Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Адвокатура пәнін оқытудың нәтижелеріне қойылатын талаптар

АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М.Х. Дулати атындағы ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

 

  «Бекітемін» Азаматтық және азаматтық іс жүргізу құқығы кафедрасының меңгерушісі _____________ Тлебаева Г.М. «_____» ____________2015ж.

 

 

МОДУЛЬ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

(СИЛЛАБУС)

 

Мамандық: 5В030100- «Құқықтану», 5В030200- «Халықаралық құқық»

Дайындау бағыты – «Азаматтық құқықтық», «Қылмыстық құқықтық», «Халықаралық құқық»

Модуль М12ЮП, М15МП Кредит саны (KZ/ECTS): 2/4

Модуль пәндері (семестрде оқытылатын пәннің атауы және көлемі - кредит саны)

1 «Адвокатура» / 2 кредит / 6 семестр

Маман дайындап шығаратын кафедра: «Азаматтық және азаматтық іс жүргізу құқығы», «Қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу құқығы»

Модуль бойынша оқыту бағдарламасын дайындауға жауапты кафедра: « Азаматтық және азаматтық іс жүргізу құқығы»

Модульге жауапты оқытушы(лардың) аты-жөні

1. Тұрғынбек Г.Р. e-mail: turgynbek_79@mail.ru

 

Тараз, 2015

Оқыту бағдарламасы жоғары оқу орындарының студенттері үшін әзірленген «Адвокатура» пәнінен Типтік оқу бағдарламасы негізінде жасалған.

Модульдің мақсаты мен міндеттері

Тиісті сала бойынша кәсіби дағдыларды игеру: кеңес заманында және қазіргі уақытта Қазақстанда адвокатураның қалыптасуы, даму кезеңдері туралы, адвокаттар алқасы мен оның органдарының заңи тұрпаты, олардың мемлекеттік органдармен қарым-қатынасы, адвокаттардың құқықтары мен міндеттері туралы қажетті білім көлемін беру. Сонымен қатар, адвокаттық қызметтің негізгі бағыттары туралы дұрыс көзқарасты қалыптастыру, қылмыстық істерде қорғаушы, азаматтық істерде өкіл ретіндегі адвокат қызметінің ерекшеліктеріне назар аудару. Пәнді дұрыс оқып, түсіну студенттерде заманауи қазақстандық адвокатураның қазіргі жағдайы туралы толық және объективті көзқарастарын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Студенттердің бұл пәнді меңгеруі - азаматтар мен ұйымдарға жоғары білікті заң көмегін көрсету бойынша қызметті іске асырудың құқықтық, тактикалық және психологиялық аспектілерін зерделеуіне ықпал етеді. Бұл модульдың мақсаты: заңнаманы қолдану дағдысын дамытуға, адвокаттың сотқа дейінгі және сотта іс жүргізу сатыларындағы қызметінің ерекшеліктерін зерттеуге; адвокат қызметінің тәжірибелік дағдыларын үйрету (іс жүргізушілік және өзге де құқықтық құжаттарды дайындау, дәлелдемелермен жұмыс істеу, келіссөздер жүргізу және т.б.); шығармашылық ойлау қабілетін қалыптастыруға ықпал ету; студенттерге өзінің кәсіби дайындығының деңгейін арттыруға және заңдарды дұрыс қолдану мен түсіндіру қабылетін дамыту.

 

Пәннің модулі бойынша пререквизиттері мен постреквизиттері / модуль

1. Адвокатура - пререквизиттері: ҚР Азаматтық іс жүргізу құқығы, ҚР Қылмыстық іс жүргізу құқығы

2. Адвокатура – постреквизиттері: Атқару өндірісі

Модульдің формуляры

  Пәннің циклы, модульдің аты және реттік номері М12ЮП - Кәсіптендіру пәндері
  Модульдің білім беру нәтижелері (құзіреттілігі) ЖҚ-3 өз ойын анық және дәлелді жеткізе алу қабілетін қалыптастыруға, білім алуды жалғастыру мен кәсіби қызметті жүргізу қабілетін арттыруға, өзін-өзі дамытуға, өз біліктілігін жоғарылатуға үйрету. КҚ-2азаматтық құқық, азаматтық іс жүргізу құқығы және өзге де қолданыстағы заңнама нормаларының жалпы қағидаларын қолдана білу; азаматтық іс жүргізу және басқа да құқықтық қатынас салаларындағы теориялық және тәжірибелік сипаттағы заңи мәселелерді шешу мен сараптай білу; дәлелдемелердің жүйесін, дәлелдемелерді саралаудың теориялық негіздері мен тәжірибелік мәнін білу және азаматтық істер бойынша дәлелдемелердің қатыстылығын, жарамдылығын және ақиқаттылығын бағалауды меңгеру. КҚ-3сотта азаматтық айналым қатысушыларының мүдделерін білдіру үшін қажетті заңи фактілер мен мән-жайларды интерпретациялау дағдысын игеру; заңи құжаттарды дайындай білу.
  Модуль пәндері (номері және атауы) М12ЮП Адвокатура
  Кредит саны KZ / ECTS 2 /4  
  Оқыту семестрі  
  Академиялық сағаттар бойынша сабақтардың түрлері, оның ішінде: Дәрістер Практикалық СӨЖ (ОСӨЖ)   Лекция - 15сағат тәжірибелік сабақ - 15 сағат СӨЖ – 60 сағ., оның ішінде ОСӨЖ – 15 сағ., барлығы – 90 сағ.
  Студенттің білімін тексеру түрлері Дифференциалдық сынақ
  Пән бойынша сабақты ұйымдастыратын кафедра Азаматтық және азаматтық іс жүргізу құқығы

Модульдің білім беру нәтижелері (құзіреттілігі) жалпы (ЖҚ-ОК) пен кәсіби (КҚ-ПК) құзіреттіліктерден мамандық модулінің мазмұнына байланысты алынып жазылады.

Адвокатура пәнін оқытудың нәтижелеріне қойылатын талаптар

Модульдің құзіреттілігі (формуляр номері) Құзіреттерілік талаптарын меңгеру үшін пәнді оқытудың жоспарланған қажетті нәтижелері Бақылау түрі (бағалаушы құрал), сабақтың номері және түрі
     
ЖҚ-3 өз ойын анық және дәлелді жеткізе алу қабілетін қалыптастыруға, білім алуды жалғастыру мен кәсіби қызметті жүргізу қабілетін арттыруға, өзін-өзі дамытуға, өз біліктілігін жоғарылатуға үйрету.   ЖҚ 3.1 –шығармашылықойлау қабілетін дамыту, ситуативтік тапсырмалар бойынша өз айқындамасын қалыптастыра білу дағдысын меңгеруі Семинар сабақтарында жеке және топтық тапсырмаларды орындау
ЖҚ 3.2 -болашақ мамандығының әлеуметтік маңыздылығын ұғыну және жеткілікті дәрежеде құқықтық сананы игеруі Силлабуста көзделген талаптарды орындау
ЖҚ 3.3 –кәсіби заң қызметінің рөлі мен маңызын бағалай білу,білікті заң көмегін көрсету үшін қажетті жалпы кәсіби дағдыларды меңгеру. Қосымша материалдар оқу
ЖҚ 3.4 - сөйлей білу дағдысын қалыптастыру мақсатында арнайы әдебиеттерді зерделеу Қосымша материалдар оқу
СӨЖ №3 орындау
ЖҚ 3.5 –заңи түсініктер мен санаттарды қолдана білу, заңи фактілерді және оған байланысты туындаған құқықтық қатынастарға талдау жасау, құқықтық нормаларды дұрыс түсіну, қолдану және құқық нормаларына талдау жасай алу қабілетін дамыту, шешім қабылдау және заңға сәйкес іс-әрекеттер жасау қабілетін арттыру Семинар сабақтарында жеке және топтық тапсырмаларды орындау
СӨЖ №1 орындау
ЖҚ 3.6- өз жұмысын ұйымдастыра білу, берілген тапсырмаларды орындаудың әдіс-тәсілдерін таңдай білу және олардың сапасы мен тиімділігін бағалай білу Силлабуста көзделген талаптарды орындау
ЖҚ 3.7 –кәсіби және жеке тұлғалық дамудың міндеттерін жеке өзінің анықтай білуі, біліктілігін арттыруды саналы түрде жоспарлай білу Лекция және семинар сабақтарына, аралық бақылауға дайындалуда материалдарды өздігінен меңгеру
КҚ-2азаматтық құқық, азаматтық іс жүргізу құқығы және өзге де қолданыстағы заңнама нормаларының жалпы қағидаларын қолдана білу; азаматтық іс жүргізу және басқа да құқықтық қатынас салаларындағы теориялық және тәжірибелік сипаттағы заңи мәселелерді шешу мен сараптай білу; дәлелдемелердің жүйесін, дәлелдемелерді саралаудың теориялық негіздері мен тәжірибелік мәнін білу және дәлелдемелердің қатыстылығын, жарамдылығын және ақиқаттылығын бағалауды меңгеру; адвокаттық қызметтің тактикалық және психологиялық аспектілерін білу.   КҚ 2.1 – адвокаттық қызметтің мәні, мақсаты мен міндеттері және құқықтық негіздері туралы жалпы ережелерді білу. Негізгі материалды игеру: кіріспе лекция, Лекция №1, семинар №1
Қосымша әдебиеттерді оқу (ҚР заңдарын)
КҚ 2.2 –адвокатураның қалыптасуы мен дамуы туралы және оның тарихи-құқықтық алғышарттарын білу. Негізгі материалды өздігінен меңгеру және дәрістерге қатысу Лекция №2, семинар №2
КҚ 2.3 –адвокаттық қызмет негізделетін қағидалардың мазмұнын білу, адвокаттық қызметті ұйымдастыру нысандарының түрлерін зерделеу. Негізгі материалды өздігінен меңгеру және дәрістерге қатысу Лекция №1, семинар №1
КҚ 2.4 –Қазақстан Республикасында адвокаттық қызметті жүзеге асыруға жіберу туралы, адвокаттардың құқықтары мен міндеттері және адвокат қызметіндегі кәсіби этика нормаларының маңызы туралы негізгі ережелерді білу, адвокаттың көмекшілері мен тағлымдамадан өтушілердің құқықтық мәртебесін зерттеу Негізгі материалды өздігінен меңгеру және дәрістерге қатысу Лекция №4, семинар №4
Лицензиялауға қатысты схема құру, қосымша заңдарды оқу
КҚ 2.5 –адвокаттар алқасына жүктелген функцияларды,оның органдарының өкілеттіктерін, адвокаттар алқасы мүшелерінің құқықтары мен міндеттері туралы жалпы ережелерді білу. Адвокаттар алқасы мүшелерінің тәртіптік жауапкершіліктерінің түрлерін және адвокатарды ынталандыру шараларын меңгеру Негізгі материалды өздігінен меңгеру және дәрістерге қатысу Лекция №3, семинар №3
Мини тест №1
КҚ-3сұхбаттасу мен кеңес берудің психологиялық әдіс-тәсілдерін меңгеру,сотта азаматтар мен ұйымдардың мүдделерін білдіру үшін қажетті заңи фактілер мен мән-жайларды интерпретациялау дағдысын игеру; заңи құжаттарды дайындау және дағдысын меңгеру.   КҚ 3.1 –адвокаттармен көрсетілетін заң көмегінің түрлері туралы жалпы ережелерді және адвокаттың көмегіне ақы төлеу туралы ережелерді білу Негізгі материалды өздігінен меңгеру және лекцияға қатысу Лекция №5, №6
КҚ 3.2 –адвокат-қорғаушының қылмыстық іс жүргізудің сотқа дейінгі және сотта іс жүргізу сатыларында қатысуының ерекшеліктерін талдай білу және қылмыстық іс жүргізудегі адвокат-өкілдің құқықтық мәртебесінің ерекшеліктерін зерделеу Негізгі материалды өздігінен меңгеру және дәрістерге қатысу Лекция №5, №6 Семинар №5, №6
Тәжірибелік тапсырма № 1
КҚ 3.3 – қылмыстық және азаматтық сот өндірістеріндегі іс жүргізу құжаттарын рәсімдеу дағдысын меңгеру материалды өздігінен меңгеру және семинарға қатысу Семинар №5, №6
Тәжірибелік тапсырма № 2
КҚ 3.4 –кеңес берудің, құқықтық кеңес берудің, сатылары туралы жалпы ілімді меңгеру және кәсіби қызметінде кеңес беру, талап арыз жазу секілді дағдыларды қолдана білу қабілетін дамыту. Адвокаттың соттағы сөзіне қойылатын талаптарды меңгеру Негізгі материалды өздігінен меңгеру және дәрістерге қатысу Лекция №7 Семинар № 7
СӨЖ №2 орындау
КҚ 3.5 –адвокат қызметіндегі кәсіби этика нормалары мен адвокаттық қызметтің психологиялық ерекшеліктері саласындағы білімдерін дамыту Негізгі материалды өздігінен меңгеру және дәрістерге қатысу Лекция №7, №8 Семинар № 7, 8
КҚ 3.6 –адвокаттық қызметтің тактикалық аспектілерін меңгеру Негізгі материалды өздігінен меңгеру және дәрістерге қатысу Лекция №7, №8, №9 Семинар № 7, №8, №9
КҚ 3.7 –шет мемлекеттердегі адвокатураинститутының құқықтық жағдайы мен құрылымын зерттеу және отандық заңнамамен салыстырмалы талдау жасау Негізгі материалды өздігінен меңгеру және дәрістерге қатысу Лекция №10 Семинар № 10
КҚ 3.8 -әртүрлі қайнар көздерден алынған ақпараттарды талдау СӨЖ №1 орындау

 

4.1. ПӘН БОЙЫНША ДӘРІС САБАҚТАРЫНЫҢ МАЗМҰНЫ

________________Адвокатура ____________

 

Апта № Дәріс тақырыптары академ. сағат саны   Әдебиет тер
күндізгі сырттай
  Кіріспе лекция. Адвокатураның мазмұны және мәні. Лекция №1.Адвокатура курсының ұғымы, пәні және міндеттері. Адвокатураның және адвокаттық қазметтің түсінігі, мақсаттары, қағидалары. 1,5 0,5 1- НӘ 5-33 б.
  Лекция №2.Адвокатураның пайда болу және даму тарихы. Адвокатура институтының пайда болуының алғышарттары. 1864ж. соттық-құқықтық реформа. 1874ж. Контрреформалар. Қазақстандағы адвокатураның қалыптасуының негізгі кезеңдері. 1977ж. КСРО Конституциясы және 1979ж. адвокатура туралы заң. 1,5 0,5 1-НӘ 34-53б.
  Семинар №1.Адвокатура курсының ұғымы, пәні және міндеттері. Адвокатураның және адвокаттық қазметтің түсінігі, мақсаттары, қағидалары. Адвокатура мен адвокаттық қызметтің тәуелсіздігінің кепілдіктері. 1,5 0,5 1- НӘ 5-33 б.
  Семинар №2. ҚР адвокатура қызметінің құқықтық негізі Адвокаттық қызметті құқықтық реттеудегі негізгі қайнар көздер. 1995ж. ҚР Конституциясы. 1997ж. және 1999ж. Адвокатура және адвокаттық қызмет мәселелері бойынша ҚР Конституциялық Кеңес қаулылары. Халықаралық құқықтық стандарттар және адвокаттық қызметтің қағидалары. 1,5 0,5 1-НӘ 54-61б.
  Лекция №3.Адвокаттар алқасының ұйымдастырушылық құқықтық мәртебесі, оның органдары 1,5 0,5 1-НӘ 62-78б.
  Лекция №4.Адвокаттардың құқықтық жағдайы. Адвокаттық қызметті лицензиялау тәртібі 1,5 0,5 1-НӘ 79-105б.
  Семинар №3. Адвокаттар алқасының ұйымдастырушылық құқықтық мәртебесі, оның органдары Адвокаттар алқасының түсінігі және маңызы. Адвокаттар алқасының жарғысы: мазмұнына қойылатын талаптар. Адвокаттар алқасының органдары. Адвокаттар алқасы мүшелерінің жалпы жиналысы (конференция): өкілеттілігі, шақыру тәртібі және жұмысы. Адвокатттар алқасы Президиумы: сайлау тәртібі және қызметі. Адвокаттар алқасының ревизиялық комиссиясы: сайлау тәртібі, қызметі, өкілеттігі. 1,5 0,5 1-НӘ 62-78б.
  Семинар №4Адвокаттардың құқықтық жағдайы. Адвокаттық қызметті лицензиялау тәртібі ҚР-ғы адвокат.Адвокаттық қызметті жүзеге асыру құқығын беретін лицензия: мәні және тағайындалуы. Адвокат өкілеттігінің куәлігі. Адвокаттың құқықтық мәртебесі. Адвокаттар алқасына мүшелікке қабылдау тәртібі. 1,5 0,5 1-НӘ 79-105б.
  Лекция №5.Адвокаттың қылмыстық істер бойынша заң көмегін көрсетуі 1,5 0,5 1-НӘ 106-128б
  Лекция №6.Адвокаттың азаматтық істер бойынша атқаратын қызметі 1,5 0,5 1-НӘ 125-144б.
  Семинар №5. Адвокаттың қылмыстық істер бойынша заң көмегін көрсетуі Қылмыстық сот өндірісіне адвокаттың қатысуының негіздері мен нысандары. Қорғаушының қылмыстық іске міндетті түрде қатысуының негіздері. Қылмыстық сот өндірісіндегі адвокаттың құқықтық жағдайы. Қорғаушыны шақыру, тағайындау және ауыстыру. 1,5 0,5 1-НӘ 106-128б
  Семинар №6.Адвокаттың азаматтық істер бойынша атқаратын қызметі Азаматтық іс бойынша консультация: түсінігі, мәні, негізгі кезеңдері. Адвокаттың азаматтық іс жүргізуге тапсырма қабылдауының шарттары. Тараптың өкілі ретінде адвокаттың қатысуын болдырмайтын мән-жайлар. Адвокаттың процессуалдық дербестігі. Өкіл ретінде қатысуының негіздері. Азаматтық іс бойынша адвокаттың өкілеттігі. 1,5 0,5 1-НӘ 125-144б.
  Лекция №7.Адвокаттық қызметтің психологиясы.Адвокаттың кәсіби этикасы 1,5 0,5 2-НӘ 148-167б.
  Лекция №8. Адвокаттық қызметтің тактикалық аспектілері 1,5 0,5 2-НӘ 41-49б.
  Семинар №7.Адвокаттық қызметтің психологиясы Адвокаттық қызметінің психологиялық ерекшеліктері. Адвокаттың психологиясы. Адвокаттық қызметтегі психологиялық әрекетттер және психологиялық құралдар. Психотехника - адвокаттың психологиялық құралдарды, тәсілдерді және амалдарды қолдануы 1,5 0,5 2-НӘ 41-49б.
  Семинар №8.Адвокаттың кәсіби этикасы Адвокаттық этиканың түсінігі, мазмұны. Адвокаттың қызметіндегі этикалық қайшылықтар. Адвокат қызметіндегі ораторлық өнердің мәні. Адвокаттың соттағы сөзінің элементтері. 1,5 0,5 2-НӘ 148-167б.
  Лекция №9. Адвокаттық қызметтің тактикалық аспектілері 1,5 0,5 2-НӘ 160-185б
  Лекция №10. Шет елдердегі адвокатура Англиядағы адвокатура. Барристер және солисторлар институты. Соттық инндер. Корольдік адвокаттың мәртебесі. Бас атторней тәжірибелі барристер ретінде. Ағылшын құқығындағы қоғамдық қорғаушы тарапынан көмек алу құқығы. Германиядағы адвокатура. Адвокаттыққа үміткерлерге қойылатын талаптар. Адвокаттық қызметке рұқсат алу тәртібі. Адвокаттар алқасы, оның органдары. 1,5 0,5 2-НӘ 188-205б
  Семинар №9.Адвокаттық қызметтің тактикалық аспектілері Адвокат тактикасының түсінігі, негіздері және түрлері. Адвокаттық тактиканың құрылымы. Істі талдау заңгердің кәсіби дағдысы ретінде. Іс бойынша позицияны қалыптастыру және оны жүзеге асыру. Қылмыстық іс бойынша позиция. Қылмыстық іс бойынша қорғау тактикасының түсінігі. Азаматтық іс бойынша позиция. Адвокаттың өкіл ретінде қатысуының тактикалық аспектілері 1,5 0,5 2-НӘ 160-185б
  Семинар №10. Шет елдердегі адвокатура АҚШ-тағы адвокуатура. Адвокаттық фирма – адвокаттар қызметінің негізгі нысаны. Партнерлер мен ассоциаторлар. Адвокаттық кеңселер, қоғамдық ұйымдардың заңи қызметтері. Франциядағы адвокатура. Сотта шығуға құқығы бар адвокаттардың санаттары: солисторлар, барристерлер және кеңес алдындағы барристерлер. Адвокаттық кәсіпке рұқсат алу шарттары. Үлкен (Жалпы Ұлттық) адвокаттар тізіміне енгізу үшін шарттар. 1,5 0,5 2-НӘ 188-205б


<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
 | Verb past simplе past participle перевод
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-04-04; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 697 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Настоящая ответственность бывает только личной. © Фазиль Искандер
==> читать все изречения...

2310 - | 2034 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.013 с.