Лекции.Орг


Поиск:




Ежелгі дәуір әдебиетіндегі «Көк бөрі» бейнесі




Біз Президенттің: «Мен қоғамда «Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек?» деген сауал жиі талқыға түсетінін көріп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Қазақ елінің ұлттық идеясы – Мәңгілік Ел!», деген ұлағатын ұдайы басшылыққа алуға тиіспіз. Себебі, түп атамыз көк бөріден тараған түркі тектес халықтардың тарих бетінде салған дара жолын ары қартай жалғастыру мақсатымыз бар.

Түйіп айтсақ, Мәңгілік Ел – шамшырақ идея, ал Қазақ елі мен Қазақ мемлекеті сол ұлы идеяның қозғаушы күші. Біз қазіргі таңда алғашқысын ел рухының мәңгі сөнбейтін жарық жұлдызына айналдырсақ, соңғысының керегесін керу үстіндеміз. Сондықтан бүгінгі кезең дана тарихтың ұлттың ұлағаты болып қайта оралған кезеңі, қазақ халқы өзінің төл арманымен табысып, ұлттық тағына сеніммен отырған шағы.

Қазақ елінің ұлттық сенімін, рухын арқалап, көнеден келе жатқан түркі тектес халықтардың бабалары қашан да қасқырды сыйлап, қасиетті деп санаған.

Көк түркілер қасқырды ерекше құрмет тұтқан. Мысалы, Құтылық қа­ғанның әскери гвардиясы «бөрілер» деп аталған және олардың жау келгенде көтеретін байрағына да алтынмен зерленген бөрінің басы бейнеленген. Түрік қағанаты тұсында тастан қойылған Бугут қорымындағы белгіде (стела) қасқырдың бейнесі бедерленіп, оның бейнесі көркем жыр жолдарына түседі. Бұл поэтикалық образды Орхон-Енисей жазба ескерткішінде­гі Күлтегін жырынан көруге болады. Жырда түркілердің әскері бөріге теңеледі:


Әкем қағанның әскері бөрідей бопты,
Жаулары қойдай бопты.
Қазақтың батырлық жырларында «бөрідей тиді», «бөрідейін түн қатып» деген жолдар жиі кездеседі. Тіпті атақты Қарақыпшақ Қобыланды батырдың жары, қамқоршысы Құрт­қаның есімінде қасқыр атауының жүруі кездейсоқ емес.
Қасқыр тотемінің бейнесі түр­кілердің бір бұтағы оғыздардың да фольклорлық мұраларында сақ­талған. Мысалы, оғыздардың көне жыры «Оғызнамеде» қағанды жеңіс­ті жорықтарға бастайтын аң – көктен түскен көкжал. Ежелгі қып­шақтардың да қорғаушы бабасы – қасқыр. Жорыққа аттанар алдында қыпшақтар бөріден көмек тілеп, жалбарынады. ХІІ-ХІІІ ғасырлардағы қыпшақтардың арасында ел билейтін хандар шығып отырған Елбөрі атты мәртебесі жоғары тайпа болған.

Оғызнамадағы көкбөрі

Зерттеушілердің басым бөлігінін пікірінше, Орталық Азия
көшпелілерінің тіршілігінде көк бөрі культі өте көне кезеңде —
сонау скиф-сақ заманында қалыптасқан. Тарихи мәліметтер, жота-
жартастағы кескіндемелер,археологиялық қазындылар, тнографиялық деректер осыны айқын айғақтайды. Ендеше, қасқырды кастерлеу салты мен оның адам санасында көркемдік қалыпта кейіптелуінің бір-бірімен байланыстылығы да тамырын тереңнен тартатыны сөзсіз.

Ұлы жобасы ескі, қағазға қатталуы кеш "Оғызнама" эпосында Оғыз каған таққа отырғаннан кейін халқына төмендегіше жарлық шашады (Қ.Өмірәлиевтің аудармасы): "Мен сендерге болдым қаған, Алалық жай, тағы қалқан! Тамға бізге болсын бұйан, Көк бөрі болсын ұран!" /68, 71/. Мұнан әрі келесідей бір көрініске кезігеміз:

"Таңертен болғанда Оғыз қағанның шатырына күндей бір жарық кірді. Ол жарықтан көк түкті, көк жалды бір еркек бөрі шықты. Осы бөрі Оғыз қағанға сөз беріп тұрып, былай деді:

Ай, ай, Оғыз!

Үрім үстіне сен аттанар боласың!

Ай, ай, Оғыз!

Қызметіңде мен жүрер боламын!

Бұдан соң Оғыз қаған шатырын түргізіп, (жүріп) кетті. (Бір уақытта) қарады, (қараса) әскердің алдын бастап көк түкті, көк жалды үлкен еркек бөрі шауып барады екен. Оғыз да әскерімен сол бөрінің соңынан еріп, шаба жөнелді. Бірнеше күндерден соң көк түкті, көк жалды бұл үлкен бөрі тоқтады. Оғыз да әскерімен тоқтады" /68,72/.

Бұл үзінділерден байқалатындай, шығармада бөрінің ата тектік қызметі көктен түскен жарық арқылы түспалданады да, оның мінездемесі елдің ұранына айналу жорыққа аттанған қолға жолбасшылық жасау функциялары арқылы нақпа-нақ беріледі. Және бір көңіл бөлгізетіні — қасиетті қасқырдың ата жыныстылығы. Сөйтіп, аталмыш шығармада көк бөріге қатысты айтылатын бұрыннан бар сипаттар бір желінің бойына жинақталған деуге болады. Мысалы, түркі қағандары жайшылықта да, жорықта да өз ордасының босағасына бөрінің алтын басының бейнесі бар туды шаншып қояды екен; ұштарына мұндай тотемдік жалау байлаулы найзаларды көтерген атты жауынгерлер бедерленген петроглифтер Алтай, Жетісу аймақтарынан көптеп табылған. Бұл бөрінің ұрандық белгісін ұқтырса, Бұланты өзенінің жағасындағы таулы-тасты жақпарда салынған түйелі көш алдындағы алып қасқырдың суреті оның керуенбасылық міндетін көріктейді.

Жоғарыда айтылған деректер бүгінгі біздің тәуелсіз еліміздің байрағының көк болуына себепкер болса керек.

Көне түркі әдебиетімен ары қарайғы байланысын тапқан жыр-дастандарда өзінше суреттелген.

Эпостық жырлардағы «көк бөрінің» бейнесіне батырдың сұлбасын, жауға қарсы шыққан кездегі сөз жетпес батырлығын, кейіпкердің өзін бөріге балаудың түрлі жолдарын эпостық туындыларда әртүрлі берілген.

«Манас» эпосында болашақ батыр Манас жолына нұр төгілген, ал өзін көкжал бөрі қоршап, қорғап жүрген қаһарман болып келеді:

Манастың қырқ чоросу

Көсөө куйрук көк бөру

Көкжал эрдин жөөкөрү

Көкөр болсоң көк жалаң [2,.27-28].

Ежелгі түркілер көк түске ерекше мән беріп, Көк тәңірісіне табынғаны, көкжал бөріні төтем тұтқаны тарихтан жақсы мәлім.

«Ер Тарғын» эпосында (Алтын орданың ыдырауы кезінде шыққан):

Мінді батыр еріне, Іздеген жауға көріне,Келген қалмақ жолықты,Тарғын сынды бөріге.«Қасқыр» «бөрі» теңеулері бұл жанрда батырдың сұлбасын беруде, жауды қойша қырған сәтін бейнелеуде, туған жердің пейзатын суреттейтін тұстарда кең қолданылады. Әсіресе, көріктеу құралдарының бірі ауыстырулар түрінде жиі кездеседі. «Тама батыр» атты жыраудағы:«Мен ноғайлы деген ер едім, Асыл туған төре едім, Азулы туған бөрі едім, Ындыс пенен қалмақты. Талғандармын деп едім,» [3,284]– деген шумақта батыр өзін асыл төреге, азулы бөріге балайды. Бір кездері қараша халықпен қан араластырмай, асыл тұқымға баланған төрелердің бүгінгі ұрпақтарының өзі талай ғасыр өтсе де үш жүздің құрамына кірмей, өздерінің шығу тегін нұрмен, түндіктен енген жарық сәулемен байланыстырады. Батырлар жырында бөрі едім, бөрі еді, бөрі екен, үш бөрі, нағыз бөрі т.б. түріндей метафоралар жиі кездеседі. «Бөрі» сөзінің ұнамды ұғым тудыруы бұл бейненің ұлттық санамыздағы төтемдік орнымен тікелей байланысты деген ойдамыз. Мұны Едіге батыр жырындағы мына үзінді де нақтылай түседі:

Қой секілді қалмаққа, Қойғасын бөрі қояр ма, Ашығып жүрген бөрі еді... Адамның қырды ірісін, Тастарды жаман сірісін... [3,95]. Батырлық жырлардағы көркемдік өрнектер мен олардың бейнелік күшін зерттеу барысында «қасқыр» сөзімен бірге «арлан», «бөрі», «көкжал», «тарлан» сөздерінің де жиі кездесетіндігін байқадық. Мәселен:

- Сен қасымда қой болсаң, Мен бір арлан бөрі едім. Қасымдағы тоқты-торымды, Ауызға салып жер едім, [3,55]– деп батыр өзін бөріге балайды.Қазіргі ауызекі қолданыста «қасқыр», «көкжал», «арлан», «бөрі» деген сөздер бір-бірінің синонимі ретінде қолданылады.

Шындығында да, көлемді жырларды таңнан таңға толассыз жатқа соғатын жыраулардың көңіліне қонған өрнектерді бірнеше жырда қатар пайдаланылатын сәттері жиі кездесіп жатады. Мұндай дайын эпизодтарды пайдалану дәстүрінің түп себебі фольклорлық туындылардың ауызша түзілуіне, яғни суырып салмалық қасиетіне келіп тіреледі. Сөзіміз дәлелді болу үшін төмендегі үзіндіні келтірейік. «Ер Тарғын» жырында:

Ай бетінен кіреді

Күн бетінен шығады,

Қойға тиді бір бөрі

Бөріктіріп қырады

Қолындағы зұлфұқар

Сексен екі бас кесті

Қазандай қара тас кесті, [3,93]- деп батырдың жауға шапқан әрекетін аша түседі.Жоғарыдағы үзіндіге қайта оралсақ, жырау «арлан бөрі» түрінде екі метафораны қатар қолдану арқылы шығарманың көркемдік құндылығын арттыра түседі.

Көне түркі бабамыздан келе жатқан «бөрі» ұғымы эпостық жыр-дастандарда да өз дәуіріне сай жекеше бейнесімен ерекшеленеді.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-04-03; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 810 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Велико ли, мало ли дело, его надо делать. © Неизвестно
==> читать все изречения...

998 - | 765 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.