Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Дәріс. Психолог-консультант позициялары, типтері және кәсіби даярлығы




Жоспары:

1. Психологиялық консультациядағы позициялар

2. Психологтың кәсіби қасиеттері

3. Супенревизор міндеттері

Клиенттің өз өміріндегі мәселелерге басқа бір қырынан қарауға көмектесуге, қиыншылықтардың себебі болған клиенттің мінез-құлқымен қарым-қатынас саласын онымен бірлесе талдау психолог –консультанттың клинтке әсер ету әрекетінің мазмұнымен эмоционалдық райы оның ұстанатын позицияларды көрсетеді.

Психологиялық консультацияда психологтың клиентке қатысты мүмкін болатын үш позиция белгілі:

- партнерлық немесе тең дәредегі өзара әрекеттестік

- «жоғары» позициямен өзара әрекеттестік

- «төмен» позициямен өзара әрекетестік (Цзен, Пахомов, 1985)

Әр түрлітеориялық бағыттарда консультантқа белгілі бір позициялар танылады. Мысалы, А.Маслоу психолг-клиент позициясы «аға-іні» принципі бойынша құрылуы керек деп санайды. Дегенмен, психологың клиентпен тең дәрежеде немесе партнерлық жағдайда өзара әрекеттестік жасауы консультациялауда әлдеқайда дәстүрлі және мәнді позиция болып табылады. Тең дәрежедегі позиция жағдайында да консультанттың бағыттаушылық, активиаторлық ролі алға қойылады. Ал, консультациялауда парнерлық деңгейде өзара әрекеттестік ұйымдастырылса, клиент өзін психологпен тең сезінуге, ұстауға мүмкіндік болады. Осыдан барып, клиент психолгпен қатарласа отырып, өз мәселесін шешуде белсенділік танытып, нәтижелі әрекеттестік жасайды. Сонымен қатар, тең дәрежеде өзара әрекеттестік жасау ең нәтижелі позиция болғанымен, ол консультантты екі ұдай жағдайға қалдырады. Ал өзін биіктетіп, мәртебесі жоғары екенін танытса, оған қойылар талап та, артатын үміт те еселеп кететіні, ал оған сәйкес келу аса күрделі болатыны сөзсіз. Осы жағын ескерткен де, партнерлық деңгейде өзара әрекеттестік ұйымдастыру консультант үшін аса ұтымды болады. Ал, «жоғары» позиция ұстанатын мәртебелімен әлдеқайда санасатындықтан, оның айтқандарына әлдеқайда «құлақ қойып», назар аударатындықтан, консультант үшін тең дәрежедегі өзара әрекеттестік біршама қиындықтар әкеледі.

Н.Н.Обозов психологиялық консультация барысында маманның ұстанатын позициясы клиенттің сұхбатқа артатын үміт-сенімі мен бағдарына сәйкес келу керек деп санайды. Ал, клиенттің бағдары консультацияның бастапқы сатысында шағын диагностикалық процедура арқылы анықталады. Ол үшін клиентке мынадай сауал беруге болады: «Дәрігелердің қандай типтері Сіздің талаптарыңызға әлдеқайда сәйкес келер еді? Шкала бойынша белгілеп көрсетіңіз». Шкала ретінде семантикалық дифференциалды қолдануға болады. Сонымен қатар, Н.Н.Обозов клиентке мына типтегі аяқталмаған сөйлемді ұсынуды қажет деп есептейді: «Дәрігерлерде мынадай қасиеттер болу керек».

Консультанттың позициясы клиенттердің әркайсысына қатысты да, бір психологиялық сұхбаттың барысында да өзгеруіәбден мүмкін. Компетентті маман әртістік қасиет көрсете отырып, қажет болса, клиентке көмегі бар бір ақпараттарды қалтқысыз сеніммен жеткізіп, «жоғары» позиция ұстана алуы, ал кейде, клиенттің өзіндік бағасын арттыру, оның білімді және мәртебелі екендігін аңғарту үшін «төмен» позицияда өзара әрекеттестік жасау қажет болады.

Сонымен қатар, психологиялық консультация нәтижесі психологтың басқа да жеке бас ерекшеліктеріне, тұлғалық қасиеттеріне де байланысты болады. Іс-әрекетте, қарым-қатынаста бір жаққа шыға алмай қобалжып, толқу, күмәндану жағдайарын байқатпай, сыр бермей, дистанция сақтап жұмыс жүргізетін консультанттың өз-өзіне сенімді болуы қажетті психологиялық әсер етуде аса жоғары бағаланады.Н.Н.Обозов тәжірибеші психологтың төмендегідей келесі мәнді қасиеттерін бөліп көрсетеді:

- үйірсектік, қарым-қатынас жасай алушылық;

- динамикалық орамдылық;

- невротикалық мінез-құлық пен субъективті бағалаудан аулақ бола алу;

- консультация барысында көрініп қалатын клиенттің невротикалық мінез-құлқы мен бағалануына шыдамдылық таныту (тыңдай алу, түсіну, жұбата алу);

- мәдениеттілік;

- кәсіби әдептілік – кәсіби құпияны сақтау, клиенттің жеке өмірі мен интимді қатынастарына қатысты мәселелер бойынша аса сақтық таныту;

- клиенпен жұмыс жүргізуде жүйелілік, ақырына дейін жеткізе алу, тұрақтылық;

- клиентпен күрделі жағдайды бірлесе талдай алу (монологқа орын бермеу);

- мүмкін болатын әр түрлі вариантты қақтығыс жайлы білім, дағды, біліктіліктің болуымен қақтығыс жағдайында мінез-құлық ережесін білу.

Консультанттардың әр түрлі типтері сипатталады:

Консультант-лидер өзіне аса сенімділікпен, табандылықпен, орнықтылықпен консультацияның барлық сатыларында клиентке жетекші, қамқор болып отырады

консультант - дипломат әлде қайда әмбебап, кішілікті, әдепті бола отырып, клиенттің сеніміне тез кіре алады.

Консультант-ақылшы клиентке ақпарат, нақты кеңес беруге даяр болады.

Консультант-көмекші клиентпен бірлесе жұмыс жасап, «инсайт» сәтінің болуына, ішкі қуаттың актуализациялануына жәрдемдеседі.

Консультант-эксперт клиентке проблемді жағдайларды шешудің мүмкін болатын варианттарын көрсетеді, клиентпен оларды бірлесе бағалап, адекватты шешімдерді таңдауға көмек береді.

Психологиялық консультацияның нәтижелі болуы маман тарапынан жіберіліп қалатының бір қатар қателіктерді ескерумен байланысты. Басты – басты деген қателіктерге қысқаша тоқталайық:

1. консультант пен клиент арасында қажетті психологиялық контактінің орнықпауынан консультациялық сұхбаттың оңтайлы өтуіне жағдай жасалынбауы;

2. консультанттың клиент мәселесінің мәні, ерекшеліктері мен көрініс беру жағдайларың жеткілікті біліп алмай, оны шешумен айланысып кетуі;

3. консультанттың клиент мәселесіне қатысты болжамдар вариантын ойластырмай, алғашқы тандаған болжамының таймай ұстануы;

4. клиент пікірі, көзқарасы ескерілмеуі немесе консультант тарапынан дискредитациялануы;

5. консультанттың клиенттің өз көзқарасын түсіндіруіне және негіздеуіне шек қоюы немесе кедергі жасап, мүмк індік бермеуі;

6. клиенттің консультациялық сұхбатқа келуіне түрткі болған жағдайды аңғара алмай, консультанттың оған тіке сұрақтар қоюы.

Психолог – консультант әрқашан өзінің кәсіби деңгейін көтеріп отыруы қажет болады. Ол үшін консультанттардың кәсіби тәжірибесінде «супервизия» атты іс - әрекет формасы қолданады. «Супервизия» ұғымын Г.Хэмбли «біреудің іс-әрекетін бақылау», - деп көрсетеді. Супервизияның тәжірибелі психолог- консультант, кәсіби ассоциациялар жүргізе алады. Қандай болғанда да консультанттың кез-келген уақытта кеңесетін, күрделі жағдайларды, консультация барысында көнілі толмаған сәттерді бірлесіп талдайтың көмек орталықтарының әкімшілігі, консультациямен психотерапия бойынша кем дегенде үш жылдық тәжірибесі бар мамандар керек болады (Меновщиков, 1998,2000) Соңғы жылдары тәжірибелік психологияның өрістеуі байқалған біздің елде супервизиялық жұмыстарды әріптес мамандардың бірлескен іс-әрекеттері арқылы ғана ұйымдастыруға мүмкіндік болады.

Г.Хэмбли бойынша супервизия консультанттың кәсіби мәнді тұлғалық қасиеттерің жетілдіруге және консультациялық шеберлікті, біліктілікті дамытуға бағытталады.

П.Маккартни (1994) супервизордың төмендегідей міндеттерін көрсетеді:

- этикалық стандарттарды ұстану;

- супервизорлық біліктілікті, шеберлікті дамыту;

- кәсіби жетілуге көмектесу;

- өзіндік кәсіби қажеттілікті қанағаттандыру;

- бір агенттікке (орталыққа) бағынышты болу тактикасың ұстану;

- кәсіби идентификацияны дамыту;

- супервизияны тиімді жүргізу;

- өзін - өзі бағалау;

- супервизордың біліктілігі, объективтідігі және тәжірибелілігі;

- консультациялық жұмысты топтық бағалау лидердің жетекшілігі арқылы мүмкін болады (Хэмбли, 1992).

Шетелдік әдебиеттерде супервизорлардың қолданатын әр түрлі әдіс-тәсілдері, формалары келтіріледі. |П. Маккартни (1994) жиі қолданылатын супервизорлық техникадан сирек пайданылатын техникаларды ретінде қарай, қолдану жиілігі бойынша тізім жасаған.

Қолдану (құптау).

Ашық сұрақтар қою.

Ақпарат беру.

Кеңес беру.

Интерпретация жасау.

Мазмұнды бейнелеу (рефлексия).

Сезімді бейнелеу.

Өзін - өзі ашу (көрсету).

Модельдеу.

Супервизорлық жағдайды көрсету.

Өзін - өзі кірістіру, тарту.

Әсер ету.

Жабық сұрақтар.

Конфронтация.

Үйге тапсырма.

Супервизорлық жұмыс нәтижесін көрсету, яғни консультациялауда бағалау үшін супервизор баяндама жасайды, жағдаймен таныстырады, жазбаша баға береді, тікелей бақылау жүргізеді, аудио- және видеожазбалар пайдаланады.

Супервизор мен консультант арасында өзара сенім арту және ашықтық таныту супервизияда аса маңызды болады.

Супервизор-“ жогарыдан” келетін тексеруші де, кемістіктерді ғана анықтайтын, мін тағатын саншы да емес, консультациялық іс- әрекеттегі аса күрделі жағдайларды түсінуге және шешім қабылдауға көмектесетін, қолдау көрсетін тәжірибелі әріптес болу керектігін ескеру керек.

Қолданылатын әдебиеттер:

  1. Коралева З. Психологиическая тесты для всех – Москва.:Пресс, 2002
  2. Лесли Рай. Развитие навыков тренинга.- Питер, 2001
  3. Немов Р.С. Психология.- Москва., І-ІІ-ІІІ том. 1998,
  4. Немов Р.С. Психологическое консультирование.- Москва.:

Владос,2001

  1. 11. Намазбаева Ж. Санғылбаев О. Психологиялық сөздік. –

Алматы.,2005.

  1. 12. Овчарова В. Практическая психология образования.- М., 2003
  2. Роджерс К.Консультирование и психотерапия. Москва.: апрель-Пресс, Эксмо, 2000

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-04-04; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 2655 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Сложнее всего начать действовать, все остальное зависит только от упорства. © Амелия Эрхарт
==> читать все изречения...

2154 - | 2045 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.008 с.