Лекции.Орг


Поиск:




Тақырыбы: Қазақ кеңестік мемлекеттілігінің құрылуы




  1. Кеңестердің билікке келуі
  2. Қазақ кеңестік мемлекеттің құрылуы

Большевиктер билікке келісімен оларға қарсы бағытталған «ақтар қозғалысы» қарулы күрес бас­тап, Ресейде азамат соғысының оқи­ғалары орын алды. Кеңес өкі­меті жаңа орнығып жатқан кезде көпұлтты Ресейде ыдырау үр­­дістері басталды, соған байланысты Финляндия, Польша, Әзір­байжан, Армения, Грузия, Эстония, Латвия және Литва өздерінің тәуелсіздіктерін жариялады. Сонымен қатар, Украинада Орталық Рада, Қазақстанда Алаш-Орда, Түр­кістанда Қоқан автономиясының үкіметтері құрылды, олар жергілікті халықтардың мүддесін қорғайтын саяси күштер болды.

В.Ленин, И.Сталин және т.б. больше­виктердің көсемдері өздері билікке келгеннен кейін «ұлы державалық» пиғылдарын анық көрсете бастады. 1918-1919 жылдары большевиктер басшылығы, Қызыл Армияның күшімен Украинадағы, Қазақстандағы және Түркістандағы ұлттық үкіметтерді талқандап қу­ғынға ұшыратты, олардың орнына аталған аймақтарда Кеңес өкіметі орнатыла бастады.

Қазревком – Кеңес өкіметінің азамат соғысы жылдарында құрылған уақытша органы. Қазақ өлкесін басқару үшін РКФСР ХКК-нің “Қырғыз өлкесін басқару жөніндегі уақытша әскери-революциялық комитет туралы” қаулысы бойынша 1919 жылы 10 шілдеде құрылған. Оның алғашқы құрамына: С.Пестковский (төраға), А.Байтұрсынов, В.Лукашев, Ә.Жангелдин, М.Тұнғашин, С.Меңдешев, Б.Қаратае кірді. Қазревком “Өлкені жоғары әскери-азаматтық басқаруды” өз қолына жинақтап, қазақ халқының мемлекеттігін құру мақсатында өлке Кеңестерінің Құрылтай съезін шақыруға жағдай жасады. Шын мәнінде ревком өкіметтің Қазақстандағы осынау төтенше органының әр түрлі саладағы орасан көп жұмысты атқаруына, Қазақстан Кеңестерінің Құрылтайшы съезін әзірлеп, өткізуіне тура келді. Азамат соғысының қиын да күрделі жағдайы Қазревкомның төтенше жағдайда жұмыс істеуін талап етті. Қазревком қызметінің әскери-азаматтық сипатын осы соғыс анықтап берді. Қазревкомның басқа бір маңызды міндеті – қазақтың байырғы жерін бір қолға жинау, яғни болашақ қазақ кеңес мемлекетінің аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету болып табылды. Сонымен бірге Қазревком армияны азық-түлікпен қамтамасыз ету, астықты және басқа да тамақ өнімдерін Орталыққа, Түркістан АКСР-на жеткізу яғни “соғыс коммунизмі” саясатының басты мәселесін шешу ісімен айналысты. Қазревком 1919 жылы шілдеден бастап 15 ай бойы жұмыс істеді. Сол уақыт ішінде Қазревком қазақ елінің кеңестік автономиясын жария етуге байланысты қыруар әзірлік жұмыстарын жүзеге асырды.1920 жылғы 17 тамызда РКФСР ХКК Қазақ Республикасы жөніндегі Декреттің жобасын қарап қолдады. 1920 жылғы 26 тамызда РКФСР Бүкілресейлік ОАК мен ХКК төрағалары М.И. Калинин мен В.И. Ленин қол қойған “Қырғыз (қазақ) кеңестік автономиялық социалистік республикасын құру туралы” Декрет қабылдады. Көп ұзамай Қазақ (Қырғыз) АКСР-і құрылды да, Қазақ революциялық комитеті таратылды (Қазақ АКСР-і). Жергілікті жерлерде Қазақ революциялық комитеті органдарын құруға Қызыл Армия бөлімдері мен қызыл партизандар жасақтарының саяси қызметкерлері, партия-кеңес органдары басшылық етті. Ревком төрағалары болып қолынан іс келетін қазақ кедейлерінен жарлықпен тағайындалды. Қазақ революциялық комитеті Қызыл Гвардия жасақтарын құру үшін әскери органдарға көмек көрсетті, азық-түлік жинау аппаратын жолға қойып, халық арасында саяси-үгіт, насихат жұмыстарын жүргізді. Қолайлы жағдайлар туғаннан кейін өкімет билігі бірте-бірте ревкомдардан жергілікті Кеңестердің аткомдарына берілді.

Қазревкомның үнқағазы «Ұшқын» газеті болды.

1920 жылы 1-7 тамызда РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі Қазақ автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы декреттер жобасын қарады

1920 жылы 26 тамызда «Қырғыз (қазақ) Автономиялы Кеңестік Социалистік республикасын құру туралы» декрет жарияланды. Орынбор қаласы – астана (1920 – 1924 жж.). Территориясы – Семей, Ақмола, Торғай, Орал облыстары, Манғышлақ уезі, Красноводск уезінің бір бөлігі, Астрахань губерниясының бір бөлігі. Жетісу мен Сырдария облыстары Түркістан Автономиялы Кеңестік Социалистік республикасының құрамына енгізілген болатын (1918 ж). Халқы – 5 млн.-ға жуық адам.

1920 жылы 4 қазанда Орынбор қаласында Қазақ АКСР Кеңестерінің съезі өтті. Мұнда жоғарғы өкімет органдары сайланды: Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитетінің төрағасы С. Мендешев, ал қазақ АКСР – інің Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы В. А. Радус – Зенькович болды. Съезде «Қазақ АКСР еңбекшілері құқықтарының декларациясы» қабылданды. Декларацияда Қазақ АКСР – нің мемлекеттік басқару органдары, азаматтардың құқықтары мен міндеттері айқындалды.

Қазақ АКСР – нің құрылуының тарихи маңызы:
1) Қазақ халқының ғасырлық арманы орындалуының көрінісі.
2) Отаршылдыққа қарсы күрес нәтижесі.
3) Ұлттық қайта өрлеу жолындағы алғашқы қадам.

Бірақ қазақ елінің кеңес билігі тұсында мемлекеттік еркіндік алу туралы ой-арманы орындалмады. Жарияланған кеңестік қазақ автономиясы тек сөз жүзіндегі ғана құрылым болды. Қазақстанның ішкі өміріне қатысты мәселелердің негізгі түйіні Мәскеуде шешілді. Сондықтан да ұлттық-демократиялық интеллигенция өкілдері тәуелсіздік жолындағы күресті одан әрі жалғастырды. Бірақ қуғынға ұшыраған олардың бір бөлігі шетелге кетуге мәжбүр болды.

Орта Азияда республикаларды Түрік Республикасына біріктіру жөніндегі Тұрар Рысқұловтың идеясы Орталықтың наразылығын туғызды. Бүкіл ресейлік Атқару Комитеті мен РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі Ташкентке арнайы құрылған комиссия жіберді. Түрік Республикасы туралы жергілікті партия органдарының шешімдерінің күші жойылды. Түрік Республикасын құру туралы бастаманың Т.Рысқұлов бастаған бас-шылары партиялық және мемлекеттік қызметтен босатылды. Тек 1922 жылы ғана өздерінің «қателіктерін» ресми түрде мойындағаннан кейін барып ғана олардың республика басшылығына қайта оралуына рұқсат етілді.

1923 жылы маусым айында Ресей Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің мәжілісінде татар коммунистерінің жетекшісі М.Сұлтанғалиевтің Орта Еділ бойында коммунистік мұсылман мемлекетін кұру әрекеті де қатты сынға алынды. Сұлтанғалиевтің Шығыстағы барлық түріктерді біріктіру жоспарында Орта Азия немесе Тұран Республикасы (Құрамында Өзбекстан, Түркменстан, Қырғызстан және Тәжікстан) КСРО кұрамына тең құқылы федерация ретінде кіруі керек болса, Қазақстан жеке одақгас республика болып құрылуы тиіс еді. 1923 жылы Сұлтанғалиев Кеңес өкіметін құлатпақ әрекеті үшін айыпталып тұтқынға алынды, кейіннен атылды. Сонымен бірге, қазақ ұлттық-демократиялық интеллигенциясын да жазалау әрекеттері басталды. Республика басшылығындағы бұрынғы Алаш партиясынын мүшелері қызметтерінен босатылды, Т.Рысқұлов және тағы басқалар Орталыкқа шақырылды.

Қазан төңкерісінен кейін Кеңестер өкіметі ұлт-азаттық күресті зорлыкпен басып, тоталитарлык жүйе бір жолата орныққаннан кейін ұлт-азаттық күрес өрісінің тарылуына байланысты, енді ол жаңа саяси жағдайда шетелдік эмиграция күшімен де жүргізіле бастады. Шетелдік эмиграцияның ұлт-азаттық күрестегі ең ірі өкілі Мүстафа Шоқай болды. Азаттық күресінің бұл кезеңі мен жаңа жағдайында Мұстафа Шокай (Париж), Ибраим Жайнақов (Шығыс Түркістан), Райымжан Марсеков (Шығыс Түркістан) сияқты қазақтың ұлттық демократиялық интеллигенциясы мен бұрынғы Алаш қозғалысының көрнекті қайраткерлері тұрды.

Кеңес өкіметінің ұлт және ұлттардың теңдігі мен бостандығы туралы саясатын Ахмет Заки Валидің «Ресейдің оңтүстік-шығыс мұсылмандары тарихында жаңа кезең басталды. Ресейдегі күрес мұсылмандар құқығын қамтамасыз ете алмады, сондықтан да бұл күрес енді халықаралық сипат алмақ. Менің мақсатым - бұл елдердің талап-тілегін әлемдік қауымдастыққа жеткізу» деп айтуы да көп жайтты аңғарта алады.

XX ғасырдың алғашқы ширегі аяып империялардың күйреуі және отар елдердегі ұлт-азаттық күресінің күшеюімен де ерекшеленді. Ең алдымен Шығыс Еуропадағы империялар күйреді. Олардың бодандары тәуелсіздікке қол жеткізді. Осы жылдары әлемдік ауқымда асқындаған ұлт-азаттық қозғалысына қосыла алатыңдай саяси күштер Қазақстаннан да табылды. Әлихан Бөкейханов, Мұстафа Шоқай, Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Ермеков, Мұхамеджан Тынышпаев, Халел жәңе Жанша Досмұхамедовтер өз зама-нындағы әлемдік ұлт-азаттық күресіндегі ірі тұлғалардың қай-қайсысынан да кем тұрмады. Алаш азаматтары бастаған ұлт-азаттық күрес тоталитарлық жүйе нығайғанға дейін тоқтамады. Бірақ олардың қызылдар империясының қанды тырнағына қарсы тұруға шамалары келмеді. Алаш қозғалысы мен Алаш Орда мемлекетгілігін коммунистер билігі қызыл шақа қалпында қырғынға ұшыратты.

Алғашқы кезде көз алдау үшін құрылған ұлттық республикалар қол жаулық мемлекетке айналды. Большевиктер партиясы монархияны құлатқанымен империяны құлатпаған еді. Патшалық Ресей империясының орнына Кеңестер империясы, патшалық деспотияның орнына коммунистік деспотия орнады. 1922 жылдың соңында құрылған КСРО-ның мемлекеттік кұрылымы жұрт назарына ұсыну үшін койылған әшекей зат қана еді. Билік - Кеңестерге, жер - шаруаларға, зауыттар - жұмысшыларға деп ұран көтеріп, 1917 жылы төңкеріс жолымен өкіметті басып алған коммунистер, бұл билікті одан кейінгі жылдары да өз қолдарынан шығармады.

Жылдары Орта Азияда ұлттық-мемлекеттік құрылыс жұ­мысы жүргізіліп, Түркістан Автоно­миялық Кеңестік республикасы, Бұқар және Хорезм халық рес­пуб­ликаларының территория­сында Өзбек және Түркімен Ке­ңестік социалистік республика­лары құрылды. 1929 жылы Тәжік Автономиялық кеңестік социа­листік республикасы одақтас рес­­публикаға айналды. Осы құ­рылған үш республика Одақ құ­рамына енді. Бірақ, Кеңес үкіметі республикалардың шекараларын бөлген кезде көптеген қателіктер жіберді. Мысалы, қазақтардың бір­қатар батыс және солтүстік жер­лері Ресей федерациясының құ­рамына, тәжіктердің Самарқан, Ходжент аймақтарының кей жерлері Өзбекстанның құрамына бөлініп берілді, ал Әзербайжан мен Армения араларындағы өткізілген шекара кейін шешілмейтін проблемаға айналды.

Бірақ, «халықтар достығының салтанаты» орнаған көпұлтты федерация орнына Кеңес Одағы біртіндеп әкімшілдік-әміршілдік басқару системасы қалыптасқан, тоталитарлық сипаты бар коммунистік империяға айналды. КСРО құрылған кезде федерацияда терезесі тең болады деген одақтас республиклар барлық жағынан Мәскеуге бағынып, онсыз бір жөнді мәселені шеше алмайтын қуыршақ құрылымдар болып қала берді. «Социалистік интернационализм» принципі негізінде бір тілде сөйлейтін, бір идеологияға және бір орталыққа бағынған «кеңес халқын» құрамыз деген Одақ басшыларының әрекеті XX ғасырдың 70 жылдары сәтсіз аяқталды. Ең соңында экономикасы ішкі және сыртқы жағдайы, ұлттық саясаты тығырыққа тірелген Кеңес Одағы 1991 жылы ыдырап, оның кеңістігінде 15 тәуелсіз мемлекет пайда болды. КСРО-ның ыды­рауындағы басты себеп – ол 1986 жылдары Қазақстанда басталып: Украина, Латвия, Литва, Эстония, Грузия және Әзірбайжанда жал­ғасын тапқан ұлт-азаттық қозға­лыс болды деп айтуға болады. Кеңес Одағының ыдырауы тарихи заңдылыққа бағынған үрдіс, өйткені көп ұлтты империялар қандай саясат жүргізсе де уақыты жеткенде ыдырауға мәжбүр болады.

Азіргі кезде КСРО кеңістігінде пайда болған тәуелсіз республикалар әрқайсысы өзінің шамасына қарай даму жолына түсті. Олар бұрыннан мемлекеттілік дәстүрі бар Ресеймен қатар, Қазақстан, Украина, Белоруссия, Әзірбайжан және Өзбекстан саяси және әлеуметтік-экономикалық жағынан белгілі дә­режеге жетті. 1922 жылы боль­шевиктердің Кеңес Одағын құрудағы алдау-арбау, зорлық-зомбылық саясатына алданып қалған: Украина, Белоруссия және Теріскей Кавказ басшыларының кейін опық жегенін ұмытпау керек. КСРО-ның құрылу оқиғаларын оқыған да, зерттеген де орынды, бірақ талай рет бодандықты бастан кешірген ТМД халықтарының тарихтан тағлым алатын уақыты жетті деуге болады. Халықаралық дипломатияда екі жақты қатынастар деген қағида бар, сондықтан уақыт сынағынан өткен осы принциптер арқылы ірі державалар құратын әс­кери немесе экономикалық од­ақ­тарға кірмей-ақ, Достастық ел­дері әлемдегі барлық мемлекет­термен саяси-экономикалық, мә­­дени қаты­настарды әржақты және толыққанды дамытуға барлық мүм­кіншіліктері бар.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-04-04; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 4149 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Неосмысленная жизнь не стоит того, чтобы жить. © Сократ
==> читать все изречения...

789 - | 691 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.