Лекции.Орг


Поиск:




Технологиялық карта 16




Ортанғы тобы: 8

Білім беру саласы: Денсаулық

Бөлім: Дене шынықтыру.

Тақырыбы: Допты домалату

Мақсаты: Жан-жаққа шашырап жүру және жүгіру түрлерін үйрету. Ептілік және жылдамдық тәрізді қасиеттерді дамыту. Допты бір-біріне домалату дағдыларын бекіту.

Қолданылатын көрнекі құралдар: балалардың санына қарай доптар, бағдар алу үшін жіптер мен таяқшалар.

Үш тілдік компонент: Сәлеметсіздер ме -Здравствуйте-Hello,Сау болындар-До свидания- Goodbye,Таяқша-палки-sticks

Доп-мяч-boll

Оқу іс-әрекетінің түрлері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық Жан-жаққа шашырап жүру және жүгіру. Балалар бір қатарға тұрып, педагог тапсырманы түсіндіреді. Барлығы бір сапқа бір-бірден, шамамен залдың төрттен бір бөлігінде жүріп келеді, одан кейін нұсқаушының «серуендеп келейік» деген белгісіне қарай доптың арасымен бүкіл зал ішімен жүреді. Доп арасымен жан-жаққа шашырап жүру және жүгіру екі рет өткізіледі.
  Доппен орындау ЖДЖ: Б.қ: аяқтарды қосып тұру, доп төменде екі қолында. Допты жоғары қарай көтеру, жоғары қарау, төмен түсіру, бастапқы қалыпқа оралу. Б.қ.:аяқтары иық деңгейінде, доп екі қолында- кеуде тұсында. Еңкею, допты еденге тигізу, тік тұру, бастапқы қалыпқа оралу. Б.қ.: аяқтарды қосып тұру, доп төменде екі қолында. Отыру, допты алға созу. Тұру, бастапқы қалыпқа оралу. Б.қ.: отыру, допты алдында ұстау. Допты өз айналасында оңға (солға) қарай домалату. Б.қ.: аяқтары сәл ғана ашылған, қолдары белінде, доп еденде. Доп айналасында орында тұрып кезекпен жүріп, секіру. Педагог балаларды екі шағын топқа бөледі. Бір топ допты орнына қояды, ал екінші топта доп балалардың қолында қалады. Допты бір-бірінің қақпасына домалату (балалар арасы 1,5-2 м қашықтықта).     Доға астынан еңбектеп өту (биіктігі 50 см).     «Торғайлар мен мысық» қимыл –қозғалыс ойыны.   Доға астынан еңбектеп өту (биіктігі 50 см).     «Торғайлар мен мысық» қимыл-қозғалыс ойыны.     Жаттығулар нұсқаушының көрсетуі бойынша қайталанады.   Жаттығуларды 4-6 рет қайталау. Педагог доғаларды қойып шығады, балалар екі қатарға бір-біріне қарама-қарсы өзіне жұп келетіндей етіп орналасады. Педагог кімнің қақпасына кім допты дөңгелететінін естеріне салады. Доғадан қашықтық таяқшамен немесе жіппен белгіленеді. Жаттығуды баламен жұптасып көрсету керек. «Домалатыңдар!» белгі бойынша балалар домалатады. Жаттығу 6-8 рет қайталайды. Балалар екі сапқа тұрады және бірінің артынан бірі доғаның астынан еңбектеп өтеді. Бұл екі рет қайталанады.
Рефлексиялық түзетушілік Бір қатар тізбекпен бір-бірден жүру Балалар арақашықтықты сақтайды. (1 қатар)..

Күтілетін нәтиже:

Орындайды: алдыңғы техналогиялық картадан үйренген баскетбол ойынының;.

Түсінеді: ойынның шарттарын.

Қолданады: доп лақтыру және екі қолмен қағып алу дағдыларын.

 

Технологиялық карта 18

Ортанғы тобы: 8

Білім беру саласы: Денсаулық

Бөлім: Дене шынықтыру.

Тақырыбы: Қапшықты нысанаға лақтыру.

Мақсаты: қапшықты нысанаға дәлдеп лақтыруға үйрету және көзбен мөлшерлей білу дағдыларын дамыту. Ұжым болып ойнауға тәрбиелеу. Гимнастикалық қабырға арқылы өрмелеуге жаттықтыру.

Қолданылатын көрнекі құралдар: әр балаға гимнастикалық таяқшалар, лақтыруға арналған қапшықтар, гимнастикалық баспалдақ..

Үш тілдік компонент: Сәлеметсіздер ме -Здравствуйте-Hello,Сау болындар-До свидания- Goodbye,Таяқша-палки-sticks

Қапшық-мешочек-sac

Оқу іс-әрекетінің түрлері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық Бір қатар тізбекпен бір-бірден сол иығына таяқшаны қойып жүру. «Бір» белгісіне қарай жұптасып тұра қалу және жүру, «екі» белгісіне қарай бір қатар сапқа тұру. Дабыл жай соғылған кезде аяқтың ұшымен таяқшаны жоғары созылған қолдарымен көтеру.
  Таяқшамен орындалатын ЖДЖ: «Штангистер» жаттығуы: аяқтарын сәл ашып тұрады, қолдары төмен түсірілген, таяқшаны көлденең екі шетінен ұстау. Таяқшаны кеуде тұсына көтеру, одан соң жоғары көтеру, бастапқы қалыпқа оралу. «Отыру» жаттығуы: аяқтың бастарын сәл ашып, өкшелерін қосып тұру, таяқша жауырын үстінде. Ақырын отыру, тізелерін екі жаққа қаратып, денесін тік ұстап, бастапқы қалыпқа оралу. «Байдаркада» жаттығуы: аяқтарын сәл ашып отыру, таяқшаны көлденең екі қолмен орта тұсқа келтіріп ұстау. «Ескекпен есушілер» жаттығуы: алдығы жаттығудағы қимылды қайталайды. «Суда қалқып жүру» жаттығуы: шалқадан жатып, қолдарын бастарына қояды,     Жаттығулар нұсқаушының көрсетуі бойынша қайталанады.   Жаттығуларды 4-6 рет қайталау. Байдалка үстінде есуді имитациялау арқылы орындау.
  Ақырын шайқалады.   Гимнастикалық қабырғада өрмелеу. Педагог балаларды 2-3 топқа бөледі. Гимнастикалық қабырғада қалай өрмелеу керектігін түсіндіреді, іс жүзінде көрсетеді.   Нысанаға қапшықты көздеп лақтыру. Педагог құм толтырылған қапшықшаны 3 м қашықтықта тұрған нысанаға қалай көздеп лақтыруды көрсетеді.     «Мен спортсменмін!» қимыл –қозғалыс ойыны. Музыка әуенімен судың бетінде қалқып жүзіп жүргендей кейіп танытады. Әр топ балаларды гимнастикалық қабырғаға өрмелеп шығып, қайтадан түсуді. Әр балаға қапшықтарды нысанаға дәлдеп лақтыруға тырысады.
Рефлексиялық түзетушілік Бір қатар тізбекпен жүріп, тыныс алу жаттығуларын орындау. Қолдарын жоғары, екі жаққа созып, терең дем алып, дем шығару.

Күтілетін нәтиже:

Орындайды: қапшықты нысанаға дәлдеп лақтыруды және көзбен мөлшерлеуді;.

Түсінеді: ойынның шарттарын.

Қолданады: гимнастикалық қабырға арқылы өрмелеуді.

 

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-04-04; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 2210 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Наглость – это ругаться с преподавателем по поводу четверки, хотя перед экзаменом уверен, что не знаешь даже на два. © Неизвестно
==> читать все изречения...

1116 - | 867 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.012 с.