Жоспары:
1. Психотерапия ұғымы.
2. Консультация ұғымы.
3. Психокррекция ұғымы.
Психотерапиялық консультация, психотерапиялық коррекция және психотерапия жантану, медицина «әлемінде» бір мәнді анықталмайды. Психотерапиялық көмек беруде психотерапиялық консультация, психотерапия және психокорекция модельдері бір-бірімен байланыста қолданылады. Олар жалпыланған әлеуметтік, клиникалық, дефференциялық, тұлға психологияларының, тестологияның теориялары мен әдістеріне негізделеді. Психологтің қандай да бір концепцияны тұтасымен және интеграциялаумен саналы түрде, біртіндеп қолдануы психологиялық көмектің адекваттылығының бірден-бір кепілі болып табылады. Мысалы, жеке-дара консультациялауға студенттің жаңа ортаға бейімделу мәселесіне қатысты берілетін бір ғана нұсқау жастық шақтағы дамудың бір моделі, студент тұлғасының қандай да бір психологиялық және әлеуметтік нормасы, тұлға құрылымдарына қатысты алынған бір модель, мәдени және ұлттық құндылықтарға қатысты қатынастар жайлы көзқарастар жүйесі негізінде беріледі. Психологиялық консультацияны ұйымдастыру
Психологиялық консультацияны ұйымдастыруда оның белгілі бір түрі таңдалынып алынады. Клиенттердің жас ерекшеліктеріне, кеңістіктегі орындарына, сандарына, мәселелерінің мазмұнына байланысты психологиялық консультация квалификациялары бар.
Жас ерекшелік психологиясындағы жас кезеңдері ескеріле отырып, психологиялық көмек ұйымдастырылады. Он бес жасқа дейінгі балалардың тұлғалық сапалары толық жетіле, өзін-өзі тануда адекватты бола қоймайтындықтарынан психологиялық консультацияны қолдану аса күрделі болады. Сондықтан, аталмыш жасқа дейінгі балаларға психологиялық көмек ретінде психотерапиялық, психокоррекциялық көмекті қолдану тиімді.
Алпыс жастан асқан адамдарға консультациялық сұхбаттың нәтижелілігі мәнді бола қоймайды және бұл жас қосылған сайын үдей түседі.
Психолог пен клиенттің сұхбат кезіндегі кеңістіктегі орндары мен рарларындағы қашықтыққа байланысты психологиялық консультацияның екі түрібар:
1. Консультант пен клиенттің бетпе-бет кездесіп, сұхбат жасауы мүмкін болатын контактілі психологиялық консультация.
2. Телефон немесе хат арқылы «Сырттай» жүргізілетін дистантты психологиялық консультация. Консультацияның «сенім телефоны» деген бұл формасы соңғы жылдары көпшілікке анонимді психологиялық көмек ретінде белгілі бола бастайды.
Психологтың клиенттердің санына байланысты консультация сұхбат ұйымдастыруы бойынша да психологиялық консультацияның екі түрі бар:
1. Консультанттың бір ғана клиентпен жүргізгендегі жеке –дара психологиялық консультация.
2. Консультанттың екі немесе одан көп клиенттермен жүргізгендегі топтық псижологиялық консультация.
Сонымен қатар психологиялық консультациялардың мына түрлері белгілі:
- жанұялық және жұбайлар арасындағы ұйымдастырылатын консультация
- кәсіби –бағдарлық консльтация
- мектептегі консультация
- тұлға мәселеріне бағытталған консультация
Психолоиялық консультацияның тиімділігі оны ұйымдастырудың кеңістіктегі орны мен уақытыныа тікелей байланысты болады.
Психологтың клиентті арнайы жабдықтауға, тым жоғары мол емес бөлмеде қабылдауы психологиялық әсер етудің ең қолаулы жағдайы болады. Консультация орны басқалардың кедергі жасауына, клиент зейінінің бөлінуіне жол бермейтіндей; сұхбаттасуға қолайлы, оқшау, комфортты жағдайды қамтамасыз ететіндей болып ойластырылады.
Косультациялық сұхбат жасауға арналған арнай бөлме болмағанда да консультант басқа ыңғайлы орында клиентпен жұмыс жүргізуіне болады. Онда, таңдап алған бөлменің бұрыш жақтары пайдаланады. Косультация кезінде клмиенттің елендеуіне жол бермей, бар назарын консультантқа аударуы үшін оны есік жаққа арқасын беріп отыруы жөн болады. Сонымен қатар консультант пен клиент орындықтары немесе жайлы креслолары бір-бірінің бет әлпеттерін көріп отырулары, ал қажет болсы, көздерін жеңіл тайдырып әкетулері үшін сәл қиғаштай бір-біріне қарама-қарсы орналасады. Консультациялық сұхбатта консультант пен клиент бір-біріне тым жақындамайтын, олардыңөз орындарынан отырып-тұрулары еркін, аяқтары бір-біріне кедергі жасамайтындай қашықтық алынады. Г.С. Абрамова консультант пен клиент арасындағы қолайлы ара қашықтық деп 1,5 метрдей өлшемді алады (1995). Консультант пен ыңғайлы, жұмсақ бірдей креслоларға (болмаса орындықтарға) отырып, ал араларында шағын журнал столы болса әңгімелесуге тіпті қолайлы болады.
Консультациялық сұхбаттың маңызды сипаттамаларының бірі – консультант пен клиенттің клісіп, тағайындаған консультация уақыттары. Консультациялық әсерде асығыстық, жылдамдық болмауы керек. Сонымен қатар басталуымен соңы нақты тағайындалған консультация барысы үщін уақыт ескеріліп отырады. Сондықтан стлоға немесе қабырғаға сағат қойылады. Ол клиент пен консультантқа белсенді де динамикалық жұмыс жасау қажеттігін көрсетеді. Жалпы консультациялық сұхбатта көр нәрсе уақыт барысында тәуелді болады. Консультанттың әрбір сөзін, интерпритациясын клиент дұрыс түсініп, қабылдауы үшін, олар әңгіме барысындағы асығыстық пен немесе тым жайлы айтылмауы керек. Әйтпегенде консультант берілген уақытта клиентке көмек беруге үлгермей, оның үмітін ақтай алмай қалады.
Психологиялық консультация, психологиялық коррекция және психотерапия салалары бойынша аса кең тараған концепцияларға З.Фрейд психоанализі, К.Г. Юнгтің анлитикалық психологиясы, В.Рейхтің тәндік психологиясы, Ф.Пердадің гештальтерапиясы, Б. Скиннердің бихевиоризмі, К. Роджерстің гуманистік бағыты, С.Гроф пен К.Уилбергтің трансперсональді психологиясы және т.б. жатады. Психологтер қандай да бір психологиялық бағыттың идеялары мен әдістеріне арқалана отырып немесе оларды өзінше конбинациялап, кәсіби психологиялық көмек бере алады. Тіпті кейде психологиялық консультация, психологиялық коррекция және психотерапия салаларын мамандар ажырата қоймай, біртұтас психологиялық көмек ретінде қолданады. Бұл іс-әрекет салаларының өзара айырмашылықтарын бөліп, оларды нақтылап, анықтау арнайы зерттеуді қажет етеді. Біз оларды шартты түрде ғана болумен шектелеміз.
«Консультация» ұғымы бірнеше мәнге ие болады. Бұл маманның кеңесі, қандай-да кеңес беру функциясын жүзеге асыратын мекеме, нақты бір мәселеге қатысты жиналыс, қарым-қатынас үрдісінде жақын – туыстардың, дос-жарандардың және т.б.бір-біріне беретін ақылдары болып табылады. Ал психолог кеңесі – нақты бір жағдайлардағы адамның мінез-құлқы бойынша пікірін білдіру деп де түсіндіріледі (Меновщиков, 2000). Сол сияқты, «психологиялық консультация» ұғымы қазіргі кездегі жантану ғылымдарының салаларында бір мәнде анықталмайды. Қалай болғанда да, психологиялық консультацияны маманның қандай да бір тұлға мәселелері бойынша беретін кәсіби кеңесі, яғни психологиялық көмек көрсету мақсатындағы іс-әрекеті деп жалпылауға болады. Г.С. Абрамов (1994), Н.Н.Обозов (1998), В.Н. Карандашев (2000) психологиялық консультацияны практикалық психологияның бір бағыты, психологиялық көмек көрсетудің бір түрі деп сипаттайды. Ю.Е.Алешина (1993,2000) психологиялық консультацияны әр түрлі мәселелерді шешуге бағытталған адамдармен тікелей жүргізетін жұмыс деп анықтайды. Британдық консультациялау ассоциациясы психологиялық консультацияны үнемі немесе уақытша консультант роліндегі адамның нақты бір мерзімде уақытша клиент роліндегі адам(дар)ға назар аударып, құрметпен қарау үрдісі деп қарастырады. Ғалым – зерттеушілер психологиялық консультация ұғымын әр тұрғыдан қараса да, оның қарым-қатынас жасаудағы қиыншылықтарды шешуге бағытталатындығын көрсетеді. Жарты ғасыр медицина саласында іс-әрекет жасаған психолог-ғалым В.Н.Мясищев, адамның басқалармен, әлеуметтік ортамен өзара қатынас жасауының бұзылуын немесе қиыншылықтарын невроздың, әрі физиологиялық, әрі психологиялық көзі деп санаған (1972). Сонымен қатар, арнайыланған әңгіме (сұхбат) психологиялық консультациялаудың негізгі әсер ету құралы деп қарастырылады. Әңгіме барысы тұлғааралық қатынастарға қатысты психологиялық мәселелерді талдауды және шешім қамтиды. Осының нәтижесінде клиент өз қарым-қатынас саласын, қайта құру потенциалын белсенді ету мүмкіндігіне ие болады.
Психокоррекциялық жұмыста да, психотерапияда да әңгіменің сәйкес формалары қолданылады. Алайда, психологиялық консультация психокоррекциямен сырттай біліне қоймас шекарамен өзгешеленеді де, тек шартты түрде бөлінеді. Психокоррекциялық және психотерпиялық әсерлер адам өміріндегі көптеген қиыншылықтары мен қақтығыстарына негіз болатын терең, жеке бастық мәселелерді шешуге бағытталады. Психотерапияда адам қатынасындағы көкейтесті жағдайлар ғана емес, сонымен қатар, өткен шақтағы – балалық, жеткіншектік, жасөспірімдік, жастық кезеңдердегі оқиғалар еске түсіріліп, әңгімеге арқау болады. Сонымен қатар, түс көру мен ассоциациялар сияқты психиканың ерекше формалары психотерапияда белсенді қолданылады.
М.А. Гулина еңбектерінде (1998,2000) психотерапияны медициналық салаға енгізу психолдогия ғылымдарының даму тарихына, тәжірбиеде қолданылатын психотерапия модельдерінің мәніне қайшы болатындығы келтіріледі. Консультация үрдістерінен кейін психотерапевтік эффектінің болуы бұл саладағы «емдеу» үшін медициналық модельдің доминанттылығына негіз емес. Себебі тәжірбиеде қолданылатын барлық дерлік психотерапиялық модельдер психологтер мен психотерапевтердің іс-әрекетінің нәтижесі болып табылады. Екіншіден, олар (психотерапиялық модельдер) «дәрігер-науқас» жүйесіндегі қатынастардың медициналық моделіне антитеза ретінде жасалынған. Дәрігер-психотерапевтің және психолог-психотерапевтіің кәсіби қызметінің тиімділігі бойынша емес, осы екі жғдайда да психотерапевт пен клиент арасындағы өзара қатынас жасауда айырмашылық болады. Медициналық модельдер пациенпен өзара әрекеттестік, өзара қатынас жасаудан бұрын, психологиялық әсер етуге бағытталады. Ал, психотерапия саласына қарым-қатынас арқылы психотерапевт/консультант пен пациен/клиент арасында бірлесе отырып мәселені шешуге мүмкіндік беретіндей байланыс жасалады. Сонымен қатар, өзара әрекеттестік, өзара қатынас клиенттің өз-өзіне және сыртқы ортаға деген қатынасының адекватты өзгеруіне, оның тұрақталуына жағдай жасайды. В.Н. Мясищев (1966,1972) психотерапияны әрі емдеу әдісі, әрі патегенезді түсінуге негізделген жеке адамды қайта тәрбиелеу әдісі ретінде қарастырып, қолдануды ұсынады. Ал, қайта тәрбиелеу нәтижесінде болатын жеке бастың оңды өзгерістері монологты, біржақты үрдіс емес. Сондықтан да диолгтік қарым-қатынас психотерапия негізі болады. Психотерапевтің және клиенттің арасындағы тиімді қарым-қатынасты клиенттің келешекте біртіндеп әлеуметтік ортада қолдануына мүмкін болатындай, өзара қатынас орнатуды меңгеруінің қадамдары, жаңа тәжірбиесі ретінде де қарастыру керек. Осы мағынада қатынас психологиялық консультацияның да пәрменді құралы болады. Соңғы жылдарға дейін ғылым мен тәжірибеде психотерапияның, психологиялық консультацияның осы үрдістік бөлімі сипаттау үшін де, жалпылау үшін де күрделі мәселе болып келді. Аталмыш мәселе қазақ тіліндегі психологиялық және медициналық ғылыми қорда, іс-тәжірибеде әлі күнге дейін қарастырылған жоқ. Л.Брэммер мен Э.Шостром (1968)көзқарастары бойынша психотерапия саласындағы психология мен медицинаның өзара байланыстарын континуум түрінде көрсетуге болады. Мұнда қандай да бір нақты клиентпен жұмыс жасағанда осы континуумның бір нүктесінде ғана болу мүмкін:
Психиатрия мен неврология (Медицина) | Клиникалық консультациялау (Психология) | ||
Клиентті дезадаптацияға дейін жеткізген невроздар мен психоздарды емдеу. | Психотерапия мен қайта тәрбиелеу | Өзгерістерді жоспарлау мен мәселелерді шешу | |
Медициналық әдістер: | Психологиялық әдістер: |
Нейрохирургия Психохирургия Электрошок Наркосинтнез Инсулинді шок Седативтіпрепараттар Гормональді емдеу Витаминдер және т.б. | Психодиагностика ақпарат жинастыру мәлімет интерпретациялау сауықтыру техникалары (remedial technigues) эмоциялық жағдайлардағы психологиялық жұмысжағдайларды зерттеп,сипаттау. |
Осы терапевтік континуумда медицинаның және психологияның арасындағы психотерапия орнын көрсететін критерийлер екі топқа бөлінеді. Бұл-терапевтің объективті ерекшеліктерімен (терапевт-факторлар) анықталынатын факторлар.
Терапевт-факторларға:
· Психотерапевтік жауапкершілік тәжірибесі;
· Кәсіби психотерапевтік тренингтен өту жағдайлары;
· Психотерапевтік саладағы терапевтің теориялық және диагностикалық білімдері;
· Терапевтік жауапкершілік дәрежесі;
· Мекеме типі (мысалы, ағарту, медициналық т.б.)
· Құқықтық шектеулер мен нұсқаулар жатады.
Клиент(пациент)-факторларға:
· Жеке адамның құрылымындағы бұзылу тереңдігі;
· Психологиялық қорғаныстар құрылымының дәрежесі;
· Эго мен жеке адамның басқа да қуаттарының күші;
· Клиенттің (пациенттің) терапия алудағы мақсаты жатады.
Жоғарыда аталған авторлар психологиядан психотерапия мен консультацияға қатысты дербес саланы бөліп алуды ұсынады. Олардың концепциясы бойынша терапевтік психология терапиялық пән болып саналады.
Сонымен қатар, Брэммер және Шостром консультация мен психотерапияны медицина мен психологияның арасындағы емес, психологияның, соның ішінде терапевтік психологияның өз ішіндегі континуумның екі полюсі деп санайды.
Консультация | Психотерапия |
· Ағартушы, білім беруші · Қолдаушы · Жағдайға байланысты · Мәселені шешуге бағытталған · Санаға негізделген · «қалыпты» дамуға бағытталған | · Қолдаушы · Реконструкциялаушы · Аналитикалық · Тұлғамен терең жұмыс жасауға бағытталған · Санасыздыққа негізделген · Невротикалық және басқа да күрделі эмоционалды мәселелерге бағытталған |
Әлбетте, психотерапия саласына жеке бас өзгерістерінің үрдістерін, ал консультацияға тұлғаны қолдаушы, жетілдіруші әр түрлі әдістерді жатқызады. Д.Блочер клиент мәселелерін оның ригидті паттерндерінің салдарымен байланыстырмайды.Сондықтан консультация сыртқы факторлар қысымының салдары болғанда қолданылады деп санайды.Б.Торн консультациялауды «қалыпты» адамдардың мәселелеріне адаптацияланған психотерапияның нақты типі ретінде сипаттайды.Ал Дж.Робинсон қалыпты адамдарға зерделену, еркіндік, тұлғалық интеграция және жауапкершілік дәредесінің өсуі арқылы көрінетін адаптациялық дағдыларының әлде қайда жоғарғы деңгейіне жетуге көмек беруге бағытталады деген идеяны ұстанады (1991). Консультация мақсатын сипаттағанда «тиімділікті жетілдіру» деген жиі қолданылады. С.Гилмор (1973) консультациялау мәнін анықтағанда үш құрамдас компоненттің маңызын атайды: үрдіске қатысушылар, үрдіс мақсаттары және үрдістің өту формасы ретіндегі үйрену. Бірнеше ғалымдардың қойылып отырған мәселеге қатысты көзқарастарын жалпылай отырып, М.А. Гулина психологиялық консультацияны маман мен клиент арасында болатын, клиентті өз қоғамының әлдеқайда бақытты адамы болуды, әлдеқайда жоғарғы жетістікке жетуді үйренуге бағытталған үрдіс деп анықтайды. Ал, психотерапияда үйренуден төрі сана, санасыздық деңгейлерінде қайта үйрету орын алады.
Консультация тұлғааралық қатынасқа қатысты мәселелерді шешуге бағытталады. Ю.Е. Алешина (1994,2000) клиенттің жеке бас мәселелері мен өмір қиыншылықтарына өзгеше қарауға, әлбетте саналы ойластырмай және бақыланбай қалып, қақтығыстардың көзі болатын кейбір өзара қатынастарды аңғарып, талдауға жәрдем беруді психолог-консультанттың міндеттірі санайды.
Психологиялық консультация теориялары мен тәжірибелерін талдай отырып, психологиялық консультацияны психикалық дамуы қалыпты адамдардың өзін-өзі тану шекараларын кеңейтуге мүмкіндік беретін, осының негізінде басқаларға қатысты бағдары мен қатынасын өзгертуге және қандай да бір жағдайларда мінез-құлық, жүріс-тұрыстың варианттарын ойластыра алып, тиімділерін қолдануға қабілеттіліктерін арттыратын психологиялық көмек көрсетудің бір түрі деп қарастырамыз. Консультация барысында клиент жағдайды кең көлемде қарастыруға мүмкіндік алады, сол жағдайдағы өз ролін аңғарып, бағалайды; жағдайды, басқа адамдарды және өзі жайлы өзгеше қабылдау, түсінік пайда болады. Осыған сәйкес клиент өз қатынасын және өз мінез-құлқын, жүріс-тұрысын өзгерту мүмкіндігіне ие болады. Олай болса, психологиялық консультация да психологиялық әсер етудің бір «жеңіл» формасы. Психотерапияда психологиялық әсер ету кең көлемді, тереңдетілген түрде жүзеге асырылады.
Адамдардың психологтерден көмек сұрау формалары, арыздану ерекшеліктері мен олармен кездесуге артатын үміттері де психологиялық консультация мен психотерапия арасындағы айырмашылықтарды көрсетеді (Алешина, 2000). Өз өмірлеріндегі қиыншылықтардың себептерін, одан шығатын ауыртпашылықтарды басқалардың негативті ролімен байланыстыратындар психолог-консультанттардың клиенттері болады. Ал. өз ішкі жан-дүниелерін, қажеттіліктерін және тілек-ниеттерін тежеуде, реттеп, бақылауда «дәрменсізбін» деп санайтындар психотерапевт көмегін қажет етеді. «құрбым менің жетістіктерімді қызғанатын болды», «оқутышуның маған деген антипатиялық қатынасы жақсы баға алуыма мүмкіндік бермейді» деген сияқты арыздар психологиялық консультацияны, ал, «Мен бәрін өзімнің қызбалығымнан көремін», «Тым ұяндығымнан сәті келіп тұрған жетістіктерден айрылып қала беремін» типтегі арыздар психотерапиялық жұмыстарды қажет етеді.
Психологиялық консультация көбінесе қысқа мерзімді болады. Әлбетте, клиентпен 1 кездесуден 6 кездесуге дейін, ал өте сирек жағдайларда ғана бұдан артық кездесулер жоспарланады. Психотерапия үрдісі әлдеқайда ұзақ мерзімге-ондаған, тіпті,жылдар бойы жүздеген кездесулерге созуға негізделеді. Кейбір клиницист мамандардың (Каплан, Сэдок, 1994)пікірінше психологиялық консультациялау мен психотерапия айырмашылықтары сапалықтан бұрын, сандық сипатпен анықталады.
Көбінесе психологиялық консультация әлдеқайда ұзақ та, терең психотерапиялық жұмыстың өзіндік бір баспалдағы, алғашқы қадамы болады. Консультацияға келген адамда әр түрлі сәтсіздіктерді өз ролі жакйлы жаңаша бір түсініктер пайда болып, өзіне пәрменді психологиялық көмекті қажет етіп, психологпен кездесулер санын арттыру керек екендігін түсінетін жағдайлар да болады.
Психологиялық консультация клиенттің нақты бір мақсатқа жетуіне бағытталады. Консультация мен психотерапия саласының көрнекті маманы, экзистенциалды психология негізін салушы Ролло Мэй консультанттарға қойылатын талаптар жайлы көзқарасын негізге ала отырып, психологиялық консультацияның міндеттерін психологиялық дипломы бар, супервизор жетекшілігімен жұмыс жасаған психолог, педагог мамандар ғана шешеді деп санайды. Біздің республикада бұл мамандарға деген сұраныс соңғы онжылдық шамасында ғана пайда болып, қазір күн өткен сайын молаюда. Психотерапия бойынша мамандар біліміне қойылатын талап басқаша. Олар псилогиялық даярлықтан өткен, арнайы медициналық білімі бар, ұзақ уақыт психотерапевтік іс-тәжірибе жинақтаған және супервизор жетекшілігімен кең көлемді жұмыс жасаған кәсіби психологтар болуы қажет. Кейбір зерттеушілер, мысалы, В.Ю.Меновшиков (2000) психотерапиялық жұмыс жүргізеді маманның медициналық біліміне қойылатын талаптарды «жасанды шектеу» деп санайды. Дегенмен, психотерапияның психиатриямен тарихи терең байланысты кездесоқтық болмау керек, психотерапевтер қатарында психологтермен қоса психиатрлар да жиі кездеседі. Сонымен қатар психолог – консультант көмегін қажет еткен адам клиент деп аталса, психотерапевт жұмысында «клиент» деген емес, «пациент» деген дәстүрлі атаулар бар.
Психотерапияда пациент пен маманның өзара қатынасына ерекше мән беріледі. Бұл қатынастың барысында пайда болып, өрбитін «тасымал» және «қарсы тасымал» феномендері психологиялық әсердің мүмкіндіктерін кеңейтудің және тереңдетудің маңызды құралдары боладыы. Психиканың терең қабаттарын талдау патогендік сезімдер мен мінез-құлық, жүріс-тұрыс себептерін түсінуге әкеледі. Осыдан тұлғаның жеке басындағы мәселелері шешіледі (Урсано, Зонненберг, Лазар, 1992).
Психологиялық консультация мен психотерапия арасындағы айырмашылықтар психологиялық көмекті қажет ететін адамдардың типтік ерекшеліктеріне де байланысты болады (Алешина,2000; Мэй, 1994, 2001; Обозов,2000). Психолог – консультант қабылдауында кез келген адамның кездесу ықтималдығы бар. Клиент ролі псизикалық статусқа, атқаратын қызметке, материалдық жағдайға, интеллектуалдық потенциалға және т.б. байланысты емес. Ал, психотерапевт пациенттерінің аясы әлдеқайда тар болады. Оларға рефлекцияның жоғарғы даму деңгейіне ие, көбіне қымбат да ұзақ мерзімді курстарды төлеуге мүмкіндігі бар, уақыты мен мотивациясы жеткілікті, жеке басының мәселелерін шешуге маманның көмегін қажет ететін адамдар жатады. Психологиялық көмек көрсету аясына Ресей ғалымдары анықтап, қолданылатын психокоррекция ұғымы да енеді. Кейбір ғалымдар психокоррекция мен психотерапия терминдерін синоним ретінде қолданып та жүр. Дегенмен, олардың арасында айырмашылықтар да көрсетіледі (Кабанов, Личко, Смирнов,1983). Психотерапия психопатологиялық бұзылуларды жойып, емдеуге бағытталады. Ал, психокоррекция әдістері қандай да бір психикалық ауытқуларды түзетуге, яғни коррекциялауда, патологияларды конпенсациялауда қолданылады. Психика мен невросоматикалық функцияларды қалыпты етуге немесе жақсартуға бағытталған психологиялық әсер психотерапия мен психокоррекцияның ортақ мақсаттары болып табылады. Психотерапия мен психокоррекцияның әдістеріне аутогенді жаттығулар, тренинг түрлері, психотехникалық ойындар жатады.
Ю.Е.Алешина «психокоррекция» мен «психотерапия» ұғымдарының өзара айырмашылықтарын психологиялық көмек беру мазмұнымен байланысты қарастырмайды. Психолог-ғалым бұл ұғымдар айырмашылықтарының түп-тамыры тек арнайы медициналық білім бар мамандардың психотерапиямен айналысуын тағайындаған және заңдаңдырған жағдайларда деп санайды (1993, 2000). Алайда психотерапия медикаментозды терапия емес психологиялық әсер ету болып табылады. Сонымен қатар, Ю.Е.Алешина пікірі бойынша «психотерапия» халықаралық термин бола отырып, әлемнің көптеген елдерінде психологтің кәсіби қызметіндегі әдістерге қатысты пайданылады.
Сонымен қазіргі кезде психологиялық көмек беруде бір-бірімен мазмұндас үш ұғым – психологиялық консультация, психотерапия және психокоррекция негізге алынады. Психологиялық әсер етудің әр түрлері психологиялық көмектің әр сатысында қолданылады. Тіпті, психологиялық консультация, психотерапия және психокоррекция бір үрдістің сатылары болуы да әбден мүмкін.
Қолданылатын әдебиеттер:
- Коралева З. Психологиическая тесты для всех – Москва.:Пресс, 2002
- Лесли Рай. Развитие навыков тренинга.- Питер, 2001
- Немов Р.С. Психология.- Москва., І-ІІ-ІІІ том. 1998,
- Немов Р.С. Психологическое консультирование.- Москва.:
Владос,2001
- 11. Намазбаева Ж. Санғылбаев О. Психологиялық сөздік. –
Алматы.,2005.
- 12. Овчарова В. Практическая психология образования.- М., 2003
- Роджерс К.Консультирование и психотерапия. Москва.: апрель-Пресс, Эксмо, 2000