Жоспары:
1.Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгi органының ұғымы, жүйесі.
2.Ұлттық қауiпсiздiк органдарына жүктелген мiндеттердi жүзеге асыратын органдар мен мекемелер
3.ҚР ұлттық қауiпсiздiк комитетi.
Негізгі ұғымдары: Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгi, Ұлттық қауiпсiздiк органдары, Ұлттық қауiпсiздiк органдарына жүктелген мiндеттердi жүзеге асыратын органдар мен мекемелер, ҚР ұлттық қауiпсiздiк комитетi.
Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгi - елдiң ұлттық мүдделерiнiң нақты және ықтимал қауiп-қатерден қорғалуының жай-күйiн бiлдiредi. Ұлттық қауiпсiздiк объектлерi қатарына - жеке адам, оның құқықтары мен бостандықтары, қоғам, оның материалдық және рухаи құндылықтары, мемлекет, оның конституциялық құрылысы, тәуелсiздiгi және аумақтық тұтастығы жатады. Осы құндылықтарды қорғау ұлттық қауiпсiздiк органдарының басты мiндетi.
Ұлттық қауiпсiздiк органдары - өздерiне берiлген өкiлеттiктер шегiнде жеке адамның және қоамның қауiпсiздiгiн, елдiң конституциялыққұрылысын, мемлекеттiк егемендiгiн, аумақтық тұтастығын, әкономикалық, ғылыми-техникалық және қорғныс потенциалын қамтамсыз ететiн арнайы мемлекеттiк органдар. Ұлттық қауiпсiздiк органдары ҚР Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдар. Олардың қызметi заңдылық, дарабасшылық, баршаның заң алдындағы теңдiгi, адамның және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу және сақтау қағидасына, тәуелсiздiк қағидасына сәйкес жүзеге асырылады.
Ұлттық қауiпсiздiк органдарының жиынтығын оларға жүктелген мiндеттердi жүзеге асыратын органдар мен мекемелер қалыптастырады. Бұл органдардың әрқайсысы өз мақсат-мiндеттерiне және құзiреттерiне ие.
Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдарының бiрiңғай жүйесiн Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, оның ведомстволары, ұлттық қауiпсiздiк аумақтық және өзге де органдары, сондай-ақ ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң әскерлерi, арнаулы мақсаттағы бөлiмшелер, оқу орындары, ғылыми-зерттеу мекемелерi және басқа да ведомстволық бағыныстағы ұйымдар құрайды. ұлттық қауiпсiздiк органдарының жүйесiне жалпы басшылықты ұлттық қауiпсiздiк комитетi жүзеге асырады.
ҚР ұлттық қауiпсiздiк комитетi - ҚР Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн ұлттық қауiпсiздiк органдарының бiрыңғай жүйесiндегi орталық мемлекеттiк орган.
Ұлттық қауiпсiздiк комитетiн Төраға басқарады, оны қызметке ҚР Парламентi Сенатының келiсiмiмен ҚР Президентi тағайындайды.
Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң мәртебесi мен өкiлеттiктерi ұлттық қауiпсiздiк комитетi туралы Ережемен (15 шiлде 1996ж.) айқындалған.
Ұлттық қауiпсiздiк органдарының бiртұтас жүйесiне ҰҚК-нiң ведомстволары да кiредi. Олардың қатарына Үкiметтiк байланыс органы, "Барлау" қызметi және тағы басқа қызметтер жатады. Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiғ ведомстволары ұлттық қауiпсiздiк органдарына олардың қызметiнiң жекеленген бағыттары бойынша жүктелген мiндеттердi iске асыру үшiн құрылады.
Республиканың тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстерде ұлттық қауiпсiздiк органдарына жүктелген мiндеттердi iске асыру мақсатында Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң аумақтық органдары құрылады. Олардың қатарына ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң облыстары, республикалық маңызы бар қалалар және Республика астанасы бойынша департаменттер мен оларға бағынышты қалалық және аудандық басқармалары (бөлiмдерi, бөлiмшелерi) жатады.
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, басқа да әскерлерiнде ұлттық қауiпсiздiк органдарына жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру мақсатында әскери қарсы барлау органдары құрылады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасын күзетудi және қорғауды қамтамасыз ету мақсатында ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң әскерлерi құрылады.
Ұлттық қауiпсiздiк органдарының жүйесiндегi маңызды органының бiрi болып террорлық актiлердi және жеке адамға, қоғам мен мемлекетке аса қауiптi қол сұғушылықты тыю үшiн құрылатын арнаулы мақсаттағы бөлiмшелер табылады.