Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Дәріс. Психологиялық консультациядағы бихевиористік бағыт




Жоспары:

1. Психологиядағы бихевиористік бағыт.

2. Психотерапия мен консультациядағы бихевиористік бағыт

3. Бихевиористік теория мен тәжірибнің мвңызы

Бихевиоризм бағыты ХХ ғасырда танымал болды. Ол Д.Уотсон және Б.Скиннер еңбектерінен бастау алады. Бихевиористік теорияның таралуынан Э.Ч.Толмен, К.Л.халл, А.Эллис және т.б. өз үлестерін қосқан.

Бихевиористерінің пікірі бойынша сананы, оның мазмұны мен қызметін емес, объективті түрде байқауға келетін, ортаға бейімделуге бағытталатын мінез-құлықты қарастыру керек. Психолог-бихевиористер жеке адамның құрылымдық компоненттерінен бұрын, функционалдық компоненттеріне басты назар аударады.

Бихевиористік теория мен тәжірибенің жалпы консультация жұмысының мазмұнына сәйкес келетін жақтары жоқ емес. Бихевиористік тұрғыдағы психотерапия мен консультациялау барысында клиенттерге үйрету принциптері қолданылады. Ол үшін психолог клиентпен бірлесе отырып, клиенттің мінез-құлқын өзгертуге белсенді қадамдар жасайды.

Бихевиористік теорияға негізделген психологиялық көмек мынадай негізгі жасаушылардан тұрады (Абрамова 1994,2001):

1. психолог пен клиент арасындағы қатынас;

2. мінез-құлықты операционизациялау арқылы мәселені анықтау;

3. фунгкционалды талдау арқылы мәселенің астарын, контекстін түсіну;

4. клиент үшін әлеуметтік маңызы жоғары мақсаттарды, мінез-құлықты тағайындау.

Бұлардың әрқайсысына берген Г.С.Абрамованың қысқаша түсініктемесі бихевиористік тұрғыдағы психологиялық көмектің мазмұнын аңғартады. Ретімен келтірелік.

1. Психолог-бихевиористік клиенттің белсенділігін арттыру мақсатымен оған қатысты өзі құрған жоспармен таныстырады.

2. Психолог-бихевиористік клиенттің мінез-құлқы мен қылықтарының анық та айшықты көріністерін негізге алып талдау жасайды.Талдау клиенттің не істейтінін және өзін қалай ұстайтындығын, өмір жағдайларын нақтылауды негізге алады.

3. Мінез-құлықты операционизациялау мақсаты түсініксіз ұғымдарды объективті, байқалатын әрекетке айналдыру болып табылады.

Функционалды талдау қылықты туғызған оқиғаларды, қылықтың өзін және оның салдарын, басқаша айтқанда, нәтижесінде зерттеуді білдіреді. Осылайша оқиғалар тізбегінен клиенттің міінез-құлқын анықтайтын себеп-салдарлы байланыстар ашылады.

4. Клиент үшін әлеуметтік маңызы жоғары мақсаттарды тағайындауда клиенттің өз қатысы болуы қажет.

Ал, бихевиористік тұрғыдағы психотерапия мен консультациялаудың жалпы схемасы төмендегідей жасалынған (Вольпе,1983):

1. Тарту-клиенттің психологиялық көмекті қажетсінуі, одан үміттеніп отырған пайдасы зерттеледі, клиентпен бірлесе талданады, клиенттің жағдайды толық сипаттауына стимул жасалады, мысалы, ашық сұрақ беру, құптап отыру және т.с.с.

2. Мәселеге басты назар аудару – клиент мәселесінің арасынан оның бағалауы бойынша аса маңыздыларын бөліп алу, олардың приоритетін анықтау.

3. Мәселемен жұмыс- бір мәселе алынып, ол нақты бір жағдайға қатысты, толығымен тәптіштелініп, қарастырылады; осы нақты жағдайға келетіндей мінез-құлық альтернативалары мен клиенттің басқа мінез-құлыққа, сезімге қалауы, ниет-тілегі зерттелінеді.

4. Когнитивтік принциптерге үйрету-клиентті өз ойларына басқаша қарау дағдыларына үйрету.

5. Дауласу, өзін көрсету – жағдайда жайлы ойлаудың жаңаша тәсілдерін келтіру; анықталып қалған қате, жалған ойлар мен сенімге альтернативті ойлар іздестіру.

6. Клиентті өз-өзіне қарсы келу дағдысына үйрету-клиенттің өз ойлары мен сенімдерін тексеруге бағытталған өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру.

7. Үй тапсырмасын таңдау мен ұйымдастыру – консультантпен кездесуден тыс уақыттарлда клиенттің мақсатқа сәйкес жұмыс жасауын қолдау.

8. Қорытынды жасау – мінез-құлықтағы болған өзгерістерді сақтау мақсатымен клиентті өзіндік терапия (самотерапия) мен өз-өзінен реттей алуға үйрету.

Бихевиористік талдау адамның нақты әрекеттеріи мен қылықтарына назар аудару болып табылады. Психолог- бихевиорист клиенттің әрекеттеріне басты назар аударады да, оның осы әрекеттер жзайлы ойларын ескермейді.

Клиент мәселесін толығымен, дөп басып, анықтап алған соң, психолог оны шешу жолдары мен даяр шешімдер вариантын ұсынады.

Психолог бихевиористің қолданатын технологиялары.

Психолог-бихевиорист клиентпен жұмысында мінез-құлықты өзгеретін, жаңалайтын көптеген техникаларды қолданады. Ең танымал техникаға табандылық көрсете білуге жаттықтыру жатады. Соның нәтижесінде клиенттер дәрменсіздік, жасықтық сияқты өмірде көп мәселеге себепші болатын жағымсыз қасиеттерден арыла алады.

Клиентті табандылық көрсете білуге жаттықтыру жұмысының негізгі әдістері сұхбат (интервью) және рольдік ойындар болып табылады. Сұхбат психологтің ашық және жабық сұрақтары мен клиенттің оларға жауабынан құрайды. Рольдік ойындар психолог директивасы арқылы бағытталынып отырады. Табандылық көрсете білуге жаттықтыруда қолданылатын сұхбат, рольдік ойындар нәтижесі клиенттен белгілі бір шешім қабылдауды қажет етеді. Шешім қабылдау клиент міндеті болғанымен, қабылданатын шешімдер альтернативасын, немесе бірнеше варианттарын психолог клиент таңдауына даярлап ұсынады.

Клиент мінез-құлқын өзгерту жұмысында психолог табандылыққа жаттықтырумен қатар, реалаксацияға жаттықтыру жұмыстарын да ұйымдастырады. Клиентті терең релаксация жасай алуға үйрету мен мақсат-бағдарлы түрде мазасыздықты, фабияларды төмендету жұмыстары аламыш жаттықтырудың процедурасы болып табылады. Психолог-бихевиорист клиентпен бірлесе отырып, релаксациялық жаттығулар фонында 1) оның қорғаныштарының иерархиясын құрады, 2) клиентті мазасыздық жағдайда душар еткізетін объектілерді құрастырылған қорғаныштар иерархиясымен байланыстырады.

Клиенттің мінез-құлқын өзгертуге бағытталған әдістерге мінез-құлықты модельдеу мен клиенттің ниетін құптап Мадақтау, қолпаштау да жатады.

Бихивияристік тұрғыда ұйымдастырылған психологиялық көмек психологтың талабымен, қадағалауымен клиент үзіліссіз күнделік толтырып отыруы қажеттігін де қатаң ескереді. Себебі, психолог клиентің күнделіктегі және басқа да жұмыстарын бихивиаристік процедурада кеңінен қолданады.

Психологиялық стратегия бихивиаристік консультациялаудың құрамдас бінр бөлігі болып табылады. Психологиялық стратегиялар клиентің күнделікті өмірде өзгертіп, қалыптастырып жүретін мінез-құлқын қолдауға бағытталады. Психолог-бихевиарист психологиялық стратегиялар арқылы рецедивтердің алдын алуға қам жасайды.

Психологиялық стратегиялар клиентің қандай жағдайда болмасын өзін-өзі бағалауына мүмкіндік береді. Рецедивтердің алдын алу стратегиялары клиентің күрделі жағдайларын аңғару: ой мен сезімді реттей алу: қосымша қажетті қасиеттерді меңгере алу: мінез-құлықты өзгертуге қолайлы, жағымды жағдайларды ойластыру әрекеттерін қамтиды.

Рецедивтердің алдын алу бағдарламасына мынадай егізгі пунктер кіреді:

1. Клиенттің ыңғайлы келген мінез-құлқын талдау. Оны тиянақты түрде толығымен сипаттап жазу. Бұл мінез құлықты қаншама жиі көрсететіндігі жайлы клиенттің шешімге келуі. Мінез-құлықты өзгертуң тілегінің болмай, орындалмай қалғандығын клиент қалай түсіндіреді.

2. Рецедивтердің алдын алу стратегиялары мына алгаритіммен жүргізіледі.:

- Клиентболған болған рецедивті тіркеп алады, оны сипаттап жазады.

- Күрделі мінез-құлыққа үйрету мен оны қиын жағдайда қолдану айырмашылығын талдайды.

- Клиенті өз ниетіндегі, қалаған мінез-құлқын қолдауға таныстарының тигізетін жәрдемдерін талдау.

- Рецедивке провакация жасайтын тәуекел деңгейі өте жоғары жағдайлар, адамдар, оқиғалар орындар талданады.

3. Роционалды ойлау стратегиясы уақытша рецедивке қатысты клиентің эмоционалды күйін талдаудан: күрделі жағдайлардан немесе рецедивтен кейін әлде қайда тиімді ойлануға ықпалын тигізетін жағдайларды талдаудан тұрады.

4. Психолог пен клиент үйренген дағдыларды қолдауға бағытталған тәжірибе (әдістер, жағдайлар) талданады. Үйренген мінез-құлықты бұзбай, ұстау үшін қосымша дағдылардың қажеттігі қарастырылады.

5. Пайдасы бар қортындыны анықтайтын стратегия психолог пен клиентің үйренген, өзгерген мінез-құлықтың болашақта тигізетін пайдасын талдауынан: психолог пен клиентің мінез-құлықты өзгертудегі клиентің еңбегі үшін өзін-өзі мадақтау тәсілдерін қарастырудан тұрады.

6. Бірінші рецедивтің әсерін болжау стратегиясы бірінші бірінші рецедивке қатысы бар деген адмдар жайлы,ғ орынды, эмоциялық күйді толық сипаттап жазуға бағытталған.

Рецедивтің алдын алу техникалары бихивиаристік негіздегі психологиялық көмек үшін ғана маңызды емес. Рецедивтерге қатысты мәселелер психологиялық көмек көрсетудің барлық моделдеріне тән болады. психолог –бихивиаристердің рецедивтердің алдын алу стратегиясы тәжірибелік психологтер үшін аса құнды техникалар болып саналады.

Сонымен психолог- бихивиаристердің клиент мінез-құлқын анықтайтын оқиғалар тізбегін себеп-салдарлық байланыстарын тағайындайды: клиент пен психолог бірлесе отырып клиентің жете алатын мақсаттарын таңдайды, мақсаттардың альтернативаларын қарастырады, болашаққа нақты жоспар жасайды.

Клиент мінез-құлқын өзгертуге мүмкіндік беретін психолог-бихивиарист арсеналына сұрақтар, рөлдік ойындар, релаксациялық жаттығулар, рецедентің алдын-алу стратегиялары, міез-құлық альтернативалары кіреді. Қазіргі езде АҚШ-ғы психологтердің осыларды (әсіресе, А.Эллистің рационалды-эмотивті терапиясыың процедурасы) психотерапия мен психоконсультацияда қолдана алған жағдайда ғана лицензиялық емтиханан өте алады.

Қайталау сұрақтары:

1. Сұхбат әдісі деген не?

2. Сұхбат және рольдік ойындар деген не?

Қолданылатын әдебиеттер:

  1. Коралева З. Психологиическая тесты для всех – Москва.:Пресс, 2002
  2. Лесли Рай. Развитие навыков тренинга.- Питер, 2001
  3. Немов Р.С. Психология.- Москва., І-ІІ-ІІІ том. 1998,
  4. Немов Р.С. Психологическое консультирование.- Москва.:

Владос,2001

  1. 11. Намазбаева Ж. Санғылбаев О. Психологиялық сөздік. –

Алматы.,2005.

  1. 12. Овчарова В. Практическая психология образования.- М., 2003
  2. Роджерс К.Консультирование и психотерапия. Москва.: апрель-Пресс, Эксмо, 2000




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-04-04; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 2229 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Есть только один способ избежать критики: ничего не делайте, ничего не говорите и будьте никем. © Аристотель
==> читать все изречения...

2183 - | 2133 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.