарихи деректерге сүйенсек, бұрын оларға үлкендердің киімдерін кішірейтіп кигізген.

• Винтажды нәрселерге 1920 жылдан бастап 1960 жылға дейін жасалынған заттар жатады, одан кейінгі бұйымдар ретро болып саналатын көрінеді.

• Қазіргі тырнақ бояу дәстүрі 5000 жыл бұрын қытайдың сәнқой аруларында да болған екен.

• ХVIII ғасырдың екінші жартысында адамзатта екі түрлі ғана киім болған деседі.

• 1500 жылғы сән қойылымдарында сол кездегі дизайнерлер өз киім үлгілерін көрсету үшін ойыншық модельдер жасаған.

• Б.д.б. 1500 жылдары тақыр басты әйелдер сәнқой болып саналған екен.

Тапсырма. «Ұлттық киім – халық мұрасы» тақырыбына эссе жазыңыз.

Тапсырма.. «Сән әлемі» атты презентация дайындаңыз.

ТІЛ. МӘДЕНИЕТ. ӨНЕР. ӨНЕР ШЕБЕРЛЕРІ

ЕСІМШЕ КАТЕГОРИЯСЫ

Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде

Лексикалық минимум

Мемлекеттік тіл, түркі тілдері, түркі тілдес халықтар, қазақ тілінің тарихы, көне дәуір, саяси, ғылыми, көркем әдебиет, баспасөз, мекендейді, байтақ, халық, өлке, халықтар өкілі.

 

ТЫҢДАЛЫМ

1-тапсырма. Ақын Мұқағали Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңін аудиожазбадан тыңдаңыздар:

Ш БАҚЫТЫМ

Ең бірінші бақытым – халқым менің,

Соған берем ойымның алтын кенін.

Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,

Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.

Ал екінші бақытым – Тілім менің,

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей-кейде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім.

Бақытым бар үшінші – Отан деген,

Кім мықты? – десе біреу, – Отан дер ем.

...Оты сөнген жалғанда жан, барсың ба?

Ойланбай-ақ кел-дағы от ал менен (М. Мақатаев).

 

АЙТЫЛЫМ

2-тапсырма. Пікірлесіңіздер:

1) Өлеңде не туралы айтылады?

2) Бақытты қалай түсінесіз?

3) Ақынның ойынша, адамның бақыты неде?

4) Сіз үшін бақыт дегеніміз не?

5) Ақын М. Мақатаев туралы не білесіз?

6) Тілді ұлттық құндылыққа жатқызуға бола ма?

3-тапсырма. Сәйкесін табыңыздар:

 

1 мемлекеттік А древний
2 егемендік Ә особенность
3 тәуелсіздік Б алфавит
4 ғылыми В история
5 әдеби Г эпоха
6 дәуір Ғ литературный
7 тарих Д научный
8 әліпби Е  суверенитет
9 ерекшелік Ж государственный
10 көне З независимость

4-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіздер:

1. Түркі тілдеріне қандай тілдер жатады?

_______________________________________________________

2. Қазақ тілдеріне жақын тілдерді атаңыздар.

________________________________________________________

3. Түркі тілдерінің жалғамалы тілдер деп аталуының себебі неде?

______________________________________________________

4. Қазақ тілінің орыс тілінен қандай ерекшеліктері бар?

______________________________________________________

5. Баба тілі, ана тілі, туған тіл, ұлт тілі, халық тілі, көне тіл, өлі тіл, туыстас тіл сөз тіркестерінің мағынасын білесіз бе?

____________________________________________________________

 

   ОҚЫЛЫМ

 

5-тапсырма. Тіл туралы нақыл сөздерді оқыңыздар:

Кімде-кім қазіргі уақытта ана тілін, өзінің әдебиетін сыйламаса, бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға болмайды (М. Әуезов).

Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады (А. Байтұрсынов).

Тіл – аса қадірлеп ұстайтын байлығымыз (Ғ. Мүсірепов).

Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде (Н. Назарбаев ).

   Тілсіз ұлт, тілінен айырылған ұлт дүниеде ұлт болып жасай алмақ емес. Ондай ұлт құрымақ. Ұлттың ұлт болуы үшін бірінші шарт – тілі болу. Ұлттың тілі кеми бастауы ұлттың құри бастағанын көрсетеді. Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмасқа тиісті. Бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай көрініп тұрады (Мағжан Жұмабаев).

6-тапсырма. Мәтінді оқыңыздар:

Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі. Ол халық тарихымен бірге жасап, ұрпақтан-ұрпаққа қатынас құралы ретінде қызмет етіп келеді.

Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Қазақ тілі – Қазақстанда ғана емес, шетелдерде тұратын қазақтардың да ана тілі.

Қазақ жазуы 1929 жылдан 1940 жылға дейін латын графикасын қолданған. 1940 жылдан бастап, қазіргі уақытқа дейін орыс графикасын қолдануда.

1989 жылы қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесін алды. 1993 жылы қабылданған Конституцияда қазақ тілі мемлекеттік тіл болып бекітілді. 1996 жылы 4 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен «Қазақстан Республикасының тіл саясаты тұжырымдамасы» мақұлданды. 1997 жылы 11 шілдеде «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заң жарияланды. Осы Заң Қазақстан Республикасында тілдердің қолданылуының құқықтық негіздерін, мемлекеттің оларды оқып-үйрену мен дамыту үшін жағдай жасау жөніндегі міндеттерін белгілейді.

Заң 6 тарау, 27 баптан тұрады. I тарауда жалпы ережелер туралы айтылады. Осы заңның 4-бабында: «Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, Сот ісін жүргізу және ісқағаздарын жүргізу тілі. Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы» деп көрсетілген.

7-тапсырма. Оқыңыздар және қазақ тілінде мазмұндаңыздар:

С первых дней независимости страны Нурсултан Абишевич Назарбаев постоянно заботится о повышении статуса и авторитета казахского языка, о расширении сферы его применения, руководит этим процессом. Значительное расширение сферы употребления государственного языка за прошедшие годы стало возможным благодаря настойчивости, требовательности Президента. Крылатыми стали его выражения: «Казах должен разговаривать с казахом по-казахски», «Будущее Казахстана – в казахском языке». Сам он выступил с личной инициативой о создании фонда «Государственный язык». За прошедшие годы Глава государства также выступил с рядом инициатив по исследованию родной истории, развитию культуры и искусства, образования и науки. Лично провел презентацию программы «Культурное наследие», держит под постоянным контролем ход ее реализации. Способствовал реабилитации представителей старшего поколения, боровшихся за свободу народа, возвращению добрых имен безвинно репрессированных.

 

ЖАЗЫЛЫМ

 

8-тапсырма. Мәтіннен Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың қанатты сөздерін дәптерге жазыңыздар.

 

Грамматика

Есімше – особая форма глагола, совмещающая в себе грамматические признаки глагола и имени.

 
Есімшенің түрлері Жасалуы

Мысалдар

Бұрынғы өткен шақ есімше -ған/-ген/-қан/-кен

Құлаққа кірген суық сөз, көңіліңе барып мұз болар.

Ауыспалы (дағдылы) өткен шақ есімше -атын/ -етін/ -йтын/ -йтін

Тіл – ұлттың сүйенетін тамыры, сыйынатын тәңірі.

Болжалды келер шақ есімше -ар/ -ер/ -р -с (болымсыз түрі)

Өнерлі өрге жүзер.

Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің.

Өнер – таусылмас азық, сарқылмас байлық.

Мақсатты келер шақ есімше -мақ/ -мек/ -пақ/ -пек/-бақ/ -бек

Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз.

       

9-тапсырма. 6-тапсырмадағы мәтіннен есімшені тауып, дәптерге жазыңыздар.

10-тапсырма. «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» тақырыбында шағын шығарма жазыңыздар.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2018-11-12; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 525 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Жизнь - это то, что с тобой происходит, пока ты строишь планы. © Джон Леннон
==> читать все изречения...

834 - | 706 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.