Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Тақырыбы: Топырақтың түзілуі және үгітілуі




Лекция жоспары:

1. Топырақтың түзілуі және үгілуі. Үгілудің типтері.

2.Алғашқы топырақ түзілуі процесі. Топырақ түзілу процесі туралы түсінік.

3.Топырақ пішінінің қалыптастуы. Топырақтың морфологиясы. Топырақ пішінінің құрылымы.

 

Лекция мақсаты: Топырақтың табиғи дене ретінде қалыптасуына бастама беретін үгілудің типтерімен, олардың ерекшеліктерімен, топырақтың түзілу процесстерімен, қалыптасуымен, топырақ пішінінің құрылымымен таныстыру.

Қолданылатын әдістер: Лекция консультация.

Лекция мәтіні: Тау жыныстарының өзгеруі. Тау жыныстары күн көзінің, желдің, судың үнемі тигізген әсерінен мүжіледі. Табиғаттың әртүрлі күштерінің біріккен әсерінен тірі жәндіктерді қоса алғанда тау жыныстарының бұзылып терең өзгеріске ұшырауын мүжілу деп атайды. Мүжілу құбылысының әсерімен уақталған тау жыныстарын, минералдық бөлшектерін үгінді деп атаймыз.

Тау жыныстарының желге қағылуы, мүжілуі әртүрлі факторлардың әсеріне байла-нысты болады. Олар физикалық, химиялық және биологиялық (жел қағу) болып бөлінеді.

Аталған факторлардың әсерінен тау жыныстарының бұзылуы және қопсыған қиыршықтар мен үгінділер, майда шөгінді жыныс-тардың пайда болуын үгітілу деп атайды. Тау жыныстары үгітіле бара топырақ құрамы жетіледі. Топырақ қыртысының қалыптасуы сол үгінділердің түзілуімен байланысты. Былайша айтқанда үгітілу мен топырақ қыртысының түзілуі бір мезгілде болатын өзара бола-тын тығыз байланысты құбылыс.

Топырақтың физикалық әсерден пайда болуы оның су, ауа өткізгіштігіне, су ұста-ғыштығына, топырақ қыртысын түзуші қабаты-ның түйіршік құрамы мен құрылымының ерекшелігіне байланысты. Өйткені оның өзі тау жыныстыраның түрлі жолдармен үгітілуі және микроағзалардың тіршілік әрекеттері арқылы түзіледі. Топырақ түзілетін тау жыныс-тарын, аналық немесе топырақ түзуші жыныстар деп атайды. Бүлар жел, су, температура, тағы басқа сол сияқты жағдайлардың әсерінен күрделі құбылыстарға ұшырап отырады. Тау жыныстары мен ондағы минералдардың осындай өзгеріске түсуінің, яғни үгілудің үш түрі бар:

1.Физикалық-механикалық үгілулер - жылудың, судың, ауаның әсерімен өздігінен болады. Тау жыныстары күндіз күн сәулесінің қуатымен қызады, ал түнде үстің-гі қабаты тез суиды да, соның сал-дарынан ол жарықшақтанып жарыла бастайды. Бүл жағдайда механикалық жолмен бұзылған жыныстардың химиялық және мине-ралдық құ-рамы өзгермейді. Физикалық жолмен үгітілудің басты себебі - жоғары температура. Тем-ператураның әсерінен өзгеру тау жыныстары, ондағы материалдардың көлемі біресе ұлғайып, біресе кішірейіп, олар бастапқы қалпын жоғалта бастайды. Онда пайда болған жарықтарға жауын-шашын кезінде ылғал жиналады да, кейін ол жарықшақтарды одан әрі ұлғайтады. Сөйтіп әлгі жыныстар бірте-бірте бұзылып, үгіле береді.

2.Химиялық әсерден тау жыныстарында болатын минералдар-дың құрамы өзгереді, жаңа минералдар түзіледі. Бұл құбылыс негі-зіген құрамында көмір қышқылы мен оттегі мол атмосфералық судың әсерінен болады. Химиялық құбылыстың әсері тау жыныста-рының суда еруінен және одан әрі тотығуынан басталады да, оның өзі сапсы жағынан жаңа минералдық қосындылардың пайда болуымен аяқталады. Мысалы, минералдардың үгілуі кезінде суда еритін карбонат, сульфат, хлорид сияқты қосындылар түзіледі. Сөйтіп ұсақ үгінділерге ыдыраған осы минералдар қайтадан өзара қосылысқа араласып, жаңа жыныс құрайды.

Химиялық және физикалық жолмен өзгерген тау жыныстарының ұсақ үгінділері жел мен судың әсерімен бұрынғы жатқан жері-нен көшеді, бұл сапарда да олар одан әрі уақталып, талай-талай өзгерістерге ұшырайды, алуан түрлі аналық жыныс түзеді. Ааналық жыныстар кеуекті, бойында су мен жылжымалы қоректік заттар болады. Сондықтан да олар тірі организмдердің пайда болуына қо-лайлы жағдай жасалған дейміз.

3.Биологиялық әсер. Биологиялық жолмен топырақ түзілгенде тірі организмдер тау жыныстарынан өздеріне қажетті минералдық заттарды алып, оларды органикалық қосындыларға айналдырады. Биологиялық үгілу тіршіліктің пайда болуынан басталады. Тіпті жалаңаш жартастардың өзінде тау жыныстарындағы минералдық қосындыларды қорек ететін пайдалы микроағзалар болады. Сол ұсақ органимздер бөліп шығаратын орга-никалық қышқылдар біртіндеп тау жыныстарының химиялық құрамын өзгертеді де, ақы-рында бұларда аласа бойлы қына, мүк сияқты өсімдіктердің өсіп шығуына жағдай жасай-ды. Қурап қалған мүктер мен қыналарды микроағзалар ыдыратады, осының арқасында қоректік заттар жина-лады, топырақ пайда болып, оның қасиеттері өзгереді. Сонымен, топырақ түзілу құбылысында биологиялық жолмен үгілу де ең негізгі құбылыстардың бірі болады. Мүндай ортада жоғарғы сатыдағы өсімдіктер пайда болады. Физикалық және химиялық құбылыстар кезінде пайда болатын құбылыстар тау жыныстары құрамынан мүлде бөлініп, геологиялық үлкен айналымға қосылады. Ал биологиялық жолмен түзіл-генде, тірі организмдер тау жыныстарының өзіне қажетті минералдық заттар алып, олар-ды органикалық қосындыларға айналдырады. Ал бұл минералдық заттар биологиялық кіші айналымға қосылады. Сөйтіп, ауқымды геологиялық айналым және кіші биология-лық айналым бір-бірімен ұштасуынан барып, топырақ түзулі әрекеті жүреді.

2. Топырақ - басқа табиғат денелері сияқты өзінің қалыптасу уақыты бар (генезис). Топырақтың түзілуі аналық тау жыныстары, ағзалар, бедер және уақыт араларындағы күрделі табиғи арақатынастар болып табылады.

Топырақтың түзілу факторларына И.И.Плюснин топырақ үшін негізгі зат және энергия болатын табиғи құбы-лыстарды жатқызды. Олар топырақ субстанциясын, оның ішкі материалды мазмұнын анықтайды. Оларға:

1.литосфера (топырақ құраушы тау жынысы)

2.биосфера (өсімдік және жануарлар тектес ағзалар)

3.атмосфера (негізінен оның төменгі жағы және ерекше ауаның жерге жақын қабаты)

4.гидросфера (жерүсті және жерасты сулар) жатады.

Топырақ түзілуінің уақыт және кеңістікте түзлуіне арқау болатын топырақтаың түзілуінің факторлары оларға ерекше пішін береді. Әр топырақтың түзілуіне келесі жағ-дайлар қажет:

1.ғарыштық құбылыстар (негізінен жарық және жылу алып келетін сәулелі энергияның көзі)

2.бедер (жер бетінің пішіні) және гравитациялық құбылыстар

3.кеңістік (географиялық орны)

4.уақыт (топырақтың жасы)

5.адамзаттың өндірістік өндірістік қабілеті (ауылшаруашылық және т.б.).

Жасыл өсімдіктер топыраққа негізгі органикалық заттарды тасымалдаушы қызме-тін атқарады.

Өсімдіктер түзетін топтар, немесе бірлестіктер фитоценоз (грек.сөзі “фитон”-өсім-дік және “кайнос”-жалпы) деп аталады. Оларды геоботаника ғылымы зерттейді. Геобота-ника тек бөлек өсімдіктер бірлестігін зерттеп қана қоймай, сонымен бірге олар түзетін өсімдік жамылғысын құрайды.

Фитоценоз – бір-бірімен және оротамен арар қатынас арқылы байланыстарымен біріктірілген және біртекті тәлімдегі өсімдіктер бірлестігі.

Өсімдіктер бірлестігі биогеоценоздың бір бөлігі болып табылады. Ол өсімдіктер, жануарлар және микроағзалар минералды ортамен арақатынасатын бірлестік.

Өсімдіктердің тамырларының минералды субстраттан химиялық элементтерді қажетті мөлшерде алатын таңдамалы сіңіру қабілеттілігіне ие.

Табиғаттағы кіші зат айналымының биологиялық циклы органикалық заттардың синтезімен, ыдырауымен сипатталады.

Топырақтың түзілуіндегі жануарлардың маңызы.

Жануарлардың топырақ түзілуіндегі маңызы өсімдіктермен, микроағзалармен ты-ғыз байланысты. Ормандарда құрттар түскен жапырақтардың негізгі бөлігін жояды және топырақтың минералды бөлшектерін органикалық заттармен араластырады. Ал майда құрттар 0.3-0.8м тереңдікке еніп, үлкен тереңдіктерге (6м дейін) жол салады. Жануарлар-дың тіршілік барысында сұртопырақты шөлдалалық топырақтар жиі қазылған, қопсылған болып келеді. Осыған байланысты, жер қазатын жануарлар топырақтың агрофизикалық, химиялық, сулық және ауалық қасиеттерін жоғарылатады.

Өсімдік және жануарлар тектес барлық ағзалар заттардың кіші биологиялық айна-лымына белсенді қатысып, топырақтың құнарлығын дамытуға себебін тигізетін, оның минералды бөлігімен және бір-бірімен тығыз арақатынаста болады.

Топырақтың түзілуіндегі климаттың маңызы

Климат грек сөзі “климат”- еңкею деген мағынаны білдіреді. Шынында, күн сәуле-лерінің жер бетіне түсу бұрышынан, оған келіп түсетін күн энергиясы тікелей байланыс-ты. Сондықтан да климат топырақ түзудегі және топырақтың географиялық таралуының ең маңызды факторларының бірі болып табылады.

Топырақтың түзілуіне тура (энергетикалық деңгейін және топырақтың гидротер-миялық тәртібін анықтап) өсімдіктер, жануарлар және микроағзалардың тіршілігі нәтиже-сінде жанама әсер етуі мүмкін.

Климаттың байқалуының екі формасы бар – макроклимат және микроклимат. Климаттың элементтерінің ішін-де топыраққа температура, атмосфералық жауын-шашын-дар, желдің әсерлері әлдеқайда жоғары. Климатпен топырақтың су, ауа және жылу қасиеттері тығыз байланысты.

Топырақты құраушы ерекше фактор – уақыт. Топырақ түзілуінің ұзақтығы нақты аналық жыныстан дамитын, оныфң қасиеттеріне және әр топырақтың түріне айтарлықтай әсер қалдырады. Осыған сәйкес жасына байланысты топырақ абсолютті және салыстырмалы болып бөлінеді. Топырақтың абсолютті жасы әр аймақтағы геологиялық жағдайға байланысты. Кез-келген территорияның құрлыққа өтуі және онда өсімдіктер мен жануарлардың орнығуы – жердегі топырақ түзілуінің бастамасы. Топырақтың салыстырмалы жасы биологиялық, физика-химиялық және басқа да құбылыстардың салыстырылып отырған топырақта түрлі уақытта және түрлі жылдам-дықта жүруімен сипатталады. Топырақтың салыстырмалы жасы адамның ауылщаруашы-лық әрекетімен тығыз байланысты.

Бақылау сұрақтары:

1.Үгілу қандай түрлері бар?

2.Алғашқы топырақ түзілуі процесі.

3.Топырақ түзілу процесі туралы түсінік.

4.Топырақтың құрылымы дегеніміз не?

5.Топырақтың морфологиясы.

6.Топырақ пішінінің құрылымы.

 

 

Дебиеттер

1.Омарова З.М., Абдраимова Қ. Топырақ экологиясы. Дәрістер жинағы. Кентау, 2007.

2.Т.Т.Тазабеков және басқалар. Топырақ және қоршаған орта. Алматы, 2001.

3.Е.Ә.Исаханов, Т.С.Мұсаев. Топырақ механикасы, Алматы, 1994.

4.А.Н.Дурасов, Т.Т.Тазабеков. Почвы Казахстана. Алма-Ата. Изд-во “Кайнар”. 2000.

5.В.Н.Степанов, А.Н.Киселев. Агрономия негіздері. “Колос”, 1982.

6.Әділов Ж.М. Тұрақты даму және айналадағы орта. -Алматы: Ғылым, 1998.

 

Лекция №3





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-04-15; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1975 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Ваше время ограничено, не тратьте его, живя чужой жизнью © Стив Джобс
==> читать все изречения...

2194 - | 2136 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.008 с.