Лекции.Орг


Поиск:




Салық түсінігі, мәні, қағидасы




Мазмұны

  Кіріспе.................................................................................................  
     
  ҚР салықтың теориялық негіздері  
1.1 Салық түсінігі, мәні, қағидасы..........................................................  
1.2 Салық түрлері1...................................................................................  
     
  Салық салғанда ескерілетін факторлар  
2.1 Салық түрлерін талдау.......................................................................  
2.2 Жеке меншіктегі жер учаскесінің салық көлемін анықтау.............  
     
  Қорытынды.......................................................................................  
  Пайдаланған әдебиеттер.................................................................  

Кіріспе

 

 

Салық - бүгінгі күннің өте өзекті мәселесі. Еліміздің экономикасының өркендеп, халық тұрмысының жақсаруына негізінен салық үлкен рөл атқарады.Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түсуiн, мiндеттi зейнетақы жарналарының және Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың толық және уақтылы аударылуын қамтамасыз ету, сондай-ақ салық төлеушімен салық міндеттемелерін орындауына салық бақылауын жүзеге асыру.

Салық кодексін дайындап - жасаушылар халықтың салық мәдениеті мен кәсіпорын басшыларының кәсіби деңгейін көтеріп, салық Кодексін өмірге тиімді түрде енгізіп, жүзеге асуын қадағаламайды.

Жаңа салық есептемесінің тәсілі бұрыңғы жүйеден әлде қандай тиімді. Ол салық саласы қызметкерлеріне нақты, дәл есеп жүргүзуге мүмкіндік берсе, салық төлеушінң салықшымен тікелей байланыс орнатуына жол ашады.

Тиімділігі – жолай бұрмаланбай электронды құралдар арқылы тура есепке алынады.Сондықтанда салық төлеу барысында әр түрлі келеңсіз жағдайларға (тамыр – танысқа арқа сүйеу, салық көлемін жасырып қалу т.б.) жол берілмейді.

Салықтар шаруашылық жүргізуші субьектілер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін білдіреді. Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту және оны тұрақтандыру барысында экономикалық тетік ретінде пайданылады.

Салық комитеті – салықтардың барынша түсуін және оның қызметіне қоғамның барынша қанағаттануын қамтамасыз ететін басқарудың тиімділігі жоғары жүйесі бар мемлекеттік орган.

Мемлекеттік орган ретінде салық қызметінің миссиясы стратегиялық бағытымен салықтардың толық түсуін қамтамасыз етуді анықтайды. Салық қызметінің Көрінісіне жету үшін тағы да екі стратегиялық бағыт белгіленеді: салық қызметі органдарының қызметіне қоғамның қанағаттануын қамтамасыз ету және тиімділігі жоғары салық қызметін құру.Салық қоғам өміріндегі орның айрықша екенін өз жұмысымызда сөз етпекпін.

Салық және басқа төлемдер деп заң актілерімен белгіленген тәртіпен шарттарға сәкес төлеушілердің бюджетке немесе бюджеттік емес қорларға міндетті түрде жасайтын жарлары аталады. Ұлттық табысты қайта бөлу факторы бола отыра салықтар мына жағдайларда жүзеге асырады. Бөлу жүйесінде пайда болатын қатерлерді жоюға мүмкіндік туғызады. Адамдардың осы немесе басқа әрекеттерінің дамуын ынталандырады (немесе ынталандырмайды).
Мемлекетке түсетін салықтардың алымдардың, баждардың және басқа төлемдердің (бұдан кейін салықтар) жиынтығы және олардың құрылуын формалары мен әдістерінің жиынтығы салық жүйесін құрайды.
Салық жүйесі мемлекеттің сәйкес келетін заңдылық актілеріне негізделеді. Оның арқасында салықтың құрылуының және жиналуының нақты әдістері, яғни салықтар элементтері белгіленеді.

 

  ҚР салықтың теориялық негіздері

 

 

Салық түсінігі, мәні, қағидасы

 

Қазақстан Республикасы өз алдына егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болғасын, экономиканы дербес түрде басқарады. Мемлекеттік басқару жүйелеріне көптеген өзгерістер жасалып, бірнеше заң жобалары қабылданды. Оларға қаншама өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Дамыған мемлекеттер мен көрші мемлекеттердің жүргізіп отырған саясаттарын сараптай отырып, өзіміздің ұлттық менталитетке сай, қажетті жақтарын алып отырды.

Нарықтық экономика мен мемлекеттің салық саясатының негізгі мақсаты- бюджеттің кіріс бөлігін қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету болып табылады.

Салық саясатының басты мақсаты- салық жүйесін құру және оның тиімді қызмет етуіне мүмкіндік беретін салық механизмін іске асыру.
1991 жылға дейін, яғни КСРО ыдырағанға дейін елде көбінесе экономиканы басқарудың әкімшіл-әміршіл жүйесіне, бағаларға қатаң мемлекеттік реттеуге сәйкес келетін салық жүйесі қызмет етті. Бюджеттің басты кіріс көздерінің бірі болған айналым салығы тіркелген бөлшек сауда мен көтерме сатып алу бағаларын қолдануға және мемлекеттік реттеп отыруға бағытталған болатын. Қазақстан егемендікке ие болғаннан кейін 1991-1995 жылдары қабылдаған бірқатар заңдарға сәйкес республикада жаңа салық жүйесі қалыптасты.

Бірінші кезең. 1991-1995 жылдары аралығын қамтиды.1991 жылғы желтоқсанның 24-інен бастап біздің елімізде тұңғыш салық жүйесі жұмыс істей бастады. Ол «Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы» заңға негізделді. Бұл заң салық жүйесін құрудың қағидаттарын, салықтар мен алымдардың түрлерін, олардың бюджетке түсу тәртібін белгілеген алғашқы кұжат еді. Осы заңға сәйкес Қазақстанда 1992 жылғы қаңтардың 1-інен 1995 жылғы мамырға дейін салықтар мен алымдардың 43 түрі жұмыс істеді,яғни 16 жалпымемлекеттік салық, 10 жалпыға міндетті жергілікті салықтар мен алымдар, 17 жергілікті салықтар мен алымдар енгізілді. 1991 жылы 9 шілдедегі Қазақ КСР Президентінің «ҚазКСР мемлекеттік салық қызметін құру туралы» Жарлығымен ҚазКСР-нің басты мемелекеттік салық инспекциясы құрылды.

Қазақстан Республикасының Үкіметі 1995 жылдың басында салық реформасының ұзақ мерзімді тұжырымдамасын қабылдап, онда еліміздің салық жүйесі мен салық заңнамасын бірте-бірте халықаралық салық салу қағидаттарына сәйкестендіру көзделді. Осыған байланысты «Салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер туралы» 1995 жылғы сәуірдің 24-інде Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлығы шықты. Бұл жарлықтың тапсырмалары: салық салуды төмендету, салықтардың санын қысқарту, Қазақстанның салық жүйесін әлемдік стандартқа сай болуына қол жеткізу болып табылды. Енді бұрынғы 43салықтар мен алымдар едәуір қысқартылып, олардың саны небәрі 11 болып қалды. Оның ішінде бесеуі мемелекеттік, алтауы жергілікті салықтар.

Салық реформасының екінші кезеңінде экономика субъектілерінің қаржы-шаруашылық қызметі үшін ыңғайлы жағдай құрумен, макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізуге жағдайлар жасалды. Салық жүйесі бірінші кезеңмен салыстырғанда барынша ықшамдалды. Екінші кезеңде әлемдік деңгейдегі бүкіләлемдік салық жүйесін құру жөнінде жұмыстар басталды.

Ең басты назар “ҚР бюджет жүйесі туралы” заңына енген ҚР Президентінің 1998 жылы 1 сәуірдегі “Бюджетке төленетін салық және басқа да міндетті төлемдер туралы” Жарлығына аударылды. Бұл басты жаңа енгізілімдердің негізі салықтың жалпы мемлекеттік және жергілікті салықтарға бөлінуі және бюджеттік заңдылық бойынша бекітілген төлемдер тізімі болып табылады.

Үшінші кезең. 1999-2001 жылдары аралығын қамтиды. Қазақстанның салық жүйесінің дамуының ең маңызды кезеңі – 1999 жыл. 1998 жылы құрылған Мемлекеттік табыстар министрлігі салық заңының және қазіргі кездегі жұмыс істеп тұрған салық механизмін қайта құруды одан әрі жетілдіруге ілгері қадамдар жасады.— улер енгізу туралы “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” ” заңына сәйкес ҚҚС барлық салық төлеушілер үшін 16% болды.
1999-2001 жылдар аралығындағы өзгертулер мен толықтыруларды есепке алғанда салықтар саны 18-ге дейін көбейді. Қазақстан Республикасы Президентінің бұл Жарлығы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі 440-1 заңына сәйкес заң мәртебесін алды.

Үшінші кезеңдегі салық реформасы құрылымдық реформаға жатты, өйткені салық салу базасын кеңейтуге, мемлекеттік бюджетке түсетін салық түсімдерінің мөлшерін жоғарылатуға бағытталды.

Төртінші кезең. 2002-2008 жылдары аралығын қамтиды. 2001 жылы 12 маусымда Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексі қабылданып, ол 2002 жылдың қаңтарынан қолданысқа енгізілді. Онда елдегі өзгеріп отырған экономикалық және әлеуметтік жағдайларға байланысты салық салудың қағидалары мен нормалары толықтырылып, өзгертілді. 2002 жылы Қазақстанда Салық кодексін енгізу салық жүйесін реформалаудың жаңа сатысының бастауы болды, ол қазақстандық салық салудың халықаралық қағидаларын енгізуге көмектесті, елдің салық заңдылықтарын айқын, түсінікті және қарапайым етті.Бұл салық реформасы жаңа нарық талаптарына жауап беретін Салық кодексінің енгізілуімен байланысты болды. Реформа салық жүйесін жаңғыртуға және шаруашылық жүргізудің нарықтық қағидаларына көшуіне бағытталды.Салық кодексіне 2005 жылы акциз 1999 жылы 1 қыркүйекте ҚҚС-ты бөлу механизміне бірнеше өзгертулер енгізілді.

фермер қожалықтары үшін жалпыға бірдей жер салығы енгізілді.
2001 жылдың 3 мамырындағы “ҚР заңына өзгерт

салығына қосымша ретінде «экспортталатын ішкі мұнайға, газ конденсатына рента салығы»қосылды. 2008 жылдан бастап ойын бизнесі салығы енгізілді.Бүгінгі таңдағы салықтардың түрлері 13-ке жетті.Салықтардың және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдердің түрлері:

корпоративтік табыс салығы,жеке табыс салығы,қосылған құн салығы,

Акциздер экспортқа рента салығыжер қойнауын пайдаланушыларғасалық сал, салық, көлік құралы салығыжер салығымүлік салығыойынбизнес салығытіркелген салығыбірыңғай жер салығы.уәлеуметтік

Бесінші кезең. 2009 жылдың 1-қаңтарынан бастап «Салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер туралы»Заңына негізделіп Қазақстан Республикасының Салық кодексі (Салықтық кодекс) қолданысқа енгізілді. Кодексте салықты және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдерді белгілеу, енгізу және есептеу мен төлеу тәртібі жөніндегі биліктік қатынастар, сонымен бірге мемлекет пен салық төлеушінің арасындағы салықтық міндеттемелерді атқаруға байланысты қатынастар реттелінген. Кодексте кен өндіруші сектордың қайтарымын арттыру есебінен экономиканың шикізаттық емес секторларына салық ауыртпалығы төмендетілген, жеңілдіктер жүйесі оңтайландырылған, салықтық әкімшілік ету оңайлатылған, кодекс нормаларын қолдану экономиканы жаңғыртуға және саралауға, елдегі инвестициялық климатты жақсартуға, отандық, сондай-ақ шетелдік өндірушілер үшін де бизнес жүргізуді неғұрлым пайдалы етуге шақырады.Көптеген маңызды мәселелерді шешуге жол бастаған өзгерістер Салық кодексінде шешімін тапты:

— экономиканың шикізат емес секторына түсетін жалпы салық жүктемесін азайту;
— экономиканы жаңғыртуға және әртараптандыруға ықпал ететін жағдай жасау;
— салықтық әкімшілендіруді жетілдіру және салықтық рәсімдерді оңайлату есебінен бизнес жүргізу үшін жағдайды жақсарту.

Жаңа Салық кодексін қабылдау экономиканың тұрақты дамуына және әртараптануына жағдай жасайды, экономиканың көлеңке секторын қысқартуды қамтамасыз етеді, Қазақстанның инвестициялық климатын жақсартады, ол елге капитал ағымын ықпал етеді және экономиканың шикізаттық емес секторына салықтық жүктемені төмендетуге мүмкіндік береді.

Салық кодексін тікелей қолданылатын заңның принциптеріне сәйкес келтіру, салық органдары әрекеттерін терең регламенттеу, салықтық бақылау жүйесін құру салықтық жүйесінің сыбайлас жемқорлығын азайтуға мүмкіндік береді және салық органдары мен салық төлеушілердің тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді.Жаңа кодекс арқылы енгізілетін ең басты өзгеріс – кезең-кезеңмен корпоративтік табыс салығының (КТС) мөлшерлемесін азайту. Мәселен, аталған салық түрін 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап – 30 пайыздан 20 пайызға; 2010 жылдың 1 қаңтарынан басап – 20-дан 17,5 пайызға; ал 2011 жылдың 1 қаңтарынан 15 пайыздық мөлшерлемеге көшіру ұсынылған, бірақ та елдегі қаржылық тұрақсыздық жағдайының өсуіне, инфляцияның өсуіне байланысты кейінгі жылдарға шегерілді.

Басты өзгерістердің тағы біреуі – 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап қосылған құн салығының (ҚҚС) мөлшерлемесін 13-тен 12 пайызға төмендетілді. Онымен қоса, ҚҚС-ын салудың еуропалық классикалық моделіне көшу арқылы негізгі салық заңдылықтары жаңартылды. Бұл халықаралық тасымал экспортына және ішкі айналымдағы салық салуға қатысты жүзеге асырылады.Бұл заңнан мемлекеттің ұтатыны – салық салудың тәртібін жеңілдету нәтижесінде кәсіпкерліктің дамуына серпін береді. Жеке меншік секторға пайдалы жағы – айналымдағы қаржылары салықтан босап, салық есептемесі жеңілдетіледі. Онымен бірге, жеке меншік бизнес те анағұрлым жеңілдетілген салық жүйесімен өмір сүреді. Яғни салық органдарында сағаттап кезек күтпей, уақытының көп бөлігін өз шаруасына бөледі деген сөз.

2010 жылдың 17 шілдесінде «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Салық Кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.

2011 жылдың 1 қаңтарында, 25 наурызда, 21 шілдеде «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Салық Кодексіне маңызды өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.
2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Салық Кодексіне маңызды өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.
2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Салық Кодексіне маңызды өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.

2013 жылдың 4 қарашадан бастап «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Салық Кодексіне маңызды өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.

Бұл кезеңде жаңартылған өте маңызды өзгерістер қатарына салық жүйесін реформалау жатқызылады. Мұндағы ең басты жетістік ол жүйенің кеңейтілуі және бұл жүйеге көп төлемдер санының қосылуы. Қосылу себебі, біріншіден мемлекеттің өзінің қаржылық базасын қатайту мақсатында, екіншіден, осы мақсатта әлеуметтік-экономикалық процестерге әсер ету механизмін үлкейту, күшейту қажеттілігінде болды.

Салықтың субъктісі немесе салық төлеуші – заң арқылы салық төлеу міндеті артылған адам. Бірақ салықтың ауыртпалығы бағалар механизмі арқылы басқа тұлғаға жүктелуі мүмкін. Сондықтан арнайы салық төлем қызметін атқарушы - салықты ақиқат төлейтін тұлға, белгіленеді.
Салықтың объектісі - салық есептелетін табыс немесе мүлік (жалақы, пайда, құнды қағаздар, жылжымайтын мүліктер).

Табыс көзі - есебін салық төленетін табыс.

Салық ставкасы – салық салыну бірлігіне келетін салықтың көлемі (табыстардың ақша түріндегі бірлігі, тауардың өлшем бірлігі және т.б.).
Тұрақты прапорционалдық прогрессивтік салық ставкалары болды. Тұрақты ставкалар табыстар көлемінің мөлшеріне байланысыты емес, салым бірлігіне абсалюттік сомада белгіленеді.

Прапорционалдықтар - салық объектісіне, оның жіктелінуіне байланысты болмай, біркелкі проценттік қатынаста салынады.

Прогресивтік ставкалар - табыстың өсіп отыруына байланыты прогресивттік салықтың орташа ставкасы өсіп отырады. Салық салуда прогресивттік ставкасы бойынша салық төлеуші табысының үлкен үлесін төлейді. Прогресивтік салықтардың зардабының үлкен табысы бар адамдар тартады.
Регрессивтік - табыстың өсіп отыруына сәйкес. Регрессивтік салықтардың үлкен табыстары барларға пайданы, ал табыстары көп емес физикалық және заңды тұлғалар үшін өте ауыр келеді.

Салық салу - бұл табысты және қайнар көздері мемлекеттік құралдарды толтыру үшін реттеуші құрал. Мемлекет пайда болысымен тарихи салықта пайда болды. Салық неше ғасыр бойы өмір сүреді, соншама экономикалық теория оптималды салық салу қағидасын іздеуді алғаш рет Адам Смит қалыптастырған.

Қазіргі заманғы салық жүйесі бірнеше қағида қолданады:

Жалпылай, яғни табыс табатын барлық экономикалық тұлғаларды дамыту;

Тұрақтылық, яғни уақытында салық мөлшері мен салық түрінің тұрақтылығы;

Тең күштеу, яғни салықты салу барлық салық төлеуші үшін бірдей болуы керек;

Міндеттеме, яғни салықтың мәжбүрлігі төлеммен құтқармау, салықты төлеуде және есептеуде тұлғаның дербестілігі;

Әлеуметтік-әділеттілік, яғни салық мөлшері және салық жеңілдігін құру, бұл аз табысты кәсіпорынға, халыққа аяушылық ықпал жасау.

Салық жүйесі мемлекеттің заң актілерінде негізделеді, мұнда салық элементтері құралады.

Бұған кіретіндер:Салық тұлғасы немесе салық төлеуші, яғни салық төлеу міндетінартырған тұлға, ол заңды және жеке тұлға бола алады.

Салық нысан, яғни табыс және мүлік, осылардың салық есептеу (жалақы, табыс, бағалы қағаз, қозғалмайтын мүлік).

Салық көзі – бұл қоғамның таза табысты нысандарының тәуелдігін байланысыз салық салу.

Салық мөлшері - салықтың маңызды элементті, бұл элемент салым бірлігіне байланысты салық шамасын анықтайды.

Ұйымдық-құқықтық жағынан салықтар - бұл біржақты тәртіппен жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде және мерзімде төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті төлемдер.

Экономикалық мәні олардың өзінің мен міндеттерін жүзеге асыру үшін жұмылдыратын табыстың бір бөлігі болып табылатындығында.
Салықтар каржының бастапқы категориясы болып табылады, олар мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің сүріп, дамуының негізі болып саналады.

Салықтар барлық елдерде, олардың қоғамдық-экономикалық кұрылысы мен саяси іс-бағытына қарамастан, ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық кұралы, мемлекеттің кірістерін және бюджеттің кірістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады. Салықтарда мемлекеттің экономикалық мазмұны нақты түрде көрінеді, ал салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні, олардың түрлері мен рөлі қоғамның экономикалық кұрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және айқындалады.

Адамзат дамуының бүкіл тарихы бойына салық нысандары мен әдістері өзгерді, жетілдірілді, мемлекеттің кажеттіліктері мен сұрау салуына бейімделді. Салықтар тауар-ақшалай қатынастардың ахуалына әсер ете отырып, олардың дамыған жүйесінде айтарлықтай өрбіді. Бұл сол кездегі капиталистік салықтарының мәнін былайша білдіруге негіздеме берді: «Салық - бұл меншікпен, отбасымен, тәртіппен және дінмен қатар бесінші кұдай»; одан ары: «Салықтарда мемлекеттің экономикалық тұрғыдан айтылған сүруі жүзеге асады». құрылымының өзгеруі, өркендеуі әркашан салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен қабаттаса жүреді.
Салықтар мемлекеттің қаржылық ресурстарын қалыптастыруда заңи және жеке тұлғалардың қатысу міндеттілігін білдіреді. Белгілі философ салықтарды төлеу - әрбір азаматтың қасиетті борышы деген еді.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 35-інші бабында: заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге міндетті телемдерді телеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады, - деп жазылған. Қайта бөлудің тетігі бола отырып, салықтар бөлу жүйесінде пайда болатын жаңылыстарды «өшіруді» және субъектілер кызметін ынталандыруды немесе тежеуді талап етеді.

Мемлекет қаншама ғасыр өмір сүрсе, салықтар соншама өмір сүреді және соншама оңтайлы салық салудың кағидаттары мен әдістерін, яғни салық төлеушілер салық төлеу үшін, ал казына көптен-көп кіріс алу үшін салық жинауды қалай ұйымдастыру керектігін іздестірді. Салықтарда ежелден салық жүктемесін (салық ауыртпалығын) бөлудің екі қағидасы калыптасқан: пайда (алынған игіліктер) кағидасы; ) «қайыр көрсету» (төлем қабілеттілігі) кағидасы.

Бірінші жағдайда салық субъектілері салықтарды мемлекеттен алатын пайдаларға үйлесімді түрде төлеуі тиіс, яғни кімде-кім едәуір пайда алған болса, осы пайданы жасауды қаржыландыруға қажетті салықтар төлеуі тиіс деп топшыланады. Мысалы, кім жақсы жолдарды пайдаланғысы келсе, ол бұл жолдарды колдап, ұстауға жұмсалынған шығындарды төлеуі тиіс.
Сонымен бірге бұл тұжырымдаманы жалпылама колдану белгілі бір киыншылықтармен байланысты: мемлекеттің ұлттық қорғанысқа, ақысыз беруге және т.б. жұмсаған шығындарынан әрбір төлеуші іс жүзінде кандай жеке пайда және қандай мөлшерде алатынын дәл анықтау мүмкін емес. Оның үстіне бұл тұжырымдамаға ілессек, онда төмендерге, жұмыссыздарға олардың төлеуді каржыландыру үшін салу қажет болар еді, бұлай етудің мағынасы болмайды.

Екінші қағидатқа сәйкес «қайыр көрсету» субъектілер үшін колайлы болатындай етіп оларға салынуы тиіс, яғни салық ауыртпалығы нақты табыс пен әл-ауқатка байланысты болуы тиіс. Бұл қағидат мынаны білдіреді: жоғары табыстары бар жекелеген адамдар, кәсіпкерлер және кәсіпорындар табыстары аздарға қарағанда абсолюттік, сондай-ақ салыстырмалы тұлғалауда неғұрлым жоғары салықтар төлейді.Сөйтіп, салықтарға ұшырататын табыстар алу кезіндегі нұқсанды теңгеру үшін алынатын табыстардың мөлшеріне сәйкес салықтардың беліну мүмкіндігі қарастырылады, яғни бұл тұжырымдамаға сәйкес және жеке алынған табыстың тура мөлшеріне қарай салықтар төлеулері тиіс.Сән-салтанат заттарына жұмсалатын кажетті шығыстардан төленетін пен ең қажетті заттарға жұмсалатын болжамды шығыстардан ұсталатын салықтың арасында болатындықтан, әрине, бұл тұжырымдама үлкен ұтымдылығымен және әділдігімен ерекшеленеді.

Алайда бұл тұжырымдаманы да енгізгенде іс жүзінде ең алдымен тұлғаның салықтарды төлеу мүмкіндігін өлшеуге катаң тәсілдеменің жоқтығына байланысты белгілі бір пайда болады. Тек орташа ғана әркашан ұтымды іс-әрекет ететіндігі анық, яғни бірінші кезекте өзінің табыстарын ең қажетті тауарлар мен кызметтерге, тек сонан кейін онша маңызды емес игіліктерге жұмсайды.

Еліміздегі салық салу жатыға бірдей және міндетті болып табылады. Жеке сипаттағы салық жеңілдіктерін беруге тыйым салынады.

Салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер айқын болуға тиіс. Салық салудың ақындығы салық төлеушінің салықтық міндеттемесі туындауының, орындалуының және тоқтатылуының барлық негіздері мен тәртібін, салық агентінің салықтарды есептеу, ұстау және аудару бойынша міндетін заңнамасында белгілеуді білдіреді.

Қазақстанның жүйесі оның бүкіл аумағында барлық салық төлеушілерге (салық агенттеріне) қатысты бірыңғай болып табылады. Салық салу мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық ақтілер ресми басылымдарда міндетті түрде жариялануға жатады. Мемлекетке түсетін салықтық түсімдердің сипатты ерекшелігі олардың сан алуан коғамдық қажеттерге кейін иесіз пайдаланыуы болып табылады. Осысымен салықтардың мемлекет, сондай-ақ басқа жергілікті орғандар белгілейтін түрлі міндетті мақсатты жарналардан, төлем аударымдарынан айырмашылығы болады; бұған әлеуметтік сақтандыруға аударылатын қатаң мақсатты аударымдар, арнаулы корларға төленетін жарналар мен аударымдар, соның ішінде өнімнің, жұмыстардың және кызметтердің өзіндік кұнынан, пайдадан (табыстан), еңбекке ақы төлеу қорынан, және басқа көздерден есептелетін бюджеттен тыс қорлар жатады.

Салықтардың мәні олардың көрінеді. Жалпы каржылар категориясы тұрғысынан салық қосалқы категория болып табылады, сондықтан қаржыларға қатысты салықтардың функцияларын қаржылардың бөлгіштік функциясының құрамдас қосалқы функциялары ретінде қарастыруды ескерген жөн. Осыларға сәйкес қазіргі кезде салықтар фискалдық, реттеуші және қайта бөлу сиякты негізгі үш орындайды. Бұлардың әрқайсысы осы қаржылық ішкі белгілері мен өзіндік ерекшеліктерін білдіреді.

Фискалдық функция - барлық мемлекеттерге тән және негізгі. Оның көмегімен бюджеттік қор қалыптасады, мұның өзі салықтардың міндеттерін арттыра түседі. Өйткені салықтар мемлекеттік бюджеттің кірістерін толыстыра отырып, экономиканы, әлеуметтік-мәдени шараларды жүзеге асыруды камтамасыз етеді. Тауар-ақшалай қатынастардың, өндірістің дамуына карай бұл мемлекетке ақшалай табыстардың әрдайым көбейіп отырған түсімдерін айқындайды.

Салықтардың реттеушілік мемлекеттің экономикалық кызметінің ұлғаюымен байланысты пайда болады. Ол ұлттық шаруашылықтың дамуына кабылданатын бағдарламаларға сәйкес ықпал етеді. Бұл ретте салықтардың нысандарын таңдау, олардың мөлшерлемелерінің, алу әдістерінің өзгеруі, жеңілдіктер мен шегерімдер пайдаланылады. Бұл реттеуіштер коғамдық ұдайы өндірістің құрылымы мен үйлесіміне, корлану мен тұтыну көлеміне ықпал етеді. Сөйтіп, соңғы жылдары Қазақстан үшін салықтық және оларға теңестірілген төлемдердің төмен үлес салмағы сипатты болып отыр, бұл олардың жеткіліксіз жиналымдығымен–салудан жалтарынумен түсіндіріледі.

Қайта бөлгіштік арқылы түрлі табысының бір бөлігі мемлекеттің қарамағына өтеді. Бұл функцияның іс-әрекетінің ауқымы жалпы ұлттық өнімде салықтардың алатын үлесі арқылы анықталады; ол ұлттық табыстың мемлекеттендірілу дәрежесін көрсетеді: бұл үлес 1998 жылғы - 16,6%- дан 2ОО8 жылы 22,0%-ға дейін болды (ал Ұлттық корды есепке алғанда - 26,4%).
Жалпы қаржыларға сияқты салықтарға да бақылау тән, ол қаржылық көрсеткіштерді сандық бейнелеу аркылы бюджетке салық төлеушінің салықтық төлемдерді төлеудің дұрыстығы мен уақыттылығын тексеруді қамтамасыз етуге жағдай жасайды. Салықтардың аталған функциялары олардың әлеуметтік-экономикалық мәні мен мазмұнын толық аша түседі. Жалпы каржылық категория тұрғысынан салықтар қосалқы болып табылатындығын есте ұстаған жөн, сондықтан каржыға катысты салықтардың функцияларын каржының бөлгіштік функциясының құрамдас қосалқы ретінде қарастырған жөн.

Мемлекет салықтық саясатты - салық саласындағы шаралар жүйесін қоғамның онын нақтылы кезеңіндегі әлеуметтік-экономикалық және басқа мақсаттар мен міндеттеріне қарай әзірленген экономикалық саясатка сәйкес жүргізеді. 2007 жылдан бастап салықтық саясат экономиканың жекелеген секторларының әлуетін іске асыруға және жекеше кәсіпкерліктің еркін дамуына кедергі келтіретін әкімшілік рәсімдеуді оңайлатуға бағытталған. Сонымен бірге қосылған кұн салығының мөлшерлемесі 14%-ға, 2008 жылы 13%-ға, 2009 жылы 12%-ға дейін төмендетілді; ең аз жалақыны шегерімге жатқыза отырып барлық жеке тұлғалар үшін 10% денгейінде жеке табыс салығының тіркелген мөлшерлемесі енгізілді; шағын субъектілері үшін негізінде 2%-ға дейін арнаулы режімінде мөлшерлемесі төмендетілді, оңайлатылған мағлұмдама негізінде 3%-дық бірыңғай мөлшерлеме енгізілді. Бұдан басқа, жинақтаушы сақтандыру саласында қызметін жүзеге асыратын сақтық ұйымдарының инвестициялық кірістеріне қос салық салу жойылды, корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді есептеу механизмі жетілдірілді.

Рыноктық қатынастардың калыптасуы жағдайларында салықтық саясаттың негізгі бағыты тұтынудың орталықтандырылған корлары арқылы нақты табыстарының едәуір белігін қалыптастырудың өзін ақтамаған кағидатынан шегіну болып табылады. Бұл еңбек белсенділігін күшейтуде экономикалық мұдделіліктің уәждемелік механизмі аркылы еңбекке жарамды бөлігінің табыстарын айтарлықтай көбейтуге мүмкіндік жасайды. Салық жүйесі арқылы қоғамның еңбекке жарамсыз мүшелерін неғұрлым тиімді әрі сенімді корғау камтамасыз етіледі.

 

Салық түрлері

 

Төлем жасау, қабілетіне байланысты салықтар тікелесі және жанама болып бөлінеді.


Тікелей салықтар төлем қабілеттігіне тікелей пропорционалды болады. Осыған жататындар:

Азаматтарға салынатын табыс салығы және корпарациялардың (фирмалардың) пайдасына салынатын салық;

Мүлік салығы осының ішінде меншікке (жерге, қозғалмайтын мүлікке) әлеуметтік сақтандыруға, жалақы қорына және жұмысшы күшіне (әлеуметтік жарнамалар деп аталатындар) салынатын салықтар пайданы шетелге аударған үшін салынатын салықтар.

Жанама салықтар - бұл белгілі тауарлар мен қызметтерге салынатын салықтар. Жанама салықтар бағаға үстем жасалып алынады (мысалы акциздер). Бұлар жарым - жартылай немесе толық тауар қызметтер бағасына аударылады.
Жанама салықтардың негізгі түрлері:

Дамыған елдердегі салық салу тәжірбиесіне сүйенсек салықтардың жетекші екі түрі болады. Мұның негізінен табыс салығы адамдардың және заңды тұлғалар табыстарының барлық көздерінен түскен жиынтық түсімдерге прогресивтік салық салу және қосымша құнға салынатын салық құрайды.
Табысқа салынатын салықтар физикалық тұлғаларға салынатын табыс деп заңды тұлғаларға салынатын табыс салығы деп ажыратылады.

Жеке табыс салығы - бұл жеке табыстар салығы, салық төлеуші физикалық тұлғаның табыстарынан (әдетте жылдық) алынатын салым болып табылады. Төлемдер жыл бойы жасалынады. Бірақ түпкі есеп жыл аяғында жасалынады. Түпкі есеп салықтың бір түрі тікелей прогресивтік салыққа жатады.Әр елдің салық жүйелерінің орталық ұқсастықтары болады, сонымен бірге салық жүйелерінің көбіне серіктестіктер салық салудың жеке объектісі деп саналмайды. Олар арқылы пайда серіктестіктің мүшелеріне түседі деп есептелінгендіктен табыс салығы серіктестікке,оның мүшелеріне салынады.
Соңғы жылдары табыс салығының ставкасының төменде тенденциясы байқалып отыр. Көп экономистердің тұжырымдауы бойынша «әділетті» салық жүйесі үшін табыс салығының ашық бейнеленген прогресивтік ставкалары қажет, яғни байлар кедейлермен салыстырғанда үлкен салық төлеу керек.

Заңды тұлғаларға табыс салығы - корпарациялардың (фирмалардың) пайдасына салынатын салық.

Көп елдерде бұл тікелей прогресивтік салық болып табылады. Осы салық копарация (фирма) заңды тұлға болса ғана алынады.

Корпаративтік салық фирмалардың салық төлемдерінің басым көбін құрайды.Салық фирманың таза пайдасына (жалпы түскен түсімнен барлық шығындар мен зияндарды алып тастағанда қалғандар) салынады. Дивидент түрінде акционерлер арасында бөлінуге тиісті таза пайданың бөлігіне салық салу әр елдер әр түрлі жүреді. Алынған дивиденттер физикалық тұлғаларға салынатын табыс салығы объектісіне жатады. Мұның нәтижесінде бір сомаға екі рет салық салынады. Бастапқыда, фирманың пайдасының бөлігі деп осыдан кейін, салық салу жүйесінің көзқарасы бойынша акционерлердің табысына айналған бөлінетін пайда деп оған жеке табыс салығы салынады.
Салықтың дамыған елдерінің көбінде қолданылатын маңызы жағынан екінші түрі қосылған құнға салынатын салық. Еңбек процесінде өздерінің қарамағына келіп түскен еңбек заттарына құн салық төлеушілеріне олардың қосқан құнына салық салынады. Бірақ салық төлеушілердің әрқайсысы осы соманы түпкі тұтынушыларға жылжып отыратын тауарлардың бағасына қосады. Қосымша құн салығы тауарлармен қызметтер сататын фирмаларға салынатын тауар құнының 5%-дан 38% көлемінде салынады және осы салық көп қолданылатын тауарлар мен қызметтерге салынады.

Дамыған елдердің салық жүйесі салықтарды кәсіпкерлікті қолда ынталандыру үшін пайдаланады. Осы мақсатпен белгілі жеңілдіктер қолдана-ды олардың маңыздысына инвистициялық салық несиесі,тездетілген амор- тизация, жер қойнауының әлсіреуіне жеңілдік беру жатады.
Мән жағынан инвестициялық несие жеке бизнесті мемлекеттің капиталдық салыммен қаржыландыруы болып табылады. Мазмұны жағынан инвистициялық салық немесе салық енгізуді талап етеді.Ол ескірген жабдықтарды айырбастау және жаңа техника енгізуді талап етеді.

Жеңілдетілген амортизацияның мәніне келсек, ол мынада.

Негізгі капиталдың нарықты тозуынан елеулі артық масштабқа амортизация жасауға үкімет рұқсат береді.

Мән жағынан қарағанда бұл кәсәпкерлерге берлген салық салынатын пайданың сомасын азайтады. Негізгі капиталдың айналымын жеделдетеді.
Қазақстанда салық республикалық және жергілікті деп екі топқа бөлінеді:
Республикалық - бұл міндетті. Төлем сомасы тең үлесі республикалық бюджетке және салық төлеуші қала немесе аудан бюджетіне түседі.
Жергілікті - салықтың мөлшері жергілікті үкіметтің шешімінен анықталады.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-04-03; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 330 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Большинство людей упускают появившуюся возможность, потому что она бывает одета в комбинезон и с виду напоминает работу © Томас Эдисон
==> читать все изречения...

1023 - | 836 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.