Лекции.Орг


Поиск:




жылдың 1 қантар Орал қаласының ТӨЛҚҰЖАТЫ

Орал – Батыс Қазақстан облысының әкімшілік, өнеркәсіптік, тарихи және мәдени орталығы. Орал қаласы Каспий ойпатының солтүстік бөлігінде, сұлу жазық далада орналасқан. Ол Қазақстан Республикасы шегіндегі ұзындығы 1082 км. болатын Орал өзені орташа ағысының оң жағалауында және Шаған өзенінің төменгі ағысының сол жағалауында орналасқан.

Қаланың аумағы қала маңын қосқанда 700 км2 астам.

Халық саны – 288,4 мың адамды құрайды, соның ішінде 83 түрлі ұлт өкілдері бар.

Орал қаласы ежелден Азиядан Европаға және керісінше Европадан Азияға апаратын өзіне тән сауда қақпасы болды. Осы жерден Ұлы Жібек жолының бір тармағы өтетін болған.

Өсімдік атаулы негізінен далада және орманды далада көптеп өседі. Жануарлар дүниесі алуан түрлі, өзендерде балық мол. Климаты – шұғыл континентальды.

Қаланың аумағы қала маңын қосқанда 700 км2 астам.

Халық саны – 291 мың адамды құрайды, соның ішінде 83 түрлі ұлт өкілдері бар.

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 26 маусымдағы № 10-1 шешіміне сәйкес, қалаға Желаев селолық округі, Зачаған кенті, Круглоозерный кенті қарайды.

Орал қаласының Астана қаласына дейінгі қашықтығы – 1747 км.

 

1.2. Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің атқаратын міндеттері, негізгі қызметтері және миссиясы

 

Мемлекетті мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, ҚР Президенті мен Үкіметінің актілеріне, облыс және аудан әкімдігінің қаулыларына облыс және аудан әкімінің шешімдері мен үкімдеріне, аудан және ауылдық округ әкімі аппаратының жұмыс регламентіне және өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. Мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады. Мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. Мемлекеттік мекеменің егер заңнамаға сәйкес оған уәкілеттік берілсе, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастарының тарапы болуға құқығы бар.

Мемлекеттік мекеме құзіретінің мәсеелелі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қалалық әкімі өкімі мен шешімдер қабылдайды. Мемлекеттік мекеменің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

Мемлекеттік мекеме кәсіпкерлік субъектілерімен мемлекеттік мекеменің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер қалалық әкімінің аппаратына заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

Мемлекеттік мекеменің негізгі мақсаттарына тоқталар болсақ, тиісті әкімшілік аумақта мемлекеттік саясатты жүргізуде бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдар мен мекемелерінің үйлесімді қызмет істеуін ұйымдастырады. Аумақтың экономикалық дамуын жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жергілікті жерде мемлекеттік басқару өкілеттегі шегінде тұрғындардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етеді.

Мекеменің міндеттеріне келсек, Қазақстанның мемлекеттігін нығайту жөніндегі Президенттің саясатын дәйектілікпен жүзеге асыру, экономикалық реформаны іске асыру, оны жүзеге асырудың тактикасы мен тетіктерін айқындау, ауылдық округтің халық шаруашылығы кешенінің болашақтағы дамуы мен жағдайына, әлеуметтік – мәдени саласына, сыртқы экономикалық байланысқа талдау жасау, тиісті болжамдар әзірлеу, маңызды проблемаларды анықтау және оны шешу жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

Қазақстан Республикасының заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің, облыс және аудан әкімдіктерінің қаулыларын, облыс және аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету, олардың басқа мекемелер мен жергілікті органдардың орындауына көмек көрсетеді.

Қоғамдық – саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, сондай – ақ қоғамдық процестердің демократияландыруын және қоғамның бірігуін нығайту жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және жүзеге асыруға қатысады. Мекеменің негізгі атқаратын қызметтерін төмендегідей жіктеуге болады:

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:

1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жергілікті маңызы бар міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін реттеу, іске асыру және (немесе) бақылау функцияларын жүзеге асырады;

2) Меншіктің барлық нысандарындағы кәсіпорындардан, мекемелер мен ұйымдардан ауылдық округ әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын, бағдарламалар жобасын, әлеуметтік–экономикалық саясатты қалыптастыратын концепциялар мен болжамдарды сапалы әзірлеу үшін ақпараттарды дер кезінде алу, мұндай құжаттарды әзірлеуге және сараптауға қатысу;

3) Қалалық әкімі аппаратының қызметін құжаттармен қамтамасыз ету, қызметтік құжаттарды, арыздар мен хаттарды қарау, азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру, құжаттар айналысына талдау жасау, іс жүргізу жұмысын жетілдіру, мемлекеттік және басқа да тілдердің қызмет етуін қамтамасыз ету;

4) Бұқаралық ақпарат құралдарында ауылдық округ әкімі аппаратының қызметін жариялау, олармен өзара байланысты ұйымдастыру, Президент және Үкімет жүргізіп отырған ішкі және сыртқы саясатты түсіндіру;

5) Өздерінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша, оның ішінде жергілікті өзін-өзі басқаруды қалыптастыру және дамыту үшін құқықтық, ұйымдастырушылық жағдайлар жасау бойынша аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) әкімдіктерінің, қаладағы аудандар әкімдерінің жұмысын үйлестіреді

6) Азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;

7) Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;

8) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес Әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті бюджетінің жобасын тиісті мәслихатқа табыс етеді;

9) Әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаны әзірлеу кезінде жергілікті қоғамдастық жиналысының талқылауына жергілікті маңызы бар мәселелерді Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген жағдайларда тиiстi қаржы жылының бiрiншi тоқсанына арналған қаланың қаржы жоспарын бекiтедi;

10) Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзiрлейдi және мақұлдайды, облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламасын мәслихаттың бекiтуiне ұсынады және оның орындалуын қамтамасыз етедi;

11) Азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актілерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;

12) Өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;

13) Коммуналдық меншiктегi су құбырларын, тазарту құрылыстарын, жылу және электр желiлерiн және республикалық маңызы бар қаланың, астананың басқа да көлiк және инженерлiк инфрақұрылымдар объектiлерiн салу мен пайдалануды ұйымдастырады;

14) Атқарушы билiктің мемлекеттiк саясатын тиістi аумақты дамыту мүдделері және қажеттіліктерімен үйлесімдікте жүргізуді қамтамасыз етеді;

15) Өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;

16) Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;

17) Әдiлет органдары жоқ жерлерде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен нотариаттық iс-қимылдар жасауды, азаматтық хал актiлерiн тiркеудi ұйымдастырады;

18) Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, халықтың тарихи, ұлттық және мәдени салт-дәстүрлерін өркендетуге, дене шынықтыру мен спортты дамытуға жәрдемдеседі;

19) Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланудың жай-күйін және оларды күтіп-ұстау тәртібін, сондай-ақ археологиялық және ғылыми-реставрациялау жұмыстарының орындалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

20) Табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;

21) Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді және өзге де әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді;

22) Мүгедектерге көмек көрсетуді, олардың әлеуметтік-қоғамдық іс-шараларға қатысуын ұйымдастырады;

23) Қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырады;

24) Халықтың әлеуметтiк жағынан әлсіз топтарына қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;

25) Қалалық денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі;

26) Жергiлiктi кәсiпкерлiк қызмет пен инвестициялық ахуалды дамыту үшiн жағдай жасайды;

27) Қазақстан Республикасының көлік саласындағы заңнамасына сәйкес жолаушылар тасымалын ұйымдастырады;

28) Шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады;

29) Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;

30) "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерін тұрғын үймен қамтамасыз етеді;

31) Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне енгізілген тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағына реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсететін табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) келіседі;

32) Сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлетi орган бекiтетiн үлгiлiк қағидалар негiзiнде әзiрленген жасыл екпелердi күтiп-ұстау және қорғау қағидаларын, қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын әзiрлейдi және мәслихатқа бекiтуге ұсынады;

33) "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру ережелерінің жобасын әзірлейді және оны мәслихаттың бекітуіне ұсынады;

34) Аграрлық сектордың ұтымды және тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi;

35) Шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асырады;

36) Ауыл шаруашылығы санағын жүргiзуді ұйымдастырады және ауыл шаруашылық статистикалық есепті жүргізеді;

37) Өз құзыреті шегінде II, III және IV санат объектілерінің мемлекеттік экологиялық сараптамасын ұйымдастырады, табиғат пайдаланушыларға II, III және IV санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар береді, табиғат қорғау іс-шараларын жүргізеді, табиғат пайдалануды реттейді;

38) Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша іс-шараларды тиісті аумақтың даму бағдарламасына енгізуді қамтамасыз етеді, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында келісім жасасады, сондай-ақ энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында ақпараттық қызметті жүзеге асырады;

39) Мектепке дейін тәрбие беретін және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерінің қызетін қамтамасыз етеді;

40) Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын бағыттарды қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы іс-шараларды қамтамасыз етеді;

41) Мемлекеттiк меншiк нысанындағы денсаулық сақтау ұйымдарының кадрлармен қамтамасыз етiлуiне бақылауды жүзеге асырады;

42) Өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;

43) Елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;

44) Туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;

45) Жергілікті маңызы бар міндеттерді шешуді және тиісті аумақтағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ететін нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды;

46) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, басқаруына берілген коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз мүліктік жалға (жалдауға) береді;

47) Берілген коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетілетін қызметтерінің) міндетті көлемдерін айқындайды, жылдық қаржылық есептілігін келіседі және жергілікті бюджеттен қаржыландырылуының жеке жоспарларын бекітеді;

48) Берілген қалалық коммуналдық заңды тұлғаларды басқаруды, оны қорғау жөнiндегi шараларды жүзеге асырады;

49) Бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органда әкімдердің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруына бағытталатын ақшаны есепке жатқызуға арналған, жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотының ашылуын қамтамасыз етеді;

50) Азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық актiлерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;

51) Бюджет қаражаттарын үнемдеудің және (немесе) Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген түсімдердің есебінен еңбек шарты бойынша қызметкерлер қабылдайды;

52) Жергілікті қоғамдастықтың жиналысында келісілгеннен кейін жергілікті өзін-өзі басқарудың ақша түсімдері мен шығыстары жоспарын бекітеді;

53) Мемлекеттік мекемелердің өздерінің иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жасайды және бекітеді.

54) «Мекенжай тiркелiмi» ақпараттық жүйесiн жүргiзудi және толықтыруды қамтамасыз етедi;

55) Тиісті аумақта жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың ұсынуы бойынша карантинді немесе шектеу іс шараларын белгілеу туралы шешімдер қабылдау;

56) Тиісті аумақта жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы шешімдер қабылдау;

57) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринариялық пункттерді қызметтік үй-жайлармен қамтамасыз ету.

Мекеменің негізгі құқықтары болып, меншіктік барлық

нысандарындағы кәсіпорындардан, мекемелер мен ұйымдардан қажетті ақпараттар, құжаттар басқа да материалдар бойынша ауызша және жазбаша түсініктемелер сұратып алуға құқылы.Ауылдық округ әкімі аппараты жүргізуге қатысты сұрақтары бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен қызметтік хат жазысуға құқылы. Ауылдық округ әкімінің тапсырмасы бойынша кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың өкілдерін әкім аппаратының құзыретіне кіретін мәселелерді шешуге қатысуға тарту құқылы болып табылады.

 

 

2. БҚО Орал қалалық әкімінің аппараты қоршаған орта жағдайы мен қала тұрғындарының қоршаған ортасын қорғау жағдайларын жүзеге асыру бағдарламалары

2.1 Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының қоршаған ортасының экономикалық қазіргі жағдайы

 

Қала тұрғындарының ыңғайлы әрі қауіпсіз қоршаған ортада өмір сүруін қамтамасыз ету қала әкімдігінің жұмыс жиегінің бір реті деп тани отырып, Орал қаласының 2020 жылға дейінгі стратегиялық дамуының «Жасыл қала бағдарламасы» негізінде жүйелі жұмыстардың жүзеге асу қарқынының қандай деңгейде екенін байқауға болады.

Ыңғайлы қоршаған орта арнасына суды тиімді пайдалану, жылумен қамтамасыз ету, құрылыс, жол салу және жөндеу, абаттандыру мен аулаларды қайта жаңғырту жұмыстарын жатқызуға болады. Мемлекет басшысы Н.Назарбаев «2050 стратегиясы» халыққа жолдауында ХХІ ғасырдың 10 жаһандық сын-тегеуріндерін атап өтті,соның ішінде су тапшылығы да бар еді. Су ресурстарын тиімді пайдаланудың басты бағыттары:

-Тұщы су ресурстарының толық қолданылуы және кеңейтілген ұдайы өндірісі;

-Жаңа қалдығы аз және қалдықсыз технологиялық процестерді дайындау.

Қала тұрғындарын сумен қамту барысындағы су-құбырлар желісінің жалпы ұзындығы – 428,4 км, тозғаны - 287 км (67%), су тарту желісінің жалпы ұзындығы- 362,3 км, тозған - 239,1 км (66%). Желілердің техникалық ахуалын дәрижеде сақтау үшін жыл сайын желілердің 10-12% жөндеу жұмыстарын өткізіп тұру қажет. Соңғы 3 жылдың есебі бойынша 6,7 млрд.теңге қаражат бөлініп, 483,4 км инженерлік желі өңделді және тозу көлемі 1,2% қысқартылды.

«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 2016 жылы жөндеу жұмыстары жүргізілді, нәтижесінде 1 529,9 млн.теңге көлеміндегі қаражатқа ұзындығы 12,8 км су-құбыры және кәріз жүйесі іске қосылып, 183 683 адамды сумен қамтамасыз етті.

Орал қаласының жылумен қамту жүйелерінің жалпы ұзындығы – 239,7км, тозғаны – 126,3км (52,7%). Энегрияны үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша 415 үйде 437 жылу есептегіш құралдар орнатылды, нәтижесінде тұрғындардың 30-40% дейін жылу ақысының төлемдерінен үнемделді. 2016жылға жөнделеді деп жоспарланған 1,2 км жылу-құбыр жүйесі 375,4 мдн.теңге көлемінде қаражатты қажет етті. Бұл жүзеге асырылған жұмыс 7 әлеуметтік және 96 тұрғын объектілерді сонымен қоса 31 000 адамды қамтамасыз етті.

2020 жылға дейінгі қазандықтарды тиісті жағдайға кетіру үшін жалпы мөлшерде келесі шығындарды талап етеді, 1 531,3 млн.теңге:

2017 жылы - Зачаганск ауылындағы Ғалымдар ауылы 123 көшесінде жаңа қазандық салу (601,3млн.теңге)

2018 жылы - Круглозерное ауылындағы мектептің қазандығына жобалық сметалық құжаттамасын дайындау, қуаттылығы 1,25МВт (2,4 млн.теңге)

- Зачаганстк ауылындығы санитарлы мекетептің қазандығының жобалық сметалық құжаттамасын дайындау, қуаттылығы 4 Гкал (10,8млн.теңге)

- Зачаганстк ауылындығы «Водстрой» АЖБ қазанындағы қайта жаңғырту (897,7млн.теңге) аяқталуы 2019 жылы.

2019 жылы - Круглозерное ауылындағы қазандықтың мобильді ғимаратын құрастыру.

Тұрғындардың баспанаға қол жеткізуі үшін қала орталықтарынан бөлек шеткері аймақтарда көп қабатты үйлер салынып, құрылыс жұмыстары тоқтаусыз жүргізілуде. 2016 жылдың қорытындысы бойынша 10,2 млрд теңге қаражатқа жер аумағы 90 мың.м2 құрайтын 1562 пәтерлі 14 үй қала халқына табысталды. Бұың құрамында:

- Жилстройжинақбанкі салымшыларына - 3 үй, 306 пәтер,

- Жас отбасыларға - 2үй, 180 пәтер,

- Кезекте тұрғандарға - 1 үй, 180пәтер,

- «Бәйтерек Development1» АҚ желісі бойынша (КИК кезекте тұрғандарға)- 6үй, 671 пәтер,

- МЖК желісі бойынша (апаттық жағдайдағы үйлер) – 2үй, 225 пәтер.

Ал ендігі 2017 жылға 12,2млрд.теңге қаражатқа жер аумағы,,, құрайтын 1562 пәтерлі 10 үй жоспарлануда, яғни Жилстройжинақбанкі салымшыларына - 4үй, 636 пәтер және «Бәйтерек Development1» АҚ желісі бойынша (КИК кезекте тұрғандарға) – 6үй, 671 пәтер.

Жол салу және жөндеу.

Орал қаласындағы жолдардың жалпы ұзындығы 580,9км, бұнадағы топырақты жолдың ұзындығы 293,9км (50,6%), ал асфальтбитон жабындысымен - 287 км (49,4%). 3 жыл ішінде 10,7 млрд.теңге қаражатқа ұзындығы 84,3 км (14,5%) жол жөнделді.

Жол жөндеу жоспары

  2017 жыл 2018 жыл 2019 жыл 2020 жыл
Ұзындығы,км 31.6 25.3 22.6 24.2
Көше саны   19+1 n/n 16+1 n/n  
Соммасы млрд.теңге 5.6 5.4 3.5 2.8

5 жылдың ішінде (2016-2020 жылға дейін) 19,5 млрд.теңге көлеміндегі қаражатқа 80 көшеде ұзындығы 115,8км жолда қайта жөндеу жұмыстары жүргізілмек.

Сонымен қатар 202 млн.теңгеге 13,3 км жаяужолдың құрылысы және 250млн.теңгеге 30% әлеуметтік нысандардың кірме жолдары мен жаяужолдары ұйымдастырылды.

Орал қаласы Республика бойынша «жасыл қала» атағындағы жалғыз қала деп айтсақ та қате болмас. Өйткені, қала көркіне көрік беретін әдемі табиғатының көп бөлігі орман алабымен жалғасады. Сонымен қатар, жыл сайын көшеттер отрғызылып, аулалар абаттандырылады. Бұған мысал 2016 жылы 9 726 ағаш отырғызылды, оның ішінде 863-і қылқанды ағаш көшеттері. Бұл абаттандыру жұмыстарының құрамында Зачаганск ПДП-дағы саябақ кіреді.

2007 - 2014 жылдар аралығында қалада 386 үй аулалары абаттандырылса, алдағы уақытта 96 үй аулаларын абаттандыру қажет. «Жасыл қала» бағдарламасының жүзеге асырылуы барысында 2020 жылға дейін қалада жыл сайын 25үй аулаларын абаттандыруды жоспарлайды.

Қала халқын қауіпсіз қоршаған ортамен қамтамасыз ету әкімдік тарапынан тысқары қалмаған. Көлік қозаласы мен

Қалада барлығы 175 бейнебақылау камералары бар. 2016 жылы 10 камера орнату үшін 65 млн.теңге бөлінді.

Арнаулы көрсеткіштер 2016 жыл 2017 жыл 2018 жыл 2019 жыл 2020 жыл
Бейнебақылау камераларын орнату          

 

Қалада 7 өрт сөндіру депосы және 28 өрт сөндіру автокөліктері жұмыс жасайды. 2020 жылға дейін 6 өрт сөндіру автокөліктеріне арналған 1 өрт сөндіру депосын салу жоспарлануда.

Тасқынға қарсы қорғаныс.

1.Қорғаныс тасбөгетінің суөткізгіш құбырларын қайта жаңғырту, Шаған өзенінен бастап Приречное, Толстого және Шевченко көшелері бойымен

2. Суөткізгіш құбырларын қайта жаңғырту, Чагана-Набережная көшесімен шаған өзенінен Короленко, Чапаева, Г.Караша, Фрунзе көшелерінің бойымен.

3.Қорғаныс тасбөгетінің суөткізгіш құбырларын қайта жаңғырту, Курени ауданындағы Орал өзенінен Достық, Лесхозная, Куренная, Линдовская, Буянная көшелерінің бойымен.

4. Қорғаныс тасбөгетінің суөткізгіш құбырларын қайта жаңғырту Элеваторная көшесінің бойымен.

5. Жайық жағалауын бекемдеу Шамсутдинова көшесімен кемежайға дейін.

Әлеуметтік қала

Мүгедектердің қажеттіліктеріне орайластырып қолайлы орта қалыптастыру.

- кірме жолдар

- дыбысты бағдаршамдар

- дене түйсігі арқылы сезінетін (тактильді) жолдар

- пандустар

- ғимараттарға көтерме құрылғылар

- қоғамдық көліктерге көтерлме құрылғылар

- сөйлеу информаторы

 

Қала ірі өнеркәсіптік орталықтары бар үлкен шаһар екенін ескере отырып қоршаған орта аясындағы ауа қабатының жағдайы есеп беру кезеңінде бірқалыпты көрсеткішпен бағаланады. Жүргізілген мониторинг нәтижесі бойынша ағымдағы жылы Орал қаласында атмосфералық ауаның жағдайы өткен жылмен салыстырғанда кішене жақсарды. Дегенмен, Орал қаласының атмосфералық ауасының ластануын байқау мәліметтері бойынша орташа, республика бойынша айтарлықтай төмен. Ауа қабатын ластайтын негізгі көздер болып табылатын мұнай-газ кешеді кәсіпорындар, жылу беретін қазандар, автокөліктер және элеваторлар.

Атмосфералық ауаның көрсеткіші Орал қаласының Республика бойынша өзге қалаларымен салыстырғандағы деңгейі қалыпты көрсеткіш екенін байқатады. Мысал ретінде Павладар қаласында 4,2, Қарағанды қаласы 7,0 және Таразда 7,4 пайызға атмосфералық ауаның ластануын байқатады.

Қаланы брендтеу- «Жасыл қала»:

- Қаланың брендингі мен рерроториялық маркетингі-жаһандану жағдайында күшейген бәсекелестіктің көрсеткіші болып табылатыны уақыт талабы. Бүгін де тавар мен қызмет имиджі терретория бренді мен қаланың басқа да қалалармен салыстырғандағы өзін-өзі ұстауына тікелей байланысты.

- Экономикалық тұрғыдан қарағанда, қаланың айқын имиджін құрастыру инвесторлар мен серіктестердің ағынын көбейту үшін тапсырыс құрау.

- Қала терреториялық нарықтағы таура.

Біріңғай қалалық құрлым:

2.2 Орал қаласы тұрғындарының қоршаған ортасын қорғауды дамытуда кездесетін проблемалар.

 

 

Қоршаған ортаның мемлекеттік бақылауы және табиғат қоғау заңдарының орындалуы барысындағы жұмыстар жиегінде 2009 жылы бойынша экологиялық инспекциясы 433 табиғат пайдаланушыларға тексеріс өткізді. Орытынды есеп кезеңіндегі салынған 216 айыппұлдың 122 заңды тұлғаларға, 62 лауазымды тұлғаларға салынды. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 5 934 265,1 мың теңгені құрады, оның 5 933 057,1 мың теңгесі заңды тұлғаларға болса, 260,4 мың теңгесі жеке тұлғаларға салынған, 947,6 мың теңге лауазымды тұлғаларға салынды. Қоршаған ортаға зиянды әсер тигізгені үшін 95 заңды тұлғаға келтірілген шығынды қайтарып алу үшін жалпы соммасы 46 749,6 мың теңге айыппұл төленген.

 

 

Келешегі бар бағдарламалар

«АСУОП- Оңай» жобасы қоғамдық көліктердің басқарылуы мен қоғамдық көліктерде көрсетілетін кызметтердің сапасын көтеруге мүмкіндік береді;

Басты көшелер мен жаяужолдардағы веложүргіншілер жолағы;

Су паркін салу;

Веложүргіншілер жолданрын салу мен велосипеттерді пракатқа беру пункттері;

Барлық ойын сауық орталықтарының маңында велосипед тұрақтарын орнату;

Экологиялық таза отын түріне көшу.

 

 

2.2 Орал қаласы тұрғындарының қоршаған ортасын қорғауды дамытуда кездесетін проблемалар

 

 



<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
 | Три исторических типа общества
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-04-15; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 611 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Жизнь - это то, что с тобой происходит, пока ты строишь планы. © Джон Леннон
==> читать все изречения...

1320 - | 1155 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.012 с.