Лекции.Орг


Поиск:




Кәсіпорынның меншікті қаржысының есебі

Мазмұны

1.Мекеменің жалпы сипаттамасы....................................................................3

2.Мекеменің Бұхгалтерлік есепті құрудың негіздері.......................................3

3 Кәсіпорынның меншікті қаржысының есебі..................................................4

4 Кәсіпорынның негізгі құралдар есебі мен материалдық емес активтердің есебі.......................................................................................................................5

5 Кәсіпорынның қорлар есебі.............................................................................5

6 Кәсіпорынның ақша қаражаттарының есебі..................................................6

7 Кәсіпорынның дебиторлық берешектердің есебі.........................................7

8 Міндеттемелер есебі.........................................................................................8

9 Еңбек және оған ақы төлеудің есебі...............................................................9

10 Кірістер мен шығыстар есебі........................................................................9

11 Қаржылық есеп беру: құрастыру әдістемесі...............................................11

 

Чингиз-Атырау» ЖШС жалпы сипаттамасы

04маусым мен 07 шілде аралығындаАтырау қаласы «Чингиз-Атырау» ЖШС құрылыстық мекемесінде өзімнің өндірістік тәжірибемді өттім. Бұл мен үшін болашақта бухгалтер маманы ретінде үлкен сынақ болды және тәжірибе жинауыма негіз болды деп айтуға болады.Өндірістік тәжірибе өту кезінде алға қойылған мақсаттар:

-мемлекеттік мекеменің жұмысымен жақынырақ танысу;

-мемлекеттік мекеменің іс-құжаттарымен танысу;

Өндірістік тәжірибемнің бірінші күнінен бастап мен қауымдастықтың ұжымымен,қызметкерлерімен танысып, өз жұмысымды бастадым.

«Чингиз-Атырау» ЖШС – бұл темірбетон бұйымдарын өндіру (ТББ), күрделілігі әртүрлі металл құрылымдарын жасау, бетон араластыру цехы (БАЦ), аттестацияланған зертхана, дайын өнім қоймасы, т/ж тұйығынан құралатын көп бейінді кәсіпорын.Кәсіпорын сызбаны есептеуден бастап, өнімді жасау, сертификаттау және тапсырысшыға жеткізуге дейін толық қызмет кешенін орындайды.Бүгінде құрылыс компаниялары темірбетон бұйымдарының сапалық-пайдаланушылық сипаттамаларына жоғары талап қояды, біздің өнім бұл талаптарды толық көлемде қанағаттандырады. Кәсіпорынның табысты қызметі кәсіпорында адал әрі бар ынтасымен еңбек етіп жүрген жоғары білікті қызметкерлер құрамымен қамтамасыз етіледі. Біздің барлық өнімдеріміз сертификатталып, сапасы өндірістік зертхана мен техникалық бақылау бөлімінде қатал тексеруден өтеді. Біз өзара тиімді негізде бірлесе жұмыс істеу мақсатында, жаңа серіктестер іздеп, оларды ынтымақтастыққа шақырамыз.«Чингиз-Атырау» ЖШС Атырау қаласы мен Қазақстан Республикасында жүріп жатқан құрылыстарға белсенді қатысады. Біздің сапамыздың үлгісі ретінде Атырау қаласында орналасқан 16-қабаттық үйлер мен кеңселер кешені және осы сияқты т.б. ірі құрылыстарды атауға болады.

 

 

Бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың негіздері

 

 Мемлекеттік статистикалық тиісті органдары анық емес бастапқы статистикалық деректерді ұсыну және бастапқы статистикалық деректерді белгіленген мерзімде ұсынбау «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 497 бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар болып табылады. Жоспарлыталдау орындалу мекемесі барлық көрсеткіштер бойынша статистикалық және қаржылық есептілікті жасау және қаржы-экономикалық даму стратегиясын талдайды. Есепті ұйымдастыру негізі экономикалық көрсеткіштердің көмектеседі көруге қалыптасқан нақты жағдайды, ұйымның күшті және әлсіз жақтарын анықтауға әкеледі. Қаржы министрлігі негізінен бухгалтерлік есепке және кәсіпорындардын есеп берулеріне жалпы статистика, бухгалтерлік есеп түрлерін және оларды қолдану жөніндегі түрлерін бекітеді. Соған байланысты ашылған кәсіпорынның бухгалтерлік есеп түрлерін жүргізуге міндетті болып саналады.

«Чингиз-Атырау» ЖШС салық комитетінің алдында да есеп беруге міндетті болып есептеледі. Салық комитетінің кәсіпорындарға ұйымдарға немесе жеке тұлғаларға қойылатын талаптар және белгілі бір уақыт аралығын тапсырылатын есептемелер бар. Тәжіребие өткен кәсіпорынның шаруашылығына байланысты 100.00, 300.00, декларациялар толтырылады.

Кәсіпорынның меншікті қаржысының есебі

 

Нарықтық экономика жағдайларында кез-келген кәсіпорын үшін өзінің шаруашылық – қаржылық қызметін қажетті қаражаттармен (қаржы ресурстарымен) қамтамасыз ету мәселесі маңызды басқару обьектісі болып табылады.

Қаржы ресурстары дегеніміз, жалпы алғанда, - бұл кәсіпорынның қарамағындағы және оның қаржылық міндеттемелерін орындауға, өндірісті қаржыландыруға бағытталатын ақша қаражаттарының жиынтығы болып табылады.

«Чингиз-Атырау» ЖШС жеке кәсіпорын болып есептелгендіктен, шаруашылық жұмыстарын бастамас бұрын,жарғыға (устав) сәйкес кәсіпорын басшылығымен қабылданатын жарғылық капитал бекітіледі. Кәсіпорынды қаржылай қаржыландыру жұмыстын тиімді жүргізілуі мен басшылықтын толықтай қадағалануына және де бухгалтерлік тараптан дұрыс құжаттамалардын толықтай енгізіліп жүргізілуіне байланысты.

Кәсіпорын иелігінде банк ораталығынан ашылған транзиттік шоты, депозиттік шот және де сыртқы елдермен жүргізуге арналған рубльдік транзиттік шот ашылған.Кәсіпорынның қаржылық ресурстары атқарылатын жұмыстын өзіне толықтай жұмсалынады. Сонымен қатар кәсіпорын тұрақты қаржылық жағдайын қалыптастыруға оның контрагенттерімен (салықтық органдар, банктер, жабдықтаушылар, сатып алушылар, акционерлер және т.б.) ара-қатынастар үлкен әсер етеді. Сондықтан жақсы қаржылық жағдайдың шарты болып партнерлермен жақсы іскерлік қатынастар табылады. Әрине, «Чингиз-Атырау» ЖШС өз қаражаттарын қаржылай алатын тұрақты кәсіпорын, тұрақты рентабельділігі бар және дивиденділерді уақытында төлеп отыратын кәсіпорын болып саналады. Инвестициялық тартымдылық болу үшін, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы басқаларға қарағанда жақсы болу керек және тек бүгін ғана емес, сонымен қатар көрінетін болашақта да.

«Чингиз-Атырау»ЖШСменшікті қаржысының есепкорреспонденциясы:

Операциялардың мазмұны Дт Кт Соммасы
1 АО«КазСтройСервис» материалдық емес активтер, негізгі құралдар, материалдар, тауарлар түрінде қосқан үлестерінің кіріске алынуы 2410 5010, 125 000
2 ТОО«АрмаСтрой»қоғамның жарғылық қорына қосқан пайлары және басқадай үлестері қайтарылды 1030 5020 100 000
3 ТОО«СтройТрансАзия»материалдық емес активтер, негізгі құралдар, материалдар, тауарлар түрінде қосқан үлестерінің кіріске алынуы 2410 5010 25 000
4 Негізгі құралдарды қайта бағалауға байланысты бастапқы құнының өсуі 2931 2130 65 700


<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Информационная справка учебной (юридическое консультирование) практики | Негізгі құралдар есебі мен материалдық емес ативтердің есебі
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2018-11-12; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 310 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Ваше время ограничено, не тратьте его, живя чужой жизнью © Стив Джобс
==> читать все изречения...

772 - | 778 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.