Өндірістік кеңес – еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі арнайы жұмыс берушінің және қызметкерлер өкілдерінің (кәсіптік одақтың) бастамасы бойынша құрылатын орган болып табылады. Оның құрамына ұйым деңгейінде сайланатын Техникалық инспектор, жұмыс берушінің өкілдері мен кәсіподақтың өкілдері тепе-теңдік негізде кіреді (ҚР ЕК-нің 203-бабы).
Өндірістік кеңестің құрамы жұмыс берушінің және кәсіптік одақтың бірлескен шешімімен бекітіледі. Өндірістік кеңесті екі жылда бір рет, мерзімділікпен, ротациялық негізде кеңес мүшелері сайлайтын төраға басқарады. Өндірістік кеңестің шешімдері тараптар үшін міндетті болып табылады. Өндірістік кеңес, тараптарға қатысты, еңбекті қорғау талаптарын қамтамасыз ету, өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың алдын алу жөніндегі бірлескен іс-қимылдарын үйлестіреді, Техникалық инспекторлар жұмыс орындарындағы еңбек жағдайлары мен еңбектің қорғалуына тексеру жүргізуін ұйымдастырады.
Татуластыру комиссиясы – ұжымдық еңбек дауды шешу мақсатында (егер ұжымдық талаптар алдын-ала жұмыс берушімен тікелей шешілмесе) жұмыс берушi мен жұмыскерлер өкілдерінің тең санынан, тепе-теңдік негізде, тараптардың бірлескен шешімімен құрылатын орган болып табылады (ҚР ЕК-нің 165-бабы). Татуластыру комиссиясын құру туралы шешiм жұмыс беруші не жұмыс берушілер бірлестігімен (олардың өкілдерімен) қабылданады. Комиссияны құру туралы жұмыс берушінің шешімі жұмыскерлердің (олардың өкілдерінің) назарына жеткізілген не жеткізілмеген (хабарламаған) күннен, не ұжымдық келіссөздер жүргізу барысында келіспеушіліктер хаттамасын жасаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылдайды. Ұйымда жұмыскерлердің бірнеше өкілдері болған кезде олар осы комиссия жұмысына қатысу үшін бірыңғай өкілді орган құрады.Татуластыру комиссиясы жұмыскерлердiң (олардың өкiлдерiнiң) талаптары келіп түскен күннен бастап жеті жұмыс күнінен кешiктiрілмейтін мерзімде қарайды. Татуластыру комиссиясымен талаптарды қарау тәртiбi және, сонымен қатар, қараудың көрсетiлген мерзiмiн ұзарту – тараптардың келiсiмi бойынша жүзеге асырылады және хаттамамен ресiмделедi.
Татуластыру комиссиясында тараптардың өкілдері келiсiмге қол жеткiзбеген жағдайда оның жұмысы тоқтатылады, ал дауды шешу үшін ЕҢБЕК ТӨРЕЛІГІ құрылады.
Еңбек төрелігі - ұжымдық еңбек дауына қатысты татуластыру комиссиясында тараптар келісімге келмеген жағдайда ұжымдық еңбек дауын шешу үшін, уәкілетті тұлғаларды тарта отырып, құрылатын, уақытша жұмыс істейтін орган (ҚР ЕК-нің 166-бабы) болып табылады.Еңбек төрелігі мүшелерінің саны, құрамы, еңбек дауын қарау тәртібі тепе-теңдік негізде тараптардың келісімімен айқындалады. Еңбек төрелігі кемінде бес адамнан тұруға тиіс, төреліктің құрамына мемлекеттік еңбек инспекторы, ұжымдық еңбек дауларының алдын алу және оларды шешу үшін еңбек төрелігі жөніндегі кеңестің өкілі, қажет болған кезде – басқа тұлғалар қосылуы мүмкін.
Байқау кеңесі – мемлекеттік кәсіпорындарда және мемлекеттің 50 пайыздан астам үлесімен құрылған ұйымдарда құрылатын алқалық басқару орган болып табылады.
Мысал ретінде, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы №413-IV «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 149-бабына сәйкес, шаруашылық құқығына негізделген мемлекеттік кәсіпорындарда құрылатын байқау кеңесінің келесідей өкілеттіліктері бекітілген:
1) тиісті саланың уәкілетті органына (жергілікті атқарушы органға) мемлекеттік кәсіпорынның даму жоспарының жобасы бойынша, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша – қорытынды береді;2) даму жоспарының орындалуы туралы есептің жобасын бекітеді, мемлекеттік кәсіпорынның жылдық қаржы есептілігін алдын ала талқылайды және бекітеді;3) демеушілік, қайырымдылық көмектер мен қосымша көздерден алынған қаражатты, оның ішінде мемлекеттік кәсіпорынның иелігінде қалған таза табыстың бір бөлігін бөлу туралы шешім қабылдайды;4) бюджет қаражаты мен қосымша көздерден алынған қаражаттың нысаналы пайдаланылуын бақылау үшін мемлекеттік кәсіпорынның және оның құрылымдық бөлімшелерінің құжаттамасымен кедергісіз танысады және көрсетілген қаражаттың нысаналы пайдаланылуын тексеруді жүзеге асыру үшін тиісті саланың уәкілетті органына (жергілікті атқарушы органға) ұсыныстар енгізеді;5) мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және онымен еңбек шартын жасау, бұзу мәселелері бойынша тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның) ұсыныстары қарайды және ол туралы шешім қабылдайды;6) ұжымдық шартты әзірлеуге қатысады және қосымша қаржы көздерінен, даму жоспарында бекітілген қаражат шегінде кәсіпорын қызметкерлерінің, басшысының, оның орынбасарларының, бас бухгалтерінің лауазымдық жалақыларына үстемеақы белгілеу, сыйлықақы беру және материалдық көмек көрсету бөлігінде шешімдер қабылдайды; 7) байқау кеңесінің хатшысын тағайындайды, оның өкілеттік мерзімін және жалақысының мөлшерін айқындайды, оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатады;8) тиісті саланың уәкілетті органына (жергілікті атқарушы органға) мемлекеттік кәсіпорынның жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар енгізеді;9) мемлекеттік кәсіпорын қызметінің басым бағыттары бойынша келіп түскен ұсыныстарды тұжырымдайды;10) тиісті саланың уәкілетті органына (жергілікті атқарушы органға) мемлекеттік кәсіпорынның басқа заңды тұлғаларға қатысуы туралы ұсыныстар енгізеді;11) тиісті саланың уәкілетті органына (жергілікті атқарушы органға) мемлекеттік кәсіпорынның филиалдарын, өкілдіктерін құру және жабу туралы ұсыныстар енгізеді. Ғылыми кеңес және Қамқоршылар кеңесі – мемлекеттік, сонымен қатар мемлекеттік емес білім беру ұйымдарында (университеттерде, институттарда) және басқа білім, ғылым мекемелерінде құрылатын алқалы басқару органдары болып табылады. Олардың өкілеттіліктері арнайы заңнамалық актілермен және олар туралы ұйым деңгейінде қабылданатын Ережелермен айқындалған:- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 22 қарашадағы №574 «Жоғары оқу орнының Ғылыми Кеңесі қызметінің үлгі ережесін және оны сайлау тәртібін бекіту туралы» бұйрығы;- «Қамқоршылық кеңес қызметінің және оны сайлау тәртібінің үлгілік ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 22 қазандағы №501 бұйрығы.