Лекции.Орг


Поиск:




Тапсырма. Проблемалық сұрақ. Пікірлесіңіздер.




Сендердің ойларыңша, салт-дәстүр бүгінгі қоғамға керек пе? Неге?

Тақырып. Тағамтану. Ұлттық тағам. Көсемше категориясы.

 

ТАҒАМТАНУ

Тағамтану-нутрициология (көне лат. nutrіtіo – тағам және logos – ілім) – адамдар мен жануарлар тағамын зерттейтін ғылым саласы. Қазақ тағамтану академиясы – ғылыми мекеме. Орталық Азия аймағындағы тамақтанудың медициналық-биологиялық мәселелерінің іргелі және тәжірибе жүзінде қолданылатын ғылыми зерттеулерін жүзеге асырады.

1974 жылы Қазақ КСР-і Денсаулық сақтау министрлігінің Өлкелік патология ғылыми-зерттеу институтының негізінде КСРО Медициналық Ғылым академиясы Тағамтану институтының Қазақ бөлімшесі ұйымдастырылып, ол 1988 жылы дербес КСРО Медициналық Ғылым академиясының Аймақтық тағамтану мәселелері институтына айналады. Ашхабад, Душанбе, Бішкек және Нүкіс қалаларында бөлімшелерінің ашылуына байланысты институт 1991 жылы КСРО Медицина Ғылым академиясы Аймақтық тағамтану мәселелері ғылыми орталық мәртебесіне ие болды. 2000 жылы «Қазақстан Республикасының Тағамтану институты» ЖАҚ болып қайта құрылды. Құрамында: емдік тағам бөлімі, тағам иммунологиясы, тағам физиологиясы және оны жоспарлау, арнайы азық-түлік өнімдері мен биологиялық активті қоспаларды өндіру, тағамның сапасы мен қауіпсіздігін бақылау, биохимия және витаминология зертханалары, биологиялық активті қоспалардың молекулаларының негізін зерттейтін сектор бар. Академияның жұмыс бағыттары: арнайы емдік-алдын алу және балалар тағамдарын жасап шығару; таңдалып берілген медициналық-биологиялық қасиетке ие тағамға биологиялық белсенді қоспалар жасап шығару; тағамдық өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау; ұлттық тағамдық өнімдер мен дәстүрлі емес тағамдық шикізаттардан емдік диеталар мен тағам рациондарын құрастыру. Академия бала организмінде темір, селен, йод жетіспегенде байқалатын ауруларды емдеуге және олардың алдын алуға бағытталған бірнеше емдік-профилактикалық тағамдар ұсынып, өндіріске енгізді. 1979 жылы институт Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен ынтымақтас 1-халықаралық тағамтану орталығы (қазіргі уақытта мұндай орталықтар саны не бары 27) болып танылды. 1995 жылдан бері дүние жүзінің 14 институтымен бірге тағамтану мәселелері бойынша БҰҰ университетімен ынтымақтастық орнатты, ал 1996 жылдан бастап 68 елдің өкілдері құрған Халықаралық тағамтану ғылымы одағының ассоциацияланған мүшесі. Институт – ЮНИСЕФ-тің Орталық Азиядағы кеңесінің, ҚР Үкіметі жанындағы тағамтану мәселелері бойынша республика кеңестің, Қазақстан Профилактикалық медицина академиясының, Қазақ балаларды тамақтандыру қорының, Денсаулық сақтау министрлігінің биологиялық активті тағам қоспалары бойынша сарапшылар кеңесінің бас мекемесі. Институт Орталық Азия аймағындағы тамақтанудың медико-биологиялық мәселелері бойынша іргелі және қолданбалы зерттеулердің барлығын ұйымдастырады.

Тапсырма. Мәтінді аударыңыз.

Тапсырма. Жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрастырыңыз.

Тапсырма. Мына сөйлемге морфологиялық талдау жасаңыз.

Орталық Азия аймағындағы тамақтанудың медициналық-биологиялық мәселелерінің іргелі және тәжірибе жүзінде қолданылатын ғылыми зерттеулерін жүзеге асырады.

4-тапсырма. Мына сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыз.

Тағамтану академиясы, емдік тағам, ұлттық тағамдық өнімдер, сарапшылар кеңесі, қолданбалы зерттеулер, денсаулық сақтау.

Тапсырма. Денсаулық туралы мақал-мәтел жазып, жаттаңыз.

ЛТТЫҚ ТАҒАМ

Қазақ халқы ұлттық тағамдарға өте бай. Ұлттық тағамдар көбінесе сүттен, еттен, дән дақылдарынан жасалады. Әдетте сүт тағамдарын төрт түлік малдың сүтінен жасаған. Төрт түлік малдың сүтін және одан жасалған айран, қымыз, шұбат сияқты сусындарды халқымыз ағарған, ақ деп атаған. Сүт тағамдары адам ағзасына өте пайдалы келеді. Сүт тағамдарының мынадай түрлері бар: сүт, қаймақ, айран, қатық, сары май, сүзбе, құрт, ірімшік, қымыз, шұбат. Қымыз, шұбаттың емдік қасиеті мол. 

Қазақ халқының өмірінде ет тағамдары ең басты орынды иеленеді. Олардың мынадай түрлері бар: ет (жас ет, сүр ет), қазы, қуырдақ – майға қуырылып пісірілген ет, шұжық – шикі еттің майлы жерінен турап, тұз, бұрыш қосып, ішекке тығып жасаған тағам, нарын – піскен ет пен қамырды ұсақтап турап, әбден араластырғаннан кейін, үстіне тұздық құйып берілетін тағам, жұмыр – ішіне сарымсақ, сәбіз, күріш, майлы ет салып, аузын түйреген қарын, түймеш – туралып, жаншылып, майға қуырылған тағам. Жылқының қазы-қартасы, жал-жаясы жоғары бағаланады.Ұннан жасалатын тағамдарға: нан, бауырсақ (тоқаш), шелпек, құймақ, бәтер – ашытылмаған қамырдан табаға пісірілген жұқа нан, таба нан – табаға пісірілген нан, тандыр нан – тандырға пісірген нан.

Дән тағамдарына бидайдан, тарыдан, жүгеріден, күріштен жасалатын тағамдар жатады. Бидайдан – бидай көже, талқан; тарыдан – тары көже, талқан, майсөк, жент; жүгеріден – жүгері көже, бадырақ; күріштен – күріш көже, палау, сүркүріш сияқты тағамдар жасалады.

Жеміс тағамдарына әр түрлі кептірілген жемістер, қауынқақ, қауын–құрт, қауыншек т.б. жатады.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2018-10-15; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 434 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Неосмысленная жизнь не стоит того, чтобы жить. © Сократ
==> читать все изречения...

768 - | 677 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.