Лекции.Орг


Поиск:




Ыларды пайдалану тәсілдеріндегі көрсеткіштерінің сипаттамасы




Құмкөл кен орнында ұңғыларды фонтандық және механикалық әдістермен пайдаланады. Механикалық әдістің ішіне: бұрандалы сораптар, батырмалы ортадан тепкіш сораптар және штангалы терең сорапты қондырғылар (СК) кіреді.

Жалпы кен орын бойынша механикалық әдіспен пайдаланудың негізгі бөлігін бұрандалы сораптар құрайды. Ал жоғары сұйық шығымы бар ұңғылар БОТЭС-пен жабдықталған.

Фонтанды пайдалану әдісі

«АҚ Торғай Петролеум» компаниясының аумағында фонтанды пайдалану әдісімен 42 ұңғы жұмыс жасайды. Олар мұнайды өндіру мөлшеріне қарай төмен, орта және жоғары шығымды болып бөлінеді. 2007 жылы аз шығымды ұңғылардың (сұйық шығымы 10 м3/тәу аз) саны 6-дан 16 ұңғыға (№№ 417, 2188, 2090, 2102, 2128, 2145, 2178, 2189, 2292, 3035, 3065, 415, 2266, 3036, 3073, 412) дейін өсті. Бұл ұңғылардың 7 периодты түрде жұмыс жасайды. Ұңғылардың периодты түрде жұмыс жасауы: жоғары сулану, нашар ағын, қабат қысымының түсуі сияқты қиыншылықтармен түсіндіріледі.

Орта шығымды (сұйық шығымы 11-100 м3/тәу) ұңғылар тобына 25 ұңғы (№№ 2р, 16р, 31р, 2144, 2146, 2170, 2190д, 2242, 2243, 2114, 2180, 2205, 2176, 2197д, 2212, 2213, 2214, 2249, 2190, 2261, 3087, 3098, 3035, 3065) кіреді. Бұл ұңғылардың көбісінде фонтанды пайдалану тәртібі штуцерлерді ауыстыру арқылы өзгертілді. Негізінен штуцер диаметрі 16 мм-ден 4, 5, 6 және 8 мм-ге ауыстырылды.

Жоғары шығымды (сұйық шығымы 100 м3/тәу жоғары) ұңғылар тобына тек бір ұңғы (№ 2260) кіреді. Ұңғының қабат қысымы 12 МПа-ға, ал шығымы 260 м3/тәу тең. Қабат қысымының түсуіне байланысты ұңғы шығымының азаюы байқалған. Ұңғы өнімінің құрамында судың үлесі өте аз мөлшерде. Ұңғы шығымының жоғары деңгейін ұстап қалу мақсатында, су айдау көлемін ұлғайту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Механикалық пайдалану әдісі

Штангалы терең сорапты қондырғылар

ШТСҚ-мен жабдықталған барлық сораптар диаметрі 73 мм болатын СКҚ-ға түсірілген. Көптеген ұңғыларда қиындататын (жоғары сулану, газдың әсері) факторларды ескере отырып сораптар 1100 метрден жоғары тереңдікке түсірілген. № 3102 ұңғыда сорап 698 метр тереңдікте орналасқан. Диаметрі 22 мм штангалар қазіргі пайдалану жағдайында тиімді болып табылады.

Ұңғы сораптарының жұмыс жағдайы олардың сұйық дебиті, динамикалық деңгейі және бергіштік коэффициенті бойынша сарапталды.

Шығымы 10 м3/тәу дейінгі ұңғылар тобына тұрақты жұмыс жасайтын 3 ұңғы (№№ 2101, 2154, 3075) жатады. Ұңғылар сораптың клапанды бөліктеріне парафиннің қатуына байланысты аз шығыммен жұмыс жасауға мәжбүр. Қондырғылардың ПӘК-і сәйкесінше 0,16, 0,29 және 0,3 тең. 2101 және 3075 ұңғылар аз суланған (сулану 20% дейін), ал 2154 ұңғы керісінше жоғары суланған (78%). Жоғары суланудың себебі 2153 және 14р айдау ұңғыларының әсерімен түсіндіріледі.

Сұйық шығымы 20 м3/тәу жоғары ұңғылар тобына 4 ұңғы (№№ 2139, 3067, 3047, 3102) кіреді. 2139, 3067 және 3102 ұңғылардағы сорапты қондырғылар жоғарғы ПӘК-не (сәйкесінше 0.71, 0.82 және 0.76) ие. Қарқынды айдаудың әсерінен 2139 және 3067 ұңғылар жоғары сулану (78 және 90%) жағдайында жұмыс жасайды. 3102 ұңғы аз суланған (4%). 3047 ұңғы сұйықтың шығымы 90 м3/тәу және сулану 42% жартылай фонтанды жағдайда жұмыс істейді.

Периодты түрде айына 3-5 күн жұмыс істейтін ұңғылар тобына 7 ұңғы кіреді. Ұңғылардың периодты түрде жұмыс жасауына жоғары сулану, ұңғыға сұйықтың нашар ағыны секілді қиындатушы факторлар себепкер болып табылады. Жоғары суланған ұңғылардың орташа шығымы 28,7 м3/тәу тең.

Бұрандалы штангалы сорапты қондырғылар

Кен орындағы өндіруші ұңғылардың негізгі бөлігін бұрандалы сораптар құрайды. Жалпы жұмыс жағдайындағы барлық бұрандалы сораптар газ сепараторларымен жабдықталған. Олар сораптың жұмыс тиімділігін арттырады. Сорапты түсіру тереңдігі қиындататын сан алуан факторларды (жоғары сулану, газдың әсері және құм көрінісі) ескере отырып ұңғыдағы сұйықтың деңгейіне байланысты анықталады. Пайдалану шартына сәйкес І объектінің ұңғы сораптары 779-1081 м тереңдікке, ІІ және ІІІ объектінің көптеген сораптары 1095-1297 м тереңдікке түсірілген.

Шығымы 10 м3/тәу дейін жұмыс жасайтын ұңғылар тобына 10 ұңғы (№№ 1064, 1076, 1093, 1097, 33р, 1128, 2149, 2259, 2286, 3083) жатады. 8 ұңғыдан сұйық алу көлемі сораптың диаметрін кішірейту арқылы біршама азайтылды. Қабаттың нашар өткізгіштігіне байланысты сорапты қондырғылардың ПӘК-і 0,19-0,33 аралығында.

Сұйық шығымы 11- 40 м3/тәу дейінгі ұңғылар тобына 37 ұңғы (№№ 40р, 1049, 1103, 1105, 32с, 1073, 30р, 2116, 2132, 2143, 2156, 2160, 2162, 2182, 2183, 2237, 2241, 2267, 2270, 2165, 21р, 2136, 2140, 2173, 2200, 2218, 2224, 2263, 2290, 2165, 21р, 2136, 2140, 2173, 2200, 2218, 2224, 2263, 2290, 3095, 3094, 2258, 3077, 3078, 3086, 3091, 3093) кіреді. Былтырғы жылы бұрандалы сораптармен жабдықталған ұңғылар қоры қосымша 6 ұңғымен толықты. Бұл ұңғылардың 3-і (№ 2136, 2263, 2290) фонтанды әдістен, 2-і (3091, 3093) БОТЭС-дан бұрандалы сораппен игеру әдісіне көшірілді. Бір ұңғы бұрғылаудан кейін игерілуге берілді. 9 ұңғыдан (32с, 1073, 2116, 2160, 2182, 2224, 2237, 2241, 2258) сұйық алу көлемі ұлғайтылды. Ал керісінше қабаттың энергетикалық жағдайына байланысты 14 ұңғыдан (1105, 2165, 30р, 2132, 2140, 2143, 2162, 2173, 2183, 2200, 3094, 3077, 3078, 3086) сұйық алу көлемі азайтылды. Сорапты қондырғылардың ПӘК-і 0,34-0,70 аралығында өзгереді.

Шығымы 41-100 м3/тәу дейін жұмыс жасайтын ұңғылар тобына 27 ұңғы енді. Ұңғы өнімінің жоғары сулануына байланысты 9 ұңғыдан (1050, 1059, 1082, 1089, 2113, 2147, 2215, 1127, 3064) сұйық алу көлемі ұлғайтылды. Сұйық алу көлемінің ұлғаюына байланысты, ұңғылардың динамикалық деңгейі азайды. Жоғары сулану (70%) жағдайында 5 ұңғы (1050, 1084, 1094, 2141, 414) жұмыс істейді. Ұңғылардың жоғары сулануы айдау ұңғыларының әсерімен түсіндіріледі.

Батырмалы ортадан тепкіш электр сорап

Кен орында 27 ұңғы БОТЭС-пен жабдықталған. Олардың 25 тұрақты, ал 2 периодты түрде жұмыс жасайды. Ұңғы сағасында айналу жылдамдығы өзгерісін бақылайтын басқару жүйесі орнатылған. Сораптар ұңғыға 73 мм-лік СКҚ-лар арқылы түсірілген.

Шығымы 10 м3/тәу дейін жұмыс жасайтын ұңғылар тобына 3 ұңғы кіреді. Олардың біреуі тұрақты, ал қалған екеуі периодты түрде жұмыс істейтін ұңғылар.

Бұл ұңғылардың шығымының аздығы қабат қысымының төмендігі, сораптардың дұрыс жұмыс істемеуі сияқты т.б. түрлі себептермен түсіндіріледі.

Сұйық шығымы 60- 100 м3/тәу дейінгі ұңғылар тобына 7 ұңғы жатады. Ал шығымы 100 м3/тәу жоғары ұңғылар тобына 16 ұңғы кіреді.

 

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-04-04; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 680 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Начинать всегда стоит с того, что сеет сомнения. © Борис Стругацкий
==> читать все изречения...

833 - | 667 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.