Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Дәріс.Психоаналитикалық консультация




Жоспары:

1. Сұхбаттасу тәсілдері.

2. Консультант позициясы.

Психоаналитикалық консультация клиенттің мінез-құлқының түпкі себептерін саналы түрде аңғаруына басты назар аударады. Тұлға өзгерісінің бастамасына көп жағдайда саналы түрде аңғару, түсіну сәті ретінде инсайт жеткілікті болады. Инсайт симптомдар мен арыздарды азайтады. Психолог пен клиенттің психодинамикалық теорияға негізделген сұхбаттасу барысында төмендегі тәсілдер қолданылады:

1. Нақты бір сөзге қатысты клиентке ассоциация құру. Күнделікті жағдай таңбаларына талдау.

2. «Фрейд қателігі»-клиенттің байқаусызда айтып қалатын фразалары, жіберетін қателіктері, мақсатсыз орындалған сызбалар. Еркін ассоциаця арқылы кез – келген «Фрейд қателігінің» мағынасын түсінуге болады.

3. Көрген түс мазмұны бойынша еркін ассоциация арқылы көрген түске талдау.

4. Қарсыласуға (сопротивление) ығыстыру(вытеснение) механизмінің әлдеқайда кеңейтілген көрінісі ретінде талдау.

5. Клиент тасымалының (перенос) мазмұнын талдау.

Сонымен, еркін ассоциация-психодинамикалық теорияны қолданатын психологтың барлық техникаларының негізі.

Психодинамикалық позициядағы консультант клиенттің психоаналитикалық диагностикалық профилінің құрылымы болатын төмендегі жағдайларға басты назар аударады:

1. Консультант өз қызығушылығын, зейін қойып отырғанын білдіреді. Клиент өз мәселесін еркін баяндайды. Бірақ консультанттың клиент әңгімесін белсенді тыңдауы қажет.

2. Клиент консультантқа қатысты қатынас байқатады. Тасымал клиент пен консультант тарапынан талданады. Соның нәтижесінде клиенттің өз қиыншылықтарын аңғарып, түсіну мүмкіндігіпайда болады.

3. Консультант үрдісті қалт жібермей байқап, қадағалап отырады. Теориялық білімге қатысты өз қарсы тасымалдарын және эмоциялық реакцияларын аңғарып, реттеп отырады.

4. Клиент консультант тарапынан болған комментарийлерді қорытады және өз қажеттіліктеріне қатысты бейімдейді.

5. Клиент өзінің бұрынғы сипаттарын өзгертіп, өзіне жаңаша қатынаста болады.

Олай болса консультанттың психодинамикалық теория негіздерін білу қажеттігінің бірнеше себептері бар:

1. Қажет болса клиенттің жеке өмір жолын реконструкциялау мақсатымен саналы түрде психоаналитикалық модельдерді таңдап, қолдануға болады.

2. Клиентте тасымал, қорғаныс механизмдері, қарсыласу сияқты санамен аңғармауынан болатын феномендерін ескере отырып, клиентпен саналы түрде кәсіби қатынас жасауға болады.

3. Клиенттің психологиялық қауіпсіздігінің ақтауды қамтамасыз ету үшін өзіндік қарсы тасымал феномендерімен кәсіби тұрғыдан жұмыс жасауға болады.

4. Егер қажет болмаса, консультация барысында психоаналитикалық әдістерді саналы түрде қолданбау үшін психодинамика концепцияларын әбден білу керек.

· Отбасы мен жеке басының өмірнбаяны;

· Өмірінде ұмытылмаған, аса мәнді болып сақталған жағдайлар мен оқиғалар (анасынан айрылуы, ата ана тарапынан ерекше қаталдық, толық емес жанұя, айырылысу т.б.)

· Даму, есею сатыларынан өтуіндегі ерекшеліктер;

· Басты либидозды және агрессивті елігуліктің, құмарлықтың даму деңгейлерін бағалау;

· Эго франциясының даму деңгейі, соның ішінде – Эгоның тәжірибе жинақтау, аса қиратушы стимулдардан аулақ болу, инстинкт талаптарын бақылау, қанағатқа деген ішкі күштерді тұншықтыру мүмкіндіктері;

· Қорғаныс механизмдерінің даму деңгейі (жасына сәйкестігі, түрлене алуы, Эгоның одан әрі дамуы мен бейімделуіне ықпалы);

· Супер - Эго дамуының деңгейі (ұят сезімі, өзін-өзі бақылауға қабілеттілігі, кінәлілікті сезіну, Эго-идеал қасиеттері);

· Жеке басындағы қақтығыстар (реалдық, моральдық, невротикалық);

· Тұлғаның актуальді дамуындағы пригрессивті және регрессивті ағымдар (тенденциялар);

Қазіргі психоанализде тұлға әр түрлі ағымдардың, елігу мен табулардың, қарсыласу мен қорғаныс механизмдерінің арасындағы күрестердің динамикалық картинасы ретінде қарастырылады.

Психодинамикалық тұрғыдағы консультацияны психоанализ немесе психоаналитикалық психотерапия деп, тар мағынада түсінбеу керек. Психоаналитикалық әр түрлі концепциялар ілімдерін кез келген психологиялық көмек көрсету барысында, мысалы, ақпарат беру, оқыту, қайта үйрету, жүйелі өзгеру сияқты жағдайларда және консультацияның өзінде-ақ қолдануға болады. Сонымен қатар психодинамикалық теория психологиялық көмек көрсетуші маманның өз-өзіне талдау (самоанализ) жасай алуын талап етеді (Фрейд,1958; Хорни 1958). Ал консультация үшін де консулттанттың өз-өзіне талдау оның жұмысын реттеуші бір үрдіс ретінде аса маңызды. Себебі өз-өзіне талдау үрдісі консультанттың пайда болу ықтималдығын кемітеді, яғни «эмпатияның симпатияға айлануы», «параллель үрдіс» феномендерінің, тәуелділіктегі кейде тіпті симбиотикалық қатынастардың орын алуынан сақтайды.

В.Ю. Меновщиков (2000) психоанализдің күрделілігін, маманның оны меңгеру үшін ұзақ уақыт кетіріп, тығғылықты даярлық көрсетуі қажет, сондықтан, «психоаналитикалық консультациялау» жайлы сөз болмау керек деп санайды. Оның пікірінше, психолог психоанализбен айналыса бастаса, ол психотерапевт позициясында тұлғаны қайта құрып, крнсультант болудан қалғандығын көрсетеді. Расында да, психоаналитикалық консультация тұрмақ, бұл терминнің өзі күні бүгінге дейін Ресейлік (Гулина, 2000) және еліміздегі психологиялық теория мен тәжірибеде мүлде қарастырылмаған екен. Алайда, 1950-ші жылдары-ақ алғашқылардың бірі болып, Э.Бордин (1968) психодинамикалық теория ілімдерін консультация үрдісінде қолдануға ерекше мән берген. Тіпті одан бұрын А.Адлер (1928) консультант пен клиент қарым-қатынасындағы этикаға тоқталып, терапевтік жұмыс алдында клиентпен консультанттың сұхбаттасу қажеттігіне назар аударып, оның консультация сеансы деп сипаттаған. Ол консультациядан әлеуметтік мәселелерді ашатын үрдіс деп анықтаған. Ал Э.Бордин консультацияны индивидтің тұлғалық жетілу жолындағы кедергілерді жеңуге және жеке бас ресурстарын оптимлды дамытуға көмек деп анықтап, психоаналитикалық идеяларды мамандық таңдау мен карьера жетілдіру консультацияларында қолдануды ұсынады.

Э.Бордин еркін ассоциациялар мен жұмыс альянсын психоаналитикалық консультацияның әдістеріне жатқызады.

Жұмыс альянсы консультант пен клиенттің арасындағы үрдіс міндеттері бойынша келісіммен және рационалды құрылған өзара қатынаспен сипатталады.

Э.Бордин уақыт бойынша консультацияның артықшылығын баса көрсетеді. Консультация уақыты шекті болғанда ғана консультант клиенттің тек актуальді қақтығысына, дамуның нақты бір сатысын анықтауға басты назар аударып, оның өткен өмір кезеңдерін талдамайды. Осылардың нәтижесінде клиент дамуына стимул пайда болады.

Эго мүмкіншіктерін арттыру, оның бейнелеушілік функцияларын күшейту, клиенттің өз ниет-тілектерін санамен аңғаруына, шешім қабылдай алуына, эмоциялық күйлерін реттей білуге көмектесу міндеттері қазіргі психоаналитикалық консультациялаудың соңғы бағыттарында қарастырылады (Паттон, Меара, 1992). Мұнда, психоаналитикалық консультация клиенттің өз эмоциялық мәселелерінің себептеріне қатысты инсайтқа жетуіне мүмкіндік беретін психоаналитикалық ілімдер мен техникаларды әдейілеп қолдану жағдайы деп анықталады.

Психоаналитиклық техникаларға еркін ассоциациалар, интерпретация, тасымалдарды талдау және т.б. жатады.

Психодинамикалық тұрғыдан консультация аптасына бір рет, қажет болса одан жиірек тағайындалатын сұхбаттардың бірнеше сериясынан ұйымдастырылады. М.Паттон мен Н.Меара (1992) психоаналитикалық консультацияда маңызды болатын мынадай үрдістерді бөліп көрсетеді:

1. Консультант өз қызығушылығын, зейін қойып отырғанын білдіреді. Клиент өз мәселесін еркін баяндайды. Бірақ консультанттың клиент әңгімесін белсенді тыңдауы қажет.

2. Клиент консультантқа қатысты қатынас байқатады. Тасымал клиент пен консультант тарапынан талданады. Соның нәтижесінде клиенттің өз қиыншылықтарын аңғарып, түсіну мүмкіндігіпайда болады.

3. Консультант үрдісті қалт жібермей байқап, қадағалап отырады. Теориялық білімге қатысты өз қарсы тасымалдарын және эмоциялық реакцияларын аңғарып, реттеп отырады.

4. Клиент консультант тарапынан болған комментарийлерді қорытады және өз қажеттіліктеріне қатысты бейімдейді.

5. Клиент өзінің бұрынғы сипаттарын өзгертіп, өзіне жаңаша қатынаста болады.

Олай болса консультанттың психодинамикалық теория негіздерін білу қажеттігінің бірнеше себептері бар:

1. Қажет болса клиенттің жеке өмір жолын реконструкциялау мақсатымен саналы түрде психоаналитикалық модельдерді таңдап, қолдануға болады.

2. Клиентте тасымал, қорғаныс механизмдері, қарсыласу сияқты санамен аңғармауынан болатын феномендерін ескере отырып, клиентпен саналы түрде кәсіби қатынас жасауға болады.

3. Клиенттің психологиялық қауіпсіздігінің ақтауды қамтамасыз ету үшін өзіндік қарсы тасымал феномендерімен кәсіби тұрғыдан жұмыс жасауға болады.

4. Егер қажет болмаса, консультация барысында психоаналитикалық әдістерді саналы түрде қолданбау үшін психодинамика концепцияларын әбден білу керек.

Қолданылатын әдебиеттер:

  1. Коралева З. Психологиическая тесты для всех – Москва.:Пресс, 2002
  2. Лесли Рай. Развитие навыков тренинга.- Питер, 2001
  3. Немов Р.С. Психология.- Москва., І-ІІ-ІІІ том. 1998,
  4. Немов Р.С. Психологическое консультирование.- Москва.:

Владос,2001

  1. 11. Намазбаева Ж. Санғылбаев О. Психологиялық сөздік. –

Алматы.,2005.

  1. 12. Овчарова В. Практическая психология образования.- М., 2003
  2. Роджерс К.Консультирование и психотерапия. Москва.: апрель-Пресс, Эксмо, 2000

 

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-04-04; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1393 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Большинство людей упускают появившуюся возможность, потому что она бывает одета в комбинезон и с виду напоминает работу © Томас Эдисон
==> читать все изречения...

2486 - | 2162 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.008 с.