Лекции.Орг


Поиск:




Басқару жетегін және редукторды таңдау




Көтерім қозғалтқышының болжамды қуаты мына формуламен анықталады:

 

  (1.35)

 

мұндағы К – шахталық кедергі коэффициенті, скиптерге арналған;

ηзп – тісті беріліс ПӘК;

ρ – динамикалық жұмыс тәртібінің сипаттамасы;

V – орташа қозғалыс жылдамдығы.

Қозғалтқыш қуаты 1250 кВт-қа дейін болғанда, бір қозғалтқышты асинхронды жетек алынады, ал егер қозғалтқыш қуаты 2500 кВт- қа дейін болса – екіқозғалтқышты асинхронды, 2500 кВт- тан асқан жағдайда тұрақты тоқты жайжүрісті қозғалтқыштар қолданылады.

Тұрақты ток қозғалтқыштарының қоректенуі тиристорлы түрлендіргіштер арқылы жүзеге асады. Тиристорлы түрлендіргіштерді пайдалану мүмкін болмаған жағдайда қоректендіру желісінің шарттарына сай Г-Д жүйесін қолдану рұқсат етіледі.

Қозғалтқыш айналым саны:

 

  (1.36)

 

мұндағы i - таңдалған машина редукторының беру қатынас саны;

NOP және n көрсеткіштері арқылы (қосымшадағы 7, 8 кестелерінен) жобалау нормаларының ұсынымына сәйкес қозғалтқыш сипаттамалары бойынша қозғалтқыш таңдалады. 7, 8 кестелерінен NH қалыпты қуат, nН қалыпты айналым саны, ηДВ қозғалтқыштың П.Ә.К.-і, қозғалтқыштың шамадан тыс еселік коэффициенті γкр н) және қозғалтқыштың инерция моменті GD2P, Н*м2 таңдалады.

Жылдам жүрісті қозғалтқыштағы көтерім ыдысының негізгі максималды жылдамдығы:

 

  , м/с, (1.37)

Ақырын жүрісті қозғалтқыш үшін:

 

  (1.38)

 

Редуктор типі беріліс қатынасы бойынша және ақырын жүрісті біліктің айналу моменті шамасы бойынша таңдалады және айналу моменті келесі формула арқылы анықталады

 

  , Н·м,   (1.39)

 

Егер 10 кестеде келтірілген редукторлар (1.39) формула шартын қанағаттандырмаса, онда екіқозғалтқышты жетекке ауыса беруге болады. Бұл жағдайда редуктор 10 кестедегі момент шамаларымен салыстырғанда екі еселенген айналдыру момент берілісімен қамтамасыз етеді.

Беспериодты тахограмманы есептеу және сызу

Шахталық қондырғыларды технологиялық жобалау нормаларына сәйкес аударылмайтын скиптік көтерім қондырғылары үшін беспериодты тахограмма қолданылады (1.4 - сурет).

 

 

1.4 – сурет Беспериодты тахограмма

Жылдамдық пен үдеудің беспериодты диаграммалары аударылмайтын скиптер қолданылатын көтерім қондырғыларында қолданылады. Үдеу а1=1 м/с2, бәсеңдеу а3=0,75м/с2, түсіру қисығынындағы көтерім сауытының жылдамдығы U'=U''=1,1м/с- ке тең.

 

  (1.40)

 

 

  (1.41)

 

Түсірілім қисығындағы үдеуі және бәсеңдеуі және қозғалыс ұзақтығы:

 

  (1.42)

 

  (1.43)

 

а1 үдеуімен скип қозғалысының ұзақтығы және жолы:

 

  (1.44) (1.45)

 

а3 үдеуімен скип қозғалысының ұзақтығы және жолы:

 

  (1.46) (1.47)

 

Бір қалыпты қозғалыс ұзақтығы және жолы:

 

  (1.48)  
  (1.49)  
         

 

Көтерім ыдысының қозғалыс ұзақтығы:

 

  TP = t'+ t1 + t2 + t3 + t'' (1.50)

 

Көтерім ыдысының қозғалыс ұзақтығын келесі формула бойынша тексеруге болады:

 

  (1.51)

 

Қондырғының өнімділік қорының нақтылы коэффициенті:

 

  , т/сағ. (1.52)

 

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-04-14; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 491 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Если президенты не могут делать этого со своими женами, они делают это со своими странами © Иосиф Бродский
==> читать все изречения...

996 - | 939 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.