Лекции.Орг


Поиск:




Педагогтың субъективтілік қасиеттерін құрылымдық көрсету




Ғасырдың басында, педагогикалық психология дамуының екінші кезеңінде, педагогтың, мұғалімнің тиімді іс-әрекетін қамтамасыз ететін қасиеттерінің, сапаларының дербес проблемасы қалыптаса бастайды. Жоғарыда келтірілген осы қасиеттердің сипаттамасын, П.Ф. Каптерев бойынша, құрылымдық көрсетудегі алғашқы әрекет жасауларының бірі деп санауға болады. Шынымен де, П.Ф. Каптерев объективті және субъективті қасиеттерді, факторларды бөліп, олардың жоғарыдан төмен дамуын ұйғарады.

Қазіргі кезде отандық педагогикалық психологиядағы Н.В. Кузьмина және оның мектебінің, А.К. Маркованың, С.В.Кондратьеваның, В.А.Кан-Каликтің, Л.М.Митина және т.б. зерттеулерінде, педагогикалық іс-әрекет тиімділігін (өнімділігін) анықтаушы педагогтың субъекттілік қасиеттері проблемасы арнайы теоретикалық және эксперименталды зерттеу пәніне айналды. Бұл педагогтың субьекттілік қасиеттерінің жалпы құрылымын елестетуге мүмкіндік береді.

Н.В. Кузьмина бойынша субъекттілік факторлар құрылымы: табиғаттылық типін, қабілеттер деңгейі мен құзырлылықты қамтиды, оларға арнайы-педагогикалық, әдістемелік, әлеуметтік-психологиялық, дифференциалды-психологиялық, аутопсихологиялық құзырлылық жатады. Осы факторлық құрылымның үш негізгі құрастырушысы айқын: тұлғалық, даралық (немесе даралық-педагогикалық) және кәсіби-педагогикалық. Құрылымның соңғы компоненті кәсіби білімдер мен іскерліктерді қамтиды. Бұл кәсіби құзырлылық, оның қалыптасуына және өзіндік даму деңгейіне қосқан үлесі жетекші (педагогика, әдістеме, әлеуметтік және дифференциалды психология) болып табылатын пәндік негіздері бойынша анықталады. Мұнда автор ұсынған құзырлылық құбылысының өзінің жіктелінуі және оның аутопсихологиялық құзырлылық сияқты маңызды деңгейін бөлу мәнді болып табылады. Ол әлеуметтік интеллектті «ойлау процестерінің өзгешелігін, тиімді елеу мен әлеуметтік тәжірибе жинауға негізделген, өзін, және басқа адамдарды, олардың өзара қатынастарын түсінуге және тұлға аралық оқиғаларды болжауға тұрақты қабілеттелік ретінде» түсінуге негізделеді.

Н.В. Кузьмина ұсынған, осы құрылымды педагогтың субъективтік қасиеттер құрылымымен салыстырудан көрініп отырғандай, онда қабілеттер блогы арнайы бөлінбеген және құзырлылық түсінігінің өзі біршама бөлек түсіндіріледі. Мысалға, егер Н.В. Кузьмина тұжырымдамасында құзырлылық педагогикалық кәсіби іс-әрекеттің басқа факторларымен қатар қойылған фактор болса, онда А.К. Маркованың тұжырымдамасында кәсіби құзырлылық тектік түсінік болып табылдаы. Ол іс-әрекетте көрінетін және оның тиімділігін қамтамасыз ететін барлық факторларды қамтиды. А.К. Маркова бойынша, «педагогикалық іс-әрекет, педагогикалық қарым-қатынас жеткілікті жоғары деңгейде іске асырылатын, мұғалім тұлғасы жүзеге асырылатын, мұнда мектеп оқушыларының оқылуы мен тәрбиеленуінің жақсы нәтижелеріне жететін, педагог еңбегі (осы жақтар кәсіби құзырлылықтың бес блогын құрайды)» кәсіби құзырлы.

Осы келістің үлкен жетістігі, кәсіби құзырлылықтың барлық сипаттамалары мұғалім еңбегінің үш жақтарымен ара қатынаста болуы: оның технологиясымен – өзіндік педагогикалық іс-әрекетпен, педагогикалық қарым-қатынас және мұғалім тұлғасымен. Бұл А.К. Маркова бойынша, біріншіден, педагогикалық еңбек субъекті – мұғалімнің өзін көрнекі елестетуге мүмкіндік береді:

 

МҰҒАЛІМ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЕҢБЕК СУБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ

Мұғалім тұлғасы

 

Мұғалім педагогикалық іс-әрекет субъектісі ретінде Мұғалім педагогикалық қарым-қатынас субъектісі ретінде

 

Екіншіден, ұсынылған түсініктеме іс-әрекет пен қарым-қатынасты кейбір шектеулермен педагогикалық субъекттілік қасиеттерді, оларды модулды көрсету көмегімен қарастыруды операционалдандыруға мүмкіндік береді.

Үшіншіден, А.К. Маркованың кәсіби құзырлылықты оның өзіндік іс-әрекеттік компоненті – іскерліктерде түсіндіруге келісі авторға іскерліктердің он бір тобын бөліп қана қоймай, сондай-ақ оларды мұғалім еңбегінің барлық жақтары үшін «жарып өткіш» қылуға мүмкіндік берді.

Л.М. Митина өңдеп, дамытып отырған, «іс-әрекет–қарым-қатынас –тұлға» схемасының контексіндегі мұғалім тұлғасының моделі. бес кәсіби маңызды сапаларға бөлінеді, олар педагогикалық қабілеттердің екі тобын айқындайды.

Өзіне назар аудартатын жағдай, біріншіден, қабілеттердің өздері де тікелей іс-әрекет тиімділігін анықтаушы субъекттілік факторлар ретінде бола алмайды, екіншіден, бағыттылық басқа да тұлғалық сапалармен қатар қойылған.

Педагогикалық іс-әрекеттің тағы да бір субъекттілік қасиеті эмоционалдық жану немесе психофизиологиялық жүдеулік синдромына қарсылық көрсету болып табылады. Е. Малерға сілтеме жасай отырып, Н.А. Аминов осы синдромның негізгі және факультативтік белгілерінің тізімін келтіреді: 1) жүдеу, шаршау; 2) психологиялық күрделену (асқыну); ұйқысыздық; 4) клиентке қатысты негативтік ұстанымдар; 5) өз жұмысына қатысты негативті ұстанымдар; 6) өз міндеттерін орындауды елемеу; 7) психостимуляторларды пайдалануды көбейту (темекі, кофе, ішімдік, дәрі-дәрмек); 8) тәбеттің азаюы немесе артық жеп қою; 9) негативті өзін-өзі бағалау; 10)агрессивтіліктің күшейуі (ашушаңдық, ызақорлық, қысымдылық); 11) пассивтіліктің күшейуі (цинизм, пессимизм, үмітсіздікті сезіну, селқостық); 12) күнәлілік сезімі. Н.А. Аминов, соңғы синдром басқа адамдармен, кәсіби, интенсивті өзара әрекеттесуші адамдарға тән екенін атап өтеді. Бұл жерде ол, эмоционалдық жану синдромы, кәсіби жарамсыздықтары айқындалған мұғалімдерде күштірек көрінетінін көрсетеді. Осы шынымен де субъекттілік синдромның дамуына қарсылық көрсету сапасы (себебі ол іс-әрекет процесі мен нәтижесінде дамиды) даралық психофизиологиялық және психологиялық ерекшеліктермен алғы шарттанады, олар елеулі мөлшерде жану синдромының өзін де шарттайды.

Жалпы субъекттілікті қасиеттердің (сапалар, сипаттамалар, факторлар) сапалық құрылымы жайлы көрсетулер келесі төрт топты бөлуге негіз береді: 1) субъекттің психологиялық (даралық) қасиеттері, нышандар ретінде болатын, оның субъекттік рөлін іске асыру алғы шарты ретінде; 2) қабілеттер; 3) бағыттылықты қамтитын тұлғалық қасиеттер; 4) кәсіби-педагогикалық және пәндік білімдер мен іскерліктер тар мағынадағы кәсіби құзырлылық ретінде. Субъекттілік қасиеттердің осы топтарын біз ары қарай педагогикалық іс-әрекет субъектісі құрылымының компоненті ретінде қарастырамыз.

 

3.3.Педагог іс-әрекетінің психофизиологиялық (индивидтік) алғышарттары (нышандары).

Педагогикалық іс-әрекет субъектісі құрылымының психофизио-логиялық компонентін қарастыру барысында бірден екі қиындық кездеседі. Біріншісі, В.Д. Небылицын көрсеткендей, «жүйке жүйесі қасиеттері мен қабілеттердің немесе тіпті олардың элементтері арасындағы байланысқа қатысты қаншама-бір бөлшектенген гипотезаны құру, сірә, әлі де болса ертерек; ол үшін жүйке жүйесінің қасиеттері жөнінде, және қабілеттердің өзі жайлы көбірек білу керек». Екінші қиындық, сондай-ақ, индивидтің белгілі бір психофизиологиялық көрсеткіштер мен мінез-құлықы, оның іс-әрекетінің сипаты арасындағы эмпирикалық айқындалатын тәуелділікті байқамау мүмкін еместігінде. Сірә, осы қиындықтардан өту, адамның жоғары жүйке іс-әрекеті типінің қандайда бір комплекстік психофизиологиялық көрсеткіші мен оның іс-әрекетте, мінез-құлықта неғұрлым ықтимал көрінуі арасындағы жалпы байланыстың өзін орнатуда болып табылады. Бұл жерде, В.Д.Небылицыннан кейін аталған функционалды-мінез-құлықтық проблема жедел сенімділік тұрғысынан ауысады. Бұл В.Д. Небылицын бойынша, «оптималды жұмыс өлшемдерінің тұрақты сақталуын» яғни, белгілі бір уақыттық кезеңдерде, және де күрделенуші, өзгеруші жағдайда сақталуын ұйғарады. Педагогикалық іс-әрекеттің нақ осы көрсеткіштермен сипатталатыны анық.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-03-18; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1427 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Либо вы управляете вашим днем, либо день управляет вами. © Джим Рон
==> читать все изречения...

656 - | 513 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.