Лекции.Орг


Поиск:




Тақырыбы: Висмут, мырыш, мыс, алюминий және темірдің кешенді қосылыстарының дәрілік препараттарын талдау.

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ

 

 

Фармацевтикалық және токсикологиялық химиялар кафедрасы

Зертханалық сабаққа арналған әдістемелік өңдеу

Бөлім: Табиғаты бейорганикалық дәрілік заттарды талдау

Тақырыбы: Висмут, мырыш, мыс, алюминий және темірдің кешенді қосылыстарының дәрілік препараттарын талдау. барий сульфаты

Курс: 3

Мамандық: 5В110300- «Фармация»

Шымкент

Кафедра мәжілісінде бекітілді

 

Хаттама № «» 2011 ж

  «Бекітемін» __________________ Фарм. и токс. химия каф. меңг., фарм.ғ. д., профессор
Ордабаева С.К.

 

 

 

Тақырыбы: Висмут, мырыш, мыс, алюминий және темірдің кешенді қосылыстарының дәрілік препараттарын талдау.

Мақсаты: Висмут, мырыш, мыс, алюминий және темірдің кешенді қосылыстары дәрілік препараттарының жалпы және жеке қасиеттері негізінде нормативті құжаттар талабына сәйкес фармацевтикалық талдау жүргізуді және сапасына баға беруді үйрету.

Оқыту мақсаты:

· Білім алушыларға дәрілік заттардың жасалуы, алынуы, сақталу және қолдану сатыларында фармацевтикалық талдаудың әдістемелерін үйрету;

· Білім алушыларға дәрілік заттарды талдауда жалпы фармакопеялық әдістерді қолдануды үйрету;

· Білім алушыларға дәрілік заттар сапасына және қауіпсіздігіне нормативті-техникалық құжаттар талабына сай фармацевтикалық талдау жүргізуді үйрету және машықтандыру.

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Мыс, күміс, мырыш, висмут, темір және аллюминий қосылыстарына салыстырмалы мінездеме беріңіз, олардың жалпы қасиеттерінің талдауда қолданылуын көрсетіңіз, медицинада қолданылуы.

2. Аталған топ препараттарының физикалық, химиялық және фармакологиялық қасиеттеріне салыстырмалы мінездеме беріңіз.

3. Препараттардың бактерияға қарсы әсері мен химиялық қасиеті арасындағы өзара байланысқа салыстырмалы баға беріңіз.

4. Препараттарға ерігіштігі бойынша салыстырмалы мінездеме беріңіз.

5. Аталған препараттардың қышқыл- негіздік және тотығу- тотықсыздану қасиеттері.

6. Препараттардағы мыс тұзы, сульфидтер және мышьяк қоспасын анықтау жолдары

7. Мырыш оксиді мен сульфатын дұрыс сақтамаған жағдайда болатын өзгерістерді химиялық тұрғыда түсіндіріңіз

8. Мырыш сульфатындағы темір, мыс, аллюминий қоспаларын қандай химиялық реакция көмегімен анықтайды?.

9. Мыс иондарын қандай аналитикалық реакция арқылы анықтайды?

10. Мыс сульфатының сандық мөлшерін анықтаудың фармакопеялық емес әдістерін ұсыныңыз.

11. Темір препараттарының физикалық, химиялық және фармакологиялық қасиеттеріне салыстырмалы сипаттама беріңіз.

12. Темір препараттарының өзі екендігін анықтау реакциялары

13. МФ Х темір сульфатында қандай қоспаларды анықтауды талап етеді?. Қоспаның түсу көздері, анықтау жолдары.

14. Препараттардың қайсысы кристаллогидрат түрінде қолданылады?. Оларды сақтау кезінде қандай факторларды есепке алу керек? Дұрыс сақталмаған жағдайда сандық мөлшерін анықтау нәтижесіне әсер етеді ме?

15. Висмут негіздік нитратын алу жолы және алу жолына байланысты пайда болатын өзіндік қоспалар

16. Висмут препаратының құрамы неге тұрақсыз?

17. Висмут негіздік нитратының өзі екендігін анықтайтын фармакопеялық және фармакопеялық емес химиялық реакцияларды көрсетіңіз.

18. Алюминийдің фармакопеялық препараттарын атаңыз.

19. Алюминий препараттарының алу жолына байланысты тазалығына қойылатын талаптар

20. Комплексонометрия әдісінде молярлы концентрация қолданылуын қалай түсіндіруге болады?

 

Білім берудің және оқытудың әдістері: Дәстүрлі (бастапқы білімін бақылау, лабораториялық жұмыс, талдау хаттамаларын жазу және қорғау)

Оқу объектісі:

Мырыш оксиді, МФ Х, 738 бет

Мырыш сульфаты, МФ Х, 738 бет

Мыс сульфаты МФ Х, 191 бет

Темір сульфаты, МФ IХ, 182 бет

Темір фумараты

Темір глюконаты

Ферроцерон-

Феррумлек-

Алюминий гидроксиді, МФ IX, 50 бет

Алюминий фосфаты

Висмут негіздік нитраты, МФ Х, 107 бет

Жұмыс орны №1 Мырыш тотығына толық фармакопеялық талдау жүргізу

Жұмыс орны №2 Мырыш сульфатына толық фармакопеялық талдау жүргізу

Жұмыс орны №3 Мыс сульфатына толық фармакопеялық талдау жүргізу

Жұмыс орны №4 Темір сульфатына толық фармакопеялық талдау жүргізу Жұмыс орны №5 Алюминий гидроксидіне толық фармакопеялық талдау жүргізу

Жұмыс орны №6 Алюминий фосфатына толық фармакопеялық талдау жүргізу

Жұмыс орны №4 Висмут негіздік нитратына толық фармакопеялық талдау жүргізу

Әдебиеттер:

Негізгі:

1. А.П. Арзамасцев. Фармацевтическая химия: учебное пособие, 3-е изд., испр. –М.: ГЭОТАР-Медиа, 2006.-640с.

2.Беликов В.Г. Фармацевтическая химия. В 2-х ч: учебное пособие, 4-е изд., перераб. И доп. –М.: МЕДпресс-информ. 2007. -624с.

3.Руководство к лабораторным занятиям по фармацевтической химии: Э.Н. Аксенова, О.П. Андрианова, А.П. Арзамасцев и др. –М.: Медицина, 2001.- 384с.

4.Государственная фармакопея Республики Казахстан

Қосымша:

1.Арыстанова Т.А., Ордабаева С.К. Стандартизация лекарственных средств. Учебное пособие. –Алматы, 2002.-98с.

2. Государственный реестр лекарственных средств.- М.,2001.-1277 с.

 

Азақ тілінде

1. Бейсенбеков А.С. Фармацевтикалық химия оқулығы. Алматы, 1999.-440б.

 

Бақылау:

 

1. Висмут препаратының медицинада қолданылуы:

а) асқазан-ішек жолдары ауруларында антисептикалық, бырыстырғыш зат ретінде;

б) несеп жолдары ауруларында несеп айдайтын және қабынуға қарсы зат ретінде;

в) бронхитте қақырық түсіргіш, муколитті заттар ретінде;

г) бауыр ауруында өт айдайтын зат және гепатопротентор;

д) ОЖЖ ауруларында тыныштандырғыш, тырысқаққа қарсы заттар

 

2. Висмуттың фармакопеялық препараттары:

а) висмут негіздік нитраты;

б) висмут охрасы;

в) висмут жылтыры;

г) висмутил нитраты;

д) висмут гидроксиді;

 

3. Висмут негіздік нитраты құрамының тұрақсыздығын тудыратын себептер:

а) гидролиз реакциясы кезінде аз еритін негіздік тұздардың түзілуі;

б) препараттың минералды қышқылдарда жеңіл еруі;

в) тотығу – тотықсыздану қасиеті;

г) күйдіргенде ыдырау қабілеті;

д) препараттың суда, спиртте ерімеуі;

 

4. Висмут негіздік нитратын күйдіру кезіндегі реакция өнімдері:

а) → Bi2O3 + 2NO2↑ + O2

б) → Bi2S3↓ + KNO3 + H2O

в) → BiNO3(OH)2

г) → BiONO3

д) → BiOOH

 

5. Висмут негіздік нитратының сульфидтермен реакциясы кезінде түзілетін өнімге сипаттама:

а) Bi2S3↓ қара-қоңыр

б) Bi2 O3 қызғыш-сар

в) KHgI4 қанық-қызыл

г) Bi (NO3)3 ақ

д) Bi3S5 көк

 

6. Висмут негіздік нитратын идентификациялайтын фармакопеялық реакциялар:

а) сілтілі метал сульфидтерімен қара-қоңыр тұнба түзілуі және висмут иодидінің артық мөлшері мен қанық-қызыл түсті калий йод висмутиті түзілуі;

б) препаратты күйдіріп, қанық-қызыл түсті висмут охрасын түзу;

в) препаратты минералды қышқылда еріту;

г) препаратты сулағанда көк лакмус қағазын қызыл түске бояуы;

д) тиомочевинамен әсерлесіп, сары түсті ерітінді түзуі

 

7. Висмут негіздік нитратының сандық мөлшерін анықтайтын фармакопеялық әдіс:

а) комплексонометрия

б) гравиметрия

в) сусыз ортада титрлеу

г) аргентометрия

д) нитритометрия

 

8. Висмут негіздік нитратының сандық мөлшерін анықтауда қолданылатын индикатор, титрлеу ортасы:

а) пирокатехин күлгін, рН 2-3;

б) қышқылды хром қанық-көк рН 8-10;

в) қызыл пирогалл рН 4-6;

г) мурексид рН 7-11;

д) ксилен қызғылт рН 8-12;

 

9. Висмут негіздік нитратына сипаттама:

а) аморфты немесе микрокристалды ұнтақ, ақ түсті, иіссіз, суда, спиртте іс жүзінде ерімейді, минералды қышқылдарда жеңіл ериді;

б) көк түсті мөлдір кристалдар, иіссіз, суда жеңіл ериді (1:3), 95% спиртте іс жүзінде ерімейді. Ауада және құрғақ жерде кристалдар ұшып, ашық түске ауысады;

в) пластинка және цилиндр таяқша тәрізді түссіз мөлдір кристалдар, иіссіз, суда өте жеңіл ериді, спиртте ериді. Жарыққа қараяды;

г) түссіз мөлдір кристалдар немесе майда кристалды ұнтақ, бырыстырғыш металды дәмі бар, иіссіз. Суда өте жеңіл ериді, глицеринде ериді (1:10), ауада тозаңданады;

д) ақ немесе сарғыш реңді аморфты ұнтақ, суда, спиртте және сірке қышқылында, сілті ерітіндісінде ериді. өыздырғанда сарғайып, салқындатқанда қайта ақ түске ауысады.

 

10. Мырыш препаратының медицинада қолданылуы олардың қандай қасиетіне негізделген:

а) ақзаттармен альбуминаттар түзіп, әлсіз бырстырғыш құрғатқан әсер көрсетуіне;

б) асқазандағы тұз қышқылының артық мөлшерімен байланысып, антацидті, ауруды басатын әсер көрсетуіне;

в) рентгеноконтрасты қасиетіне;

г) қан тоқтататын қасиетіне;

д) диурезді күшейту қабілетіне

 

11. Мырыштың фармакопеялық препараттары:

а) ZnO; ZnSO4 · 7H2O

б) ZnS; ZnCO3;

в) Zn (Si2O7) (OH)2 · H2O;

г) ZnSO4 · H2O;

д) ZnSO4 · 5H2O

 

12. Кристаллогидраттарға жататын фармакопеялық препараттар:

а) CuSO4 · 5H2O – көк; ZnSO4 · 7H2O – ақ; FeSO4 · 7H2O – жасылдау кристал

б) CuSO4 · 7H2O – жасыл; ZnSO4 ·5H2O - көк; FeSO4 · 2H2O - ақ кристалдар

в) BiNO3 (OH)2; BiONO3 · BiOOH · 10H2O - ақ кристалдар

г) NH2HgCl; HgO; HgCl2 · SH2O сарғыш түсті аморфты ұнтақ

 

13. Дұрыс реакция химизмін көрсетіңіз:

а) Zn(OH)2 + NaOHарт. → Na2 [Zn(OH)4] + NH4OH → Zn(NH3)4 (OH)2 б) ZnSO4 + K4[Fe(CN)6] → Zn+2 [Fe(CN)6]-4 ↓ қызыл

в) Cu(OH)2 + NaOHарт → Na2 [Cu(OH)4] +NH4OH → Cu(NH3)4 (OH) ·↓ сұр-қоңыр

г) 2CuSO4 + K4[Fe(CN)6] → Cu10[Fe(CN)6]-4 ↓ + 2K2SO4 қызыл-сұр

д) FeSO4 + K3[Fe(CN)6] → [Fe(CN)6]-3 ↓ қанық-көк

 

14. Төменде келтірілген реакция теңдеуі мырыш қосылыстарына ғана тән спецификалық реакция:

а) Ринман көгі түзілуі реакциясы

б) Берлин лазурі түзілу реакциясы

в) Шифф негізі

г) Иодоформ сынағы

д) диазобояу түзілуі

Co(NO3)2 + Zn+2 → CoZnO2 + NO2 ↑ + O2

 

15. Түзілген өнімі ақ тұнба беретін реакция:

а) Fe+2 + Na2S → FeS↓

б)Zn+2 + Na2S → ZnS↓

в) Bi+3 + Na2S → Bi2S3

г) As+3 Na2S → As2S3

 

16. Висмут негіздік нитратының сандық мөлшерін анықтайтын әдіс пен индикатор:

а) комплексонометрия, күлгін пирокатехин

б) бейтараптау, метил қызғылт

в) комплексонометрия, қышқылды хром қара арнайы

Г) иодометрия, крахмал

Д) перманганатометрия

 

17. Висмут негіздік нитратының сандық мөлшерін анықтауда қолданылатын индикатор:

а) күлгін пирокатехин;

б) қышқылды хром қара арнайы;

в) мурексид;

г) фенолфталеин;

д) метил қызғылт

 

18. Қандай реакцияда қателік бар:

а) Cu(OH)2 + NaOHарт → Na2 [Cu(OH)4] + NH4OH→ Cu(NH3)4(OH)2

б) Zn(OH)2 + NaOHарт → Na2 [Zn(OH)4] + NH4OH → Zn(NH3)4 (OH)2

в) Al(OH)3+3NaOHарт→ Al(ONa)3 + 3H2O + NH4OH → [Al(NH3)6(OH)4

г) Fe(OH)3+3NaOHарт→Fe(ONa)3+3H2O + NH4OH → [Fe(NH3)6] (OH)6

 

19. Суда жақсы еритін препараттар:

а) ZnSO4 · 7H2O; CuSO4 · 5H2O; FeSO4 · 7H2O; AgNO3

б) BiNO3 (OH)2; BiONO3; BiOOH; ZnO

в) HgO; BiONO3

г) BiO (NO3) · H2O; Al (OH)3 · H2O; ZnO

 

20. Төмендегі реакция теңдеуіндегі жіберілген қателік:

а) ZnSO4 + K4[Fe(CN)6] → Zn+2[Fe(CN)6]-4 ↓ сарғыш

б) 2CuSO4 + K4[Fe(CN)6] → Cu2[Fe(CN)6]-4↓ + 2K2SO4 қызыл-сұр

в) FeSO4 + K3[Fe(CN)6] → KFe [Fe(CN)6] ↓ қанық-көк

г) AgNO3 + K3[Fe(CN)6] → KAg[Fe(CN)6]↓ қанық-қызыл

 

21. Мыс сульфатының сандық мөлшерін анықтайтын фармакопеялық әдіс:

а) иодометрия

б) комплексонометрия

в) нейтрализация

г) нитритометрия

д) перманганатометрия

 

22. Қай препараттың сандық мөлшерін рН 2-3 аралығында, күлгін пирокатехин индикаторы қатысында комплексонометрия әдісімен анықтайды:

а) висмут негіздік нитраты

б) мыс сульфаты

в) мырыш сульфаты

г) күміс нитраты

д) темір сульфаты

 



<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Жеребец 2008 г.р. от 300 000 – 900 000 т.р. | Элективтік циклді өткеннен соң нәтижелер бойынша тәжірибелік дағдылардың бағалауының нышандар
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-04-04; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 740 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Стремитесь не к успеху, а к ценностям, которые он дает © Альберт Эйнштейн
==> читать все изречения...

744 - | 738 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.