Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Дәріс.Психологиялық консультациядағы гуманистік бағыт.




Жоспары:

1. Гуманистік психологияның пайда болу тарихы.

2. Гуманистік психология концепциялары.

3. Гуманистік психология негізігі консультация принціптері.

Гуманистік психологияның түп тамыры С.Кьеркергор (1813-1855) К.Ясперс (1883-1969), М.Хайдеггер (1889-1976), Ж.П.Сартр (1905-1980)

Негізін қалаған экзистионцияналды философияда жатыр.

Экзистианалистер адам немесе гинеьтикалық тұқым қуалау факторлерінің жемісі немесе сыртқы орта нәтижесінің жемісі деген идеяларды жоққа шығарды. Олар әр бір адам өзінің кім екендігі мен қандай болатындығына өзі жауапты, әр бір адам өзін-өзі жасап, қалыптастырады деген ілімді эгзистанизімнің басты принціпі ретінде ұсынады. (Сартр 1957).Экзизциалистер көзқарасы бойынша дамдар өз тағдырына жауапты және өз өміріне қатысты еркіндік пен жауапкершілікті санамен аңғарады. Ал, әр қашан тағдырды ерікті түрде таңдау дұрыс, мінсіз шешім бола бермейді, жауапкершілік дұрыс түсінілмей қалады. Сондықтан адамдар торығу, жалғыздықты сезіну зерігу, мазасыздану және т.б жағымсыз күйлерді бастарынан кешеді.

Әр бір адам өз еркімен таңдалған тағдырына, әрекеттеріне жауапты дейтін экзизтенционалды философия идеясына гуманистік психология ілімдері үндес келеді. Гуманистік теорияда экзистенционалист- философтар сиақты әр бір адам өз бетінше ойлауға, саналы шешім қабылдауға, оған жауапкершілікпен қарап, өз әрекеттерін еркімен таңдауға қабілетті өз мінез құлқы мен өмірдегі тәжірибесінің басты жасаушысы деп көрсетеді. Сондықтан гуманистік бағытты басқаша экзистенцияналды гуманистік психологиядеп те атайды.

1960 жылдары жеке адам психологиясымен айналысушы ғалымдар А.Маслоу (1908-1907) жетекшілігімен сол кездегі ең танымал екі бағыт –психоанализ бен бихивиаризмге альтернативті теория жасау мақсатымен бірігеді. Оны «гуманистік психология» терминімен анықтайды. Л.Хьелл мен Д.Зиглер (1976-1997) өз іштерінде сан салаға бөлггенмен, нақты кәсіби аспектілері тағайындалған психоанадиз бен бихевиаризмге қарағанда, гуманистік психологияны қатаң бірегей теориялық жүйедегі ғылыми ғылыми мектеп ұйымдаспаған әрі ғылым, әрі қоғамдық қозғалыс деп анықтайды. А.Маслоу жаңа бағытты психологиядағы үшінші күш деп санаған. Гуманистік психологияның белгілі теоретиктері Э,Фромм,Г.Оллперт, К.Роджерс,В.Франкл, Дж Келли, Р.Мэй,В.Сатир болып табылады.

Гуманистік психологияны экзистенцияналистермен алған басты концепциясы-қалыпьасу концепциясы. Адам баласына статикалық күй тән емес, олар үнемі өзгерту,қалыптастыру, даму барысында болады. Адам ерікті түрде барлық мүмкіншіліктерін пайдалана алуға жауапты, ол осышартыорындай алса ғана мәнді өмір сүреді. Сондықтан гуманистік психология бойына қалыптасуға ұмтылған адам- дамудан, жетілуден бас тартқаны, өзінің дами мүмкіндіктеріншектеуі теріске шығарғаны. Бұл дам еркімен тәуелділікті таңдауын, басқалардың тобына ұмтылуын, нәтижесінде өз даралығынан айырулуын көрсетеді. Адамның «қайткенде қолымен жеткіземін»-деп өмір сүргенінің орнына, «әйтеуір олар»-деп жүреберуі гуманистік психология тұрғысынан ең бір трагедиялық жағдай.

Экзистенциялистер сияқты, гуманистік психология адамды зерттеуге ең басты феноминге субьективті тәжірибені жатқызады. Тікелей тәжірибе мен оған адамның өз қатысын қарағанда, теориялық білім мен мінез-құлық қосалқы орында болады.А.Маслоу тәжірибені еш теңе алмастырмайтындығын баса көрсетеді. (1966)

Гуманистік психологияның А.Маслоу тағайындағын фундаминталды тезистеріне мыналар жатады:

- Әр бір даманың мінез-құлқындағы жеке көріністерді емес, оны тұтастай бірлікте зерттеу керек. Жеке адамныңі ең басты сипатамасы-бір тұтастық пен жалпылылық.

- Адам мен жануар психологиясы арасындағы теңрең айырмашылақтар бар. Адам мінез-құлқын түсіндіруде, жануарлар мінез –құлқын зерттеп, оның нітижесін адам мінез-құлқын тануға блмайды. Әйтпегенде, тек адамға ғана тән болатын идеал, құндылық еріклік, махабат, юмор қызғаныш, кінә және т.б сипатамалар ескерусіз қалады.

- Адамның позитивті дамуға, жетуге потенциялды мүмкіндіктері табиғатынан беріледі. Адамының деструктивті қатынастары фрустрация мен негізгі қажеттіліктерінің қанағаттанбауынан болады.

- Барлық адамға шығармашылық қасиет тән болады. Креативтілік адамның ең универселды сипатамасы, табиғатынан бөлінбейтін қасиеті. Шығармашылық- адамның ерекше функциясы және өзін -өзі көрсетудің барлық формасы тән.

- Психология ғылымының негізінде өзін-өзі актуализациялай алатын психикалық дені сау адамды зерттеу болу керек.Гуманистік психология адам өмірінің бір мәні- өзін -өзі жетілдіру деп есептейді. Ал психикалық дені сау емес адамдардың негізгі зерттеуі бойынша ғана өзін-өзі жетілдіру мәселесі шешілмейді.

Гуманистік психологияның негізгі жеке адамның бес деңгейі қажетіліктеріне (физиологиялық: қауіпсіздікті сақтау мен қорғану. Жақсы көру. өзін-өзі құрметтеу. өзін-өзі актуализациялау немесе өзін-өзі жетілдіру қажеттіліктері) қатысты мотивациялар болады.

Гуманистік психолгия 1960-шы жылдардан бастап психологиялық консультацияға айтарлықтай ықпал жасады. Әсіресе теориялық саласымен шектеліп қана қоймаған К.Роджерс еңбектерін мамандар терапевтік, ағартушылық, әлеуметтік қызмет, отбасылық асалаларында консультация жүргізудекеңінен қолданыды. Оның дерективті емес, клиент басымдылығын ұстанатын терапиялық техникаларының көпшілігі әр түрлі мақсатта ұйымдастырылатын тренингтік бағдарламаларға негіз боады.

Гуманистік психология тұрғысынждағы психологиялық көмектің тиімділігі психолог пен клиент арасындағы өзара қарым-қатынас сапасына тәуелді болады. Ал, терапиялық сеанс кезіндегі өзара қатынастың тиімдіболуы психотерапевтің кәсіби-тұлғаліқ қасиеттеріменбайланыстырады (Роджерс, 1959. Труакс, Кархаф, 1967. Колшед. 1991)

1. Клиентпен терапиялық сеанс кезіндегі өзара қатынаста психотерапеви конгурентті, шынайы, үйлесімді болуы керек. Ол үшін психотерапевт өз сезімін, көңіл-күйін вербалды және вербалдыемес қарым-қатынас құралдарын адекватты, үйлесімді қорлдануды менгереді.

2. Психотерапевт клиентпен өзара қатынас барысында оған деген назары, ықыласы сөзсіз позитивті, құрмет пен жылылыққа негізделген болуы керек. Клиент кім болмасын, не айтпасын,не әрекет жасамасын еркі өзінде болады. Ал психотерапевт оныңсезімдері мен қылықтарына ғана баға бермейді, даму ббарысы бойынша мақтап –мадақтауға қолпаштауға болады.

3. Психотерапевт клиенті эмпатиялық тұрғыда түмсіну және қабылдау керек. Психотерапевт клиентің ішкі жан дүниесін өзіне тән дүниеден қабылдайды, ол клиент сезінгеней сезінеді, клиент кеншкін күйді өзі де кешкен дей болады, клиентің ойын түсіне алады. Сонымен қатар, психотерапевт өз дербестігін сақтауы қажет.

4. Психотерапевт клиентке эмпатиялық денгейде түсінгенін және назары позитивті болғандығын жеткізуі, білдіруі қажет.

5. Психотерапевт клиент шағымына қатысты нақты және ашық әрекет көрсетуі керек.

6. Психотерапевт өмірдің қиын жолдарына дағдылануға және қиындықты жеңу стратегияларына өзі үйренген болуы керек, әрі клиенті осыларға менгере үйрете алатын қабілеті жеткілікті болуы керек.

7. Консультантың өзін -өзі тұлғаліқ және кәсіби мүмкіндіктері бойынша үнемі зерттеп білуі, қабылдай алуы, басқаларға көмекке даяр болуы керек. Өзін-өзі тану арқылы психолог региттілік немесе дандаусу сияқты кәсіби деформация белгілерін өз бойына дарытпайды.

8. Консультация барысында белгілі болған клиент тәжірибесімен консультант оның күнделікті өміріндегі тәжірибеден мысал ретінде бірден, кейінге шегермей жұмыс жасау керек.

Гуманистік психологияға негізделген консультация барысында психолог клиентке ашық және жабық сұрақтар қоя алады. Клиент сезімін айнадағыдай бейнлеу, оның айтқандарын қайталап барып сұрақ қою сияқты тәсілдерді қолдану.

Клиентпен қарым-қатынаста психолог өзара әрекеттесудің мазасыздықты, қиналысты түсіретін дәсітерін қолдану арқылы клиентке адамдармен қарым-қатынас жасаудың жолдарын көрсетеді. Психологиялық консультация сұхбат ретінде ұйымдастырылады. Психолг пен клиентін кездесу сұхбаттары аптасына екі немесе одан да жиі болатын 6-15 сеанстан түрады.

Гуманисті бағыттағы консультацияны жүзеге асырушы психолг шешен сөйлеуге, сөздерді дәл мағынада қолдана алуға қабілетті болуы керек (абрамова 1994) Қарым-қатынаста компетенті психолог қана клиентің енжар, тұйық, тәуелді болуына жол бермейді, керісінше, оның ашық, белсенді, өзгіруге, қиыншылықтарын жеңуге ниетті жоғары болтындай жағдай жасайды.

Гуманистік психолгия тұрғысынан консультацияда гештальт –терапия ерекше орын алады. Гештальт терапияның әр түрлітиімді, әсерлері белгілі болған тәсілдері мен техникалары бар. Олар- «қазір және осыжерде» қабылдау принціпі, директивтілік, «бос кресло әдісі», «Мен» концепциясының бөліктерімен сұхбаттасу «жоғары ит»-авторитарлы. Дерективті позиция мен өзара диологі, түйсінуді фиксациялау, түспен жұмыс.

Гуманистік бағыттағы психологиялық консультация үнемі клиентің жеке дара дамуына негізделді.

Сонымен консультация адам әлде қайда жоғары деңгейдегі жеке басының компетентілігіне жететін үрдіс болып табылады. Психологиялық консультация адамдары арқылы шешім қабылдауға үйрете алмайды, ол шешімді ақылмен қабылдауға үйретеді.

Гуманистік психологияның пайда болу тарихы.

Гуманистік психология концепциялары.

Гуманистік психология негізігі консультация принціптері.

гештальт –терапия және гуманистік тұрғыдағы психологиялық консультация.

Гуманистік тұрғыдағы психологиялық консультация.процедуралары.

К.Хорнидің характерологиялық талдауы

Э.Фромм бойынша психоанализ бен гуманистік психолгия интеграциясы

Б Скинер рационализим және үйрен

А.Бандура концкпциясы.

А.Эллис РЭТ концепциясы

А.Эллис РЭТ процедурасы.

А.маслоу бойынша өзін-өзі актуализациялайтын адамдар сипатамасы

А.Маслоу концепциясы

Жеке адамның К.Роджерс жасаған феноменологиялық теориясы

Клиент басымдылығына бағыталғын терапия (К.Роджерс)

Өзіндік тапсырма

Р.Ассоджиолидің «психосинтез» атты еңбегі бойынша консультацияның психосинтездік негізін сипатау. (конспект жазу)«психодинамикалық бағыт тұрғысынан консультация тақырыбы бойынша

А) оппонентік материялды даярлап қорғау

Б) экзальтациялық материялды даярлап қорғау

3«Бихивиаристік бағыт тұрғысынан психологиялық консультациялау»

Гуманистік бағыт тұрғысынан психологиялық консультациялау»

А) экзальтациялық материялды даярлап қорғау

Б) оппонентік материялды даярлап қорғау

Ұғымдар глассариін жасап қорғау

Гештальт-терапия (немісше Gestalt – бейне (образ), форма, құрылым + грекше therapeia-емдеу) – әдісін американ психотерапевті және психологы Фредри Перлз ұсынған болатын. Гештальт-терапия – бұл адамның ұғымын кеңейту мақсатында адам өзін жақсы түсініп, қабылдауға, және сыртқы өмірмен жақсы қарым-қатынас орнатуға, өмірдің мәнін түсінуге көмектесетін психотерапия бағыты.

Гештальтпсихология – ХХғ. басында пайда болған психологиялық ой бағыты.

Гештальтпсихологияның теориялық жаңалығын психотерапия тәжірибесінде ХХғ. 40жылдары әйгілі психоаналитик Фриц қолданған болатын. Ол кездері ол өзінің жеке психотерапия жүйесін құруды ойлады.

Гештальттерапияның жалпы теориясы келесі ережелерге негізделеді.

Адам бітұтас социобио психологиялық тіршілік көзі. Оның кез - келген бөлігі жасанды, мысалы психикасы және денесі.

Адам және оның қоршаған ортасы бірыңғай гештальт болып табылады. Қоршаған орта организмге әсер етеді, ал организм өзінің ортасын құрады. Бұл бір жағынан қоршаған адамдардың мінез-құлқы бізге әсер беретінін, ал басқа жағынан біз өзіміздің мінез-құлқымызды өзгертсек, айналамыз да өзгеруге тиіс екендігін көрсетеді.

Адамның мінез-құлқы гештальттерапияның теориясына сәйкес гештальттің қалыптасу және бұзылу принциптеріне бағытталады. Керекті қажеттілік организмде пайда болып, басымды орын алады - фоннан фигура шығады.Ары қарай организм сыртқы ортадан бұл қажеттілікті қанағаттандыратын обьект іздейді. Мысалға, адам қарны ашқанын сезсе тамақ іздейді. Обьектпен қатынас қажеттілігін қанағаттандырады – гештальт бітеді және бұзылады.

Қатынас (контакт) – организм ауасыз кеңістікте өмір сүре алмайды. Адамзат баласы басқа адамдардан тыс ортада дами алмайды. Басты қажеттіліктердің бәрі қоршаған ортамен қатынаста ғана қанағаттана алады.

Сана (ұғыну) – организмнің ішінде және қоршаған ортада не болып жатқаны туралы мәліметтілік. Сана – организмнің қажеттілігі жайлы шынайы ақпарат беріп отырады.

Осында және енді – организме болып жатқан нәрселердің бәрі яғни, қабылдау, әрекет, ой, өткен немесе болашақ туралы фантазия осы шаққа кіреді.

Жауапкершілік – нақты жауапкершілік ұғынумен байланысты. Адам қаншалықты нақтылықты түсінсе, соншалықты ол өз өміріне, өз тілектеріне, әрекетіне жауап беруге қабілетті.

Гештальтерапияның басты мақсаты - өзін-өзі толық ұғынуға жету: өз сезімін, қажеттіліктерін, тілектерін, дене процестерін, сыртқы ортаны. Гештальттерапия мінез-құлықты жедел өзгеріске ұшыратуды немесе симптомдарды тез жоюды бағыттамайды. Өйткені симптомдарды жойып немесе мінез-құлықты толық ұғынусыз өзгерту тұрақты нәтиже бермейді, болмаса ескі мәселенің үстіне жаңа бір мәселеге алып келеді.

Гештальт-терапияның негізгі ұғымдарына: фигура және фон, осы шақты ұғыну және шоғырлану, қарама-қарсылық, қорғаушы функциялар және ержету.

Фигура және фон. Дені сау адам тап осы кезеңде ең бірінші қажетті және маңызды заттарды таңдайды. Ол фигра. Ал қалғаны соңғы жоспарда болады. Бұл фон. Фигура мен фон жиі алмасып тұрады.

Фигура (гештальт) ретінде тап осы кезеңде барлық тілектермен, сезім-ойлармен басым болатын тілек, сезім немесе ой болуы мүмкін. Қалай қажеттілік қанағаттанады, солай гештальт аяқталып, өз маңыздылығын жоғалтады және жаңа гештальтқа орын бере соңғы жоспарға жылжытылады.

Кейбір кезде гештальтті қанағаттандыруға болмайды. Бұл жағдайда гештальт аяқталмаған болып қалады. Мысалға, егер адам баласы өзінің ашу- ызасын дер кезінде сыртқа шығармаса, бұл сезімдер мүлдем жоғалып кетпейді, қайта күшейе түсіп, бұл аяқталмаған гештальт болып табылып, невроз ауруына айналады.

Сондықтан гештальттерапевтің міндеті – пациентке өзінің қажеттіліктерін ұғынуға және аяқтауға көмектесу болып табылады.

Осы шақты ұғыну және шоғырлану. Гештальтті аяқтау үшін ең басты шарт: адам өзін және тап осы кездегі басым қажеттіліктерін ұғынуға қабілеттілік. Ұғыну және шоғырлану, «осында және енді» атына ие болған гештальт-терапияның маңызды принципі болып табылады.

Перлз былй деп оқытты: «осында және ендіден басқа еш теме жоқ. Енді дәл осы шақ бар... Өткен шақ енді жоқ. Болашақ әлі келіп түскен жоқ»

Қорғаушы функциялар. Гештальт-терапия өзін-өзі басқару процесінің бұзылысының 5 механизмін көрсетеді: интроекция, проекция, ретрофлексия, дефлексия және слияние.

Интроекция – адам қоршаған ортаның ұсынған заттарының бәрін пассивті түрде қабылдайды. Ол өзінің қажеттіліктері мен тілекткрін анықтау үшін аз күш жұмсайды.

Проекция – адаб проекцияға өз сезімдерін және қылықтарын қабылдай алмаған кезде түседі, өйткені ол олай сезініп, ондай қылық жасамау керек.

Рефлексия – басқа адамға жасағысы келген немесе жасауға тырысқаннын өзіне жасау.

Дефлексия – қатынастың (контактың) күштенуін алу әдісі. Мұндағы адамдар басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсуден қашады.

Бірігу (слияние) – мұндай адамдар өз ойларын, тілектерін және сезімдерін әрең ажыратады.

Перлздің айтуы бойынша терапия процесті анықтау жолдарында невроз 5 сатыдан тұрады.

Бірінші сатысы – жалған қарым-қатынас, рольдік және ойнау.

Екінші деңгей – жалғандық, яғни адам өзі кім сол болудан қорқады.

Үшінші деңгей – тығырыққа тірелу, жол таба алмау.

Төртінші деңгей – іштей жарылу.

Бесінші деңгей – сыртай жарылу, эксплозия. Перз эксплозияның 4 түрін көрсетті: қайғы, ашу-ыза, қуану, оргазм.

Гештальт-терапияның негізгі прцедурасына мыналар жатады:

сананы (ұғымды) кеңейту

қарама-қайшылық интеграциясы

сезімді күшейту

арманымызбен жұмыс (фантазия және түс көру)

өзіне жауапкершілі алу

кедергіні жеңу

Гештальт-терапияда қолданылатын техникалар

1-техника

Сананы дамыту

1-жаттығу

Бірнеше минут ішінде дәл осы шақта не ұғынып, не сезіп отырғандығыңыз жайлы фраза жазыңыз. Әр сөйлемді «кәзір», «дәл осы кезде», «осында және кәзір» деп бастау керек.

2-жаттығу

Көптеген феномендер болмас еді егер де оның қарсы ұғымы болмағанда.

Бір-бірінсіз бола алмайтын қарама-қарсы жұптарды ойлаңыз.

3-жаттығу

Қандай жағдайда стулда тамақ жеуге, ал стөлде отыруға болады. Астроном айға телескоппен қарап тұр, ал егер оған айдан біреу қарап тұрса ше? Полмен патолокты аударыңыз. Картинаны аяғынан басына төңкеріңіз. Кеме мен балықтың ауада ұшып жүргенін елестетіңіз.

4-жаттығу

Елестетіңіз не болар еді егер де азанда сіз төсектен тұрмай қалдыңыз, ия деген жауаптың орнына жоқ деп айтсаңыз? 10см-ге бойыңыз ұзынырақ болса? 10кг. көлеміңіз төмен болса? Әйел емес еркек немесе керсінше болсаңыз?

Қолданылатын әдебиеттер:

  1. Коралева З. Психологиическая тесты для всех – Москва.:Пресс, 2002
  2. Лесли Рай. Развитие навыков тренинга.- Питер, 2001
  3. Немов Р.С. Психология.- Москва., І-ІІ-ІІІ том. 1998,
  4. Немов Р.С. Психологическое консультирование.- Москва.:

Владос,2001

  1. 11. Намазбаева Ж. Санғылбаев О. Психологиялық сөздік. –

Алматы.,2005.

  1. 12. Овчарова В. Практическая психология образования.- М., 2003
  2. Роджерс К.Консультирование и психотерапия. Москва.: апрель-Пресс, Эксмо, 2000

 

 

№11 дәріс. ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КОНСУЛЬТАЦИЯДАҒЫ адлер теориясы мен БАҒЫТ Ы.

Жоспары:

3. Психологиялық кеңес беруде Адлерлік теориясы

4. Психотерапия жайлы Адлер теориясы. Техникалары.

Адлерлік психология – тұлғаны шығармашылыққа, жауапкершілікке толы, өзінің феноменалдік тәжірибесі саясында белгілі бір мақсаттарға ұмтылысы бар деп қарастырады.

Адлердің негізгі тұжырымдамалары келесідей көрініс табады:

Кез-келген әрекет әлеуметтік контексте жүзеге асады. Адам бір ортада дүниеге келеді және сол ортамен қарым-қатынасқа түседі.

Жеке психология – бұл тұлғааралық психология. Өзін әлеуметтік ортаның бір бөлшегі ретінде сезінуді дамытуға, қоғамдық өмірге өзіндік үлесті қосуға Адлер баса назар аударған. Мұндай әрекеттердің барлығы «әлеуметтік қызығушылық» деген терминнің аясына сыймақ.

Адлер психологиясы редукционизмнен бас тартып, холизмді қолдамақ. Өзінің зерттеулерінде адлерліктер тұлғаны бүтіндей зерттеуге баса назар аударады. Психиканың саналы бөлігі бір бағытта, ал бейсана бөлігі екінші бағытта қозғалатындай адамдар әрекет етеді. Сырт көзбен қарағанда адам бойындағы барлық қызметті бөліктер индивиттің өмір сүру стилі мен өмірлік мақсаттарына бағытталатындығы байқалады.

Санда да, бейсана да индивидке қызмет етеді. «Дау» «бір қадам алға және бір қадам артқа» ретінде анықталады, мұның нәтижесінде индивид «қозғалмас орталықта» қалып қоймақ. Ол өзін дау-жанжал болғандай, әрекетке қабілетсіздей сезінгенімен, шын мәнінден мұндай антогонистік сезімді, ойды және құндылықты адам өзі ойлап табады, себебі ол өзінің мәселесін шешу бағытында әлі де болса даяр емес екендігін байқатады.

Индивидті түсіну үшін оның когнитивті ұйымдастырылуын және өмірлік стилін түсініп алуымыз қажет. Адамның дамуы өмірінің бастапқы этаптарында тәжірибені ұйымдастыруға, жеке уайымды түсінуге, болжауға және бақылауға көмектеседі. Сәйкесінше өмірлік стиль дұрыс я дұрыс емес, нормаға сай я сай емес болмайды, бұл жай ғана тұлға өзінің өмірін көретін көмекші «көзілдірік» қызметін атқарады.

Мінез-құлық адамның бүкіл өмірі бойы жағдай талаптарына сай, ұзақ мерзімді мақсаттарға сай өзгеріп отырады. Өмір өтуі барысында өмір стилі өзгермейді, ал сенім психотерапияның әсерінен өзгеруі әбден мүмкін.

Адлердің концепциясына сәйкес адамды туа біткен қасиет немесе қоршаған орта анықтай алмайды. Адамдар өздері таңдаған мақсаттардың жетегіне түседі, бұл мақсат оларға өмірдегі өз орнын таба алуға көмектеседі, оларға қамқорлықты қамтамасыз етеді және өзін -өзі құртеттеуді тұрақтандырады.

Адам өмір сүруінің орталықтанған ұмтылысы түрліше бейнеленген: аса басымдық, өзін-өзі белсендірушілік, өзін-өзі дамытушылық, жетілгендік, әмірлік және т.б. маңызды болып белгілі бір ұмтылыс таңдаған бағыт болмақ.

Өмір өтуі барысында индивид түрлі альтернативалармен кездеседі. Адлерліктер адам өз бетімен шығармашылық, таңдаулы шешімдерді шығара алуға және өзі жеткісі келетін мақсаттарды таңдай алуға қабілетті. Ол қоғамға үлесін қосатын пайдалы мақсаттарды таңдай алады немесе өзін өмірдің пайдасыз жағына арнайды.

Таңдау еркіндігі психологияға құндылық пен мәнділік түсінігін ендірмек. Алайда адлерліктер «әлеуметтік қызығушылық» түсінігіне баса назар аударып отыр. Адамдарға өзгелермен қарым-қатынасқа түсу қабілеті дарыған. Ең ауыр психопотологияның өзінде адамның әлеуметтік қызығушылығы жойылмайды.

Өмір және адам туа біткен, ал ол кемтар деген түсінік невротик сезімінде қалыптасқан. Ақыр аяғында ол мәселені тікелей шешуден бас тартып, жетілуін өзге жолдармен жүзеге асырады: шамадан тыс компенсация, жасырын маска, нәтижесі табысты болатындығы көрінетін міндеттерді алу және т.б.

Адлерліктерді үрдіс баса қызықтыратындықтан, диагностикалық терминологияға аз көңіл білінеді. Мысалы функционалды және органикалық бұзылыстар. Кез-келген әрекет мақсатты бағытталған болғандықтан, психогендік симптомның психологиялық мақсаты, органикалық симптомның соматикалық мақсаты болады.

Өмірдің өзінік міндеттері мен мақсаттары бар. Адлер мұның үшеуін ғана атайды: қоғам, жыныс және жұмыс. Біріншісі жайлы біз толығымен тоқталып болдық. Екіншісі: өмірде екі жыныс орын алатындықтан біз бір-бірімізбен қарым-қатынасқа түсуімізге үйренуіміз керек. Өзге жынысты өзге адамдар біздің қарсыластар емес, олармен де дос бола білу керек. Үшіншісі: адамдар бір-біріне өзара тәуелді. әрқайсысымыз өзге адамның еңбегіне тәуелді болсақ, өзгелер де дәл солай тәуелді, олай болса, жұмыс адам тіршілігі үшін қажетті болмақ.

Өмірдің қиыншылықтары болғандықтан, оны сүріп өту үшін қайраттылық керек. Қайраттылық нәтижесі белгісіз немесе жағымсыз болып күтілетін қауіп қатерге даярлық болып саналады. Егер біз жеңілмес күшті болатын болсақ, онда өмір сүру үшін қайраттылықтың қажеті не?

Өмірдің өзіндік мәнділігі жоқ. Біз өзіміз оған мәнділік береміз. Өмір біздің сезімімізге қалай сәйкес келсе, біз дәл солай әрекет етеміз. Оптимистердің өмірі үміт пен мүмкіндікке толы болып, олар әрбір мүмкіндікті пайдалануға тырысады, ал писсимистер болса өмір ұсынған қауып-қатерден қашқақтап, қорқақтай береді.

ТҰЛҒА. Адлер психологиясы иемдену психологиясы емес, қолдану психологиясы. Сондықтан олар «тұқым қуалаушылық пен қоршаған орта тұлғаны қалай қалыптастырады?» деген сұрақтың орнына «тұқым қуалаушылық пен қоршаған ортаны адам қалай қолданады?» деген сұрақты қояды.

Психотерапия жайлы Адлер теориясы. Техникалары..

Ө зара бір-бірімен байланысты бір немесе бірнеше терапевті және бір немесе бірнеше пациентті қамтитын білім беру мекемесі. Терапияның мақсаты: пациенттің әлеуметтік қызығушылығын ояту. Мұндай мақсатқа жету үшін терапия жалған әлеуметтік құндылықтардан құтылуы керек. Пациент қайта білім алады- өзінің өмір стилін және өмірлік мақсаттарға қарым-қатынасын өзгерту. Өзінің когнитивті картасында пациент бұрынғы жолымен жүргісі келеді ме әлде өзге жолды таңдайды ма – оның өз еркі. Ол өзіндік не әлеуметтік қызығушылықты таңдай алады. Мұндай білім беру үрдісінің келесідей мақсаттары бар:

әлеуметтік қызығушылыққа түрткі болу.

мұңаюды жеңіп, кемтар сезімін кішірейту және өзіндік ресурстарды пайдалану.

тұлға өмірінің стилін өзгерту, яғни көзқарас пен мақсаттарды өзгерту.

дұрыс емес мотивацияны және құндылықтарды өзгерту.

өзінің әріптестері мен достары және индивид арасында тең құқықты орнықтыру.

ортақ іске септігін тигізетін адамзаттың қалыптасуына көмектесу.

егер «білімгер» осы аталған мақсаттарға жететін болса, ол өз өзін және өзгені қабылдай алады. Ол «мотивациялық күш» оның ішінде жатқандығын және өзінің тағдырын белсенді түрде соғып жатқандығын сезеді. Бұдан былай ол өзін сенімді, қайратты, оптимисті және сергек етіп сезінеді.

Адлер бойынша, психотерапия үрдісінің төрт мақсаты бар:

қарым-қатынас – «жақсы» қарым-қатынасты құру және оны сақтап қалу.

анализ- пациенттің динамикасын, өмір сүру стилін, мақсаттарын ашу.

интерпретация – алынған мәліметтерді талқылау, мысалы түсті.

қайта бағытталу – (переориентация)

Техника

Ең алғашқы кездесуде терапевт келесідей ақпаратты алады:

Пациент өз еркімен көмек сұрап келді ме?

Пациент қандай мақсатпен келді?

Пациент бұл кездесуден не күтуде?

Пациент өзі үшін не аламын деп күтуде?

Психотерапиядағы пациенттің мақсаттары қандай?

Балалық шақтағы қиыншылықтарды зерттеу үшін және келген мәселенің анық-қанығын білу үшін Адлер сұхбаттың екі сызбасын ұсынады- жас балаларға және үлкен кісілерге арналған.

 

Техника №1

Жас балаларға арналған сұхбат сызбасы

Жабырқаңқылық

Қай кезден бастап бала шағымдана бастады? Ең алғаш рет жабырқаңқылық көріне бастағанда бала қандай күйде болды? Мұндағы маңыздысы: ортаның өзгеруі, мектепалды даярлық, мектепті ауыстыру, мұғалімнің ауысуы, өзінен кейін баланың туылуы, мектептегі сенімсіздіктер, жаңа достар, баланың я ата-ананың ауыруы, ата-ананың қайта үйленуі, ажырасуы, олардың өлімі.

Баланың белгілі бір жері оның жас кезінде баса назар аудартушы ма еді? Бала жалғыз қалуға қорқушы ма еді? Ол қарама-қарсы жыныстығылармен қандай қарым-қатынаста болды? Ол өз жасында сөйлей және жүре бастады ма? Оқуда, сурет салуда, есеп шығаруда, жазуда күрделі қиыншылықтар болды ма? Ол отбасында ерекше бір тұлғаны жақсы көрді ме? т.б.

Бала көп қиыншылық тудырушы ма еді? Кімнен және неден ол қатты қорқатын? Түнде шошып оянушы ма еді? Төсекке сиіп қоюшы ма еді? Ол ақылды болды ма? Оған күліп, оны мадақтаушы ма еді?т.б

Бұл сұрақтар бала басымдыққа қаншалықты ұмтылатындығы анықтауға бағытталған.

Әлеуметтік қарым-қатынас

Баланың контактыға түсу қабілетін және сенімділігі мен мықтылығын жоғалту деңгейі қандай екендігіне бағытталған сұрақтар: ол онай достасушы ма еді? Ол ұрысқа жақын болды ма? Өзінен үлкен я кіші балаларға әуес болды ма? Ол бір нәрсе жинақтаушы ма еді?т.б.

Баланың мектепке даярлық деңгейін анықтайтын сұрақтар: ол мектепте өзін қалай ұстайды? Сабаққа кешікпейді ме?ол сөмкесін я кітаптарын жоғалтатын жағдайлар болды ма?т.б.

Келесі сұрақтарға байланысты бала отбасылық қандай жағдайда туып өскендігін бағалай аламыз: үй жағдайы жайлы нақты ақпарат керек, тәрбие беру бағыты қандай – қатаң ба қатаң емес пе? Ол жетім ба? Балаға қаншалықты қадағалау жүргізіледі?т.б.

Келесі сұрақтар баланың мінез-құлқын анықтауға бағытталады: баланың отбасындағы орны қандай? Ол қызғаншақ емес пе? т.б.

Қызығушылығы

Бала өзінің болашағын қалай көретіндігіне бағытталған сұрақтар: баланың мамандық таңдауына қатысты ойы қандай? Отбасы мүшелерінің мамандығы қандай? Отбасын құру жайлы не ойлайды?т.б.

Баланың бойындағы басымдық моделін анықтау: оның сүйікті ойындары, әдебиеттері, сүйікті кейіпкерлері кімдер? Ол фантазияға беріледі ме?т.б.

Еске алу және түс

Бұл ақпараттар баланың жалғыз қалғысы келетіндігін, енжарлыққа бейім болуын, белгілі бір адамдарды қалауын анықтауға мүмкіндік береді: баланың кішкентай кезіндегі есте қалғандығы, ол үшін маңызды түстері және көп қайталанып отыратын түстері.

Сенімділіктің және күш қуаттың жойылуын көрсететін мінез-құлық

11. Берілген сұрақтар бала өзіне деген сенімділіктің жойылуы және дұрыс емес бағыттан жол іздеп жатқандығы жайлы ақпарат жинақтауға көмектеседі: өзінің наным сенімдері бар ма? Ол мақтаса өзін қалай сезінеді?т.б.

12. Өзіне назар аудартудың амалы: баланың жағымсыз әдеттері бар ма? Ол өзін ақымақ секілді көрсеткісі келеді ме?т.б.

Мүшелердің жетіспеушілігі

13. Келесі сұрақтар өмірлік қиыншылықтарды қозғайды: бала дұрыс емес дамыған ба? Сол қолымен жазу жазады ма? Түнде қорылдайды ма?т.б.

Жетіспеушілік симптомы

14. Бұл баланың бойындағы әр түрлі саладағы сенімсіздіктің бар болуын көрсетеді: бала өзінің бойында оқуға және т.б. деген қабілетің жоқтығын ашық жария етеді ме? Өзін өзі өлтіру деген ой болады ма? Ол өзінің сыртқы жетістіктерін шамадан тыс бағалайды ма?т.б.

 

Техника №2

Ерте кездегіні еске түсіру

Адлердің анау айтарлық ерте кездегіні еске түсіруді жүзеге асыратын арнайы техникасы болған жоқ, мұндай техника оның ізбасарларына сайп келді. Әдіс бойынша пациентке нұсқаулар көрсетілген бір парақ және ерте кездегі орын алған жағдайларды еске түсіру үшін алты парақ беріледі.

Е.Сидоренконың еңбегінде жарық көрген нұсқауларды мысал ретінде қарастырайық:

нақты болуға ұмтылыңыз;

өміріңізде көп рет қайталанған жағдайларды бермеңіз;

бұл жағдай сізбен болғандығына сенбесеңіз де оны көрсетіңіз;

маңызды емес деп ойлағаныңызды да парақ бетіне түсіріңіз;

сегіз жасыңызға дейін болған жағдайды ғана сипаттаңыз;

сезіміңізді ашып беріңіз;

есіңізде қалған жағдайға байланысты адам есімдерін де атаңыз;

жағдайдың ең қызықты бөлігін сипаттаңыз;

жағдайдың алдында және одан кейін не болғандығын еске алыңыз;

еске алған жағдайыңыз шамамен қанша жасыңызда болды.

 

Алайда мұнан қысқа нұсқауды да қолдануымызға болады: пациент ең ерте кездегі жағдайын еске түсіреді де кеңес беруші оны сұрақтар қоя отырып толықтырады: сіз не сезіндіңіз? онда тағы кімдер болды? жағдаймен байланысты қандай түс, әуен есіңізде қалды?

Нұсқаудың тағы бір үлгісі: пациент сегіз жасына дейін болған екі жағдайды есіне түсіреді, алайда бұл жағдай оның көзалдында анық көрінуі керек. Еске түсіру барысы үн таспаға басылады да, содан кейін қағазға қайта көшіріледі. Әрбір басылымнан кейін пациент ол жағдайға ат береді, ол жағдайға қатысты өзінің сезімін көрсетеді, дұрыс емес жерлерін өзгертеді.

Техника №3

Жас кезді еске түсірудің сапалық контент-анализі

Жас кезді еске түсірудің сапалық контент-анализі сызбасы төрт этаптан тұрады:

мазмұндық категорияға анализ және гипотезаны ұсыну;

гипотезаны қайта тексеру;

инсайт- автордың ерте кездегіне еске түсіру нәтижесінде сол кездегі өмірлік стилінің формуласын көру;

шыққан формуланы автормен бірлесе отырып зерттеу.

Бірінші этапта мазмұндық категориялар тізбектеліп, гипотезалар ұсынылады:

есте қалған адамдар (әке-шеше, ағайын, туған-туыс, ата-әже т.б.)

жағдайдың түрі (ұрлық, ауру, өлім, келеңсіз жағдай т.б.)

субъектінің жағдайды қабылдауы (сезім және эмоция)

Екінші этапта бірінші этапта жазылған барлық гипотезаларды қайта оқып, оның ішінде естегі элементтер жалғандығын әшкерелейтіндерін сызып тастау ұсынылады.

Үшінші этапта автордың сол кездегі өмір стилінің формуласын шығару жүзеге асады. Яғни автор берген барлық идеялар жазып алынады, сосын бұл идеяларды анализдеу нәтижесінде Адлер ұсынған сөздермен басталатын нақты формуланы шығару қажеті туады: «Өмір –бұл...», «Өмір сүру- дегеніміз...»

Төртінші этапында біз автормен бірлесе отырып оның өмірлік стилінің формуласын талқылауға жететін болсақ, онда біз диагностикалық міндеттен құтылып, психотерапиялық міндетке көшкендігімізді крсетеміз. Ал бұл өз кезегінде өзге жұмыс әдісін талап етеді.

Техника №4

Өмір тарихы

Адлер келесі проектілі жұмысты ұсынады- «Өмір тарихын» жазу. Бұл тапсырманы орындау үшін автор өзінің өмірбаянындағы ең маңызды оның өмірінде күрделі өзгеріс тудырған жайтты таңдап алуы қажет. Бұл клиенттің өмірлік драмасын көруге, оның өзіндік мифологиясын және өмірлік сценарийін түсінуге мүмкіндік береді.

Техника №5

Түсті жору

Адлер түсті жоруды әсіресе маңызды деп есептеген, себебі ол осы кездегінің түпкі мақсатын көрсетіп, болашақтың бет пердесін ашады. Түс- мақсатты жүзеге асыруға деген ұмтылыс. Арман, фантазия жайлы да осылай айта аламыз. Осы тұрғыда Фрейд өткен армандардың жүзеге аспауы жайлы айтса, Адлер жүзеге асыруды қажет етіп жатқан армандар жайлы сөз етеді. Жалпы алғанда Фрейд пен Адлердің түсті жору техникалары бір –бірінен ерекшеленеді. Мысалға, Фрейд құлау немесе ұшуды жыныстық акт белгісі ретінде қарастырса, Адлер құлау- өзіндік мәнділікті жоғалту сезімін, ал ұшу- өзіндік статус деңгейін көтермелеу дегенді білдіреді дейді.

Адлер түс белгілерін жеке түсіндіру қажеттігі жайлы айтады. Бірде ол түсінде ат болып жүрген екі баланың түсін екі түрлі етіп жориды. Біреусі үшін ат болу- отбасы үшін барлық жауапкершілікті мойнына алу болып есептелінсе, екіншісі үшін- өзгелерден бұрын алға шығуға деген ұмтылысын көрсетеді.

Түсті жору түлға деңгейінің тереңіне бойлауына жағдай жасайды және ең көп қолданылатын әдістердің біріне жатады.

Техника №6

Терапевт модель ретінде

Терапевт пациент қайталай алатын құндылықтарды көрсетеді. Адлерлік терапевт өзін жай адам ретінде көрсетеді, біреу үшін уайымдайтын, қателесетін, солай бола тұра өз-өзіне күле алатын қарапайым адам. Бұл арқылы ол модель ретінде көрінеді. Егер терапевттің бойында осындай сипаттар орын алатын болса, онда пациенттің де бойында орын алуы әбден абзал. Көптеген пациенттер өздерінің терапевттерін қайта қайталауға ұмтылып жатады.

Техника №7

«Сияқты» әрекеті

Пациенттердің көбісі «егер де мен осылай істей алсам» деп жатады. Терапия барысында Адлердің ізбасарлары «сияқты»деген сөзді қосып айтуды ұсынады. Бұл бәрібір шын мәнінде олай емес, іштей мен бәрібір сол тұлға болып қаламын деп пациент қарсылық айтып жатады, алайда жаңа костюмді киіп көргендей, осы рольді де сіз ойнап көруіңіз керек деп түсіндіруіміз қажет. Бұл костюм киіп жүрген тұлғаны өзгертпейді, алайда кейбір кезде ол костюм кигенінде өзін өзгеше сезінуі мүмкін, сөйтіп өзгеше әрекет етуге де итермелеуі мүмкін және сол арқылы өзге тұлға болып өзгере алады.

Техника №8

Жағымсыз практика

Практиканың көрсетуі бойынша, аурудың белгісі белгілі бір шеңберді айналып жүреді: ол қайта қайта қайталанудың нәтижесінде бекітіледі, ал қайталану клиент үнемі оны өзінің санасында жаңғырта беретіндіктен жүзеге асады. Сондықтан да жекелік психологиясында ауру белгісімен күресуді тоқтату идеясы туындады. Бұл бағыт жағымсыз практика деген атқа ие болды. Клиентке ауру белгісін күшейту ұсынылады. Мысалы, клиент менің даусым, мимикам маңызды адамдармен сөйлесу барысында өзгереді дейді. Оған психотерапевттің көзінше өзінің ауру белгісін одан әрмен күшейту ұсынылады. Әлбетте нәтижесінде барлық ауру белгісі жойылады. Бұл техника әсіресе ұйқысыздықты жою кезінде күшті нәтиже береді.

Техника №9

Өзін-өзі ұстау

Пациент өзінің мақсаттарын түсініп, өзгеруге ұмтылған кезде, оған өзін-өзі ұстап алуды үйретеді. Пациент өзін өзінің ескі жағымсыз қылығының үстінде ұстап ала алады, алайда осы ретте ол өзін мұнымен ештеңе істей алмайтындай сезінеді. Бірақ ол бірте-бірте мұндай жағдайларды және ондағы өзінің қылығын алдын ала көре алады, сөйтіп сәйкесінше мүндай жағдайларды болдырмауға, өзгертуге немесе өзінің қылығын өзгертуге тырысады.

Техника №10

Пуск пернесі әдісі

Өзінің эмоциясынан жапа шегетін адамдармен жүргізу тиімді. Әдістің мәнділігі, пациент көзін жұмып, көзалдына өткен жағымды бір жағдайды түсіреді және онымен байланысты сезімді жаңғыртады. Енді оған керісінше, уайым, қайғы, ауру, сәтсіздікпен байланысты жағымсыз бір жағдайды еске түсіруді сұранады. Мұнан кейін қайта бірінші сахнаны көз алдына алу өтініледі. Мұндағы Адлерліктердің көрсеткісі келіп жатқан сабақ- пациент өзі қалайтын кез-келген сезімді тудыра алады, жай сол жайлы ойлау ғана қажет. Оның қол астында перне жатыр, оны басу арқылы ол жақсы не жаман сезімді оята алады. Ол өзінің сезімінен жапа шегуші емес, оны өзі жасаушы болып табылады.

Техника №11

«Ия- уайымдау»

Пациент ем қабылдау нәтижесінде өмірге белсене қатыса бастайды, ол периодты түрде «Ия-уайымдауды» немесе «эвриканы» сезіне бастайды. «Ия, мынаның мәнділігі бар», «Енді мен оның қалай қызмет ететіндігін білемін», «Оп-па, мынау дегеніміз мен ойлағаннан да оңай болып шықты ғой». Түсіне отырып, онда өз-өзіне деген сенімділік, оптимистік көзқарас қалыптаса береді. Ал мұның өзі өмірдің қиыншылықтарымен күресуге көмектеседі.

Адлер ұсынған қайта бағыттаушы тренингтер

Өз -өзімен кездесу:

«Маңдайдағы жазулар» жаттығуы

Стереоскопиялық психологиялық көруді дамыту:

«Темірші Радион»жаттығуы;

«Себептерді түсіндіру» жаттығуы;

«Пум-пум-пум» жаттығуы;

«Өлеңдерді қайта мәтіндеу» жаттығуы;

«Классиктердің қалжыңы» жаттығуы.

Мінездегі кристаллданған паттерндерді жеңу:

Сессия Мен-соңғы;

«Сократтық келісім» сессиясы.

Метафориялық өзара әсерлесу:

«Баланың метафориялық бейнесі» жаттығуы;

Объектімен теңдестірудің гештальт-терапиялық техникасы

Адлерлік терапиядағы метафораны зерттеу және қайта өзгерту.

Үлкендерге арналған метафралық жаттығулар:

Түс метафоросы;

Сапа метафоросы;

Метафориялық би;

Метафориялық гүл бумасы.

Қолданылатын әдебиеттер:

  1. Коралева З. Психологиическая тесты для всех – Москва.:Пресс, 2002
  2. Лесли Рай. Развитие навыков тренинга.- Питер, 2001
  3. Немов Р.С. Психология.- Москва., І-ІІ-ІІІ том. 1998,
  4. Немов Р.С. Психологическое консультирование.- Москва.:

Владос,2001

  1. 11. Намазбаева Ж. Санғылбаев О. Психологиялық сөздік. –

Алматы.,2005.

  1. 12. Овчарова В. Практическая психология образования.- М., 2003
  2. Роджерс К.Консультирование и психотерапия. Москва.: апрель-Пресс, Эксмо, 2000




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-04-04; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 2992 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Либо вы управляете вашим днем, либо день управляет вами. © Джим Рон
==> читать все изречения...

2227 - | 1965 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.