Лекции.Орг

Поиск:

Іштің сыртқы жарықтары

1. Құрсақ қуысының алдыңғы қабырғасын қандай аймақтарға бөледі:

А) epygastrium 

Б) mesogastrium

В) umbilikalis

Г) hypogastrium

Д) pubica

2. Құрсақ қуысының алдыңғы қабырғасын қанша бөлікке бөледі?

А) 2 аймаққа

Б) 3 аймаққа

В) 4 аймаққа

Г) 5 аймаққа

Д) 6 аймаққа

3. Эвентрация дегеніміз – бұл:

А) құрсақ қуысы мүшелерінің жасанды пайда болған тесік арқылы париеталды ішпердесіз сыртқа шығуы  

Б) құрсақ қуысы мүшесі бір бөлігінің немесе мүшенің толықтай париеталды ішпердесіз табиғи тесіктер арқылы сыртқа шығуы

В) құрсақ қуысы мүшесі бір бөлігінің немесе мүшенің толықтай париеталды ішпердемен қапталып табиғи немесе жасанды тесіктер арқылы тері астына шығуы  

Г) құрсақ қуысы мүшелерінің париеталды ішпердемен қапталып жамбас қуысы түбінің бұлшық ет қабатының тесіктері арқылы тері астына шығуы  

Д) диафрагмадағы жасанды тесіктер арқылы құрсақ қуысы ағзаларының кеуде қуысына енуі

4. Түсу дегеніміз – бұл:

5. Іштің сыртқы жарығы дегеніміз – бұл:

6. Шап каналының алдыңғы қабырғасы болып табылады:

А) шап байламы

Б) іштің сырқы қиғаш бұлшық етінің аппоневрозы 

В) іштің көлденең және ішкі қиғаш бұлшық еттерінің бос жатқан жиектері

Г) көлденең фасция

Д) іштің көлденең бұлшық еті

7. Шап каналының артқы қабырғасы болып табылады:

А) шап байламы

Б) іштің сырқы қиғаш бұлшық етінің аппоневрозы 

В) іштің көлденең және ішкі қиғаш бұлшық еттерінің бос жатқан жиектері

Г) көлденең фасция

Д) іштің көлденең бұлшық еті

8. Шап каналының жоғарғы қабырғасы болып табылады:

А) шап байламы

Б) іштің сырқы қиғаш бұлшық етінің аппоневрозы 

В) іштің көлденең және ішкі қиғаш бұлшық еттерінің бос жатқан жиектері

Г) көлденең фасция

Д) іштің көлденең бұлшық еті

9. Шап каналының төменгі қабырғасы болып табылады:

А) шап байламы

Б) іштің сырқы қиғаш бұлшық етінің аппоневрозы 

В) іштің көлденең және ішкі қиғаш бұлшық еттерінің бос жатқан жиектері

Г) көлденең фасция

Д) іштің көлденең бұлшық еті

10. Сан сақинасының шекарасын құрайды:

А) сан артериясы

Б) сан венасы

В) шап байламы

Г) спигелев сызығы

Д) шат сүйегінің бұдыры

Ішек түйілуі

1. Ішек түйілуіне алып келетін себептерді көрсетіңіз:   

А) жұлын зақымдалуы орын алған омыртқа травмасы

Б) қысылған жарық

В))перитони

Г) авитаминоз

Д) ішек ісіктері

2. Обтурациялық ішек түйілуінің себептері:

А) аскарида шумақтары

Б) өт тастары

В) құрсақ қуысы мүшелерінің жедел аурулары

Г) шажырқай тамырларының жедел тромбозы

Д) ішек ісіктері

3. Обтурациялық ішек түйілуінің этиологиялық факторлары:

А) ішектегі бөгде заттар

Б) организмнің ауыр метал тұздарымен улануы

В) ішек қабырғасының тыртықтанып тарылуы

Г) құрсақ қуысының жабық жарақаты

Д) көрші мүшелердің кистасы

4. Странгуляциялық ішек түйілуінің себептері:

А) ішек парезі

Б) түйін пайда болуы

В) ішек ілмегінің жарық қақпасында қысылуы

Г) ішек ісіктері

Д) ішектің өз өсінен бұралуы

5. Аралас ішек түйілуіне жататындар:

А) ішектің өз өсінен бұралуы

Б) инвагинация

В) ішек ілмегінің жарық қақпасында қысылуы

Г) ішектің инфильтративті қатерлі ісігі

Д) жабыспа (спаечная) ішек түйілуі

6. Паралитикалық ішек түйілуіне тән емес:

А) іштің әр кез шаншып ауруы

Б) нәжіс пен желдің тоқтауы

В) жиі, сұйық нәжістің болуы

Г) іштің үнемі керіліп ауруы

Д) ішек перисталтикасының болмауы

7. Жедел ішек түйілуінде қандай диагностикалық зерттеу әдістері қолданылады: 

А) экскреторлық урография

Б) құрсақ қуысының шолу рентгенографиясы

В) фиброколоноскопия

Г) ФГДС

Д) барий ерітіндісінің ішекпен пассажы

8. Аралас механикалық жедел ішек түйілуіне жататындар:

А) түйін пайда болуы

Б) долихосигма

В) инвагинация

Г) эвентрация

Д) жабыспа (спаечная) ішек түйілуі

9. Жедел ішек түйілуі пайда болуы механизмдеріне қарай келесі түрге бөлінеді: 

А) төмен

Б) механикалық

В) жартылай бітелу

Г) динамикалық

Д) жоғары

10. Жедел ішек түйілуі клиникалық ағымына қарай келесі түрге бөлінеді: 

А) толық бітелген

Б) жартылай бітелген

В) жүре біткен

Г) жедел

Д) созылмалы

Перитонит

1. Перитониттің келесі сатыларын ажыратады: 

А) абортивті

Б) реактивті

В) рецидивті 

Г) токсикалық

Д) терминалды

2. Перитониттің терминалды сатысының клиникалық белгілері:

А) психомоторлы қозуы

Б) нәжістік иісі бар асқазан және ішектегі заттармен құсу

В) іш керіліп кепкен, ішек перисталтикасы есітілмейді 

Г) құрсақ ішке тартылған, ішек перисталтикасы бәсеңдеген

Д) субъективті сырқат өзін аздап жақсы болдым деп сезінеді

3. Біріншілік перитонит кезінде инфекция құрсақ қуысына мына жолдар арқылы енеді: 

А) қабынған құрт тәрізді өсінді арқылы

Б) жатыр түтікшелері арқылы

В) лимфогенді жолмен 

Г) гематогенді жолмен

Д) қуысты ағзалардың тесілуі кезінде

4. Екіншілік перитонит кезінде инфекция құрсақ қуысына мына жолдармен енеді: 

А) қабынған құрт тәрізді өсінді арқылы

Б) жатыр түтікшелері арқылы

В) лимфогенді жолмен 

Г) гематогенді жолмен

Д) қуысты ағзалардың тесілуі кезінде

5.Екіншілік перитонит мына себептерден орын алуы мүмкін: 

А) жедел панкреатит

Б) жедел холецистит

В) инфекцияның жатыр түтікшелері арқылы енуі  

Г) құрсақ қуысына енген жарақаттардан

Д) анастомоздағы тігістің сөгілуінен

6. Біріншілік перитонит мына себептерден орын алуы мүмкін: 

А) инфекцияның гематогенді жолмен енуі

Б) инфекцияның лимфогенді жолмен енуі

В) инфекцияның жатыр түтікшелері арқылы енуі

Г) құрсақ қуысындағы іріңді қабынған мүше арқылы

Д) анастомоздағы тігістің сөгілуінен

7. Перитониттің клиникалық ағымына қарай келесі түрлерін ажыратады:

А) жедел

Б) жеделдеу

В) прогрессивті  

Г) абортивті

Д) созылмалы

8. Клиникалық ағымының сипатына қарай перитониттің түрлеріне жатпайтындары:

А) жедел

Б) жеделдеу

В) созылмалы

Г) рецедивті

Д) абортивті

9. Клиникалық ағымының сипатына қарай перитониттің келесі түрлерін ажыратады:

А) біріншілік

Б) екіншілік

В) жедел  

Г) жеделдеу

Д) созылмалы

10. Құрсақ қуысына микрофлораның түсу жолына қарай перитониттің келесі түрлерін ажыратады:

А) жедел

Б) жеделдеу

В) біріншілік  

Г) екіншілік

Д) созылмалы

Поделиться с друзьями:

Дата добавления: 2018-10-18; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 433 | Нарушение авторских прав

Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

80% успеха - это появиться в нужном месте в нужное время. © Вуди Аллен
==> читать все изречения...

599 - | 584 -

© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.