Лекции.Орг


Поиск:




Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс




Жиынтық сұраныс – экономикалық субъектілердің бір жыл ішінде өндірілген жалпы ішкі өнімді сатып алуға жұмсайтын жиынтық шығындары. Жиынтық шығындардың көлемі елдегі баға деңгейіне тәуелді болып табылады және жиынтық сұраныс қисығы бағаның белгілі бір деңгейінде сатып алынатын жиынтық өнімнің көлемін көрсетеді.
Жиынтық сұраныс көлемін негізінен төрт экономикалық субъект қамтамасыз және осыған сәйкес, жиынтық сұраныстың құрауыштары пайда болады: Y = C + I + G + NX
Мұндағы, Y – жиынтық сұраныс немесе жиынтық шығындар көлемі;
C – үй шаруашылықтарының тұтынушылық сұраныстары;
I – фирмалардың инвестициялық шығындары;
G – мемлекеттік шығындар;
NX – таза экспорт, яғни экспорт пен импорт құндарының айырмасы.
Жоғарыда атап өткеніміздей, жиынтық сұраныстың осындай теңдеумен анықталуын біз негізгі макроэкономикалық теңдестік деп атаймыз.
Жиынтық сұранысқа және оның көлеміне бағалық және бағалық емес факторлар әсер етеді. Егер баға деңгейі өзгерсе, онда жиынтық сұраныс қисығының бойында өзгеріс орын алып жиынтық сұраныс көлемі өзгеріске ұшырайды. Ал бағалық емес факторлар әсер етсе, онда жиынтық сұраныстың өзі өзгереді де қисық оңға немесе солға жылжиды. Жиынтық сұраныстың бағалық емес факторларын төрт топқа бөлуге болады:
1. Тұтынушылық шығындардың өзгерісі, оларға үй шаруашылықтарының табысы, олардың әл-ауқаттылығы, болашақты күту, жеке табыс салығындағы өзгерістер, т.б. жатады.
2. Инвестициялық шығындардың өзгерісі, оларға пайыз мөлшерлемесі, әртүрлі жеңілдіктер, бизнес салықтары, т.б. жатады.
3. Мемлекеттің шығындардың өзгерісі, оған мемлекеттің белсенді экономикалық саясаты жатады.
4. Таза экспорттағы өзгерістер, оған валюта бағамының өзгеруі, сыртқы экономикалық жағдайлар жатады.

Жиынтық ұсыныс – бұл бір жылда өндірілген нақты жалпы ішкі өнім көлемі және оны өндірушілердің бағалардың белгілі бір деңгейінде нарыққа ұсына алу қабілеті. Жиынтық ұсынысқа да бағалық және бағалық емес факторлар әсер етеді. Бағалық факторлар жиынтық ұсыныс көлемін өзгертеді және соған орай қисықтың бойында өзгеріс орын алады. Ал бағалық емес факторлар әсер еткенде жиынтық ұсыныстың өзі өзгереді және қисық оңға немесе солға жылжиды. Бағалық емес факторларға технология, ресурстардың бағалары, қолданылатын ресурстардың көлемі, салық салу деңгейі, нарықтық құрылымдардың өзгерістері және басқалары жатады.
Алайда, жиынтық ұсыныс және оның көлемі уақытқа тәуелді болып табылады, сондықтан, осындай ерекше жағдайларда, жиынтық ұсынысқа қатысты үш мерзімді кезең анықталады
1. Қысқа мерзім, бұл кезеңде сұраныс жағынан өзгерістер болғанда бағалар деңгейі өзгермейді және тек жиынтық өнім көлемі ғана өзгереді, мұндай жағдайда жиынтық ұсыныс қисығы көлденең сипатта болады.
2. Аралық мерзім, бұл кезеңде сұраныс жағынан өзгерістер болғанда бағалар деңгейі де, жиынтық өнім көлемі де өзгереді, мұндай жағдайда жиынтық ұсыныс қисығы оң көлбеулі болып табылады.
3. Ұзақ мерзім, бұл кезеңде сұраныс жағынан өзгерістер болғанда бағалар деңгейі өзгереді және жиынтық өнім көлемі өзгеріссіз қалады, мұндай жағдайда жиынтық ұсыныс қисығы тік сызық түрінде болады.

 

Билет 5

Жалпы ішкі өнім

Жалпы Ішкі Өнім, ЖІӨ —мемлекет территориясындағы барлық өндірушілердің белгілі бір кезең ішінде өндірген түпкі тауарлары мен көрсеткен қызметтерінің нарықтық құнын білдіретін жиынтық көрсеткіш. Бұл атауды ең алғаш Саймон Кузнец ұсынды.

Жалпы Ішкі Өнім- қорытынды макроэкономикалық көрсеткіштердің бірі, бір жылда елдің ішінде осы елге, сондай-ақ өзге де елдерге тиесілі өндіріс факторларын пайдалана отырып жасалынған түпкілікті өнімнің рыноктық бағалармен белгіленген жиынтықты құнын білдіреді.

·атаулы' (ағылш.nominal GDP) — берілген жылдағы ағымдағы бағалар арқылы көрсетіледі.

·нақты(ағылш.real GDP) (инфляцияға түзетілген) — базалық жыл ретінде көрсетілген уақыттағы бағалар арқылы көрсетіледі. Нақты ЖІӨ бағаның әсерін емес, нақты өндіріс өсуінің ЖІӨ-ге әсерін көрсетеді.

·Атаулы ЖІӨ-нің нақты ЖІӨ-ге қатынасы ЖІӨ дефляторы" деп аталады.

·Фактылы ЖІӨ— толық жұмыспен қамтылмаған кездегі ЖІӨ. Экономикада іске асырылған мүмкіндіктерді көрсетеді.

·Әлеуетті ЖІӨ — толық жұмысбастылық кезіндегі ЖІӨ.Экономиканың бар мүмкіндікті пайдалану кезіндегі ЖІӨ-н көрсетеді.

ЖІӨ 3 түрлі тәсілмен есептеледі:

Табыс бойынша

·Бұл жағдайда ЖІӨ экономикалық ресурстардың меншік иелерінің табыстарының қосындысы ретінде, яғни факторлар табыстарының қосындысы түрінде анықталады.Халық,корпорациялар табыстары, жинақтаулар пайыздары, мемлекеттің іскерлік табыстары, импортқа және өндіріске салығы түріндегі табысытарының қосындысы;

Шығын бойынша

·шығыс бойынша — барлық макроэкономикалық агенттердің шығындарының қосындысын көрсетеді. Үй шаруашылығының пайдалану шығысы, фирмалардыңинвестициялық шығыстары, мемлекеттің тауарлар сатып алу шығыстары, қызметтер мен инвестициялар және таза экспорт (эспорттан импортты алып тастағандағы) қосындысы;

Қосылған құн бойынша

·Тек қана әр фирманың қосылған бағаларының қосындысы (берілген мекеме қойған қосылған баға).

ЖІӨ ұлттық экономиканың негізгі көрсеткіші болып табылады. ЖІӨ орталық банк пен үкіметтің қор индекстеріне және ақша-несиелік саясатына зор ықпал етеді.ЖІӨ көлемі бойынша дүние жүзінде бірінші орынды АҚШ алады, ал жан басына шаққанда алғашқы орынды Лүксембург алады.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-03-18; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1995 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Свобода ничего не стоит, если она не включает в себя свободу ошибаться. © Махатма Ганди
==> читать все изречения...

1293 - | 1208 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.008 с.