Лекции.Орг


Поиск:




Азақ атауының этимологиялық мәні

Бөлім. Этнос туралы ұғым.Этностардың пайда болу заңдылықтары.

Тақырып.Этнос туралы ұғым.Этностардың пайда болу заңдылықтары

Сабақтың тақырыбы: Этнос туралы ұғым.

                                  1.Қазақ этносының пайда болу тарихы.

                                  2.Қазақ атауының этимологиялық мәні.

Сабақтың түрі: Дәріс

Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

Базалық құзыреттілік

-өзінің ішкі әлеуетініске асыруға қабілеті (даярлығы) мен ынталылығы (мотивациялық аспект);

- табысты шығармашылық іс-әрекет үшін практика жүзінде байқалған өзінің білім,іскерлік,тәжірибесін іске асыра алу қабілеті (конгитивтік аспект);

- Өз іс-әрекет нәтижелерінің әлеуметтік маңыздылығын және жеке жауапкершілігін түсінуі,оны үнемі жетілдіріп отыру қажеттігін ұғынуы(Жоспарлау; ұйым; жөнге салу; бақылау; есеп; талдау.)

Кәсіптік құзыреттілік

- оқушылар өз бетінше талдау
-өз қызметіне мақсат қою
- жоспарлау,жинақтау
- қорытындылау, салыстыра дәлелдеу
- сыни тұрғыдан шешім қабылдау
- өзін-өзі бағалау
- өзін-өзі реттеу
- өзін-өзі түсіну
- өз әрекетінің әлсіз және күшті жақтарын көрсете білу
- нені меңгергенін,нені меңгермегенін анықтау
- өз білімін өзгермелі жағдайларда қолдана білуге үйрену

 

Сабақ мақсаттары

оқытушылық

Сабақты жоспарлауды студенттерге білім негізін қалыптастыру, білім дағдыларын дамыту

тәрбиелік

Оқушылардыңэстетикалықталғамынқалыптастыраотырып, жан-жақтыболуға, техникалыққұрылғылардыпайдаланубарысындаұқыптылыққа, мәдениеттілікетәрбиелеу

дамытушылық

Оқушылардыңоқу бағдарламасын жұмысістеупринциптерінмеңгертуарқылытеориялықбілімін, ой-өрісін, шапшаңойлауқабілетіндамыту.
       

Пәнаралық байланыс

Қамтамасыз ететін Пән:«Педагогика және этнопедагогика негіздерімен» Курс тақырыбы: Этнос туралы ұғым.  
Қамтамасыз етілетін Пән: Педагогика және этнопедагогика негіздерімен Курс тақырыбы: Этнос туралы ұғым.Этностардың пайда болу заңдылықтары  

 

 

Сабақтың жабдықталуы

Көрнекілік құралдар Интерактивті тақта
Таратпа материалдар Тірек конспект, тест тапсырмасы
Оқытудың техникалық құралдары ДК
Әдебиет: негізгі 1.  «Кәсіптік қазақ тілі» 6 бөлім №22-26. 9 бөлім №29
   

 

Сабақ мазмұны

 

Эле-мент№ Сабақ элементі, қарастырылатың сұрақтар, оқытудың әдістері мен тәсілдері Қосымшалар, өзгерістер
1. Ұйымдастыру (2 мин) 1) Кабинеттің сабаққа дайындығын тексеру 2) Оқушылармен амандасу 3) Оқушыларды түгендеу 4) Сабақтың мақсатымен таныстыру  
2. Үй тапсырмасын сұрау (20 мин)(Тест тапсырмалары арқылы)  
3. Жаңа сабақ 1. Этнос туралы ұғым 2. Қазақ этносының пайда болу тарихы 3. Қазақ атауының этимологиялық мәні  
4. Жаңа сабақты бекіту (10 мин) 1. Этнос дегеніміз не? 2. Этностыңбелгілері? 3. Этностыңқалыптасуыүшінқажетшарттар? 4. Этностыңбелгілері?  
5 Сабақты қорытындылау, оқушыларды бағалау (6 мин)  
6 Үйге тапсырма беру (2 мин) «Кәсіптік қазақ тілі»17-27 беттер  

 

 

Дублер-оқытушы:Алдабаев.Б.С

 

3 бөлім. Этнос туралы ұғым.Этностардың пайда болу заңдылықтары.

Курс тақырыбы: Этнос туралы ұғым.Этностардың пайда болу заңдылықтары

Сабақтың тақырыбы: Этнос туралы ұғым.

                                  1.Қазақ этносының пайда болу тарихы.

                                  2.Қазақ атауының этимологиялық мәні.

Жоспары:

Этнос туралы ұғым

Азақ этносының пайда болу тарихы.

азақ атауының этимологиялық мәні

 

       “Этнос” гректiң – еtпоs — тайпа, халық деген сөзiнен шыққан. Ғылымда “халық” терминiнiңорнына “этнос” терминi орынды қолданыла бастады. Бұл термин этностың негiзгi тарихи түрi – “тайпа”, “ұлыс” (“народность”), “ұлт” ұғымын түгел қамтиды. Оның үстiне, “халық” сөзiнiң “бiр топ адам” (мәселен, “халық жиналды” десек) деген мағынасы бар екенi белгiлi. Сондықтан “этнос” терминiн қолдану қолайлы. Адам ұжым болып тiршiлiк етедi. Оған әлеуметтiк бiрлестiк деп те, этностық бiрлестiк деп те қарауға болады. Шындығында, әрбiр адам, бiр жағынан, белгiлi бiр қоғамның мүшесi бола отырып, сонымен бiрге ұлттың (этностың) да мүшесi болып саналады.

Адам баласының әлеуметтiк дамуы жақсы зерттелген және оның даму заңдылығы жан-жақты қарастырылған. Ал халық тарихы жөнiндегi зерттеулер түсiнiксiз, шатастырулық көп. Шын мәнiсiнде, этностан тысқары бiрде-бiр адам өмiр сүрмейдi. Кiмге де болса, “сен кiмсiң?” деген сұрақ қойса, ойланбастан “орыспын”, “французбын”, “ағылшынмын”, “немiспiн”, “парсылықпын” немесе “түрiкпiн” деп жауап бередi. Олай болса, адамның санасындағы этнос жайындағы түсiнiк көпке ортақ. Ал жоғарыдағы сұраққа жауап берушi әрбiр этнос мүшесiне: “Сен неге ол халықты немесе ұлтты өз ұлтым деп санайсың?” деп сұрақ қойса, оған анықтама беруге қиналады. Әсiресе, “сенiң ұлтыңның басқа ұлттан қандай айырмашылығы бар?” деген сұраққа бұрынғы Кеңес Одағында, бүгiнгi ТМД елдерiнде тiршiлiк ететiн ұлт өкiлдерi тиянақты жауап бере алмайды.

 

 

Бүгiнде этностық мәдениет пен ұлт тiлдерiнiң өткенi мен келешегiне көз жiберу ұшiн этностардың шығу тегiн ғылыми методологиялық тұрғыдан қарастыру қажеттiгi туып отыр. Бұл жөнiнде соңғы жылдары ұлт мәдениетiн ғылыми-методологиялық тұрғыдан терең зерттеп, тұңғыш рет құнды еңбек жазған атақты тарихшы ғалым Лев Гумилев болды. Ол өзiнiң “Халықтар қалай пайда болады және жоғалады?” (изд-во Ленинградского университета, 1989) деген атақты еңбегiнде, дүние жүзiндегi халықтардың пайда болу, өсу, өркендеуiн және олардың бiртiндеп өшiп, жоғалу заңдылықтарын диалектикалық тұрғыда, тарих, география және биология (оның iшiнде экология және генетика саласы) ғылымдары негiзiне сұйене отырып, “этнос” туралы ғылыми дәйектi анықтама берген едi. Л.Гумилев “этнос” туралы соңғы уақытқа дейiн әр түрлi түсiнiк-анықтамалардың болғанына тоқталады. Айталық, бiреулер “этнос дегенiмiз — шығу тегi бiр халықтар” десе, екiншiлер “этнос — тiлдiң бiрлiгiне негiзделген мәдениеттiң тууы” дейдi. Ал үшiншiлерi “этнос — бiр-бiрiне ұқсас адамдар тобы” десе, төртiншiлерi “этнос - сана-сезiмдерi бiр адамдар тобы” дейдi. Бесiншiлерi “этнос” - белгiлi бiр қоғамдық формациядағы адамдардың шартты түрде топтасқан тобы” десе, ал алтыншылары “этнос — табиғаттың сыйы, этнос — әлеуметтiк категория” дейдi.

Тарихтан белгiлi болғандай әр түрлi халықтар белгiлi бiр аймақта пайда болып, сол аймақтың өзiндiк ерекшелiгiне бейiмделiп, тiршiлiк етедi. Өзiндiк мәдени және рухани мұрасын жасап қалдырады. Осы ерекшелiктерiне сүйене отырып, көрнектi тарихшы-этнограф Лев Гумилев: “Этнос дегенiмiз – жер бетiндегi белгiлi бiр тiршiлiк аймағы мен әлеуметтiк ортаның бiлiгiнде жатқан салт- дәстүрi, тұрмыс-тiршiлiгi, шаруашылық кәсiбi, мiнез-құлқы, тiлi мен мәдени мұрасы бiр халықтар тобы” деген анықтама бередi. Бiз осы анықтаманы басшылыққа алған жөн деп есептеймiз..

             Қазақ халқының құрылуы халықтар қалыптасуының жалпы заңдылықтары негізінде, таптық, феодалдық қатынастардың нығаюымен, аумағының, тілінің, материалдық және рухани мәдениеті ортақтығының қалыптасуымен байланысты жүзеге асты. Қазақ халқының қалыптасу үрдісінің ұзаққа созылуына монғолдар жаулап алғаннан кейін Қазақстан аумағында пайда болған монғол ұлыстарының, Ақ Орданың, Моғолстанның, Әбілхайыр хандығының, Ноғай Ордасының бір орталыққа бағынбауы, көшпелі және жартылай көшпелі қоғамдық қатынастардың баяу дамуы әсерін тигізді. Халықтың құрылуына XIV-XV ғғ. Қазақстан аумағында дәстүрлі шаруашылықтың қайта өрлеуі, көшпелі және отырықшы шаруашылықтардың өзара әсері, монғол үстемдігіне дейінгі және олардан кейінгі көптеген тайпалардың тілдерінің сабақтастығы ықпал етті. Қазақ халқының негізгі этникалық топтары мен этникалық аймағының XV ғ. 2-жартысы мен XVI ғ. мемлекет болып бірігуі халықтың шоғырлану үрдісінің аяқталуын тездетті. Нәтижесінде қыпшақ, өзбек, өзбек-қазақ, қазақ деген жиынтық этносаяси терминдердің ауысуы арқылы «қазақтар» деген этникалық атау орнықты.

«Қазақ» этнонимі туралы. «Қазақ» терминінің шығуы туралы көзқарастар ауқымы кең, ғылыми болжамдардан бастап қиыстырылып шығарылған этимологияларға дейін бар. «Қазақ» терминінің бастапқы таралған жері Шығыс Дешті Қыпшақпен байланысты болған. ІХ-Х ғғ. Шығыс Дешті Қыпшақ қоғамында «қазақ» атауы әлеуметтік, ал ХІ-ХІІ ғғ. этникалық-әлеуметтік топтарды білдірді. Монғолдарға дейінгі уақытта қазақ этносының қалыптасуы туралы тұжырымдарды жасамаған жөн.

«Қазақ» — түркі сөзі. «Қазақ» сөзі алғаш айтылған жазба деректердің бірі – Египетте 1245 жылы құрастырылған түрік-араб сөздігі. Бұл сөздіктің авторы беймәлім, оны 1894 жылы М. Хоутсм Нидерландының Лейден қаласында баспадан шығарды. Бұл деректе «қазақ» сөзі «үйсіз», «кезбе», «қуғындалушы» деген мағынаны білдірді.

Бастапқыда «қазақ» сөзі өз халқынан, тайпасынан, өзінің заңды билеушісінен бөлініп кеткен кез-келген еркін адамды білдірді. Яғни, қазақ термині алғашқы кезде әлеуметтік мәнге ие болды. Мәселен, әр түрлі жерлерді кезіп, өзін-өзі асыраған кезбе – қазақ, алыс және қауіпті жолға серіктерсіз аттанған адам – қазақ, Бабырдың айтуы бойынша «жаудың малын батылдықпен айдап әкетуші» — бұл да қазақ.

Қазақтың тұрмысын белгілеу үшін парсы және түркі тілдеріндегі деректерде «қазақлық» — «еркіндік», «кезбелік» және «қазақламақ» — «еркін жүру», «кезу» деген сөздер қалыптасты.

Сондай-ақ, «қазақ» сөзі әр түрлі себептерге байланысты өз мемлекетінен бөлініп кеткен көшпенділердің тобын білдіру үшін қолданылды. Ұрыс ханның ұрпақтары Керей мен Жәнібектің басшылығымен Әбілқайыр ханның мемлекетінен 1459-1460 жж. бөлініп кеткен көшпенділер дәл осындай топ болды.

Осылайша, егер Қазақ мемлекеті құрылғанға дейін «қазақ» сөзі әлеуметтік мағынаны білдірсе, енді ол саяси терминге – жеке хандықтың атауына, ал кейін, XV ғ. 2-жартысында этнонимға – қазақ халқының өзіндік атауына айналды. Зерттеуші В.П. Юдиннің пікірінше, саяси тұтастық ретінде «қазақ» терминімен біріккен өзбек тайпаларының тобы, біртіндеп шайбанилер мен маңғыттарды өзіне қосып алды. Яғни, «қазақ» термині бүкіл Шығыс Дешті Қыпшақ аумағына таралды.

       Қазақ — Қазақстан Республикасы жергілікті халқының атауы. Екі жүз жылдай уақыт бойы зерттеушілер “қазақ” терминінің шығу төркінін түсіндіруге және оның семантикасын ашуға әрекет жасауда. Алайда, Қазақ сөзін түсіндіретін түпкілікті пікір қалыптаса қойған жоқ. Қазақ сөзіне үндес терминдер Қазақстаннан шалғай аймақтардан да кездескен. Ғалымдар Византия императоры Константин Багрянородныйдың (10 ғ-дың орта шені) Кавказдың солт.-батысында жатқан “Казахия елі” деп айтқан мәліметтерін келтіреді (Н.М. Карамзин, А.Вамбери, т.б.). Осының негізінде Қазақ халқы 10 ғ-дан бастап белгілі болған деген тұжырым жасалды. Бірақ, түпнұсқада (грекше) “з” әрпі емес, “с” әрпі берілген. Демек, ел атауы касахия деп оқылуға тиіс. В.Минорский Константин Багрянородный хабарын түсіндіре келе, Касахия деп касогтар айтылатынын дәлелдеді. ҚазахияжәнеҚазақхалқыатауыназерттеушілермұсылмандүниесініңжазбадеректемелерін де тартты. Мысалы, араб тарихшысыӘбу-л-Хасан Әлиәл-Масудидің “Өсиетжәнеқайтақараукітабы” дегеншығармасында Кубань өз. маңындағыкавказхалықтары мен тайпаларыныңатауларыарасындакашак этн. қауымы – әл-касакияжазылған. НемісшығыстанушысыИ.Марквартбұлекітерминніңбірғана этнос – касогтардыңатауынберетіндігінанықтады. Авторы белгісіз парсы тілді “Худудәл-алам” деген геогр. еңбектеҚара т. жағалауындаорналасқанКасаг қ. туралы (этн. қауымемес) деректеркелтірілген. “Повесть временных лет” шығармасында Святослав (965) пен Мстиславтың (1022) касогтарменжүргізгенсоғыстарытуралымәліметтер бар. Касогтерминіалғаш 8 ғ-дыңаяғы – 9 ғ-дыңбасында монах Епифанийдіңшығармасындаауызғаалынады. Бұлақпарданкасах, касахия, касак, кашак, касогатауларыалдыңғы орта ғ-лардағыбелгілібіршағынкавказтайпасын (немесетайпаларбірлестігін) білдірудіңәралуантүрлеріболғаныбайқалады. Қазақэтнонимініңкасог, касахия (казахия) атауыменбайланысытуралыпікірмейліншедекларативтіксипатта, олардыңарасындағытарихисәйкестікәлі де болсазерттелуітиіс.

       Қазақ этнонимының туу тарихы ұзақ уақыт бойы зерттеушілердің қызу айтыстарына айналды. Түсіндіретін түпкілікті пікір алайда қалыптасқан жоқ. Қазақ сөзіне үндес терминдер Қазақстаннан шалғай аймақтардан да кездеседі.

Қазақ деген термин ертедегі екі тайпалық (каза және саха) одақтардың атынан шыққан. Олар сонау ықылым заманда алып одақ құрып сонау Мысырға дейін жаулап алған. Сонда Каза-сахадегенқаласалынған.

Қазақхандығы.

Кавказ болжамы

Кейбірғалымдар (Н. М. Карамзин, А. Вамберит.б.) ШығысРомейимпериясының императоры Константин «Қызылтуған» (10 ғ. орта шені) бергенмәліметтербойыншаКазахияелінКавказдыңсолтүстік-батысындаорналастырады (Қырымхандығымезгілінде Қарачу немесе Қарачай депбелгіліаймақ). В. Минорский Константин хабарындаКазахиядепкасогтарайтылатынындәлелдейді. Араб тарихшысыӘбу-л-Хасан Әлиәл-Масуди «Өсиетжәнеқайтақараукітабі» шығармасындаҚұбанөзенініңтөңірегіндегітайпаларарасында әл-касакия тайпасынкөрсетеді. Немісшығыстанушысы И. Марквартбұлекісөзбірғана этнос — касогтардыңатауынбередідеді. Парсы тілді «Худудәл-алам» жоғрапиятуралыкітаптаҚаратеңізжағалауындаКасагқаласыныңорналасуындеректейді. КөнеРусьтегіжазылған «Повѣстивременныхълѣтъ» жылнамасындаСвятослав (965) пен Мстислав (1022) князь дерікасогтарменсоғысжасайды. Ал касог терминін, алғашрет 8 ғ. аяғы — 9 ғ. басында монах Епифанийкелтірілген. жоғарыдағымәліметтергеқарағанда касах, казахия, касак, кашак, касог алдыңғы орта ғасырлардаКавказдағышағынтайпа, немесетайпаларбірлестігінбілдіретіналуантүрлеріболғаныбайқалады. Қазақэтнонимініңжоғарыдакөрсеткенкасог, т.б. атауларыменбарлықжағынынанбайланысыәлі де зерттеуборышыбоптұр.

Моңғолболжамы

Финалтайшысы Г. И. Рамстедтжәне А. А. Семёнов қазақ терминін «Қасиеттіжылнамада» (13 ғ.) моңғ. хасаг-терген арба ұғымы бар сөзтіркесіненшығарады. Ал Қазақстандықоныстағантүркітайпалар осы қоссөздіпайдаланғанынаешбіртарихимағлұматтабылмаған.

Енесайболжамы

Әйгілітүркітанушы В. В. Радлов Енесайөзенініңтөңірегіндегікөнетүркімұраларынанкөнетүркіше: қазғақымоғлым — «меніңасырапалғанұлдарым» дегентіркестітапқан. Қазғақ және қазақ сөздерініңдыбысжәнемағынаұқстастығынасүйеніп, В. П. Юдин ғ дыбысысоңыратүсіпқалып, қазақ терминінеайналдыдепболжамшығарған. Бұлкөзқарастүркітілдерініңтарихифонетикалықзаңдылықтарыменүйлеспейтідіктен, мамандартарапынанқолдаутабылмады.

Арлықболжамы

И. Марквартшығысмәтіндерденүшқарлықтайпасын хасактар (хаски) депоқыған. Бірақ, В. Минорский басқамұсылмандеректеріменсалыстырып, қарлықтардыңтайпалықатауыныңмәтінаралықоқылуынаелеулітүзетужасады. Бұлретте, хасактардың орнына баскил деген конъюнктура енгізілді. Араб саяхатшыӘбуДулаф «Рисалас» («Жазба») шығармасындағы харлұқ сөзін хазлақ депоқып Н. Н. Пантусов та қателіккеұшырады.

Парсы болжамы

Парсы-тәжікәйгіліФирдоусидіңШахнамадастанында қазақ халқыжәне қазақхандары туралыайтылғанекен. Кейбірғалымдар, А. Левшинненбастап, нағызқазақхалқыныңқұрылуын10 ғ.жатқызады. Дастанда қазақ терминінеқатыстыешқандаймаңыздыақпаржоқекендігінкөптегеншығыстанушылар (С. Г. Кляшторный, Т. И. Сұлтановт.б.) атапкөрсетті.

Түрікменболжамы



<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Выполнение работ по профессии младшая медицинская сестра по уходу за больными | Оқыту принциптері (ұстанымдары) Ғылымилық. Жүйелілік. Сананылық және белсенділік.
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2018-10-18; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 585 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

В моем словаре нет слова «невозможно». © Наполеон Бонапарт
==> читать все изречения...

770 - | 718 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.013 с.