Лекции.Орг


Поиск:




Оқу пәнінің 9-сыныптағы базалық білім мазмұны




 

38. Пәнді оқытуға аптасына 1 сағаттан, барлығы 34 сағат бөлінген.

39. Оқу пәнінің базалық білім мазмұны төмендегідей тақырыптарды қамтиды:

40. «Қазақ тілінің қоғамдық мәні» (1 сағат). Қазақ тілі – қазақ халқының ұлттық әдеби тілі. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі қызметі, қолданылатын орындары.

41. «Қазақ тілі – қазақ халқының ұлттық тілі» (2 сағат). Қазақ тілі түркі тілдер семьясының батыс ғұн бұтағына, оның ішінде қыпшақ тобына енетіні. Түркі халықтарына ортақ ескерткіштері мен әдеби мұралары жайында түсінік.

42. «Мәтін және стиль» (3 сағат). Мәтіннің ойлау жүйесін дамытудағы рөлі. Тақырып және мәтін. Мәтінді жоспарлаудың жолдары. Сөйлем мүшелерінің мәтіндегі қызметі. Құрмалас сөйлемдердің мәтіндегі қызметі. Мәтіндегі сөз таңдау, сөз қолдану (қисыны), сөз әрлеу. Н.Назарбаевтың «Тәуелсіздік толғауы» мәтінінің тақырыбы мен идеясы. Толғау мәтінінің құрылымдық бөліктері. Толғаудағы сөздік қолданыстар қисыны, қайталама сөздердің, қаратпа сөздердің қолданыс ерекшелігі:

1) «Стилистика және тіл мәдениеті» (12 сағат):

2) «Сөздердің стильдік түрлері» (3 сағат). Сөйлеу тілінің лексикасы, оның түрлері. Стильаралық бейтарап лексика. Экспрессивтік-эмоционалды лексика;

3) «Қазақ әдеби тілінің стильдері» (9 сағат). Қазіргі кітаби тіл туралы түсінік;

4) «Стиль». Стиль ұғымының сөйлеу және оның формаларымен байланысты қаралатындығы, стильдердің негізгі арқауы сөйлеудің ауызша және жазбаша формалары екендігі;

5) «Сөйлеу стилі». Ауызекі сөйлеу стилінің тікелей қатынас жасауда көрінетіндігі. Оның ауызша және жазбаша түрлері. Сөйлеу стилінің қолданылатын орны, диалог лексикасы. Ауызекі сөйлеу стилінің қолданылатын формалары: жарыссөз, лекция, консультация, баяндама, әңгімелесу. Сөйлеу стилінің ерекшеліктері;

6) «Көркем әдебиет стилі». Көркем әдебиет стилі сөз арқылы өрнектелетіні. Мұнда сөздердің, сөз тіркестерінің, сөйлемнің бейнелі қолданылатындығы. Тілдің эстетикалық қызметі көркем әдебиет стилінде ерекше көрінетіндігі. Көркем әдебиет стиліне көп мағыналық, бейнелік сипаттардың тән болатындығы. Мақал-мәтелдер мен фразеологизмдердің кеңінен қолданылатындығы. Көркем әдебиет стилінің басқа да ерекшеліктері;

7) «Ресми ісқағаздар стилі (кеңсе стилі)». Өтініш, сенімхат, арыз, қатынас қағаз, мінездеме, хабарландыру, мәжілісхат, өмірбаян, мәлімдеме және ресми құжаттар: заң ережелері, өкімет қаулылары, халықаралық шарт, т.б. Ресми ісқағаздарының айырықша қарым-қатынас жасау құралы болып саналатындығы. Ісқағаздар стилінің ерекшеліктері, лексикасы;

8) «Публицистикалық стиль». Публицистикалық стильде қоғамдық-саяси мәселелердің көрінетіндігі. Қоғамдық-саяси мәселелердің бұл стильде ауызша және жазбаша түрде қалыптастырылатындығы. Публицистикалық стильдің жұмсалу формалары (әдістері): газет-журнал, радио-теледидар. Публицистикалық стильде шешендік өнердің қажеттігі. Публицистикалық стильдің ерекшелігі ресми стильге және көркем әдебиет стильдеріне жақындығы;

9) «Ғылыми стиль». Бұған әр салада жазылған ғылыми мәтіндер жататындығы. Ғылыми мәтіндерде мазмұн анықтама, сипаттама, баяндама немесе талқылама түрінде берілетіндігі. Ғылыми стильдің ерекшелігі. Сөздердің негізгі мағынасында жұмсалатындығы, термин сөздердің молдығы, көп мағыналы, образды сөздердің, ойдың күрделілігі, т.б.

43. «Тіл мәдениеті және пунктуация» (14 сағат):

1) пунктуацияның тіл мәдениетіне қатысы. Тыныс белгілердің стиль түрлерінде атқаратын рөлі.Тыныс белгілердің сөйлем ішінде келетін және сөйлем соңында келетін деп бөлетіндігі;

2) сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілеріне нүкте, сұрау белгісі, леп белгісі, көп нүкте жататындығы. Сөйлем соңында қабаттасып қойылатын тыныс белгілерге сұрау және леп белгілері, сұрау белгісі және көп нүкте, леп белгісі және көп нүктелердің қойылатындығы;

3) сөйлем ішінде келетін тыныс белгілерге үтір, сызықша, қос нүкте, нүктелі үтірлер жататындығы;

4) тыныс белгілерінің қолданылатын орындары. Қос нүктенің қолданылатын орындары. Нүктелі үтірдің қолданылатын орындары. Нүктенің қолданылатын орындары. Сұрау белгісінің қолданылатын орындары. Леп белгілерінің қолданылатын орындары. Көп нүктенің қолданылатын орындары;

5) бірыңғай мүшелерге байланысты қойылатын үтір, қаратпа сөздерге байланысты қойылатын үтір, оңашаланған айқындауышқа байланысты қойылатын үтір, қыстырма сөздерге байланысты қойылатын үтір, одағайға байланысты қойылатын үтір, құрмалас сөйлемге қойылатын үтір;

6) бастауыштан кейін қойылатын сызықша, бірыңғай мүшелерден кейін қойылатын сызықша, оңашаланған айқындауыштың сызықшамен ажыратылатын жағдайлары, құрмалас сөйлемдерге байланысты қойылатын сызықша, төл сөз бен автор сөзіне қойылатын сызықша, сөйлемді ықшамдап қолдануға байланысты қойылатын сызықша;

7) жақша, тырнақшаның қолданылатын орындары. Сөйлемдегі негізгі ойды, немесе бір сөйлем мүшесін айқындап, дәлелдеп, қосымша түсінік беру үшін қолданылатын қыстырма мәнді сөз, сөз тіркесі не сөйлемнің жақшаға алынуы. Тырнақшаның мағынаға байланысты қойылуы.

44. «Стиль мен пунктуацияның тіл мәдениетіне қатысын» қайталау
(2 сағат).





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-04-04; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 813 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Неосмысленная жизнь не стоит того, чтобы жить. © Сократ
==> читать все изречения...

792 - | 699 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.007 с.