Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Дәріс. Отбасы терапиясы. Отбасы мүшелеріне кеңес беру техникасы.




Жоспары:

  1. Психологиялық кеңес беруде отбасы терапиясы
  2. Отбасы мүшелеріне кеңес беру техникасы

Қалай үйлесімді отбасын құрып жеке онда бақытты

өмір сүруге болады.

1-ші тарау. Отбасы мәселелеріне психологиялық бағыт.

Әрбір адамда алдын-ала сүю және сүйікті болу қажеттілігі болады, әркім өзінің қайталанбас және жалғызын кездестіріп, онымен қайғы мен мұңын бөлісіп балалар тәрбиелеп өмір бойы бақытты өмір бойы бақытты өмір сүргісі келеді. Алайда, өкінішке орай, бұл тілектерді жүзеге асыру барлық кезде қолдан келе бермейді. Біреулерге танысудың өзі тіптен қиын, өзгелері отбасын құруға шешім қабылдай алмайды, ал үшіншілері бір-бірін сүйетін секілді, бірақ бірге тұра алмайды.

Осы кезде өзін және өзгелерді түсінуге кемектесіп соның негізінде өзін қалыптастырып, қоршағанәлеммен өзінің қатынастарын орнатуға қажет психология көмекке келеді. Әдетте адам өз мәселесін шеше алады, алайда бұл көбінесе өзгелердің қызығушылықтарын басу немесе өз қызығушылықтарын арқылы жүреді. Нәтижесінде тұлғалық және тұлға аралық ауыртпалық пайда болады, ал бұл қолайсыздыққа, қақтығыстарға, ақыл-ой және дене ауытқуларына, ең ақырында ауруларға алып келуі мүмкін. Сондықтан психологқа ертерек келуді алдын-алу шарасы ретінде де қарастыруға болады.

Бүкіл әлемде адамдарға күнделікті көмекке жүйенетін кеңес беруге арналған психологиялық кабинеттер жүйесі бар. Ал көптеген отбасының отбасы дәрігері секілді «үй» психологы бар. Бұрыңғы СССР елдерінде мұндай дәстүр жоқ, алайда дамушы қоғам психологиялық әрекеттестіктің мұндай формасының қажеттілігіне алып келеді.

Отбасылық кеңес беру тәжірибесінде бір-бірімен байланысты және бірін-бірі толықтыратын бірнеше бағыттарды ажыратуға болады: 1-отбасын құрғысы келіп, бірақ танысудың алғашқы сатынсында-ақ сәтсіздікке ұшырайтын жалғыз адамдармен жұмыс; 2-некені тіркеуге өтініш беретін жауаптарға некеге дейінгі кеңес; 3-дағдарысшыл, қақтығысшыл отбасылар және ажырасушылармен кеңес беру жұмыстары; 4-бала тәрбиесінде қиыншылықтар туындаған ата-аналар мен өз ата-аналары, педагогтар және қоршаған ортадағылармен қақтығысатын жеткіншектерді қабылдау. Бұл бағыттардың әрқайсысы өзіндік ерекшілікке ие және олардың әрқайсысы бойынша жеке де, топтық та жұмыс жүргізілуі мүмкін.

Отбасы мәселесі мен оған кеңес беруге арналған зерттеулер саны жеткілікті. Берілген мәселенің қазіргі жағдайын суреттейтін кейбір бағыттарды қарастырайық.

Г.С. және А.С. Кочагендардың монографиясында қолайлы бағыт келтірген, онда отбасылық кеңес берудің үш моделі ажыратылған: энергетикалық, симптаматикалық және семантикалық, олар диагностикалық та, терапиялық та сатысының жүргізілу күрделігімен ерекшеленеді. Бірінші жағдайда кеңес беру «вегативтік және жандандырушы тактикалар» көмегімен эмоционалдық ауырлықты төмендетуге бағытталған, екіншіде –терапия жұптарға олардың тұлғалық ерекшеліктері жайлы ақпарат беріп, бір-бірімен қатынастың қолайлы тәсілдерін өңдеуден тұратын психологиялық үйлесімсіздікті түзетуден» тұрады, ал үшіншісінде психологтың міндеті тұлға құрылымының көп өлшемді екендігі жайлы идеяның негізінде «қақтығыстың ақиқатқа салтын версияларының қатарын» құрудан тұрады. Сонымен қатар авторлар отбасылық теория мен кеңес берудің формалары мен сатыларын зертейді. Диагностикалық саты үш деңгейде қарастырылады: суреттеушілік, гентикалық және диагностикалық.

Суреттеушілік деңгейі қалыпты әреттестік белгілерін анықтаудан турады: ұрыс, сексуалдық үйлесімсіздік, шөп салу, ішімдік ішу, т.б. Генетикалық деңгейде паталогиялық өзара толықтыру (күндестік, изоляция (алшақтау), «отбасылық аңыздар», зайыптылардың қиындықтар (қақтығыстар) типтерін анықтау мақсатында неке эволюциясын қарастырады. Динамикалық деңгей психотерапевті отбасына оның құрылымын құру және оның мүшелеріне белсенді әсер ету мақсатында араластырудан тұрады. Авторлардың пікірінше, отбасылық диагностика сонымен қатар отбасылық әрекеттестік стильдерінің классификацисын болжайды.

Түзету сатысында ең алдымен қорғаныс механизмдері мәселесі және осыған байланысты ерлі-зайыптылық травмаға жауап беру деңгейлері қарастырылады. Жауап депрессия, айқай және т.б. және тұлғалық (қорғаныс процестерінің актуализациясы). Бірінші жағдайда терапия «агрессияны көрсетуді төмендетуге» бағытталады. Екінші жағдайда жеке қорғаныстардың әртүрлі типтерінің «козел отпущения», отбасы арасында коалицицийдің қалыптасуы, эмоционалдық кету, бөгде адамды араластыру, отбасында эмоцианалдық байланыстардың әлсіреуі, агрессиялық мінез-құлық арқылы күштелу, қабылдамау немесе компромисс, отбасылық «аңыздарды» құру қалыптасуының есепке алынуы қарастырылады. Отбасылық терапевтің міндеті қорғанудың невротикалық формасын отбасы мүшелері арасындағы адекватты қалыпты арақатынастарға алмастырудан тұрады.

Интерпретация деп отбасылық қатынастар бұзылуының алым себептері мен себептік байланыстарын анықтау, конфликтогенді жиынның аффективті актулизациясы, қақтығыстағы ұстанымдарға бөгет болу түсіндіріледі.

Отбасылық пікір талас-отбасы өміріне қатысты ауқымды шеңбердегі мәселелерді, әртүрлі отбасы сұрақтарын шешу тәсілдерін отбасы мүшелерінің талқылауы. Топтық пікірталасқа қатысу пациенттің бұрынғы ойларын толғантады, өз сенімінің түзу екендігіне күмән туындатады. Отбасылық пікірталас жүргізуде психотерапевт әртүрлі тәсілдерді қолдануына болады: үнсіздік, тыңдай білу, сұрақтар арқылы оқыту, қайталау, жалпылау, т.б.

Міндеттелген қарым-қатынас-қалыпты отбасылық өзара қатынасқа жаңа элементтің енуі.

Пациенттің алдына белгілі бір міндет қойылатын іскерлік пен дағдыны қалыптастыратын техникалар.

Шығыс философиясы мен психологиясы өзіндік ерекшеліктері мен даму заңдылықтары бар махаббаттың үш түрін ажыратады.

Саналы махаббат – серіктер арасындағы рухани жақындық пен түсіністік. Түсіністік жоғары болған сайын махаббат та күштірек. Ол нағыз махаббатқа ұласу мен даму тенденциясына ие бола алады.

Эмоционалды махаббат – ұнату, қозу, бас айналудың айқын көрінеді. Біздің атауымыз бойынша ғашақтық. Серіктер арасындағы қатынастардың даму заңдылығы жоғарлаулар мен төмендеулер, көтерілу мен төмендеу фазаларының теңсіздігі мен сәйкессіздігі. Кейде эмоцияның аса күшті көрінісіне жағымсыз эмоцияналдық мәселелер мен серіктер арасындағы қақтығыстарға алып келеді.

Сезімдік – сексуалдық махаббат – серіктердің шетимдік жақындығы, бір – біріне рахаттану мен қанағаттану сезімдерін сыйлауға ұмтылу. Даму заңдылығы – жақындасу басында күшті дамуға тенденция, сосын тұрақтылық, серікке қатынас бойынша үйрену мен төмендеу мүмкін. Бұл көбінесе саналы махаббат дамудың жоғары деңгейіне жеткен кезде болады.

Махаббаттың үш түрінің бірлігінде серіктер бақыт пен шынайы махаббат табады. Алайда, жыныстық сезімі өзге тұлғааралық қатынастар спектріне орын бере отырып пяз жойылады. Идеалда ғашықтық бірігу және өзара толықтыру сезімінде негіздемен аса терең және тынық, күрделі махаббат сатысына өтеді. Ғашықтық эгоисттік негіздерге ие, себебі оның негізгі – рахаттану толыққанды махаббат – үйлесімді: оның бар кезінде қақтығыстар із – түссіз сезіледі.

Тест «Өмірде жоқ жануарлар» және «РОП» әдістемесі

Зерттеу әдісі психомоторлық байланыс теориясына негізделіп құрылған. Психикалық күйді тіркеу үшін моториканы зерттеу қолданылады. И.М.Сеченов бойынша, психикада туындайтын кез-келген елестету, осы елеспен байланысты кез-келген тенденция қозғалыспен аяқталады.

Егерде нақты қозғалыс қандай да бір себеппен жүзеге аспайтын болса, онда бұлшық еттердің сәйкес топтарында қарсы қозғалысты жүзеге асыруға қажетті белгілі энергия күші жинақталады. Мысалы, қорқыныш тудыратын образдар мен елес-ойлар сол қорқынышқа жауап ретінде қашу немесе қол кшінің көмегімен (ұру, бұғып қалу) қорғануға қажетті бұлшық ет топтарындағы және қол бұлшық еттеріндегі күшті реттейді. Қозғалыстың бағытты болады: алыстау, жақындау, еңкею, түзулену, тұру, құлау. Сурет салғанда қағаз беті (сурет матасы) кеңістік моделін бейнелейді, сонымен қатар бұлшық еттің күйінен басқа сол кеңістікке байланысты бекітеді, яғни туындаған тенденцияны бекітеді. Кеңістік, өз кезегінде, уайымдаудың эмоционалдық сипатымен, уақыт аралығымен (осы, өткен, келер шақтағы), сондай-ақ психиканың идеал-ойлы жоспарымен байланысты. Субъектінің сол жақ артында орналасқан кеңістік өткен уақытпен және әрекетсіздікпен байланысты. Кеңістіктің алдыңғы, жоғарғы жағында орналасқан оң жақ келешек уақытпен және ақиқаттылықпен байланысты. Қағаздағы (кеңістік моделі) сол және төменгі жақ кері сипаттағы депрессиялық эмоциялармен, сенімсіздікпен және пассивтілікпен байланысты, ал оң қолдың доминантына сәйкес келетін оң жақ – қалыпты сипаттағы эмоциялармен, энергиямен, активтілікпен, қозғалыстың нақтылығымен байланысты.

Тест материалын ұсынғанда, психомоторлық байланыстың жалпы заңдылықтары мен кеңістікке қатыстыдан басқа да символдармен, символдық геометриялық элементтер және фигуралармен бейнеленетін теориялық нормалар да қолданылады.

Өзінің сипаты жағынан «Өмір жоқ жануарлар» тесті жобалылардың қатарына жатады. Талдаудың нәтижесін статистикалық тексеру немесе стандарттау үшін жазбаша түрде көрсетілуі мүмкін. Құрылымы жағынан бұл тест – бағытталған және жалғыз зерттеу әдісі ретінде, әдетте, қолданылмайды, ал зерттеудің батареялық құралы сипатында басқа әдістермен біріктірілуді қажет етеді.

Нұсқау. Өмір сүрмейтін жануарларды ойлап тауып, суретін салыңыздар және оларды өмірде жоқ аттармен атаңыздар.

 

КӨРСЕТКІШТЕР МЕН ТҮСІНДІРУЛЕР

Суреттің қағаз бетінде орналасуы. Вертикал қойылған қағаздың ортаңғы сызығы бойынша, сурет нормада орналасқан. Ақ, ақ сары немесе жалтыр емес қағаз алған жақсы. Орташа жұмсақтықтағы қарындашты қолданған жөн; ручкамен немесе фломастермен сурет салуға болмайды.

Сурет қағаздың жоғарғы жағына жақын орналасса, ол өзін-өзі жоғары бағалау, әлеуметтік ортада өзінің жағдайына қанағаттанбау сияқты, өзін айналасындағылардың мойындауының жеткіліксіздігімен, алға қарай жылжуына арыз және мойындау, өзін-өзі танытуға тенденция секілді түсіндіріледі.

Суреттің төменгі жақта орналасуы – кері тенденция болады: өз-өзіне сенімсіздік, өзін-өзі төмен бағалау, жабырқаңқылық, батылдықсыз, өзінің әлеуметтік ортадағы жағдайына қызықпаушылық, өзін-өзі танытуға деген тенденцияның жоқтығы.

Суреттің орта бөлігі (басы немесе оның ерекше бөлшегі). Басы оңға қарай бұрылған – қызметке, әрекеттілікке деген тұрақты тенденция: ойлағанның, жоспарлағанның дерлік барлығы жүзеге асады, немесе, ең болмағанда, жүзеге аса бастайды (соңына жетпесе де). Зерттелінуші өз тенденцияларын жүзеге асыруға белсенді түрде кіріседі. Басы солға қарай бұрылған – рефлексияға, ойлануға бағытталған тенденция. Бұл әрекет етуші адам емес: оның ойларының шамалы бөлігі ғана жүзеге асады немесе жүзеге аса бастайды. Сонымен қатар белсенді әрекеттерден қорқу да және батылсыздық та сирек емес. Бет алдынан орналасу – баы сурет салушыға (өзіне) қарай бағытталған – дарашылдық (эгоцентризм) ретінде түсіндіріледі.

Басында, сезім мүшелеріне сәйкес келетін бөлшектер орналасқан: құлақтар, ауыз, көздер. «Құлақ» бөлшегіні мәні – тікелей: хабарларға деген қызығушылық, өзі туралы айналасындағылардың пікірлерінің мәнділігі. Қосымша басқа да көрсеткіштер мен олардың үйлесуі бойынша, зерттелінуші дұрыс бағалауға ие болуы үшін қамданады ма немесе өзінің мінез-құлқын өзгертпей, тек қана айналасындағылардың бағалауына сәйкесінше эмоционалдық реакцияларды (қуаныш, мақтаныш, өкпе, реніш) жібереді.

Тілмен үйлестірілген ашық ауыз еріндер салынбай қалған жағдайда жоғары сөздік белсенділік (мылжыңдық) ретінде түсіндіріледі, ерінмен үйлестірілген ауыз – сезімділік ретінде түсіндіріледі. Тіл және ерін де салынбаған ашық ауыздың суреті, әсіресе, сызылған, қорқыныштың, сенімсіздіктің оңай туындауы секілді түсіндіріледі. Тістері бар ауыз – вербалды агрессия, көп жағдайда – қорғаныш (ырылдасады, басын жоғары көтереді, пікір-таласқа дөрекі жауап береді, ұялтады). Балалар мен жасөспірімдерге ауыздың дөңгелектеу пішіндегі шимайланған суреті (қорқақтық, үрейлілік) тән.

Ерекше көңіл көзге беріледі. Бұл адамға тән қорқынышты сезіну символы.

Кірпіктердің бар, жоғына көңіл аударыңыздар. Кірпіктер – мінез-құлықтың үлгісі, қоршағандардың таң қалуларына ішкі әдемілікпен және киіну үлгісімен қызығушылық, бұған үлкен мән беру.

Бастың (жалпы денеге сәйкес) үлкейтілген өлшемі, зерттелінушінің өз-өзіне және айналасындағыларға орынды басталуын (мүмкін, білімдарлықты) бағалайтындығын білдіреді.

Сонымен қатар баста қосымша мүшелер де орналасуы мүмкін: мысалы, мүйіз – қорғаныш, агрессия. Бұл агрессияның сипатын басқа да көрсеткіштердің (тырнақтардың, қылшықтардың, инелердің) үйлестірілуімен анықтайды: аяқ астынан немесе қорғана-жауап беретін.

Қанаттар - өзін-өзі әдемілеуге және өзін-өзі ақтауға, қыр көрсетуге бағытталған тенденция. Жал, жүн, сәнді шашқа ұқсайтындар – сезімділік, өзінің жынысын айқындау, кейде өзінің жыныстық роліне бағдарлану.

Алып жүретін, фигураның тірек мүшесі (аяқтар, табан, кейде - постамент). Бұл мүшелердің барлық фигураның өлшеміне қатысты және пішіні бойынша тиянақтылығы қарастырылады:

а) тиянақтылық, ойланушылық, шешім қабылдаудағы рационалдылық, пікір құруы, маңызды жағдайлар мен мәнді хабарларға тірек болу;

б) пікірлердің үстірттігі, қорытындылардағы жеңіл ойлылық және пікірлердің тиянақсыздылығы, кейде шешім қабылдаудың ырықсыздығы (әсіресе, аяқтар жоқ болғанда).

Аяқты денемен қосу сипатына көңіл аудару керек: қосылу дәл, мұқият немесе ұқыпсыз, аяқтар нашар қосылған немесе тіптен қосылмаған. Бұл - өз ойын жүгіртуін, қорытындыларын, шешімдерін бақылау мінез-құлығы. Аяқ, табан, кез-келген тірек мүшесі формасының біртиптілігі және бір бағыттылығы – пікірлердің және шешім қабылдаудағы ережелердің стандарттылығы, жалпыға мәлімдігі. Бұл мүшелердің формасындағы және орналасуындағы әртүрлілік – ережелер мен пікірлердің өзіндігі, дербестік және жалпыға мәлім еместік; кейде – шығармашылық бастау немесе басқаша ойлау (патологияға жақын).

Фигураның деңгейінде көтерілетін мүшелер: қанат, қосымша аяқтар, қармалауыштар, сауыт бөлшектері, қауырсындар, бұралаңды-бұйралар секілді бантиктер, гүлді-функционалды бөліктер. Олар функционалды болуы мүмкін немесе сәндік вқзметін атқаруы мүмкін. Олар адамзат қызметінің әртүрлі аймақтарын қамту энергиясын, өз-өзіне сенімділікті, немесе әуестікті, айналасындағылардың істеріне барынша көбірек қатысу, күн астында орын алу тілегі, өз қызметіне әуестілікті, кәсіпорынның батылдығын білдіреді. Сәндік бөлшектер – демонстрациялық, айналасындағылардың көңілін өзіне аударуға икемділік, боямалылық.

Құйрықтар солға немесе оңға қарай қайырылғандығына қарай, өз жеке әрекетіне, қорытындыларына, шешімдеріне, өзінің фербалды өніміне қатысын көрсетеді. Құйрықтар оңға қарай қайырылған болса - өз әрекеті мен мінез-құлқына көңіл бөлу, солға қайырылса - өз ойына, шешімдеріне, жіберілген мүмкіндіктеріне, өз батылсыздығына көңіл бөлу.

Жалпы энергия бейнеленген бөлшектердің санымен бағаланады. Құрамды бөліктермен элементтер (ең негізгілерден басқа) неғұрлым көп болса, соғұрлым энергия көп. Кері жағдай – энергияны үнемдеу, созылмалы дене ауруы (бұл сызықтың сипатымен анықталады – нашар бейнеленген, қағаз бетіне қатты баспай түсірілген сызықтар). Қою батыра түсірілген сызық – бұл энергия емес, ал үрейлілікті білдіреді.

Тематикалық жағынан жануарлар қатерлі, бейтарап болып бөлінеді. Бұл жағдайда бейнеленген жануарлар сурет салушының өзін көрсетуші болып табылады.

Агрессиялықтың дәрежесі суреттегі бұрыштардың санынан, орналасуы мен сипатынан көрінеді. Бұл байланыста әсіресе агрессия символдары үлкен мәнге ие – тырнақтар, тістер, тұмсықтар. Сонымен бірге, нәпсі белгілеріне де көңіл бөлу қажет: адам тәрізді пішіндегі желін, төс емшектері және т.б. Бұл – жынысқа көңіл бөлу, секс мәселесін бекітуге дейін көңіл бөлу.

Шеңбер тұйықтық, ішкі әлемінің жабықтығы, айналасындағыларға өзі туралы мәлімет бергісі келмейтін, тестілеуге берілмеу тілегі тенденциясын бейнелейді. Мұндай суреттер, әдетте, талдау жасауға өте шектеулі көлемде материал береді. Шығармашылық мүмкіндіктер, әдетте, фигурадағы бір-біріне сәйкес келетін элементтердің санымен анықталады. Шығармашылық бастаудың жоқтығы, бейнеленген жануар өмір сүрмейтін болуы үшін «дайын» формадағы, өмір сүретін жануарларға тек қана «дайын» элементтерді қосу арқылы көрінеді.

Ат қою мағыналы бөліктерді рационалды біріктіруді («ұшатын қоян», «бегемот», «мухожер» және т.б.) білдіруі мүмкін. Басқаша нұсқа – әдеби-ғылыми сөз құрастыру, кейде латынша суффикстер және жалғаулармен («ратолетус және т.б.»). алғашқысы – рационалдылық, бағыттау мен бейімделудегі нақты орналасу; екіншісі – қыркөрсетушілік, негізінен өз білімін, білімдарлығын демонстрациялауға бағытталғандық. Ешбір мағынасыз үстеме дыбыстық аттар («лялие»), айналасындағыларға жеңілтек қарым-қатынасты білдіретін, қауіптілік сигналын есептеуді білмейтіндерді бейнелейді.

«РОП» ӘДІСТЕМЕСІ

Отбасы қарым-қатынасы аймағындағы нұсқауларды оқып білу әдістемеде тізбектелген функциялар туралы субъектінің пікірін анықтауға, сондай-ақ ерлі-зайыптылар арасында рөлдерді жүргізуді қалағанша бөліп алуға мүмкіндік береді.

Нұсқау. Неке, отбасы, ері мен әйелі арасындағы қарым-қатынас туралы әртүрлі пікірлер берілген. өзіңіздің жеке пікіріңізді беруге ұмтылыңыз. Ол туралы сіздің қарым-қатынас ортаңызда қабылданған нәрселер емес, өзіңіздің қалай ойлайтындығыңыз өте маңызды. Уақыт 20-25 минут.

Жауап нұсқалары: а) толық келісемін; б) жалпы алғанда бұл рас; в) бұл олай емес; г) бұл сенімсіз.

СҰРАҚТАМА

Ерлер нұсқасы Әйелдер нұсқасы
1. Адамның көңіл-күйі жыныстық өмірге тығыз байланысты..  
2. Некедегі бақыт тұтасымен ерлі-зайыптылардың сексуальдық үйлестігіне байланысты.  
3. Сексуальдық қарым-қатынас – ері мен әйелінің қарым-қатынасындағы негізгі нәрсе.  
4. Некедегі басты нәрсе, ері мен әйелінің бірдей қызығушылықтарының көп болуы.  
5. Жар – бұл менің пікірімде, қызығушылықтарымды, әуестенулерімді бөлісе білетін дос.  
6. Жар – бұл өзіңнің жұмысың туралы сөйлесуге болатын адам.  
7. Әйелдің ең негізгі қамқорлығы, жанұяда барлығы тамақтандырылған және күтім көрген болуы. 7. Еркектің ең негізгі қамқорлығы – жанұяда молшылықты және комфортты қамтамасыз ету.
8. Егер әйел нашар шаруакер болса, ол менің көз алдымда көп нәрсені жоғалтады. 8. Еркек үй шаруасымен әйелімен бірдей айналысуы қажет.
9. Егер әйел жақсы тамақ дайындай алатын болса, ол өзін мақтана тұта алады. 9. Еркек әйел ол туралы барлық қамқорлықты өзіне алады деп күтіп отырмай, өз-өзіне қызмет көрсете білуі керек.
10. Мен, менің әйелімнің балаларды жақсы көріп, жақсы ана болғанын қалар едім. 10. Еркек баларға әйелінен кем қарамауы керек.
11. Ана болудан уайым-қайғы шегетін әйел – толық құнды әйел емес. 11. Мен, менің күйеуімнің балаларды жақсы көргенін қалар едім.
12. Мен үшін, әйел болудағы ең негізгі нәрсе менің балаларыма жақсы ана болуы. 12. Еркек туралы мен, ол өз балаларына жақсы әке ме деп ойлаймын.
13. Маған іскер және жігерлі әйелдер ұнайды. 13. Маған іскер және жігерлі еркектер ұнайды.
14. Мен өз ісіне шындап берілген және оны анық білетін әйелдерді өте жоғары бағалаймын. 14. Мен өз ісіне бар құмарымен берілген еркектерді жақсы көремін.
15. Мен білімі үшін жұмысында бағалайтын және құрметтейтін әйелдерге таңданамын. 15. Мені үшін, күйеуімді жұмысында қалай бағалайтындығы өте маңызды.
16. Мені жылы атмосфера тудыра алатын адамдар өздеріне өте қатты тартады.  
17. Мені осы күйімде түсінетіндер мен қабылдайтындар мен үшін ең негізгі.  
18. Мен адамдардағы басқа адамның күмән келтіруі мен сезімін тыңдай білу қабілеттерін өте жоғары бағалаймын. 18. Менің уайымдарым мен күмәндарымда жұмысы жоқ адамдармен тату тұруым қиын
19. Маған әдемі әйелдер ұнайды. 19. Маған сәнқойлау, жақсы киінген еркектер ұнайды.
20. Мен жақсы киіне білетін әйелдерді бағалаймын. 20. Маған әдемі, бойшаң еркектер ұнайды.
21. Әйел, қасынан өтіп бара жатқандар оған таңдана қарайтындай болып көрінуі керек. 21. Еркек, оған қарау жағымды болатындай болуы қажет.
22. Мен, біздің үймізге не алу керектігін әрқашан білемін. 22. Әйелдің ең негізгі қамқорлығы, жанұяда барлығының тамақтандырылуы және күтім көруі.
23. Мен өзіміздің тұрмысымызды сәулеттендірумен айналысуды жақсы көремін. 23. Мен барлық уақытта біздің жанұямызға не алу керектігін білемін.
24. Мен аяқ-киімді, жиһазды, үй техниксын түзей аламын. 24. Мен шаруа әйелге қажетті пайдалы кеңестерді жинаймын: қалай тазалау, жуу, жемістерді маринадтауды, тамақ дайындауды т.б.
25. Бөтен балалар менен қорықпайды, қайта менің қолыма келеді. 25. Бала тәрбиесіндегі негізгі рөлді анасы атқарады.
26. Мен балаларды жақсы көремін және олармен тіл табыса білемін. 26. Мен баланың туылуымен болатын қиындықтардан қорықпаймын.
27. Егер біз ажырасатын болсақ, мен баламды әйеліме тастамас едім. 27. Мен балаларды жақсы көремін және олармен бар ықыласыммен айналысмен.
28. Мен өмірде өз орнымды табуға әрекет етемін.  
29. Мен жақсы маман болғым келеді.  
30. Маған қиын немесе жауапты жұмысты тапсырғанды мақсатн тұтамын.  
31. Адамдар менен көбінесе көмек беруді немесе көтермелеуді сұрайды.  
32. Айналамдағылар өздерінің қайғылары мен қамқорлықтары туралы маған жиі айтады.  
33. Маған қайғыға салынған адамдарды жұбату және қамқор болу ұнайды.  
34. Менің көңіл-күйім сырт көрінісімнің қандай екендігіне қатты байланысты.  
35. Мен өзіме жарасатын киімді киуге әрекет етемін. 35. Мен сәндік заттарды тағамын, косметиканы пайдаланамын, әдемі және ерекше үлгідегі киімді жақсы көремін.
36. Мен көйлектің, костюмның фасонына, галстуктың түсіне міншіл қараймын. 36. Мен өзімнің сырт көрінісіме үлкен мән беремін.

 

Жауап картасы және «кілті»

 

Жанұялық құндылықтар шкаласы Номер Рөлдік күтулер «О», балл Номер Рөлдік талаптанулар «И», балл
1. Сексуалдық сфера        
       
       
2. Қызығушылықтардың жалпылығы        
       
       
3. Шаруа-тұрмыстық құндылықтар        
       
       
4. Ата-ана тәрбиесі        
       
       
5. Ішкі әлеуметтік белсенділік        
       
       
6. Некенің эмоционалды-терапевтік қызметі        
       
       
7. Сыртқы тартымдылықтың мәні        
       
       

 

Жауптардың нұсқалары (балл бойынша): толық келісемін – 3; жалпы алғанда бұл рас – 2; бұл олай емес – 1; бұл сенімсіз-0.

ФАКТОРЛАРДЫҢ ТҮСІНДІРУЛЕРІ

І шкала. Ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасының сексуалдық үйлесімділігінің субъектісі қандай мәнге ие екендігі туралы талқылауға мүмкіндік береді. Жоғарғы баллдар (7-9 балл) субъектінің ерлі-зайыптылар қарым-қатынасының маңызды шарты сексуалдық қарым-қатынастың үйлесімділігі деп санайтындығын білдіреді. Төмен бағалар (0-3 балл) – некедегі сексуалдық қарым-қатынасты бағалай білмеушілік.

ІІ шкала. Жарымен жекелік теңестіру шарты. Жоғарғы баллдар (7-9 балл) – пікірлердің, қызығушылықтардың, құндылықтардың сәйкес келуін күту. Төмен балл (0-3 балл) тәуелсіздікке жағдай жасауды, қызығушылықтарының еркіндігін және уақытты өткізуді болжайды.

ІІІ шкала. Шаруашылық-тұрмыстық құндылықтар шарты. Рөлдік күтулер – күйеуі жанұяның шаруашылық-тұрмыстық қызметтерін жүзеге асыру ынтасын өз мойнына алатындығын күту өлшемі ретінде қарастырылады. Бұл шкала бойынша бағалау неғұрлым жоғары болса, субъект жарының тұрмысты ұйымдастыруға қатысу талаптарын соғұрлым көбірек ұсынады

IV шкала. Субъектінің ата-ана-тәрбиешілік қызметке қатынасы. Балаларды күту мен тәрбиелеу бойынша негізгі қызметтерді күйеуінің өз мойнына алуы, рөлдік күтулердің шкаласы бойынша бағалаудың өлшемі болып табылады. Рөлдік талаптанулар шкаласы бойынша бағалау – субъектінің өзінің ата-ана рөлін орындауын құру өлшемі. Жоғары баға факторды негізгі жанұялық құндылық ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.

V шкала. Сыртқы әлеуметтік белсенділіктің, кәсіптік қызметтің, қоғамдық, жанұядан тысқары кез-келген басқа нәрсенің мәні. Күту шкаласы жанұяның айналасындағылармен байналысын серігінің көтермелейтіндігімен субъектінің шарттарын өлшейді. Кәсіптік, қоғамдық, қызметтік белсенділікті қолдап дем беру. Талпынулар шкаласы белсенділікке деген жеке шарттар туралы айтады.

VI шкала. Некенің эмоционалды-терапевтік формаларына қойылатын шарттар. Күту шкаласы бойынша бағалау күйеуі жанұяның эмоционалдық лидер қызметін өзіне алатындығын күту өлшемі болып табылады (жанұядағы психологиялық климатты реттейді, моральдық және материалдық қолдау жасау, яғни психотерапевттің рөліне кіру). Талпынулар шкаласы бойынша бағалау, субъектінің жанұяның эмоционалдық лидерінің жеке рөліне эмоционалдық шарттарын білдіреді. Орташа баға неғұрлым жоғары болса, субъект өзара моральдық және эмоционалдық қолдауларға соғұрлым жоғары мән береді, жанұяны эмоционалдық бәсеңдету және релаксация сферасы ретінде қарастыруға соғұрлым икемді болады.

VII шкала. Субъект үшін жарының сыртқы тартымдылығының мәні, оның сыртқы жалпы қабылданған стандарттарға сай болуы. Күту шкаласы сырттай тартымды жарының болуын анықтайды. Талпыну шкаласы – өзіне тән тартымдылықты орнату. Орташа балл – сыртқы жетістікке, әлеуметтік пікірге бағытталуды білдіреді.

Бұл тест, болашақ ерлі-зайыптылар бір-бірінің жанұялық құндылықтарының аумағын бағдарлай алмайтын кезде қолданылады.

Қолданылатын әдебиеттер:

  1. Коралева З. Психологиическая тесты для всех – Москва.:Пресс, 2002
  2. Лесли Рай. Развитие навыков тренинга.- Питер, 2001
  3. Немов Р.С. Психология.- Москва., І-ІІ-ІІІ том. 1998,
  4. Немов Р.С. Психологическое консультирование.- Москва.:

Владос,2001

  1. 11. Намазбаева Ж. Санғылбаев О. Психологиялық сөздік. –

Алматы.,2005.

  1. 12. Овчарова В. Практическая психология образования.- М., 2003
  2. Роджерс К.Консультирование и психотерапия. Москва.: апрель-Пресс, Эксмо, 2000





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-04-04; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 2034 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Так просто быть добрым - нужно только представить себя на месте другого человека прежде, чем начать его судить. © Марлен Дитрих
==> читать все изречения...

2439 - | 2195 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.013 с.