Лекции.Орг


Поиск:




Тұлғаның психологиялық-педагогикалық диагностикасы» пәніне арналған тест сұрақтары.




1.Оқушының дүниетанымын, мінезі және өмірлік өзін-өзі анықтауы қалыптасу кезеңі:

А)орта мектеп жасы

В)6-10 жас

С)Жоғарғы мектеп жасы

Д)10-15 жас

Е)кіші мектеп жасы

 

2.Эксперименттің түрлерін атаңыз:

А)философиялық, педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік

В)ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді эксперимент

С)табиғи эксперимент, тексеру эксперименті, лабороториялық эксперимент, жасампаз эксперименті, педагогикалық,психологиялық эксперимент

Д)жалпы, тұтас эксперимент жүргізу,кейбір оқушыларға эксперимент жүргізу

Е)білім сапасын арттыру эксперименті, оқушылардың кейбір қасиетін анықтау эксперименті, тәрбие жұмысын жақсарту эксперименті

 

3.ХІХ ғ-ң аяғында Англияда пайда болған оқыту жүйесі:

А)бригадалық – лабороториялық

В)дальтон –жоспар

С)жеке-топтық

Д)белл-ланкестерлік

Е)Жеке

 

4.Педагогикалық процестің заңдылықтары:

А)педагогикалық процестің ережелері

В)педагогикалық процестің принцптерінен туындайды

С)барлық жауаптар дұрыс

Д)педагогикалық процестерті ұйымдастыруға қойылатын талаптар

Е)педагогикалық құбылыстар арасындағы тұрақты, қайталанатын, объективті байланыстар

 

5.Тәрбиенің жалпы мақсаты:

А)еңбекші адамды тәрбиелеу

В)азамат тәрбиелеу

С)жан-жақты, гормониялы дамыған тұлғаны қалыптастыру

Д)белсенді тұлға тәрбиелеу

Е)отбасын тәрбиелеу

 

6.Адамгершілік, ақыл –ой, еңбек және дене тәрбиелері:

А) тәрбие моделі

В)тарбие максаты

С)тәрбие жүйесі

Д)тәрбие құралдары

Е)тәрбие бағыттары

 

7.Методология бұл:

А)Білімнің құрылымы мен жеткізілуін анықтайды

В) Таным процестерінің нәтижесін көрсетеді

С)Оқу іс-әрекетін пәндік қолдануы мен байланысты

Д)Әдістердің жиынтығы

Е)Оның барсында жүріс-тұрыс пен іс-әрекеттің жаңа формалары пайда болатын процесс болып табылады

 

8.Ойлаудың жеке қасиеттері:

А)Бейімділік, дербестік, сыншылдық

В)Саналылық,мақсаттылық,константтылық

С)Сензитивтік,бейімділік,сенсибилизация

Д)Көлем,дәлділік,жылдамдық

Е)Жинақтылық,педанттылық,туражолдылық

 

9.Танымдық іс-әрекетпен байланысты сезім,бұл:

А)Эстетикалық

В)Практикалық

С)Моральдық

Д)Теориялық

Е)Ақыл-ой

 

10.Қоршаған әлем жөніндегі ақпаратты еріксіз және ерікті түрде еске түсіру:

А)Назар

В)Еске түсіру

С)Түйсіну

Д)Ес

Эмоция

 

11.Сөздік қарым-қатынас негізінде тікелей немесе жанама түрде алынған мәліметтер, болу әдісі, бұл:

А)Әңгімелесу

В)Контент-анализ

С)Бақылау

Д)Эксперимент

Е)Тест

 

12.Обьектілерді зерттеу оны тануға негізделген мақсатқа бағытталған, жоспарланған тұлғаның қызығушылығы, бұл:

А)Бақылау

В)Контент-анализ

С)Эксперимент

Д)Іс-әрекеттің нәтижелерін талдау әдісі

Е)Тест

 

13. Баланың білімі мен икемділігін, бейімділігі, жалпы ақыл-ойының даму дәрежесі, не жекеленген жан қуаттардың дамып, қалыптасуы жөнінде мағлұмат беретін зерттеу әдісі, бұл:

А)Тест

В)Контент-анализ

С)Бақылау

Д)Іс-әрекет нәтижелерін талдау әдісі

Е)Эксперимент

 

14.Сырттан және іштен келетін тітіркендіргіштердің әсерін анықтайтын және талдайтын анатомиялық-физиологиялық аппарат:

А)Анализатор

В)Рецептор

С)Бейімдеу

Д)Рефлекс

Е)Стимул

 

15.Түйсік және қабылдау бейнелеріне қарағанда елестету бейнелері болады:

А)Екінші

В)Алғашқы

С)Үшінші

Д)Айырмашылығы жоқ

Е)Жаңа бейнеге қатысты.

 

16. Адамның көрнекі – бейнелерді, түрлерді т.б. есте сақтау түрі, бұл:

А)Эйдетикалық ес

В)Көрнекі – бейнелік ес

С)Феноменалдық ес

Д)Эмоционалдық ес

Е)Ұзақ мерзімдік ес

 

17.Тұлғалық ерік сапасына жатпайды

А)Мақсаттылық

В)Қайсар

С)Икемділік

Д)Дербестілік

Е)Табандылық

 

18.Төмендегі терминдерден қобалжу эмоциясына жатпайтынын ата:

А)Эмоция

В)Эффект

С)Стресс

Д)Көңіл күй

Е)Аффект

 

19.Көлем,бөліну,концентрация,тұрақтылық.ауысу,жеке тұлғаның қасиеттері

А)Есте сақтау

В)Зейінде

С)Қабылдауда

Д)Ойда

Е)Түйсікте

 

20.Еріктік әрекет желісінің бастапқы басқышының негізгі міндеті:

А)Шешім қабылдау

В)Мақсат белгілеу

С)Талқылау

Д)Талдау

Е)Орындау

 

21.Ойлаудың жеке қасиеттері:

А)Бейімділік, дербестік, сыншылдық

В)Саналылық,мақсаттылық,константтылық

С)Сензитивтік,бейімділік,сенсибилизация

Д)Көлем,дәлділік,жылдамдық

Е)Жинақтылық,педанттылық,туражолдылық

 

22. Танымдық іс-әрекетпен байланысты сезім,бұл:

А)Эстетикалық

В)Практикалық

С)Моральдық

Д)Теориялық

Е)Ақыл-ой

 

23.Қоршаған әлем жөніндегі ақпаратты еріксіз және ерікті түрде еске түсіру:

А)Назар

В)Еске түсіру

С)Түйсіну

Д)Ес

Е)Эмоция

 

24.Эмоциональды ес мазмұны:

А)Сөз

В)Қимыл-әрекет

С)Көңіл-күй

Д)Бейне

Е)Мағына

 

25.Төмендегі көрсетілгендердің қайсысы, естің түріне жатпайды?

А)Эмоциональды ес

В)Бейнелі ес

С)Сөздік-логикалық ес

Д)Қозғалыс есі

Е)Интуитивті

 

26.Бірнеше пікірден жаңа пікір шығаратын ойлау формасы.

А)Пікір

В)Ұғым

С)Сөз

Д)Пікір

Е)Қиял

 

27.Эмоциялық күйдің селқостық,енжарлық түрі:

А)Интеракция

В)Синестезия

С)Атрофия

Д)Апатия

Е)Апперцепция

 

28. Төмендегілердің қайсысы ойлау түріне жатпайды?

А)Ұзақ мерзімді

В)Көрнекі бейнелі

С)Шығармашылық

Д)Сөздік-логикалық

Е)Көрнекі қозғалысты

 

29.Ой операцияларына қайсысы жатпайды:

А)Жалпылау

В)Синтез

С)Категоризация

Д)Апперцепция

Е)Анализ

 

30.Бала ойлауындағы эгоцентристік көрінеді:

А)Қиялдау

В)Аз өнімділік

С)Әлемді өз көзқарасымен көруге қабілетсіздік

Д)Инфантильділік

Е)Аңқаулық

 

31.Төмендегілердің қайсысы еріктік қасиетке жатады?

А)Интеллект

В)Ойлау

С)Елестету

Д)Эмоция

Е)Қиыншылықты жеңумен байланысты әрекет

 

32.Стресс:

А)Психиканың байқалу формасы

В)Нервтік импульс

С)Адамның рухани күйі

Д)Күшті әсерлерден ширығу формасы

Е)Жаны ашудан сезім білдіру процесі

 

33.Бір текті заттардың,құбылыстардың ортақ қасиеттерін оймен біріктіру дегеніміз не?

А)Анализ

В)Нақтылау

С)Жалпылау

Д)Абстракция

Е)Салыстыру

 

34.Сөйлеудің саналы әрекетке айналуы үшін қажет фактор:

А)Дыбыстың жеткізілуі

В)Мазмұн айқындығы

С)Мақсаттың нақтылығы

Д)Айтылу әдістері

Е)Форма өрнектілігі

 

35.Ырықсыз зейіннің туындауына қатысты емес нәрсе:

А)Қабылдау обьектісінің үнемі өзгеруі

В)Субьект үшін обьектінің эмоционалдық мәні

С)Жаңа тітіркендіргіштің болуы

Д)Еріктік талпыныс

Е)Тітіркендіргіш күші

 

36.Тілмен тығыз байланысты

А)Еңбек

В)Ойлау

С)Қиял

Д)Сезім

Е)Қабілет

 

37.Зейіннің обьектіге шоғырлануға қабілетсіздігі:

А)Рефлекция

В)Тітіркенушілік

С)Реминисценция

Д)Шашыраңқылық

Е)Релаксация

 

38.Бір адамның сөйлеуі қалай аталады?

А)Диалог

В)Монолог

С)Ауызша

Д)Жазбаша

Е)Ішкі

 

39.Сарғылт түс жылылықты, көк суықтықты білдіреді, қандай психикалық процестің заңдылығына жатады?

А)Адаптация

В)Аффект

С)Синестезия

Д)Стресс

Е)Көңіл күй

 

40.Бастан кешкен және сақталған сезімдерге негізделген есте сақтаудың түрі:

А)Эмоционалдық

В)Сөздік-логикалық

С)Қозғалыс

Д)Бейнелік

Е)Механикалық


 

Глоссарий

Колледждегі психология қызмет – әрбір баланың толыққанды психологиялық және тұлғалық дамуына әсер ететін жағдайлармен қамтамасыз ету негізгі мақсаты болып табылатын білім беру жүйесіндегі арнайы сала

Психология – психиканың заңдылықтарын психикалық құбыластарды,үрдістерді, қалыптарды, индивидтің даму жолын және оның қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасының қалыптасуын зерттейтін ғылым.

Психика – жоғары дәрежеде құрылған бас миының мінез-құлықпен іс-әрекетті қамтамасыз ету қабілеті.

Психодиогностика –тұлғаның потенциалдық қабілеттерін психикалық үрдістердің даму деңгейін, сондай-ақ әрі қарай дамуды болжау немесе тиісті психологиялық түзету мақсатымен эмоционалдық тепе-теңдікті анықтауды өзінің мақсаты етіп қойған психология саласы.

Психодиогностикалық әдіс- психологияның зерттеу әдісі. П.ә. негізгі ерекшелігі (сипаттау мен эксперименттен ерекшелігі) - оның өлшеу және сынауға бағытталғандығы, соның негізінде зерттеуші құбылыстың сандық және сапалық квалификациясы анықталады.

Психодиогностикалық зерттеу - жұмыс негізі психологиялық диогнос болып табылатын, психолог жұмысының бір түрі. П.з. негізгі сатылары: зерттеу мақсаттарына сәйкес деректер жинау, алынған нәтижелерді өңдеу және талдау, шешім қабылдау (диагноз және болжам).

Әлеуметтену- қарым-қатынаста және іс-әрекетте жүзеге асатын әлеуметтік тәжірибені индивидтің меңгеруі және белсенді қайта жаңғырту үрдісі мен нәтижесі.

Тұлғаның өзін-өзі анықтауы – қандай-да бір мәселе туындаған жағдайда өзіндік позицияның туындауы мен қалыптасуы. Ерекше түрлеріне ұжымдық және кәсіби т.ө.-ө.а. жатады.

Психологтың кәсіби этикасы -психологтың өз іс-әрекетінде коллегаларымен, ғылыми қоғамдастықпен, сондай-ақ психологиялық көмек сұрап келген адамдармен, зерттеуге қатысушылармен өзара қарым-қатынасында арнаулы адамгершілік талаптарды жүзеге асыру.

Оқуды игеру (обучаемость) – оқу үрдісінде адамның білімді, білікті және дағдыларды игеруінің жылдамдығы мен сапасының жеке өзіндік көрсеткіші.

Ақыл-ой (интеллект)- индивидтің ақыл-ой қабілеттері құрылымының саоыстырмалы түрдегі тұрақтылығы. Ақыл-ой мазмұндық құрылымы

және оның өлшем құралдарының қолданылуы индивидтің тиісті қоғамдық маңызды белсенділігінің (оқу, өндіріс, саясат ж.т.б.) сипатына тәуелді.

Жас ерекшелік дағдарылыстары -шұғыл психологиялық өзгерістермен сипатталатын онтогенез ерекше кезеңі. Неротикалық немесе травматикалық типтерге қарағанда, Ж.е.д. тұлғалық дамудың қалыпты дамуына қажетті заңды үрдіс болып табылады.

Тұлға аралық қарым-қатынас – адамдар арасындағы өзара байланыстың субьективті бастан өткеріліп, обьективті түрде бірлескен іс-әрекет пен қарым-қатынас үрдісінде адамдардың бір-біріне әсер етуі тәсілдерімен және мінез-құлықтан көрініс береді.

Девианттық мінез-құлық (ауытқу) - қоғамда қалыптасқан құқықтық және адамгершілік нысандарға қарама-қайшы келетін әрекеттер. Д.м.қ. негізгі түрлері-құқық бұзушылық және қылмыстық жауапкершілікке тартылмайтын торальға қайшы мінез-құлық.

Делинквент (құқық бұзушы) – кейбір шектен тыс жағдайда іс-әрекеті қылмыстық жазалауға алып келетін, мінез-құлқында ауытқуы бар субьект.

Психикалық дамуында ауытқуы бар балалар - баланың психикалық дамуындағы сенсорлық ақаулардың (саңыраулық, нашар есту, соқырлық, нашар көрушілік), орталық жүйке жүйесі жарақаттануының (ақыл-естің кемістігі, дамудың тежелуі, қозғалыстың бұзылуы, сөйлеудің күрделі кемістігі) салдарынан болған нормадан ауытқушылық.

Педагогикалық психология - педагогикалық үрдістің психикалық құбылыстары мен заңдылықтарын, даму ерекшеліктерін зерттейтін психология саласы.

Жеке даралық – тұлғаның әлеуметтік маңызды сапаларының ерекше және қайталанбас көріністері.

Кәсіптік бағдар- мамандық пен қызмет таңдаудағы қолайлысын табуды мақсат еткен, тұлғаның икемділіктері мен қабілеттерін анықтауға бағытталған психологиялық-педагогикалық іс-шаралар кешені.

Қарым-қатынас психологиясы - адамдар арасындағы өзара қарым-қатынас мәселелерімен айналысатын психологиялық ғылым саласы (іскер,дипломатиялық, ұжымдық, жанұя, қызметттік ж.т.б.)

Психологиялық түзету – тұлғаның кейбір келеңсіз сапалары мен көріністерін түзетуге бағытталған, психолог жүргізетін жүйелі іс-әрекеттер мен операциялар жиынтығы.

Әлеуметтік сұраныс - білім беру мекемесі әкімшілігінің, ата-ананың, педагогтардың, тәрбие мәселелері бойынша жұмыс істейтін басқа да мекемелердің сұраныстарын қанағаттандыруға бағытталған психолог жоспарынан тыс іс-шара.

 

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-04-04; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1740 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Есть только один способ избежать критики: ничего не делайте, ничего не говорите и будьте никем. © Аристотель
==> читать все изречения...

770 - | 731 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.012 с.