Дәріхананың тауарлық есебі ай сайын арнайы кітапта жүргізіледі. Айлық есепке барлық түскен тауарлар бөлшек және сатып алу бағасында есепке алынады. Тауарайналымы, өзге шығындар кітапта күнделікті көрсетіледі. Тауар қалдығы күнделікті есептелініп шығарылатындықтан, айлық есеп бірден дайын болады.
Қб +Т = С + В + Қс;.
Айлар | Түскен тауарлар | Шығындар | Тауар үстемесі Теңге | Тауар үстемесі деңгейі, % | ||
Сатып алу бағасында | Сату бағасында | Сатумен байланыс ты шығындар | Өзге шығындар | |||
Қаңтар | 1 788 112 | 2 313 699 | 1 560 000 | 525 587 | ||
Ақпан | 1 481 255 | 1 960 912 | 1 560 000 | 479 657 | ||
Наурыз | 1 624 565 | 2 327 215 | 1 560 000 | 702 650 | ||
Сәуір | 1 680 492 | 2 251 386 | 1 560 000 | 570 894 | ||
Мамыр | 1 655 730 | 2 230 329 | 1 560 000 | 574 599 | ||
Маусым | 1 512 848 | 2 017 470 | 1 560 000 | 504 622 | ||
Шілде | 2 031 680 | 2 695 894 | 1 560 000 | 664 214 | ||
Тамыз | 1 877 403 | 2 501 158 | 1560 000 | 623 755 | ||
Қыркүйек | 2 303 071 | 3 126 151 | 1 560 000 | 823 080 | ||
Қазан | 2 083 612 | 2 788 175 | 1 560 000 | |||
Қараша | 2 298 977 | 3 074 565 | 1 560 000 | 775 588 | ||
Желтоқсан | 2 427 210 | 3 113 932 | 1 560 000 | 686 722 | ||
БАРЛЫҒЫ: | 22 764 955 | 30 400 886 | 18 720 000 | 7 635 931 | Орташа 25,08 | |
1 жылдағы дәріхананың тауар үстемесінің орташа деңгейі 25,08 % құрады.
Шығын сомасы -2 085 661, деңгейі б.б. тауарайналымының - 11% құрайды.
Таза табыс мөлшерінің деңгейі- 13%.
Дәріханада жүргізілген инвентаризацияға қатыстым. Нақты қалдық кітап қалдығынан 6750 теңгеге артық болып шықты. Оның түзілу себебі: кейбір медициналық мақсаттағы бұйымдар: балалар памперсі, гигиеналық төсегіштер орамынан бөлшектеп сатқанда бағаны дөңгелектеумен байланысты. Мысалы: гигиеналық төсегіштің №12 үшін сату бағасы 320 теңге. Бөлшектеп сатқанда 1 данасы 30 теңгеге босатылады. Арасындағы 3,34 теңге және тағы сол сияқты мысалдар тауардың нақты қалдығының артық шығуына себеп болады.
Дәріхана меңгерушісінің жұмыс орынында:
17 мамыр 2013 жыл
- Дәріхананың жұмысын ұйымдастыру бойынша дәріхана меңгерушісінің жұмысымен танысып, тапсырылған жұмыстарды орындадым:
Қазақстан Республикасының Еңбек туралы Кодексімен таныстым
· жұмысқа қабылдау, жұмыстан босату тәртібімен
· жұмысқа қабылдау және босату бойынша бұйрықтармен
· дәріхананың жұмыс кесесімен
· қызметкерлердің жұмысқа шығу графигімен
- жоқ немесе аз мөлшерде қалған дәрілік заттарды дефектураны тіркеу журналына енгіздім;
- анықталған дефектура бойынша фирмаға дәрілік заттарға телефон арқылы тапсырыс бердім;
- дәріханадағы дәрілік заттардың сақталу мерзімдерін тексердім;
- түскен тауарларды қабылдадым.
- шот-фактура негізінде саны мен сапасын, сериясын, сертификатпен сәйкестігін тексердім.
- Шот-факутра бойынша келген тауарларды қабылдау бақылауын өткізгеннен кейін оларды сақтау орындарына орналастырдым;
20 мамыр 2013 жыл
- Кассалық операциямен таныстым.
Дәріханадағы кассалық аппарат фискалдық жады бар «АМС-100», жады 2200 чекке есептелген.Түркісіб ауданының салық комитетінде тіркелген. Тіркеу карточкасының № _____________, зауыттық №__________________;
Дәріхана меңгерушісі кассаның жұмыс тәртібімен таныстырды. Науқастарды қабылдап, оларға дәрілік заттарды босату бойынша жұмыстарды атқарып үйрендім.
Сатудан түскен ақша «Кассалық кітапта» тіркеледі. Кітап нөмірленіп, салық комитетінің мөрімен, төрағаның қолымен бекітілген. Практика өткен аралықтағы кассалық кітаптың бетінің көшірмесі күнделікке қосымша құжат ретінде тіркеліп отыр. Кассалық кітапты толтырып үйрендім. Тәуліктік кассаның есебін жасап үйрендім, касса арқылы. Тәуліктік Z- есеп жасап, чектерді кассалық кітапқа тіркедім.
2. Дәріханада тауарлық есеп күнделікті жүргізіледі, журналда күнделікті кассаның есебі, тауардың түсуі сатып алу және сату бағасында және күн соңындағы тауар қалдығын бірден көруге болады, есеп күнделікті жүргізілетіндіктен. Өте жақсы форма, сондықтан барлық дәріханаларға осындай есеп жүргізуді ұсынуға болады. Журналдың формасы коса беріліп отыр. Қосымша № _______. Бұл құжатты толтырып үйрендім.
21 мамыр 2013жыл
1. Тұрғындарды дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен, парафармацевтикалық өнімдермен қамтамасыз етуді ұйымдастыру бойынша дәріхананың саясатымен, жасалатын жұмыстармен таныстым.
Дәріхананың тауар ассортиментінде биологиялық белсенді заттар да бар. Бұларды дәріхана «Ромат», «Медикус», СК-фармация ЖШС, Инкар ЖШС-нен алады. Аталған заттарды фирмалар дәрілік заттармен бір шот-фактурада босатады.
22 мамыр 2013жыл
1. Дәріхана ассортиентінің кеңдігімен таныстым. Талдау нәтижесінің көрсеткіші:
- дәрілік заттардың - 1478;
- медициналық мақсаттағы бұйымдардың – 31;
- парафармацевтикалық өнімдердің – 12;
- балалар тағамының – 5;
- Дәрілік өсімдіктердің - 47 атаулары бар.
2. Дәрілік заттардың ассортиментінің тереңдігімен таныстым. Дәрілік заттардың ормадағы көлеміне байланысты олардың бағасы да әртүрлі екендігін көрдім.
- дәріхана дәрілік заттардың тіркеуден өткен барлық дәрілік қалыптарын, түрлі дозаларын, бір дәрілік заттың атауын (мысалы: Ацетисалицил қышқылы 0,5 №10 «Химфарм» АҚ, «Павлодар фарм.зауыты» ЖШС, «Борисовский фарм.завод») түрлі өндірушілерден;
- дозаларының түрлерін (мысалы: Тенорик 50 мг №30, Тенорик 100 мг №30; Креон 10 000ЕД№20, Креон 20 000 ЕД №20);
- орамдағы көлемі мен санына байланысты
(Этил спирті 90%- 30 мл, 50 мл, 60 мл,90 мл - Шаншаров-фарм ЖШС; Фестал №20, Фестал №100, Бриллиант жасыл 1%-30мл, 40 мл, 50 мл).
23 мамыр 2013 жыл
1. Дәріханың орналасқан жеріне, клиенттердің құрамына талдау жұмысын жүргіздім. Дәріхана орналасқан аумақта 6 дәріхана орналасқан. Бәсекелестік барлық жағынан өте жоғары. Дәріхананың клиенттері негізінен зейнеткерлер мен сол ауданның тұрғындары. Ең жақын орналасқан дәріхананың алыстығы 100 м. Ең алысы – 700м.
2. Дәріханаға түскен тауарларды Мемлекеттік Фармакопея талаптары мен физико-химиялық қасиеттеріне байланысты ҚР Үкіметінің 23.12.2011 жылғы ДЗ, ММБ және МТ олардың қауіпсіздігін, тиімділін және сапасын қамтамасыз ете отырып сақтау және тасымалдау туралы Ережені бекіту туралы № 1595 Қаулысына сәйкес бұйрығына сәйкес қабылдап, сақтауды ұйымдастыру жұмыстарына қатыстым.
24 мамыр 2013 жыл
1. Дәріханада қолданылатын медициналық тауарларды сатудағы жаңа тәсілдер, еңбекті ғылыми ұйымдастыру жұмыстарының жүргізілуіне көңіл бөлдім.
- дәріхана бәсекелестікті жеңілдету бойынша зейнеткерлерге егер алатын дәрілік затының сомасы 1000 теңгеден асса, 5% жеңілдік;
- телефон арқылы дәрілік затқа талап қабылдау;
- тұрғындарға дәрілік затпен қоса аннотацияларын, түрлі календарлар беру сияқты жұмыстар атқарады.
2. Еңбекті ғылыми тұрғыдан ұйымдастыруға дәріханада тауарлық есепті, түскен тауарларды бағалары бойынша тіркеу жүргізілетін журналды айтуға болады. Осы журнал негізінде дәріхана қызметкерлері күнделікті тауар қалдығының сомасын біліп отырады. Сонымен қатар дәріхананың фирмалармен есеп айырысулары, кімнен қанша сомаға тауар алғандығы жөніндегі ақпараттарды лезде табуға болады. Осы журналағы ақпараттарды пайдалану арқылы осы дәріханада практика өткен барлық студенттер дәріхананың қаржы-шаруашылық қызметіне талдау жасау мүмкіндігіне тез қол жеткіздік.
27 мамыр 2013 жыл
Дәріхананың есеп және есеп беру жұмыстарымен таныстым.
Дәріхана иесі Түркісіб ауданының салық комитетінде жеке кәсіпкер ретінде тіркелген.
Есеп беру жеңілдетілген декларация бойынша тоқсан сайын жүргізіледі. Салық мөлшері тауарайналымының 3 % құрайды және зейнетақы қорына жалақының немесе кәсіпкердің табысының 10%, сонымен қатар әлеуметтік салық төленеді. Практика өткен мерзім жеке кәсіпкердің есеп беру кезеңімен сәйкес келгендіктен, есеп беру тәртібімен және құжаттарымен таныстым.
Тауарайналымы өткен тоқсанда кассалық кітап бойынша 2 400 342 теңгені құрады. Салық мөлшері 3%; Ол сома екі 101 202 және 103 101 баптарға бөлініп төленеді:
Есеп беру кезеңі, тоқсандар | 101 202 Табысқа салық | Табысқа салық | 101 201 міндетті әлеуметтік салық | 101 201 зейнетақы қорына аударым |
I | 36 385 | 13 500 | ||
Барлығы: | 36 385 | 13 500 |
2010 жылы барлық салық түрлері бойынша төленген сома: 356 000 теңгені құрады. Бюджетке кәсіпкер қарыз емес.
Дәріхана жұмысына қорытынды:
- Дәріхана 1997 жылдың желтоқсанынан бастап қызмет жасайды.
- Ашылған кездегі фармацевттер саны - 2.
- Ашылған кездегі тауар бағалы заттардың бөлшек бағадағы қалдығы – 618 000 теңгені құраған. Дәріхана тәулік бойы жұмыс жасайды.
- 2010 жылғы дәріхананың экономикалық көрсеткіштеріне талдау жасау барысында дәріхананың қаржы шаруашылық жағдайының жақсарып келе жатқандығын көруге болады. Кәсіпкер барлық қарыздарынан құтылған. Бюджетке барлық салық төленген.
- Тауар қалдығы 01.04.11 жылға 3 980 000 теңге, сату бағасында.
- Фармацевттер саны - 4 адам.
- Кәсіпкердің мамандығы провизор болғандықтан, ұйымдастыру жұмыстарын дұрыс жүргізіп, бәсекелесттікті жеңуге тырысады. Бұл үшін үнемі маркетингтік зерттеулер жүргізіледі: сатып алу бағасына, бәсекелестердің бағасына, тауар үстемесіне, шығынға. Сонымен қатар тұрақты клиенттерге 5%-ға дейін шегерім қолданылады.
Дәріхана жұмысына практика өткен студенттер енгізген жаңалық
- Мерчендайзинг – бұл сату залында табысты молайту мақсатында атқарылатын іс-шаралар:
· Витринаға тауарларды орналастыру бойынша дәріхана меңгерушісіне кеңестер берілді.
· Жұмысты ұйымдастыру бойынша ұсыныстар берілді (сату залында витриналарды орналастыру бойынша)
Қорытынды: Практика өту барысында реферат жаздым.
Тақырып: «Этикетка. Этикеткалардың түрлері.»