Лекции.Орг


Поиск:




Студент-практиканттың міндеттері мен құқы




ТҮСІНІК ХАТ

Қоғамдағы жаңа әлеуметтік – экономикалық жағдай, әлемдік мәдени – білім кеңістігіне ену, өркениетті елдердегі педагогика ғылымы және білім беру жүйесі дамуының қазіргі кездегі тенденциялары, әлемдік деңгейдегі педагогика және психология ғылымында жинақталған тәжірибелерді талдау нәтижесі мұғалім мамандығына сапалы етіп дайындауды қажет етеді.

Бүгінгі күннің мұғалімі қазіргі өзгермелі әлеуметтік жағдайға тез бейімделіп, шығармашылықпен ойлай білетін, педагогикалық процесті жүйелі түрде алдын – ала болжай алатын, оқушылармен ынтымақтаса отырып, кәсіби психологиялық – педагогикалық қызметті дара шығармашылық тұрғыда жасауға бағытталған болуы керек.

Болашақ мұғалім мамандығын дайындау жүйесінде педагогикалық сараман негізгі рөл атқарады. Ол жоғары оқу орнынының тұтас педагогикалық процестен бөлінбейтін бөлігі бола отырып, мұғалімді дайындаудың теориялық және практикалық бірлігін қамтамасыз етеді.

Бұл әдістемелік нұсқаулық «Қазақстан Республикасының жоғары педагогикалық білім беру Тұжырымдамасына», М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетініңі «Кәсіби сараманды ұйымдастыру ережелеріне» және 5В010900 – Математика мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын 1-4 курс студенттеріне арналған оқу сараманының жұмыс бағдарламасы сәйкес әзірленген.

Кәсіби сараман университетте окыту процесінде алынған теориялық білімді бекітуге, практикалық дағдылары мен жетік білімділіктің қалыптасуына, сонымен қатар озық тәжірибені игеруге бағытталған.

Педагогикалық сараман: Тұжырымдаманың жетекші идеяларын іске асыруға; білім беруді ізгілендіру, демократияландыру және интеграциялау идеяларын ендіруге, оқу орнының педагогикалық процесіндегі болашақ мұғалімнің тұлғалық, белсенді – шығармашылығын, кәсіби құзырлығын қамтамасыз етуге жағдай жасайтын жоғары оқу орнындағы оқу – тәрбие іс – әрекетінің барлық жүйесін бағдарлауға; оқу – тәрбие жұмысын шығармашылықпен ұйымдастыруға жағдай жасайды.

Педагогикалық сараман мына шарттар арқылы өткізіледі:

- мұғалімнің кәсіби іс – әрекетінің обьектісі – тұтас педагогикалық процесті түсіндіруге бағытталған, теориялық және практикалық дайындықтың өзара байланысы;

- студент оқу іс – әрекетінің біртіндеп күрделенуіне байланысты бірінші курстан бітіруші курсқа дейін педагогикалық практиканы ұйымдастырудың жүйелілігі, кезеңдері. Кәсіби дайындаудың әрбір кезеңінде оқыту міндеттерінің тереңдетілуі, теориялық жағынан қамтамасыз етілуі, студенттердің өз бетінше жұмыс істей білу деңгейі және олардың дара ерекшеліктерін ескеру негізі болып табылады.

- Психологиялық – педагогикалық ғылымдарының және практикасының классикалық, сонымен бірге инновациялық жетістіктерінің интеграциясы.

- Бірінші курстан бастап бітіруші курсқа дейін педагогикалық практиканың барлық түрін өткізу процесінде болашақ мұғалімді ғылыми – зерттеу жұмысына бағыттау;

- Педагогикалық сараманның болашақ мұғалімнің нақты мамандығына қарай бағытталуы.

 

 

Педагогикалық сараманның мақсаты:

Жалпы ғылыми, мәдениеттілік, психологиялық педогогикалық, әдістемелік және арнайы пәндер бойынша білімдерін тереңдету және сонымен қатар теориялық білім негізінде педагогикалық, дағды мен құзіреттілігін қалыптастыру.

Педагогикалық сараманның міндеттері:

 Тұтас педагогикалық процесті басқаруға мұғалімнің дайындығын қалыптастыру;

 Мектептің, сыныптың тұтас педагогикалық процесс жағдайы және оқушы тұлғасы сын қалыптастыру және диагностикасын жүргізу үшін жалпы педагогикалық және жалпы психологиялық білім, іскерлік, дағдыларды жетілдіру;

 Пән мұғалімдерінің, оқушылармен психологиялық қызметтің қызметкерлерімен ата – аналарымен ынтақтастықта болу;

 Педагогикалық құзырлығын (ұйымдастырушылық, коммуникативтік, құрастыра білушілік, қолданбалы және басқалары) дамыту және қалыптастыру;

 Кәсіби педагогикалық және тұлғалық кәсіби іскерліктерін дамыту (сабақты оқыту, дамыту және тәрбиелік міндеттерін, өз мамандығының пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстардың міндеттерін шешу және анықтай білуі);

 Дәстүрлі және жаңашыл технологияларын оқыту әдістерін үйлесімдікте пайдалану;

 Педагогикалық іс – әрекеттің шығармашылық, зерттеушілік қалыптасыру;

 Тұтас педагогикалық процесті жүзеге асыру дайындығына өзіндік баға беруді қалыптастыру;

 Кәсіби біліктілігін дамытуды жоспарлай білуді және оны нарық жағдайындағы білім беруде жүзеге асыру.

 

Екінші бөлім

Бакалавриат даярлаудағы білім берудің негізгі бағдарламасы құрылымындағы педагогикалық сараманның орны.

Педагогикалық сараман университетте оқытылған педагогика, психология, математиканы оқыту әдістемесі, психологиялық – педагогикалық пәндерден алған теориялық біімдерін бекітіп, тереңдету, осы білімдерді оқушылармен оқу-тәрбие жұмыстарындағы іс-тәжірибеде пайдалануды үйретуге бағытталады. Жалпы педагогикалық сараман жалпығылыми, дидактикалық, әдістемелік, пәндік және психолого-педагогикалық даярлықтардың бірігуіне негізделеді.

Студенттердің педагогикалық практикасын ұйымдастыру мен оған жетекшілік ету

Педагогикалық практиканы факультет деканы, кафедраның педагогикалық практика жетекшісі ұйымдастырады. Педагогикалық практиканың алдында ұйымдастыру конференциясы өткізіліп, оған математика және физика, педагогика мен психология кафедрасының әдіскер-ғалым мамандары, оқытушылары қатысады. Онда студенттер практиканың алдына қойылған міндет-мақсатымен, жалпы тәртібімен танысады.

Педагогикалық практика жетекшілерінің атқарар міндеттері:

Кафедра бойынша педагогикалық сараман жетекшісінің қызметі:

1.Педагогикалық сараман өткізілетін мектептерді уақтылы анықтап, олармен байланыста болу.

2.Студенттерді практика өткізілетін мектептерге бөліп, олардың педагогикалық практикаға шығатыны жөнінде ректор атына мәлімдеме дайындап, әдіскерлер тағайындау.

3.Педагогикалық сараман алдындағы ұйымдастырушы және қорытынды ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастыру, әдістемелік жадығаттар негізінде көрмелер ұйымдастыру.

Әдіскерлерге ғылыми-әдістемелік көмек көрсетіп, басшылық жасау, семинарлар мен кеңестер өткізу.

Әдіскер – оқытушылардың және мектеп әкімшілігі мен пән мұғалімдерінің практика барысында өз міндеттерін жауапты орындауын қадағалау.

4.Студенттердің кейбір сабақтары мен сыныптан тыс жұмыстарына қатысу.

5.Топ жетекшілерінің тапсырған құжаттарының негізінде мектеп қызметкерлерінің ақысын, өзге құжаттарын уақытылы тапсыру.

6.Педагогикалық сараман жұмысының аяқталуымен байланысты есеп дайындап, оны кафедра кеңесі мен ғылыми-әдістемелік кеңесте талқылауға ұсыну.

 

Пән бойынша әдіскер-оқытушының міндеті:

1. Сараман жетекшісі сараманның алдында білім алушылардың қажетті дайындығын ұйымдастырады, Ұйымдастыру және қорытынды конференцияға қатысу.

2.Студенттерді мектеп мұғалімдерімен келісе отырып, сыныптарға бөлу.

3.Студент-практикант өткізетін пәндік сабақтың,факультативтік сабақтың және сыныптан тыс жұмыстардың жоспарлы кестесін жасау.

4.Студент-практиканттардың сабаққа, пән бойынша сыныптан тыс жұмыстарға қатысып, оған талдау жасауларын ұйымдастыру.

5.Студенттермен консультациялар ұйымдастырып, оның сабақ жоспарымен конспектісін дағдылы тексеріп, бекітіп отыру.

6.Студенттердің танымдық қабілетін, белсенділігін арттыруда түрлі әдістерді қолданып, қазіргі сабақ үлгісін өткізуді ұйымдастыру, әр сабақтың танымдық, дамытушылық, тәрбиелік мақсатына көңіл бөлудге үйрету.

7.Студенттермен мектепте өтілетін семинарлар мен әдістемелік кеңеске қатысу.

8.Студент-практикант өткізген сабаққа қатысып, оған талдау жасау.

9.Студент-практиканттардың оқу-тәрбие жұмыстарын педагогика-психология, физиология кафедраларының оқытушыларымен, мектеп мұғалімдерімен келісе отырып бақылау.

10.Мектеп мұғалімдеріне студент-практиканттармен жұмыс жасау барысында ғылыми-әдістемелік көмектер ұйымдастыру.

11.Студентердің оқу-тәрбие жұмысы бойынша құжаттарын тексеріп, қорытынды бағаларын қою.

12.Сараман жетекшісіне сараман соңындағы топтың есебі мен мектеп қызметкерлеріне төленетін ақысын құжаттарын уақытылы тапсыру.

13.Сынақ құжаты мен кітапшасына студенттердің тиісті бағаларын қою.

 

Мектеп әкімшілігі мен мұғалімдердің міндеті:

 

Мектеп директоры мен оқу ісі жөніндегі орынбасарының міндеттері:

Педагогикалық практиканың көңілдегідей өтуіне жағдай жасау, кезекті практиканың өтуі туралы мектеп мұғалімдерімен, өзге қызметкерлермен, оқушылармен жұмыс жүргізу.

Студент практиканттардың педагогикалық кеңес жұмысына, ата-аналар комитетінің отырысына қатысуына мүмкіндік жасап, олардың жұмыс жоспарларымен таныстыру.

Студент-практиканттың кейбір сабағына, тәрбие жұмысының біріне қатысып, оған талдау жасау.

Педагогикалық сараманның аяқталуымен байланысты мектепте педагогикалық кеңес өткізіп, мүмкіндік болса, университеттегі конференцияға қатысу.

 

Пән мұғалімінің міндеті:

 

Мұғалім студент-практикантқа өзінің педагогикалық қызметі, жұмыс жасау стилі туралы айтып, оқу-тәрбие жұмысының жоспарларымен таныстыру, өзі сабақ беретін сыныптарда үлгілі сабақтар өткізіп. Оны студентпен бірге талдау.

Сабаққа даярлану үстінде студент-практикантқа көмектесіп, кеңес беріп отыру, сабақ жоспарын тексеру, бекіту.

Әрбір студенттің сабағына қатысып, талдау жасап, өз бағасын беру.

Студенттерге жеке жұмыс жасауды, үйірме жұмысын, дәптер тексеру, көрнекі құралдар жасау, т.б. жұмыстарды ұйымдастыру.

Студенттерді бағалап, мінездеме беру.

Мектептегі педагогикалық практиканың аяқталуымен байланысты кеңеске қатысады, сонымен қоса мүмкіндігі болса, университеттегі конференцияға да қатысу.

Студент-практиканттың міндеттері мен құқы

 

Студент – практиканттың құқығы:

Студент-практикант кез-келген жағдайда өзін ойландырған сұрақтар төңірегінде педагогикалық практика жетекшісіне, кафедра меңгерушісіне, факультет деканына, мектеп әкімшілігіне, мұғалімдерге жолығуға.

Оқу-тәрбие үрдісін жетілдіру мен практиканы ұйымдастыру туралы өз пікірін ортаға салуға, ұсыныс айтуға.

Унивеситеттегі өзіне қажетті кафедра мен кабинеттерден әдістемелік көмек алуға.

Мектеп кітапханасы мен кабинетіндегі бар құралдарды, көмекші жадығаттарды пайдалануға.

Студент- практиканттардың пән – мұғалімі және сынып жетекшісі ретіндегі міндеттері:

1.Бойына мұғалімге тән жақсы қасиеттерді қалыптастырып, оқу- тәрбие жұмыстарын жүргізе алатындай, кәсіби дайындыққа ие болуға.

2.Мектептің ішкі тәртібіне бағынуға, мектеп әкімшілігімен топ жетекшісінің талабын орындауға.

3.Өзіне жүктелетін жұмыс түрлерін уақытылы орындауға.

4.Өзіне тиісті оқу-әдістемелік құжаттарын уақытында дайындап отыруға.

5.Мектептегі педагогикалық практиканың қорытындысы бойынша өткізілетін кеңеске, университеттегі конференцияға қатысуға.

6.Педагогикалық практикадан кейінгі тапсырылуға тиіс құжаттар мен сынақ кітапшасын топ жетекшісіне белгіленген мерзімде тапсыруға.

Әрбір топ практика барысында өздерінің старостасын сайлайды.Олай болса, староста студенттердің қатысын есепке ала отырып, топ күшімен істелінетін жұмыстарды ұйымдастыруға міндетті.

 

Үшінші бөлім:

Педагогикалық практиканы ұйымдастырудың базасы мен мерзімі

Педагогикалық практиканың базасы-ЖББОМ, мектеп гимназиялары,мектеп-лицейі болып табылады.

4 курс студенттерінің мемлекеттік педагогикалық практикасы 8 семестрде 10 апта бойы өтеді.

Бітіруші курстағы педагогикалық практика мектептегі оқу – тәрбиелік процесін ұйымдастырудағы алдыңғы практиканың үйлесімді аяқталуы болып табылады және тұтас педагогикалық процесті басқарудағы білім, іскерлік және дағдыны меңгеруге және диплом жобасы бойынша тәжірибе жұмыстарын өткізуге бағытталған

 

Төртінші бөлім:

Педагогикалық сараман нәтижесінде студенттерде қалыптасатын кәсіптік құзіреттіліктер

Құзіреттілік қалыптастырылады:

― жоспарлау, болжау, оқыту мен тәрбиелеу процестерінің негізгі компоненттерін талдау;

― оқыту құралдарының дидактикалық мақсаты мен қызметі және қолданатын әдісіне сәйкес дәрежесін анықтау;

― әдістемелерді ұйымдастыру мен әр түрлі формаларын қолдану және оқу;

― танымдық, еңбектік, қоғамдық, табиғатты қорғау, денсаулық сақтау, ойындық және басқа да оқушылар іс - әрекенінің түрлері;

― оқушыларға оқу кезінде және тәрбие жұмысы барысында оның жеке

дамуын іске асыру;

― педагогикалық процесс жағдайына педагогикалық диагностика өткізу.

Меңгереді:

- Құжаттар /мемлекеттік стандарт, оқу, тақырыптық, сабақ жоспары, пән бойынша сабақтан тыс жұмыстардың жоспары, тәрбие жұмысының жоспары т.б/;

- Өзі бекітілген сынып оқушыларының адамгершілік тәрбиесінің деңгейі;

- Жоғары сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктері;

- Оқу – тәрбие іс – әрекеттерінің психологиялық аспектісі /сабақтың психологиялық құрылымы, оқушылардың қызығушылығы, педагогтік этика, танымдық іс – әрекеттің ерекшеліктері, қарым – қатынас, сабақтың микроклиматы/

- Пән бойынша оқудан және сыныптан тыс жұмыстар жүйесі;

- Пән бойынша оқушылардың іскерлігі, білім деңгейі;

- Сыныптағы тәрбие процесі / жоғары сынып оқушыларының даму заңдылықтарын есепке алу, субьект – субьекттік қатынас, жеке тұлғаның әлеуметтік белсенділігі, қызығушылығы және мінез – құлық тәртібі /;

Іске асырады:

- Пән мұғалімінің және сынып жетекшілерінің іс – әрекеті;

- Жаңа технологияларды пайдаланып өткізілген сабақтан психологиялық – педагогикалық талдауы;

- Оқытудың интерактивтік әдістері, қазіргі инновациялық технологияларды пайдаланылған оқыту әрекеттері;

- Оқыту әдістерін және қазіргі компьютерлік технологияларды пайдалану;

- Ата – аналармен жұмыс әдістері мен жекеленген түрлерінің ынтымақтастық негізінде оқу – тәрбиелік үрдісін ұйымдастыру /ата – аналар жиналысына дайындық, сұхбаттасу, сауалнамалық сұрақ/;

- Оқушылармен кәсіби бағдарлық жұмыстар;

- Жалпы мектептік тәрбиелік іс – шаралардың психологиялық – педагогикалық талдауы;

- Пән бойынша оқушылардың жалпы мектептік іс – шаралар өткізу және дайындық /пәндік кештер, апталық, олимпиада, конкурстар, білім күні;

- Ұжымдық шығармашылық іс – әрекет негізінде жалпы мектептік тәрбиелік іс – шаралар өткізу тақырыптар кештер, күзгі баллдар және т.б.

Қатысады:

- Мектептің педагогикалық кеңесінің жұмысы;

- Пән мұғалімдерінің әдістемелік бірлестік жұмыстары;

- Сынып жетекшісінің семинар жұмыстары;

- Кіші педагогикалық жұмыстары /студенттердің/;

- Оқыту іс – әрекетінің анализі және өзіндік анализі;

- Оқушылармен тәрбие жұмыстарының анализі және өзіндік анализі.

Педагогикалық практиканың мазмұны мен көлемі

Негізгі бағыттары:

- мектептегі оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырумен танысу;

- сынып ұжымын және жеке оқушыларды психологиялық-педагогикалық зерттеу;

Педагогикалық практика барысында:

- сынып жетекшісі және алдыңғы қатарлы мұғалімдердің жұмыс тәжірибесін жинақтау және педагогикалық тәжибелерді талдау;

- педагогикалық қызметті жоспарлау;

- оқушылармен тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру;

- пән бойынша оқу және сыныптан тыс жұмыстар;

- ата-аналармен жұмыс;

- студенттердің әдістемелік және зерттеушілік қызметі;

- оқушылармен тәрбие жұмысына, кәсіби жарамдылығына өздік баға.

Бітіру практикасының ерекшеліктері:

Студент-практикант:

- сыныптағы және мектептегі оқу-тәрбие үрдісінің жағдайын зерттейді;

- сыныптың біріндегі сынып жетекшісінің қызметімен танысады (әңгіме, мектеп құжаттары, бақылау, тәрбие жұмысының жоспарын зерттейді т.с.с);

- сынып ұжымын зерттейді (диагностикалық картамен жұмыс);

- педагогикалық практика барысында тәрбие қызметін жоспарлайды;

- оқушылардың қызығушылығын ескере отырып, сынып ұжымында (КТД) ұжымдық шығармашылық істерді жасап, өткізіп және талдайды;

- сынып жетекшілері әріптестерінің ұжымдық шығармашылық істеріне қатысып және талдау жасайды;

- педагогикалық практика бойынша есеп беруге дайындалады.

Студент-практикант жоғарыда көрсетілген бағыттар бойынша өзінің педагогикалық қызметін жетілдіреді, сондай-ақ:

- оқушылардың жасын және қызығушылығын ескеріп, кәсіптік бағдар қызметін жүзеге асырады;

- сынып жетекшілерінің, мұғалімдердің тәжірибесін зерттеу.

Дайындық кезеңі:

-педагогикалық практиканың тұрақтандыру конференциясына қатысып,педагогикалық практиканың жағдайымен және орнымен танысу (оқушылармен, педагогтармен кездесу);

- практикаға шығар алдындағы оқушылардың кеңесі және тренингтер;

- педагогикалық практиканың іс қағаздарымен танысу.

- практиканттар жеке бағдарламаларын дайындау.

Негізгі кезең:

- Сабақтардың конспектілерін құру.

- Дидактикалық жадығаттарды таңдау, көрнекі құралдарын жасау

- Мамандыққа сәйкес пән бойынша сыныптан тыс тәрбиелік шараларды дайындау және өткізу

- оқушылар ұжымына диагностика және педагогикалық практика барысында жұмыс жоспарын жасау;

- диагностикалық карталар көрсеткіштері негізінде қызметті жоспарлау;

- инварианттық модель бойынша жасалынған педагогикалық сценарилер жасау негізінде ұжымда қызметті ұйымдастыру, оларды өткізу;

- міндетті ұжымдық шығармашылық істердің кешенін (даму қажеттілігін ескере отырып, оқушылардың ынтасы, мектептің жоспарлар болжамы, сынып жетекшілері) орындау;

- өзіндік қызметінің нәтижесіне талдау жасау;

Қорытынды кезең:

- есеп беру құжаттарын дайындау;

- практикадан кейінгі өзін-өзі кәсіби дамыту үшін жеке міндеттерді

қысқа әрі дәл жеткізу.

-педагогикалық практика нәтижесін қорытындылайтын комиссияға практика документтерін даярлау.

-практиканың нәтижесін талқылауға арналған қорытынды конференцияға қатысу.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-04-04; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 2212 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Так просто быть добрым - нужно только представить себя на месте другого человека прежде, чем начать его судить. © Марлен Дитрих
==> читать все изречения...

1015 - | 835 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.008 с.