Лекции.Орг


Поиск:




Орғаулы топырақ туралы негізгі түсінік




Жоспар

I. Кіріспе

1.1. Қорғаулы топыраққа түсінік

1.2. Қорғаулы топырақтардың маңызы мен міндеттері

II. Негізгі бөлім

2.1. Қорғаулы топырақ құрылыстарын жылыту және қыздыру

2.2. Қазақстанда көкөніс және жылыжай шаруашылығының жағдайы

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

 

Кіріспе

Қай заманда болсын, адам ағзасына өсімдік өнімдерінің тағамдық жағына қоса емдік, шипалық қасиеттеріне де назар аударған. Қазіргі кезде топыраққа (жерге) айрықша көңіл аударылып, жерді экономикалық тиімді пайдалана отырып, «денсаулықтың қайнар көзі», және «тағамның музыкасы» атанған көкөніс дақылдарын көптеп өндіру басты мақсаттардың бірі.

Көкөніс шаруашылығы– ашық және қорғаулы топырақтарда көкөністерді өндірумен айналысатын ауыл шаруашылығының бір саласы, сонымен қатар көкөніс дақылдарының биологиясы мен олардың өнімділігін арттыру мен сапасын жақсартуға бағытталған прогрессивті өсіру технологияларын, еңбек шығыны мен өнімнің өзіндік құнын төмендетуді зерттеумен айналысатын ғылым. Көкөнісші ғалымдар сонымен қатар жаңа көкөніс дақылдарының жақсартылған сорттары мен оларды көбейтудің жаңа әдістемелерін, басқа да сала өкілдерімен бірлесе отырып, көкөніс шаруашылығының экономикасына, ұйымдастыру жұмыстарына және механизациясына жаңалықтар енгізумен айналысады. Көкөніс шаруашылығы ауыл шаруашылығының саласы ретінде өзіндік ерекшеліктерге ие; солардың ең бастылары:

- Көкөністерді егістік жағдайында өсіру (ашық топырақтағы көкөніс шаруашылығы) және жасанды микроклимат жағдайында өсіру (қорғалған топырақтағы көкөніс шаруашылығы);

- Көшетпен өсіру әдісі кеңінен қолданылады, өсімдіктер алдын ала оңтайлы қоректік алаңда (аз көлемдегі) өсіріліп, кейіннен көшеттерліп отырғызылады, сондай-ақ көктету, тежеу, өсіру және дозалау жұмыстары жүргізіледі;

- Көкөністерді егу қалалар мен өндірістік орталықтар маңайындағы онша үлкен емес жерлерде шоғырланлырылады, сонымен қатар жерді тиімді пайдаланумен қатар, арасында қайталап және тығыздап егу жөнінен өндіріс егістік жұмыстарына қарағанда жоғары өнімді болып келеді.

Адамзаттың тағамына пайдалану үшін өсірілетін екпе өсімдіктердің жалпы түрлері 200-дің шамасында. Осының ішінде 100 ден астамы көкөніс дақылдары. ТМД елдерінде көкөніс дакылдарының 70-тен астамы, ал Қазақстанда 50-ге жуығы өсіріледі. ҚР Тағамтану Академиясының мәліметтеріне сай, әр адам жылына орта есеппен 126 кг түрлі көкөніс дақылдарын пайдалану қажет екен. Қазақстандағы көкөніс дақылдарының жыл сайынғы егістік көлемі 110-115 мың га шамасында, оның – 20-22 мың га оңтүстік облыстардың еншісінде. Көкөністердің барлық түрлерінен алынатын жалпы түсім 2,2-2,5 млн.тоннаға дейін. Көкөніс дақылдарының орташа өнімділігі - 17-20 т/га аралығында, бұл көрсеткіш олардың өсіру аймақтарына, түріне, сорттық ерекшеліктері мен агротехнологиясына байланысты 10-12-ден 30-35 т/га дейінгі аралықта ауытқиды.

Қазақстанның ауыл шаруашылығы өндірісінің маңызды салаларына көкөніс шаруашылығы жатады. Бұл өсімдік шаруашылығының ерекше мамандандырылған және қарқындатылған салалары. Аграрлық экономиканың өзекті мәселелерінің бірі көкөніс өнімдерінің тиімділігін арттыру болып табылады. Бұл мақсатқа, осы өнімдерге деген шексіз қажеттіліктер мен оларды қанағаттандыруға жеткілікті мөлшердегі өнімдердің тапшылығы арасындағы қайшылықтарды жою және өндірістің ең тиімді тәсілін таңдау арқылы қол жеткізуге болады.

 

 

орғаулы топырақ туралы негізгі түсінік

Қорғаулы топырақтар деп – арнай қондырғылары бар, маусымнан тыс, яғни жыл бойы көкөніс өсіруге арналған микроклиматы бар жер үлескілері мен құрылымдарды айтады. Қорғаулы топырақ құрылымдарын культивациялық құрылымдар деп те атайды. Қорғаулы топырақтарға жататындар: жылыжай, булыжай, жылытылған топырақ құрылымдары, оларды кейде қарапайым қорғаулы топырақтар деп те атайды, саңырауқұлақжай – саңырауқұлақтар мен қозықұйрықтарды өндіруге арналған культивациялық құрылымның ерекше бір түрі.

Қорғаулы топырақтар халық шаруашылығының бірқатар салаларында пайдаланылады. Олардың қолданылатын салары:

1. Жеміс (субътропикалық, цитрус), жидек, жүзім өсіруде;

2. Әртүрлі дақылдардың көшеттерін өсіруде;

3. Бағалы жеміс және орман ағаштарының отырғызу материалдарын жеделдетіп өндіруде;

4. Ауыл шаруашылығы дақылдарының жаңа сорттарын шығаруда;

5. Жануарларға үстеме қорек ретінде ерте пісетін дәруменді балдырлар өсіруде;

6. Сәндік өсімдіктерді өсіруде және тағы басқа салаларда қолданады.

Көкөністерді қорғалған топырақтарда өсіру халықты жыл бойы көкөніспен қамтамасыз етудің бірден-бір жолы болып табылады. Негізінен қорғаулы топырақтарда көкөніс өсіру солтүстік облыстарда аса маңызды. Себебі, онда ашық танапта көкөніс өсірудің табиғи кезеңі оңтүстікке қарағанда қысқарақ.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-04-04; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 639 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Так просто быть добрым - нужно только представить себя на месте другого человека прежде, чем начать его судить. © Марлен Дитрих
==> читать все изречения...

1011 - | 831 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.007 с.