Лекции.Орг


Поиск:




Кәсіптік тәжірибенің жиынтық мәліметтері 2 страница




Оқу мерзімі: 3 жыл 10 ай/2 жыл 10 ай

Индекс Пәндер мен кәсіби модульдердің оқу циклдері Пәндер мен кәсіби модульдер бөлімдерінің атауы Қалып тастыру құзыретінің коды
ЖБП 00 Жалпы білім пәндері   БҚ 3.1
ЖГП 00 Жалпы гуманитарлық пәндер    
ЖГП 0.1 Пәнді зерделеу нәтижесінде оқушы: - іскерлік қазақ тілі негізін; - кәсіптік лексиканы; - мамандық бойынша грамматикалық материалды білуі керек; кәсіптік бағыттағы мәтіндерді оқу және аудару (сөздік көмегімен); оқылатын мәтінді талдау; монологиялық және диалогиялық тілді жүргізу қолынан келуі керек. Кәсіби қазақ тілі (оқудың қазақ тілінде жүрмейтін топтарында): қазақ тілінің синтаксисі; мамандық бойынша терминология; кәсіби бағытталған мәтіндерді аудару техникасы (сөздік көмегімен); кәсіби қарым-қатынас; тілді дамыту. БҚ 3.5
ЖГП 0.1 Пәнді зерделеу нәтижесінде оқушы: - іскерлік орыс тілінің негіздерін; - кәсіптік лексиканы; - мамандық бойынша грамматикалық материалды білуі керек; кәсіптік бағыттағы мәтіндерді оқу және аудару (сөздік көмегімен); мәтінді талдау; монологиялық және диалогиялық тілді жүргізу қолынан келуі керек. Кәсіби орыс тілі (оқудың орыс тілінде жүрмейтін топтарында): орыс тілінің синтаксисі; мамандық бойынша терминология; кәсіби бағытталған мәтіндерді аудару техникасы (сөздік көмегімен); кәсіби қарым-қатынас; тілді дамыту. БҚ 3.5
ЖГП 0.2 Пәнді зерделеу нәтижесінде оқушы: - кәсіби қарым-қатынас үшін қажетті мамандық бойынша лексика-грамматикалық материалды білуі керек; кәсіптік бағыттағы мәтіндерді оқу және аудару (сөздік көмегімен) қолынан келуі керек. Кәсіби шетел тілі: кәсіби қарым-қатынас үшін қажетті мамандық бойынша лексика-грамматикалық материал; тіл қызметінің әр түрлі түрлері және тіл формалары (ауызша, жазбаша, монолог пен диалог түрінде); кәсіби-бағытталған мәтіндерді аудару техникасы. БҚ 3.5
ЖГП 0.3 Пәнді оқу нәтижесінде білім алушы білуі керек: - тарихи деректердің алу көздерін; - ерте заманнан осы күнге дейінгі адамзаттың тарихи даму жолын. істеуі керек: - тарихи оқиғаның мазмұның жеткізуді; - картамен жұмысты; - тарихи ақпаратты талдауды; - тарихи мәселерде пікір-таласқа қатыса алуды. Қазақстан тарихы Қазақстан мемлекетінің қалыптасуының негізгі деректері мен үдірістері; Қазақстанның ерте заманнан осы күнге дейінгі тарихының жүйелілігі; Қазақстанның негізгі кезеңдерінің хронологиялық кестесі; Қазақстан тарихының кезеңдері. БҚ 2.2
ЖГП 0.3/0.4 Пәнді зерделеу нәтижесінде оқушы: дене шынықтырудың әлеуметтік-биологиялық және психофизиологиялық негіздерін; дене тәрбиесінің мазмұны мен ұйымдастырылу формаларын; дұрыс тамақтану принциптерін білуі керек; әр түрлі дене шынықтыру жаттығуларын орындау және спорттың жеке түрлері бойынша нормативтерді тапсыру қолынан келуі керек. Дене тәрбиесі: маманды дайындаудағы дене шынықтырудың ролі; дене шынықтырудың әлеуметтік-биологиялық және психофизиологиялық негіздері; дене және спорттық өзін-өзі жетілдіру негіздері. БҚ 3.8
ӘЭП 00 Әлеуметтік-экономикалық пәндер    
ӘЭП 0.1 Пәнді зерделеу нәтижесінде оқушы: Ұғымдарды: - конфуциандылықты, даосизмді, ежелгі Қытай өнерін; - Ежелгі Үнді мәдениетінің ерекшеліктерін және оның басты жетістіктерін; - ислам пайда болуын, оның ерекшеліктерін, басты догмаларын; - христиан білімінің негізгі принциптерін және оның құнды бағыттарын; - Ашель мәдениетінің ерекшеліктері - әдебиетінің дамуы, пәлсапасы; - көшпенділердің өмірі және құндылық жүйесі туралы; - орта ғасырдағы қазақ этнасының мәдени негізі туралы; - Қазақстанның орта ғасырдағы мәдениетіне түрк және араб мәдениетінің ықпалы туралы; - білім, ғылым және мәдениеттің дамуының басты кезеңдерін және материалдық негізін білуі керек; - ежелгі Азия мәдениетінің ерекшеліктерін аша білу; - мәдениеттану ұғымдарын еркін қолдану; - көшпенділердің материалды және рухани және мәдениетінің ерекшеліктерін, оның қоғамдық мәдениеттегі орнын көрсете білу қолынан келуі керек. Мәдениеттану: мәдениеттану және оның қоғам өміріндегі ролі туралы; мәдениеттің құрылуы; мәдениет және өркениет; Конфуций және Дао мәдениетінің түрі; мәдениеттің Үнді-буддалық түрі; Ислам мәдениетінің әлемі; мәдениеттің христиандық түрі; батыс Европа мәдениеті және оның қазіргі кезеңдегі дүние жүзінің дамуына ықпалы; Африка мәдениетінің ерекшеліктері мен бірегейлігі; көшпенділік өркениетінің ерекшеліктері мен бірегейлігі; орта ғасыр дәуіріндегі Қазақстан мәдениеті; XVII-XIX ғасырлардағы қазақтардың мәдени дәстүрлері; XX-ғасырдағы Қазақстан мәдениеті; қазіргі замандағы мәдениет. БҚ 3.6
ӘЭП 0.2 Пәнді зерделеу нәтижесінде оқушы: - әлемнің пәлсапалық діни және ғылыми көрінісі, адам өмірінің мәні туралы; - ғылымның және ғылыми таным ролін, оның құрылымы, түрлері және әдістерін, әлеуметтік және этикалық мәселелері туралы білуі керек; - адамның тәртібіндегі саналы және санасыз мінез-құлығын, санасының мәнін анықтай алу; - адамдар арасындағы қарым-қатынасының өнегелік нормаларын реттей алу қолынан келуі керек. Философия негіздері: пәлсапа пәнінің қызметі мен функциялары; материализм және идеализм - пәлсапаның басты сұрағы; әлемдік пәлсапалық ойдың басты белгілері; адам табиғаты және оның тіршілік ету мәні: адам және Құдай; адам және ғарыш; адам, қоғам, өркениет, мәдениет; тұлғаның еркіндігі мен жауапкершілігі; құндылықтардың акмеологиясы және табиғаты; адами таным және қызметі; ғылым және оның ролі; ғаламдық мәселелер алдындағы адамзат. БҚ 3.6
ӘЭП 0.3 Пәнді зерделеу нәтижесінде оқушы: - саяси жүйе мен саяси тәртіп туралы ұғымдарды; - биліктің бөліну принциптерін; - саяси партияларды қоғамдық ұйымдардан айыра білуді; - әлеуметтік құрылым, әлеуметтік қарым-қатынас туралы білуі керек; - үкімет маңыздылығын, саясат субъектілерін, саяси қарым-қатынас және процестерді (Қазақстанда және тұтас дүние жүзінде) аша білу; - қоғам мен тұлғаның дамуы және қызмет етуінің заңдылықтарын айыру қолынан келуі керек. Саясаттану және әлеуметтану негіздері: саясаттану пәні, саяси үкімет және билік қарым-қатынастары; мемлекет – саяси жүйенің басты институты; саяси жүйе және саяси тәртіп, саяси партия және қоғамдық ұйымдар; көппартиялық; сыртқы және ішкі саясат; Қазақстандағы билікті ұйымдастыру; әлеуметтану ғылым ретінде; әлеуметтанудағы кластық және стратификациялық көзқарастар; тұлға ролі және оның мінез-құлқы. БҚ 3.6
ӘЭП 0.4 Пәнді зерделеу нәтижесінде оқушы: - экономикалық теорияның жалпы жағдайын; - еліміздегі және шет елдердегі экономикалық жағдайларды; - макро - және микроэкономикалық негіздерін, салық, ақша-несие, әлеуметтік және инвестициялық саясатты білуі керек; - өз кәсіби қызметінде бағыт алу үшін қажетті экономикалық ақпараттарды табу және пайдалану қолынан келуі керек. Экономика негіздері: мақсаттары, басты ұғымдары, қызметі, мәні, принциптері; меншік формалары мен түрлері, меншікті басқару; жоспарлар түрі, олардың басты сатылары, мазмұны, стратегиялық жоспарлануы; жоспарларды экономикалық негіздеу және болжауды әзірлеу әдістері; бизнес-жоспарлау; экономикалық талдау; халық тұтынымы тауарларын және қызметінің нарықтық жағдайларын. талдау; нарықтық инфрақұрылым. БҚ 3.2, 3.6
ӘЭП 0.5 Пәнді зерделеу нәтижесінде оқушы: - азаматтың құқығы және міндеттері, оларды іске асыру механизмдері туралы; - Конституция мәні, биліктің бөліну принциптері, парламент және үкімет қызметі туралы; - құқықтың субъектілері мен объектілері туралы; - құқық бұзу және қылмыс туралы білуі керек; - өз кәсіби қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық құжаттарды пайдалана білу қолынан келуі керек. Құқық негіздері: құқық – ұғым, жүйе, көздері; құқықтың ежелгі, орта ғасырдағы, Жаңа замандағы дамуы; құқықтың Қазақстандағы даму тарихы; ҚР Конституциясы – мемлекеттің басты заңы, құқықтық жүйенің өзегі; адам құқығының жалпыға ортақ Декларациясы – халықаралық саяси құжат; құқықтық мемлекет – заң үстемділігі және азаматтық қоғам; құқықтың басты салалары; ҚР сот жүйесі; құқық қорғау органдары. БҚ 3.3
ЖКП 00 Жалпы кәсіби пәндер    
ЖКП 01 Пәнді зерделеу нәтижесінде оқушы міндеті: сызбаларды рәсімдеу ережелерін; КҚБЖ; сызбалардағы көріністердің орналасуын; сызбалардағы проекциялық көріністерді; қималарды және тіліктерді; алмалы-салмалы және алынбайтын-салынбайтын қосылымдарды білуі керек; сызбаларды оқу; эскиздер мен техникалық суреттерді орындау қолынан келуі керек. Сызу: сызбаларды рәсімдеу ережелері; КҚБЖ; сызбалардағы геометриялық құрылулар; сызбалардағы проекциялық көріністер; сызба және бөлшектің изометриялық проекциясы; геометриялық фигуралардың жаймалары; сызбалардағы көріністердің орналасуы; қималар мен тіліктер; тік бұрышты және аксонометриялық осьтердегі түрлерінің, қималар мен тіліктерінің қажетті және жеткілікті сандарын қолдана отырып, бөлшектер сызбасын орындау; машинажасау сызуы; машинажасаудың сызбасын оқу; алмалы-салмалы қосылымдар; алынбайтын-салынбайтын қосылымдар; құрастыру сызбасы, жұмыс сызбасы, бөлшек эскизі, бөлшектің техникалық суреті, құрастыру сызбасы бойынша бөлшектеу. БҚ 3.1
ЖКП 02 Пәнді зерделеу нәтижесінде оқушы міндеті: машиналар мен механизмдер жіктеуін; бөлшектерді қосу түрлерін; айналу қозғалысының беріліс түрлерін; деформацияның негізгі түрлерін; шекті қауіпті және шекті жол берілген кернеулерін білуі керек; бөлшектер мен жиналмалы бірліктерді айыра білу; беріліс сандарын анықтау; серпімділік пен кернеуінің ішкі және сыртқы күштерін айыру қолынан келуі керек. Техникалық механика негіздері: механизмдер мен машиналар жіктеуі; механизмдер бөліктері; механизмдер кинематикасы (механизм және машина, кинематикалық жұптар және тізбектер, кинематикалық жұптар типтері); бөлшектер мен жиналмалы бірліктер: жіктелуі, арналуы және оларға қойылатын талаптар; бөлшектерді қосу түрлері (алмалы-салмалы және алынбайтын-салынбайтын); айналу қозғалысының беріліс механизмдері; айналу қозғалысы берілісінің түрлері (механикалық, белдікті, фрикционды, тісті, тізбекті, бұрамалы): арналуы, сипаты, құрылымы, белгіленуі және кинематикалық схемасы; беріліс саны; абсолюттік қатты дене; деформацияның негізгі түрлері және олардағы кернеулерді бөлу; сыртқы күштер және олардың түрлері; серпімділік пен кернеудің ішкі күштері; істегі, шекті қауіпті және шекті жол берілген кернеулер. БҚ 3.1
ЖКП 03 Пәнді зерделеу нәтижесінде оқушы міндеті: электрлік және магниттік тізбектерін; ауыспалы тоқтың электрлік тізбектерін; электрлік құрылғыларын; электрқуатының өндірілуін, таратылуын және қолданылуын; электржетекті және электравтоматиканы білуі керек; электрсхемаларын оқу; электрөлшеуіш аспаптарын қолдану қолынан келуі керек. Жалпы электртехника: электрлік және магниттік тізбектер; ауыспалы тоқтың электрлік тізбектері; электрлік құрылғылар; электрөлшеуіш аспаптары; электронды аспаптар мен құрылғылар; трансформаторлар; электрлік машиналар мен аппараттар; электрқуатын өндіру, тарату және қолдану; электр станциялары, желілері және электрқуатымен қамтамасыз ету; электржетек және электроника. БҚ 3.1
ЖКП 04 Пәнді зерделеу нәтижесінде оқушы міндеті ОС WINDOWS түрлерін; WORD мәтіндік редакторын; EXCEL электронды кестелерін; Corel DRAW векторлық редакторын; вирустардан қорғануын; WinZip архиваторын; ОС DOS; Norton Commander сыртқабықша бағдарламасын; бағдарламалық тілдерін; автоматты реттеу негіздерін; автоматты реттегіштердің жұмыс істеу принципін, функциялық және құрылымдық схемаларын білуі керек; жұмыста және күнделікті өмірде дербес компьютерді қолдану; автоматты түрде басқарудан қолмен басқаруға және кері келтіруге көшуді жүзеге асыру қолынан келуі керек. Өндірісті ақпараттандыру және автоматтандыру негіздері: ақпаратты кодтау; сандық жүйелер; бір жүйеден екінші жүйеге ауысу; екілік арифметика; формалды, математикалық логика; модель түсінігі; модельдер типтері; алгоритм түсінігі; алгоритмдер типтері; бағдарламалау тілі; бағдарлама, оны құрылымдау; автоматты реттеу; реттелетін параметр; реттеу объектісі, оның қасиеттері, схемалар; автоматты реттеуіштер, олардың жіктелуі, арналуы, құрылымы, жұмыс істеу принципі, функциялық және құрылымдық схемалары, реттеу органдары; басқарудың автоматты жүйелерінің қосымша құралдары; процесті автоматты түрде басқарудан қолмен басқаруға және кері келтіруге көшудің тәртібі. БҚ 3.1, 3.4, АҚ 3.2
ЖКП 05 Пәнді зерделеу нәтижесінде оқушы міндеті металдарды, қорытпаларды олардың құрылымы мен қасиеттерін; тот басумен күресу тәсілдерін; металдарды, қорытпаларды және басқа да материалдарды өңдеудің түрлерін білуі керек; металдар мен қорытпалардың түрлерін және қасиеттерін айыра білу; байыту фабрикаларындағы жұмыстарды орындау барысында әр түрлі материалдарды арналуы бойынша пайдалана білу қолынан келуі керек. Материалтану: металдардың, қорытпалардың құрылымы мен қасиеттері; металдарды тот басу; пластмассалар, ағаштар, рәзеңке және лакпен сырлайтын бұйымдар; материалдарды өңдеу тәсілдері; дәнекерлеу, кесу түрлері; әрлеу және электрфизикалық материалдар. БҚ 3.1, КҚ 3.2
ЖКП 06 Пәнді зерделеу нәтижесінде оқушы міндеті денелердің жағдайын және заттардың газ түріндегі күйлерінің табиғатын; термодинамика, Бойль-Мариотт, Шарль-Гей-Люссак, Дальтон, Гесс заңдарын; электрлиттік диссоциация процестерін; электрлиттер және олардың электр өтімділігін; металдарды электр химиялық тотығудан қорғау тәсілдерін білуі керек; металдарды электр химиялық тотығудан қорғау тәсілдерін жұмыста қолдана білу қолынан келуі керек. Физикалы және коллоидты химия: денелердің кристалдық және аморфтық күйлері; заттардың газ түріндегі күйлерінің табиғаты; идеалды және реалды газ туралы түсінік; заттардың сұйық күйлері; идеалды және реалды ерітінді туралы түсінік; қатты заттың сұйықтықтарда еруі; термодинамика, Бойль-Мариотт, Шарль-Гей-Люссак, Дальтон, Гесс заңдары туралы түсінік; электр химия; электрлиттік диссоциация; электрлиттер мен электр өтімділігі туралы түсінік; металдардың электр химиялық тотығуы және одан қорғану тәсілдері. БҚ 3.1, КҚ 3.2, 3.4
ЖКП 07 Пәнді зерделеу нәтижесінде оқушы міндеті аналитикалық химия мен сапалы талдаудың теориялық негіздерін, сандық талдау әдістерін; талдаудың физика-химиялық әдістерін; көмір байыту процестерін аналитикалық тексерудің тәсілдерін білуі керек; катиондар тобын айыра білу; байыту процесіне арналған минералдар ерітінділеріне сапалық және сандық талдау жүргізу; көмір байыту процестеріне аналитикалық тексеруді жүргізу қолынан келуі керек. Талдаудың химиялық және физика-химиялық әдістері: талдау химиясы мен сапалық талдаудың теориялық негіздері; катиондардың аналитикалық топтары туралы түсінік; аниондар; талдаудың гравиметриялық, титрометриялық, физика-химиялық әдістері туралы түсінік; титрлеудің қышқылдық-негізгі әдісі; шөгу және кешенді пайда болу әдісі; көмір байыту процестерін аналитикалық тексеру; байыту процесі ерітінділерін талдау. БҚ 3.1, КҚ 3.2, 3.4
ЖКП 08 Пәнді зерделеу нәтижесінде оқушы міндеті кристаллография, минералогия және кен жыныстары жіктелуінің негізгі ережелерін; көмірдің және оның құрамындағы жыныстардың химиялық және физикалық қасиеттерін; пайдалы қазбалар кен орындарын іздеу және барлау тәсілдерін; көмір кен орындарын қазу тәсілдерін; байыту кезіндегі көмірдің текстуралық-құрылымдық қасиеттерін білуі керек; байыту барысында көмірдің текстурасы мен құрылымын анықтай алу; пайдалы қазбалардың химиялық құрамы мен физикалық қасиеттерін анықтау қолынан келуі керек. Геология және кен ісі негіздері: Жер және жер қыртысы дамуының басты заңдылықтары; экзогенді және эндогенді геологиялық процестер; кристаллография; минералогия; кен жыныстарын табиғаты бойынша жіктеу; байыту кезіндегі көмірдің текстуралық-құрылымдық ерекшеліктері; көмірдің және оның құрамындағы жыныстардың физикалық қасиеттері; көмір кенорындарының типтері; Қазақстанның негізгі көмір кен орындары; пайдалы қазбалар кен орындарын іздеу және барлау; көмір кенорындарын ашық және жерасты тәсілдерімен қазу. БҚ 3.1, КҚ 3.2
ЖКП 09 Пәнді зерделеу нәтижесінде оқушы міндеті гидравлика және гидродинамика, жылу техникасы негіздерін; көмір байыту фабрикаларын сумен қамтамасыз ету схемаларын; сумен қамтамасыз етуге арналған жабдықтарды; көмір байыту фабрикаларының ауажеткізу принциптерін; компрессорлар мен ауаүрлегіш машиналардың типтерін; қазандық қондырғыларды және олардың қосалқы құрылғыларын білуі керек; сорғылардың, компрессорлардың және ауаүрлегіш машиналардың, қазандық қондырғылардың жұмыстарында, оларға техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді тексеру қолынан келуі керек. Гидравлика негіздері, жылу техникасы мен байыту фабрикаларындағы су-ауалы шаруашылық: гидравлика және гидродинамика негіздері; көмір байыту фабрикаларын сумен қамтамасыз ету; сорғылар және сорғы станциялары; көмір байыту фабрикаларына ауажеткізу, компрессорлар мен ауаүрлегіш машиналарына; көмір байыту фабрикаларында вакуум мен желдетуді пайдалану; жылу техникасының негіздері; қазандық қондырғылар және қосалқы құрылғылар. БҚ 3.1, КҚ 3.1, 3.3, 3.5
ЖКП 10 Пәнді зерделеу нәтижесінде оқушы міндеті стандарттау, метрология және өнім сапасын тексерудің негізгі ережелерін; физикалық шамалардың бірліктерін; өлшеулердің түрлері мен ауытқуларын; өлшеуіш құралдарының техникалық сипаттамаларын; өнім сапасын тексеру және бағалау әдістерін білуі керек; стандарттардың санаттарын, түрлерін айыра білу; өлшеулерді жүргізу кезінде өлшеуіш құралдарын қолдану және ауытқуларды анықтау; өнім сапасын тексеруді жүргізу; құжаттамаларды рәсімдей отырып өнімді аттестаттау, сертификаттау және сынау қолынан келуі керек. Стандарттау, метрология және өнім сапасының негіздері: стандарттау аумағындағы негізгі түсініктер мен анықтамалар; стандарттардың санаты мен түрлері; метрология аумағындағы негізгі түсініктер мен анықтамалар; физикалық шамалардың бірліктері; өлшеулердің түрлері мен ауытқулары; өлшеуіш құралдары және олардың техникалық сипаттамалары; өнім сапасын тексеру; өнім сапасының деңгейін бағалау; өнімді аттестаттау, сертификаттау және сынау. БҚ 3.1, КҚ 3.4, АҚ 3.1
АП 00 Арнайы пәндер    
АП 01 Пәнді зерделеу нәтижесінде оқушы міндеті байыту әдістерін және олардың технологиялық көрсеткіштерін; сусыздандыру, шаңтұту және ағын суларды тазалаудың әдістерін; сынама алудың тәртібін, тексеру мен есепке алуды жүргізуді; көмір байыту фабрикалары цехтарының орналасуын білуі керек; байыту, сусыздандыру, шаңтұту және ағын суларды тазалау процестерін тексеруді әр түрлі әдістерде жүргізу; бөлікшеде байытудың, сынамаларды бөлектеу мен өңдеудің технологиялық процестерін тексеру; көмірлердің байытылғыштығын зерттеу қолынан келуі керек. Пайдалы қазбаларды байыту: байыту әдістері және олардың технологиялық көрсеткіштері; дезинтеграция және шаю арқылы көмір қабаттарын дайындау; байытудың гравитациялық процестері, тұндыру, күрделі ортада байыту, шоғырлауыш үстелдерде байыту, гравитациялық талдау; байытудың магнитті және электрлі әдістері; флотация; байытудың арнайы әдістері; сусыздану, шаңтұту және ағын суларды тазалау; сынамалау, тексеру және есепке алу; көмір байыту фабрикалары цехтарының орналасуы. БҚ 3.2, 3.3, КҚ 3.1, 3.2, 3.3, АҚ 3.3
АП 02 Пәнді зерделеу нәтижесінде оқушы міндеті пайдалы қазбаларды байытудың технологиясын; көмірді дайындау мен байытудың технологиялық процестерінің, қосымша жұмыстардың схемаларын; көмір байыту фабрикаларының жобалау негіздерін; байытудың негізгі және қосымша процестеріне арналған схемалар мен жабдықтарды есептеу мен таңдау принциптерін білуі керек; көмір байытудың негізгі және қосымша процестеріне арналған схемалар мен жабдықтарға есептер жүргізу, таңдау; технологиялық процестерге автоматты тексеру мен реттеуді жүргізу; көмірдің байытылғыштығын зерттеу қолынан келуі керек. Көмір байыту процесін инженерлік қамтамасыз ету: пайдалы қазбаларды байытудың технологиясы; көмірді ұнтақтауға дайындаудың ұсату схемалары; ұсатуға, електеу мен ұнтақтауға арналған жабдықтарды есептеу және таңдау; ауыр ортада байытудың, тұндырудың және флотациялаудың схемалары, осы байыту процестеріне арналған жабдықтарды таңдау; қосымша процестерге арналған схемалар мен жабдықтар; сорғылар мен түйіспелік күбілерін (чандарын), сусыздану схемаларын, реагенттер режимдерін, конвейерлер мен шанақтарды таңдау және есептеу; көмір байыту фабрикаларының жобалау негіздері; цехтар мен жабдықтарды жайғастырудың жалпы принциптері; технологиялық процестерді автоматты тексеру және реттеу. БҚ 3.7 КҚ 3.3, 3.4, 3.5, АҚ 3.1, 3.3
АП 03 Пәнді зерделеу нәтижесінде оқушы міндеті электр жетек теориясының негіздерін; электрлі машиналары мен аппараттарының типтерін; жарықтандыру параметрлерін; диспетчерлік басқару схемаларын білуі керек; электр жабдықтарын дұрыс және қауіпсіз пайдалануға тексеріс жүргізу; көмір байыту фабрикаларында диспетчерлік басқаруды жүзеге асыру қолынан келуі керек. Байыту фабрикаларындағы электр жабдықтар: электр жетек теориясының негіздері; көмір байыту фабрикаларында қолданылатын электрлі машиналары мен аппараттар; электр жетекпен басқару; көмір байыту фабрикаларын электр қуатымен қамтамасыз ету; көмір байыту фабрикаларын жарықтандыру; көмір байыту фабрикаларында диспетчерлік басқару. БҚ3.4, ПК3.3, СК 3.3
АП 04 Пәнді зерделеу нәтижесінде оқушы міндеті көмір байыту фабрикаларының әр түрлі тасымалдау құрылғылары құрылымын, іс-әрекет принципін, қолданылу аумағын; шанақ және қойма шаруашылығын білуі керек; тасымалдау құрылғыларының іс-әрекетін және оларға техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді бақылау қолынан келуі керек. Тасымалдау құрылғылары және қоймалар: үздіксіз жұмыс істейтін тасымалдау құрылғылары; өз салмағының әсерімен тасымалдау; гидравликалық, пневматикалық және арқанды тасылым; көмір байыту фабрикаларының шанақ және қойма шаруашылығы; реагенттерді тасымалдау және сақтау. ПК 3.1, 3.2, СК 3.3
АП 05 Пәнді зерделеу нәтижесінде оқушы міндеті байыту өндірісін автоматты басқару және реттеудің негіздерін; басқару мен реттеудің автоматтандырылған жүйелерін құру принциптерін білуі керек; байыту өндірісінің әр түрлі процестерінің автоматтандыру схемаларын оқу; автоматты басқару және реттеу құралдарының жұмысын тексеру қолынан келуі керек. Өндіріс процестерін автоматтандыру: негізгі түсініктер және анықтамалар; автоматты басқару мен реттеу жүйелерінің жіктелуі; автоматты тексеру аспаптары; реттеуші аспаптар және құрылғылар; ұсату, елеу, жіктеу, ауыр ортада флотациялы, тұндырмалы байыту, сусыздандыру және кептіру, сынамалау процестерін автоматтандыру; автоматтандыру жүйелерін жобалау негіздері. БК 3.4, ПК 3.3, 3.4, СК 3.2
АП 06 Пәнді зерделеу нәтижесінде оқушы міндеті еңбек заңнама, қоршаған ортаны қорғау, өртке қарсы профилактикасын; зақымдану мен кәсіби аурулар жіктелуін; өндірістік қауіптіліктер мен зияндылықтарын; еңбекті қорғаудың басқару жүйесін; жұмыстарды жүргізу барысындағы қауіпсіздік техникасын; қоршаған ортаны қорғау және жер қойнауын тиімді пайдалану бойынша талаптарды білуі керек; қауіпсіздік Ережелерінің талаптарын ұстануды тексеру; жазатайым оқиғаны тергеуге акт құру; зақымданған адамға алғашқы көмек көрсету; атмосфераны ластандыратын заттарды тексеру қолынан келуі керек. Еңбекті, қоршаған ортаны қорғау және табиғатты тиімді пайдалану: зақымдану және кәсіби аурулар; ауырлық дәрежесі мен зардап шеккендер саны бойынша жазатайым оқиғалар жіктелуі; кәсіпорындағы еңбекті қорғаудың басқару жүйесі; өндірістегі және тұрмыстағы жазатайым оқиғаларды тергеу тәртібі; өндірістік қауіптіліктер мен зияндылықтар; байытудың әр түрлі процестерін жүргізу барысындағы қауіпсіздік шаралары; зардап шеккендерге алғашқы дәрігерлік көмек; қоршаған ортаны қорғау және табиғатты тиімді пайдалану; атмосфераны ластандыратын заттарды тексеру. БК 3.7, СК 3.1
АП 07 Пәнді зерделеу нәтижесінде оқушы міндеті өндірістік және технологиялық процестерді ұйымдастыруды; саланың (көмір байыту фабрикасының) материалды-техникалық, еңбек және қаражат ресурстарын, оларды тиімді пайдалану көрсеткіштерін; өнім бағасының құрылу механизмдерін, қазіргі кезең жағдайларындағы еңбек төлемінің формаларын; бизнес-жоспарды дайындау әдістемесін білуі керек; әдістеме бойынша көмір байыту кәсіпорындары (бөлікше) жұмыстарының негізгі техника-экономикалық көрсеткіштерін есептеу қолынан келуі керек. Сала экономикасы: сала және нарықтық экономика; саланың материалдық, еңбек және қаржы ресурстары; саланы басқару, дамудың экономикалық көрсеткіштері; шаруашылық субъекті ретіндегі кәсіпорын; көмір байыту кәсіпорындары ұйымдарының формалары, олардың өндірістік және ұйымдық құрылымдары; негізгі өндірістік және технологиялық процестер; кәсіпорын инфрақұрылымы; кәсіпорын капиталы мен мүлігі; негізгі және айналымдағы қаражат; еңбек ресурстары; нормалау және еңбек төлемі; өндіріс шығындары және өнімнің өзіндік бағасы; бағаның құрылуы; бизнес-жоспар; негізгі техника-экономикалық көрсеткіштерді есептеу әдісі. БК 3.2, ПК 3.1, 3.3, СК 3.2

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 10 шілдедегі
№ 268 бұйрығына 52-қосымша





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-04-04; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 525 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Бутерброд по-студенчески - кусок черного хлеба, а на него кусок белого. © Неизвестно
==> читать все изречения...

950 - | 991 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.