Лекции.Орг


Поиск:




Пайдалылық теориясы және шекті пайдалылық, олардың ерекшеліктерін сипаттаңыз.

Пайдалылық – адамның кез келген игілікті тұтынудан алатын қанағаты. Пайдалылықты 2-ге бөлеміз:

1) Жалпы пайдалылық – біртіндеп иеленген игілік бірліктерінің барлық жиынтығынан пайдалылықтардың жинақталған сомасы. Ол TU – total utility деп белгіленеді.

2) Шекті пайдалылық - игіліктің қосымша (келесі) бірлігінен тұтынған жалпы пайдалылықтың өсімі. Ол – MU(marginal utility).

MU = ∆TU/ ∆Q

Шекті пайдалылық графигі

 

Сонымен, мына түйін жасауға болады: жеке адамда игіліктің неғұрлым көп саны бар, оның әр қосымша бірлігі соғұрлым аз құндылыққа ие. Демек, игіліктің бағасы жалпы емес, шекті құндылықпен анықталады. Тұтыну теориясының осы қағидаларын түйіндей келе, су мен гаухар парадоксын (қайшылығын) түсіндіруге болады. Оның мәні мынада: гаухармен салыстырғанда, су адам үшін ең үлкен жалпы пайдалылыққа ие. Сонымен қатар, гаухардың бағасы судың бағасына қарағанда, өлшемсіз көп. Бұнын себебі су мен гаухар қорларының әр түрлілігінде: судың қоры шексіз мол, ал гаухардың қоры аз. Сондықтан, гаухардың шекті пайдалылығы судың шекті пайдалылығынан әжептәуір көп, соған сәйкес бағалары да. Азаятын шекті пайдалылық заңы тұтынушының мінез-құлқында қалай көрінеді? Бұл сауалға жауап беру үшін мына мысалды қарайық, келесі алғышарттарды назарға ала тұра: – нарықта әр түрлі тауарлардың көптеген саны (көлемі) бар.

- әр қайсысының бағасы бар

- тұтынушының бюджеті шектелген (ол барлық тауарлар мен қызмет көрсетулерге ие бола алмайды), сондықтан, оның алдында таңдау мәселесі тұрады.

- тұтынушы өзінің сатып алған нәрселерінен ең жоғары жалпы пайдалылықты алуға ұмтылады – басқаша айтқанда, жалпы пайдалылықты көбейтуге тырысады. Жеке бюджеттің шектелген жағдайында тұтынушы көптеген баламалардан таңдау жасауға мәжбүр. Баға – пайдалылықтың маңызды және белгіленген сандық шарасы болып келеді. Сатып алатын игіліктің пайдалылығы бағасына сәйкес болса, сатып алушы соны таңдайды.

 

 

Шекті пайдалылықтың кардиналистік (сандық) теориясы және пайдалылықтың ординалистік (реттік) теориясы. Госсен заңына анықтама беріңіз.

Игіліктің пайдалылығы (utility) – оның қайсыбір қажеттілікті қанағаттандыру қабілеттілігі, яғни адамдардың нақты субъективті (жеке) қажеттіліктерін қанағаттандыратын қасиеттерінің бары. Ондай қабілеттілікке кез келген игіліктер ие, экономикалық немесе экономикалық емес болса да. Экономикалық емес игіліктерге жалпы пайдаланатын игіліктер жатады: ауа, су және т.б. Экономикалық игіліктерге белгіленген тұтыну қасиеттерін беру мақсатымен алдын ала технологиялық өңдеу өткізеді, сонан соң олар жарамды болып саналады. Игіліктердің құндылығын қалай өлшеуге болады деген сұрақты ең алғашқы болып экономика теориясының маржиналистік мектебінің өкілдері қойды. Қөзқарастары бойынша олар 2 бағытқа бөлінді – кардинализм және ординализм. Тарихи бірінші мектеп – кардинализмнің оқуы бойынша – пайдалылықты кез-келген экономикалық шама тәрізді (сияқты) санды түрде өлшеуге болады, ол үшін оның ғылыми болжамды өлшеу бірліктері (ютильдер) енгізілді. Қазіргі заманға сай келетін бағыттың (ординализмнің) өкілдері пайдалылықтың абсолюттік шамасын өлшеу мәселесінен салыстырмалы ұнатуларды табу мәселесіне көшті, яғни «адам ойында тауарлар ең керекті, қажеттілерден ең аз тартымды, қажеттілігі аздау тауарларға дейін қойылған тәртіп, сан». Тұтынудың ординалистік теория мектебі тұтыну қасиеттері бойынша балама тауарлар жиынтығын таңдауда тұрпатты тұтыну мінез-құлық қағидаларын, ақиқаттарын қысқа әрі дәл жеткізіп, қисынын келтірген.

Пайдалылықтың кардиналистік (сандық) теориясы бойынша (У.Джевонс, К.Менгер, Л.Вальрас және т.б.) сатып алған нәрседен тұтынушы алған қанағаттың дәрежесін дәл анықтауға болады. Экономикалық игіліктердің санын біртіндеп көбейте бере, тұтынушы жалпы пайдалылықты көбейтуге ұмтылады. Жалпы пайдалылық – біртіндеп иеленген игілік бірліктерінің барлық жиынтығынан пайдалылықтардың жинақталған сомасы. Ол TU – total utility деп белгіленеді. Игіліктің қосымша (келесі) бірлігінен тұтынған жалпы пайдалылықтың өсімі шекті пайдалылық деп аталады. Шекті пайдалылықтың динамикасы (даму, өзгеру барысы) азаятын шекті пайдалылығы заңына тәуелді: игіліктің әр келесі бірлігінің, алдынғыға қарағанда, қажеттілігі аздау, яғни игіліктің әр қосымша бірлігінің шекті пайдалылығы азаяды. Бұл қағиданы (маржиналистерден тәуелсіз). 1854 жылы неміс экономисті әрі математігі Г.Госсен қысқа, дәл жеткізген, сондықтан ол Госсеннің бірінші заңы деп аталады. Игіліктің әр келесі бірлігі алдыңғыдан аздау қажеттілікті қамтамасыз етуін экономикалық емес, психологиялық себептермен байланыстырады (түсіндіреді): «Адам өзінің ең алғашқы алған көйлегіне, ең алғашқы тамағына, сатып алған телевизорына көбірек қуанады, екінші рет сатып алғандарымен салыстырғанда; ал екінші сатып алғандарына, үшінші сатып алғандарымен салыстарғанда, көбірек қуанады және т.с.»

∆Х =  = 1



<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Салықтардың нарықтық тепе-теңдікке әсерін жазықтықтағы графикте кескіндеңіз. | Тұтынушы қалауы және талғамсыздық қисықтары. Алмастырудың шекті нормасы сипаттаңыз.
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2018-11-11; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1816 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Наглость – это ругаться с преподавателем по поводу четверки, хотя перед экзаменом уверен, что не знаешь даже на два. © Неизвестно
==> читать все изречения...

1097 - | 861 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.012 с.