Лекции.Орг


Поиск:




Лекцияның күнтізбелік-тақырыптық жоспары

АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Жалпы педагогика және психология» кафедрасы

                                               

                                                       

                                                                                                                                «Бекітемін»

Педагогика факультетінің

Декан м.а. М.К.Нұрпейсов

Ж.

“ПЕДАГОГИКА”

ПӘНІНЕН ОҚЫТУШЫНЫҢ

ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

Кафедра: Жалпы педагогика және психология
Мамандық: Барлық мамандықтар үшін
Оқу жылы 2018-2019
Кредит саны: 3
Оқу формасы: Күндізгі
Курс: 2
Семестр: 3
Барлық сағат саны:      135
Оның ішінде:  
Лекция: 15 сағат
Семинар: 30
БӨЖ              45 сағат
ОБӨЖ 45 сағат
Емтихан 3 семестр

      

                  

      

                                                                                               

Тараз 2018 ж.

 

 

Курсты оқытудың өзектілігі мен қажеттілігі

Курсты оқытудың өзектілігі. Қазақстанның жоғары білім беру саласындағы жүйелі өзгерістер әлемдік деңгейдегі болып жатқан жаңашыл бастамалармен үндесіп отыр.

Әлемдік бәсекеге қабілетті болашақ мамандарды даярлау үрдісі Қазақстан Республикасының жоғары білім беру мазмұнын түбегейлі жаңартуды қажет етеді. Сондықтан болашақ педагогтар оқытудың жаңа технологиясын жетік меңгерген, ақпараттық-коммуникативтік құзіреттілігі қалыптасқан креативті маман болуы тиіс.  

Бүгінгі күнде болашақ педагогтарға педагогика ғылымының қыр-сырын терең меңгерту көкейкесті мәселе болып табылады.

Педагогика курсы - педагогикалық жоғары оқу орындары студенттеріне тәрбие мен оқыту жайында терең білім беретін пән. Пәннің құрылымы, мазмұны адамзат қоғамының үнемі жаңарып, өзгеруіне байланысты тәрбие мен оқытудың мақсаты ұдайы өзгеріске ұшырайды.

Курсты оқытудың қажеттілігі. Үшінші мыңжылдықта қоғам мен мемлекет дамуының ең басты тетігі білім болып табылатыны мойындалды, оған ғасырлар тоғысында білімді халықаралық деңгейде дамытудың бағыттарына арналған реформалардың, соның ішінде Болон процесінің қарқынды дамуы дәлел.

2. Пәннің мақсаты мен міндеттері:

Пәннің мақсаты: біртұтас педагогикалық үрдісті тұлғаның өзін-өзі дамыта алатындай ұйымдастыруда педагогикалық білім мен біліктер жүйесімен қаруландыру.

Пәннің міндеттері:

- болашақ мамандарды педагогиканың әдіснамалық негіздерімен таныстыру;

- студенттерде тұтас педагогикалық үрдіс жөнінде педагогикалық білімдер жүйесін қалыптастыру;

- білім беру жүйесінің дамуын, тәрбие мен оқытудың мазмұнын ғылыми негіздеу;

- педагогикалық шығармашылық, креативті ойлауды қалыптастыру.

Білімгер міндетті

Білімгер таныс болуы тиіс:

- педагогика ғылымының құрылымы, зерттеу обьектісі, атқаратын қызметтері мен оқыту-тәрбиелеу әдістемесі, мектепті басқару жүйесімен.

Білімгер білуі тиіс:

- педагогиканың жалпы негіздерін;

- тәрбие теориясы мен әдістемесін;

- оқыту теориясы мен әдістемесін;

- педагогикалық басқару жүйесін.

Білімгер меңгеруі тиіс:

- педагогиканың теориялық-әдіснамалық негізін;

- тәрбие жұмыстарын жүзеге асыру жолдарын;

- оқыту процесін жүзеге асыру жолдарын;

- оқыту процесін басқару, оқушылармен, ата-аналармен қарым-қатынасын жасау туралы білімді меңгерулері тиіс.

Курстың пререквизиттері мен постреквизиттері

Пререквизиттер: Білімгерлер «Педагогика» курсын өтпес бұрын адамзат қоғамындағы тәрбие, әдеп, орта, кәсіп, мамандық, мінез-құлық, жас ерекшелік туралы ұғым қалыптастыратын «Педагогикалық мамандыққа кіріспе», т.б. пәндер оқытылады.

Постреквизиттер: «Педагогика» курсынана соң, келесі пәндер оқытылады: «Педагогтік шеберлік», «Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі», «Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру», «Этнопедагогика», «Педагогикалық менеджмент», т.б.

 

 

Курсты сипаттау

     «Педагогика» курсы педагогиканың теориясы мен әдістемесін ашатын мынадай мәселелер: тәрбие, оқыту, білім беру, жеке тұлға, педагогикалық процес, тәрбие теориясы мен практикасы, оқыту теориясы мен әдістемесі, ұжым, басқару, білім беру мекемелері, атқаратын қызметтері, т.б. арналған 15 сағат лекция, 30 сағат семинар, 45 сағат ОБӨЖ, 45 сағат БӨЖ-ден тұрады. «Педагогика» курсында Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына және типтік оқу бағдарламасына сәйкес қысқаша лекциялар мен семинар-практикалық сабақтар, студенттердің оқытушымен өзіндік жұмыстарының (СОӨЖ), студенттің өзіндік жұмыстарының (СӨЖ), курстық жұмыстардың тақырыптары, глоссарий, тест тапсырмалары берілген. Әрбір тақырып бойынша болашақ педагогтардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастыратындай шығармашылық тапсырмалар жинақталған. «Педагогика» курсы педагогикалық жоғары оқу орнының барлық мамандықтары бойынша білім алып жатқан студенттеріне арналады.

 

 

Курс мазмұны

Лекцияның күнтізбелік-тақырыптық жоспары

Мерзімі Модуль атауы мен лекция тақырыбы Сағат саны Лекция өткізу формасы Танымдық әрекетті белсендендіру әдісі және ОТҚ Білімгерде қалыптасатын білім мен білік
    1 БӨЛІМ. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МАМАНДЫҚҚА КІРІСПЕ        
1 1 апта Лекция 1. Қазіргі жағдайдағы білім берудің басымдылық рөлі Жоспары: 1. Заманауи мәдениеттегі білім берудің орны мен рөлі. «Білім берудің» үш түрлі мағынасы. 2.Білім беру - адамның тұлғалык және кәсіптік дамуының факторы. 3. Дүниежүзілік білім беру жүйесінің негізгі даму бағыттары 4.. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің заңнамалық негіздері. 5. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің құрылымы. Орта білім беруді жүргізу мекемелерінің типтері. 6.Педагогтың жеке тұлғаның қалыптасуындағы және қазіргі уакытта орта білім міндеттерін шешудегі рөлі 1 Лекция пікірлесу. дидактикалық материал кестелер, суреттер, сызбалар Педагогика ғылымы туралы, ғылыми-педагогикалық ойлауды дамыту.
2 2 апта Лекция 2. Педагогикалық кәсіп пен іс-әрекеттің жалпы сипаттамасы Жоспары: 1.Педагогикалық мамандыктың пайда болуы және қалыптасуы. 2.Мұғалім еңбегінің профессиограммасы - мұғалім тұлғасының моделі ретінде. 3.Қазақстан Республикасының нормативтік құжаттарында анықталған қазіргі заман мұғаліміне қойылатын кәсіби талаптар және оның құқықтары мен міндеттері. 4.. Кәсіби- педагогикалық іс-әрекеттің мәні, құрылымы мен мазмұны. 5. Педагог-мұғалім және тәрбиеші іс-әрекетінің ерекшеліктері. 6. Мұғалімнің кәсіби іс-әрекетінің тұтастығы. 1 Әңгіме сұхбат, лекция кестелер, суреттер, сызбалар Педагогиканың әдіснамалық негіздері туралы түсінік беру
3 3 апта II БОЛІМ. ПЕДАГОГИКАНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ   Лекция 3. Педагогика адам туралы ғылым жүйесінде Жоспары: 1.Педагогика - қазіргі адамтанудың саласы. 2. Педагогика ғылым ретінде, оның объектісі, пәні және қызметтері, педагогиканың негізгі категориялары 3.Педагогикалық ғылымдар жүйесі және және баска ғылымдармен байланысының түрлері. 4. Педагогикалық ғылымдарда пәнаралық ұғымдардың (іс-әрекет, қарым-қатынас, дамыту, әлеуметтену, қалыптастыру) қолданылу ерекшелігі. 1 Лекция пікірлесу. дидактикалық материал   Тұтас педагогикалық процестің ерекшеліктерін анықтау.
4 4 апта Лекция 4. Тақырыбы: Педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негіздері мен әдістері Жоспары: 1.Педагогика ғылымының әдіснамасы мен педагоггың әдіснамалық мәдениеті туралы түсінік. 2.Педагогика әдіснамасының деңгейлері. Философиялық заңдар, заңдылықтар. 3. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің мәні мен мазмүны 4. Педагогикалық зерттеуді ұйымдастыру. 5. Ғылыми- педагогикалық зерттеудің технологиясы 1 Әңгім сұхбат, лекция кестелер, суреттер, сызбалар Тұлға, оның даму факторлары туралы білім жүйесін қалыптастыру.
5 5 апта Лекция 5. Жеке тұлға тәрбиенің объектісі, субъектісі ретінде және оның дамуы мен қалыптасуының факторы Жоспары: 1.Адамды педагогикалық тұрғыдан табиғи, әлеуметтік, тарихи, белсенді мүше ретінде түсінудің және оны дамыту, қалыптастыру, тәрбиелеу факторлары. 2. Тұлғаны «дамыту», «тәрбиелеу», «қалыптастыру», «әлеуметтендіру» ұғымдарына және олардың арақатынасына сипаттама. 3. Тұлғаны қалыптастыруға және дамытуға әсер ететін факторлар (сыртқы және ішкі, биологиялық және әлеуметтік). 4. Тұлғаны дамытудың және қалыптастырудың қозғаушы күштері мен негізгі заңдылықтары .Балалардың психофизиологиялық әркелкі дамуы («жас ерекшеліктер дағдарысы», «дарынды балалар», «акселерация») және балалардың барлык психоәлеуметтік талаптары мәселелері. оларды оку-тәрбие үдерісінде есепке алу. 6. Білім берудегі инклюзивті тәсіл және оны Қазақстанда іске асыру. 1 Лекцияпікірлесу. дидактикалық материал   ҚР білім бюеру жүйесі туралы терең білім беру.
<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Галины Александровны Лабейкиной | III бӨлім. ТҰтас педагогикалыҚ ҮдерістіҢ теориясы мен практикасы
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2018-10-18; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 340 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Велико ли, мало ли дело, его надо делать. © Неизвестно
==> читать все изречения...

1016 - | 777 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.