Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Практиканы өту базасы: жеке кәсіпкер «Ғ.Қ.Адибаева» дәріханасы




С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті

Модуль «Фармацевт-менеджер»

 

 

3 курс студенті Бекназарова Құралайдың

Жалпы фармацевтикалық тәжірибе» оқу - кәсіптік практикадан

КҮНДЕЛІГІ

Алматы, 2013

Практиканы өту базасы: жеке кәсіпкер «Ғ.Қ.Адибаева» дәріханасы

 

Статусы: Дәріхана

 

Мекен-жайы: Алматы қаласы, Сейфуллин даңғылы, 166

 

Практиканы өту базасындағы жекекші: Ғ.Қ.Адибаева

 

 

Оқу базасындағы практикаға жетекші: Модуль оқытушысы Наурызалиева Ж.Т.

 

 

Практиканы өту мерзімі: 13.05.13 – 27.05.13

13 мамыр 2013 ж
Базаның сипаттамасы:   Дәріхана ұйымының құрылтайшысы - жеке кәсіпкер Адибаева Ғ.Қ. Түркісіб ауданының салық комитетінде жеке кәсіпкер ретінде тіркелген, тіркеу куәлігі - серия АА № 005844, берілген күні 19.10.2001ж. Жарамдылық мерзімі-шектеусіз.
Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы Заңына» сәйкес дәріхана фармацевтикалық қызметті ҚР Денсаулық сақтау бойынша агенттігінен 2001 жылдың 11 тамызында берілген №РР64600902Р Мемлекеттік лицензия негізінде жүзеге асырады. Лицензия бойынша фармацевтикалық қызмет түрі: Дәрілік заттарды дәріхана арқылы бөлшек саудада сату.
Лицензияның жарамдылық мерзімі:шектеусіз
Дәріхана тұрғын үй ғимаратына кіретін, 1- ші қабаттағы пәтерде орналасқан. Пәтер дәріханаға арналып қайта жабдықталған. Дәріхананың жалпы ауданы -32,7м.кв. Бөлмелері «Санитарлық талаптар мен нормаларға» сәйкес:
  • сату залы- 18,7 м.кв., ол өз кезегінде 10,7 м.кв.-фармацевтің жұмыс орны және келушілерге арналған 7 м.кв.аймаққа бөлінген;
  • персоналдарға арналған бөлме – 4,8 ш.м;
  • материалдық – 1,8 ш.м;
  • материалдық – 3 ш.м;
  • тазалық бөлмесі – 2,6ш.м.
 
  1. Дәріхана ҚР Үкіметінің 17.01.2012 жылғы № 91 «Санитарлық Ережелерді бекіту туралы «Дәрілік зат, медициналық мақсаттағы бұйымдар және медициналық техника айналымындағы объектілерге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға» сай жабдықталған:
- кассалық аппарат «АМС» 100 – 1 дана; - витриналар – 1 комплект; - материалдық шкафтар – 7 дана; - тоңазытқыштар – 2 дана; - стол - 2 дана; - орындықтар – 6 дана. Дәріхана қызметкерлері арнайы санитарлық киімдермен-халаттармен қамтамасыз етілген.  
Дәріхананың штаты: - дәріхана меңгерушісі – провизор – 1 бірлік; - фармацевттер –3 бірлік; - санитарка – 1 бірлік. - Сыпырушы – 1 бірлік Барлығы: 6 бірлік
 
  1. Дәріхана ұйымдарының категориясын анықтаушы құжатпен таныстым. ҚР Үкіметінің 26.01.2005 жылғы «Дәріхана, дәріханалық қойманың құралымы мен категориясын анықтау ережелері туралы» № 65 қаулысымен дәріхана ұйымдарының категориялары бекітілген, бұл құжатқа сәйкес аталмыш дәріхана 3 категорияға жатады.
1-категория- өмірлік қажетті дәрілік заттардың 100% және есірті, улы, психотроптық заттарды сатумен айналысатын; 2-категория - өмірлік қажетті дәрілік заттардың 70% және есірті, улы, психотроптық заттарды сатумен айналысатын; 3-категория – лицензиялау кезіндегі талаптарға сәйкес қалған дәріханалар жатады. Аталмыш дәріхана 3-ші категориялы дәріханаға жатады. Дәріханаға 1 дәріхана пункті мекен-жайы: Алматы қ-сы, Жансүгіров көшесі, 589 және 1 дәріхана бекітілген, мекен-жайы: Алматы қ-сы, Калкаман 2, ул.Макатаева,50 в здании магазина МАРА.
  1. ҚР Үкіметінің 5.12.2011 жылғы № 1460 рецептпен немесе рецептсіз босатылатын дәрілік заттардың тізімін бекіту Ережесімен таныстым.
  2. Дәріхана тауар алатын жабдықтаушылардың прайс-парақтарымен таныстым.
  14-16 мамыр 2013 ж
  1. Дәрілік заттарға рецептерді жазып беру тәртібімен таныстым, ҚР ДСМ-нің 16.11.2011жылғы № 1693 Дәрілік зат, медициналық мақсаттағы бұйымдар және медициналық техниканың бөлшек және көтерме саудасын жүзеге асыру туралы Ереже.
Дәріхана есірткі, улы, психотропты дәрілік заттарды сатумен айналыспағандықтан, рецепттер түспейді. 8-оксихинолин туындыларына, стероидты гармондарға, анаболикалық стероидтарға рецепттер дәріханада қалдырылады, сақтау мерзімі – 3 ай, содан кейін рецепттер комиссия арқылы жойылады. Комиссия құрамына дәріхана қызметкерлері кіреді. Дәрілік заттарды босатумен айналысатын фармацевттің жұмыс орнында дәрілік заттарға жазылған рецептер қабылдадым, олардың жарамдылық мерзімін тексердім. Жай дәрілік заттарға жазылған рецепттердің жарамдылық мерзімі – 3 ай. Рецепттер ҚР барлық аумағында жарамды. Осы бұйрыққа сәйкес дәріханада «Қате жазылған рецептерді тіркеу журналы» жүргізіледі. Сату залында көрнекті жерде келушілерге арналған ақпарат бар:
  1. Фармацевтикалық қызметпен айналысуға берілген лицензияның көшірмесі;
  2. Хабарландырулар:
· «Рецепт арқылы босатылатын дәрілік заттарды рецептсіз босатуға тиым салынады». · «Фармацевтикалық субъектілерге жеке және заңды тұлғалардан бұрын сатылып алынған дәрілік заттарды қайта қабылдауға тиым салынады». · «Балаларға дәрілік заттар босатылмайды». · Фармацевтикалық бақылау басқармасының телефондары мен мекен-жайы. · Ақшаңызды кассадан алыстамай тексеріңіз.
 

Дәріхана келесі көтерме саудамен айналысатын фармацевтикалық фирмалармен (жабдықтаушылармен)келісім – шартқа отырған:

1. Медикус Центр ЖШС

2. ЖШС ФК Ромат

3. Планета 03 ЖШС

4. СК-Фармация ЖШС

5. Садыхан Премиум ЖШС

6. Арай фарм ЖШС

7. Рауза АДЕ ЖШС

 

Тауар-бағалы заттарды қабылдау ережелерімен таныстым, тауарларды қабылдауға көмектестім, шот-фактурадағы сатып алу бағасына үстеме қосып, бөлшек баға түзумен айналыстым. Дәріхана дәрілік заттарға сату бағасын сатып алу бағасына 20-30% үстеме қосу арқылы белгілейді. Шот-фактураның жалпы сомасын есептедім. Бағасы бекітіліп, сомасын тексерген соң түскен тауарларды тіркеу журналына есепке алдым.

Қабылдау кезіндегі бақылау жүргіздім: Түскен тауарды саны, сапасы бойынша қабылдап алдым.

Дәріхананың орташа тауар үстемесі екі көрсеткіште-сомада және деңгейі боынша есептеледі, ай сайын тауар үстемесінің деңгейі шығарылып отырылады. Тауар-бағалы заттардың кітап қалдығы күнделікті есептеп шығарылып отырылады.

Бұл құжаттың формасы: Кесте1:

 

 

  Күні   Күннің басына тауар қалдығы, сату бағасында, теңге (Қб) Түскен тауарлар, фирманың атауы (Т)     Дәріхананың тәуліктік тауарайналымы, бөлшек бағада, басқа да шығындар, теңге (Ш)   Күннің соңындағы тауарлар қалдығы, сату бағасында, теңге (Қс)
сатып алу бағасында сату бағасында
         
           
           
           
           
           

 

Дәріханаға түскен дәрілік заттар қабылдау бақылауынан өтеді. Бақылау кезінде тауарлар саны мен сапасы бойынша қабылданады. Шот-фактурада тауардың атауы, дозасы, дәрілік түрі, саны, бағасы, сомасы көрсетіледі. Шот-фактураға қосымша қосымша құн салығының фактурасы, қолма-қол есеп айырысу квитанциясы және әр тауарға сертификат беріледі. Тауарларды қабылдағанда сериясының сәйкестігін тексердім. Практика өткен мерзім аралығында түскен тауарлардың тізімі күнделікте қоса беріліп отыр

 

Қабылданған тауар бағалы заттарға «Қабылдау штампы» толтырылады.

Абылдау штампы

 

Қабылдау күні 17.05.2013ж.

Ұйымның атауы Ж/К «Адибаева Г.Қ.».

Мекен-жайы: Алматы қаласы, Сейфуллин даңғылы, 166

Бағасы тексерілді: Тиметова Гулбану _________________________________

(қолы)

 

ТБЗ саны мен сапасы бойынша «___»_____________2013 жылғы №_________ шот-фактура бойынша _______________ сомаға қабылданды.

№_________Шот-фактура бойынша тауар толық қабылданды.

 

Қабылдады: Сатова Баян _______________________________________

(материалды жауапкер адамның аты-жөні және қолы)

 

· Тауарларды босатқанда фирмалар шот-фактураға тауар-транспорттық накладной, ілеспе парақ қоса береді. Мұнда тауарлар қабылдау орын саны бойынша, немесе салмағы бойынша көрсетіледі.

· Егер тауар-бағалы заттарды қабылдау кезінде кемшіліктер анықталса, онда «Тауарды қабылдау кезінде анықталған ауытқулар жөніндегі АКТ» құрастырылады.

· Шот-фактурасыз түскен тауарларға «Жабдықтаушыдан шот-фактурасыз түскен медициналық тауарларды қабылдау АКТ» құрастырылады. Жабдықтаушыдан шот-фактура алдырылғанша тауарлар жеке сақталады, сатылуға рұқсат берілмейді. Мұндай фактілер дәріханада практика өткен мерзімде болған жоқ.

· Талаптарға сай қабылданған тауар бағалы заттар ҚР Үкіметінің 23.12.2011 жылғы ДЗ, ММБ және МТ олардың қауіпсіздігін, тиімділін және сапасын қамтамасыз ете отырып сақтау және тасымалдау туралы Ережені бекіту туралы № 1595 Қаулысына сәйкес сақталынады. Тауарлар фармакологиялық топтарына, токсикологиялық топтарына, қолданылу тәсілдеріне, дәрілік қалыптарына байланысты сақталынады.

· Салқын жерде сақтау қажет тауарлар тооңазытқышта сақталады. Тоңазытқыштағы температураны өлшеуге арналған термометрлер әр сатысына орналастырылған, температура журналда күнделікті тіркелініп отырады.

· Жарықтан қорғалған жерде сақталуға тиісті дәрілік заттар есігі жабылатын шкафтарда, күн түспейтін жерде сақталынады.

· Витринаны безендіру дәріханада ҚР Үкіметінің 5.12.2011 жылғы № 1460 рецептпен немесе рецептсіз босатылатын дәрілік заттардың тізімін бекіту Ережесіне сәйкес ресімделеді. Витринаға тек рецептсіз сатылатын дәрілік заттар қойылады.

· Рецептсіз осы аталған бұйрыққа сәйкес дәрілік заттар босатылуға тиіс, алайда дәрігерлер рецепт жазбайды, аурулар өз бетімен емделеді, сондықтан рецепттер аз мөлшерде түседі. Көп жағдайда олардың жазып беру тәртібі сақталмайды. Рецептер арнайы рецетік бланктерде толтырылмайды.

· ҚР Үкіметінің 23.12.2011 жылғы ДЗ, ММБ және МТ олардың қауіпсіздігін, тиімділін және сапасын қамтамасыз ете отырып сақтау және тасымалдау туралы Ережені бекіту туралы № 1595 Қаулысына сәйкес рецептің жарамдылық мерзімі:

1) тегін және жеңілдікті шарттарда босатылған дәрілік заттарға – 3 жыл;
2) құрамы 8-оксихинолиннің туындыларынан тұратын дәрілік заттарға, улы заттарға, гормондық стероидтерге, клонидинге, анаболиялық стероидтерге – 3 ай.

· Дәріхана тұрғындардан дәрілік шикізаттарды қабылдаумен айналыспайды.

Егер дәріхана дәрілік шикізаттарды қабылдаған жағдайда «Өсімдік

шикізаттарды тауарға айналдыру АКТ-сі» құрастырылады да, тауар ретінде айлық

есепке енгізіледі.

· Сонымен қатар тұрғындардан қолданыста болған шыны ыдыстар қабылдаумен дәріхана айналыспайды, өйткені дәріханада РӨБ жоқ. Егер қабылданған жағдайда «Қолданыста болған шыны ыдыстарды сатып алу ВЕДОМОСТЫ» құрастырылады.

· Барлық түскен тауарлар «Тауар топтары бойынша түскен тауарлардың шоттарын тіркеу журналына» тіркеледі.

· Дәріхана есірткі, улы, психотроптық заттарды сатумен айналыспайды. Мұндай қызмет көрсету үшін дәріхананың фармацевтикалық лицензиясында рұқсат жоқ. Сондықтан дәріханада аталған заттардың заттық- сандық есебін жүргізетін кітап жүргізілмейді.

· Дәріханада РӨБ болмағандықтан және дәріхана тегін, жеңілдікпен дәрілік заттарды босатумен, тұрғындарға прокатқа тауар босатумен айналыспайтындықтан рецептуралық журнал, қаттау жұмыстарын тіркеу журналы, дооценка, тегін, жеңілдікпен босатылған рецептердің реестрі, прокатқа берілген тауарларды тіркеу журналдары жүргізілмейді.

Дәріханада жүргізілетін құжаттар:

  1. Бұйрықтар кітабы.
  2. Қызметкерлердің жұмыс уақытын есепке алу табелі.
  3. Дәріханаға түскен тауарларды тіркеу журналы.
  4. Кассалық кітап.
  5. Дәріхананың ауа температурасын, ылғалдылықты тіркеу журналы.
  6. Сақтау мерзімі шектелген, яғни 2 жылға дейінгі, дәрілік заттарды есепке алу журналы.
  7. Дұрыс жазылмаған рецептерді тіркеу журналы.
  8. Алғашқы медициналық жәрдем көрсетуге жұмсалған дәрілік-заттарды тіркеу журналы.
  9. Шаруашылық қажеттілікке жұмсалған заттарды тіркеу журналы.
  10. Дефектураны тіркеу журналы.

 

Дәріханада тауар-бағалы заттардың сақталу мерзіміне қатаң көңіл бөлінеді, күнделікті тауарлардың сақталу мерзімдері тексеріліп отырылады. Практика өткен аралықта жарамдылық мерзімі өтіп кеткен тауарлар болған жоқ.

Дәріхана дайын дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды, балалар тағамын, косметика, минералды суларды сатады. Тауар топтарын сонымен қатар түрлі биологиялық белсенді заттар да құрайды.

2012 жылғы желтоқсан айындағы көрсеткіш бойынша:

 

Тауар топтары деңгейі %, сату бағасында
Дәрілік заттар 86 %
Медициналық мақсаттағы бұйымдар 11 %
Биологиялық белсенді заттар 1 %
Медициналық мақсаттағы бұйымдар 2 %
   
Б А Р Л Ы Ғ Ы: 100 %

 

 

Тауар топтары бойынша талдау дәрілік заттардың үлесінің ең көп-яғни, 86 %

екендігін көрсетеді.

Практика өту барысында дәріхананың 01.01.2012 жылдан 31.12.2012 жыл аралығындағы 1 жылдық қаржы-шаруашылық қызметіне талдау жасадым.

2011 жылдың жылдық есебімен таныстым. Ол мәліметтер келесі кестеде көрсетілген:

Жалақыға талдау

 

Бұған дейін көрсетілгендей, дәріханада 4 фармацевт жұмыс жасаған. Жалақы қоры әр айға 170 000 теңге көлемінде. Деңгейі кестеде көрсетілген.

 

2012 ж тауар айналымы Қызметкерлер Саны Жалақы
сомада, теңге деңгейі, %
18 720 000   170 000  

 

Жалақының қорының айлық орташа мөлшері 170000 теңге, орташа деңгейі тауар айналымының – 9 % құрайды.

Еңбек өнімділігіне талдау:

  2012 жыл Тауарайналымы бөлшек бағада Қызметкерлер саны Еңбек өнімділігі,теңге
     
18 720 000   45 680 000




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-04-04; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1159 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Велико ли, мало ли дело, его надо делать. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2455 - | 2137 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.007 с.