Лекции.Орг


Поиск:




Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасы




 

Мамандық: 5В030100 «Құқықтану»

Оқу түрі: күндізгі

курс: 4

семестр: 7

кредит саны: 3

барлық сағат саны: 135

барлық дәрісханалық сағат саны:90

дәріс: 30

практикалық сабақтар: 15

СӨЖ (оның ішінде ОСӨЖ): 90

Аралық бақылау: 2

Емтихан: 7-семестр

 

 

Талдықорған 2015 ж.

Оқытушы туралы мәлімет:

Рахметова Молдир Абаевна- қылмыстық- құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі

Оқыту уақыты: сабақ кестесі бойынша

Консультация уақыты: кафедра кестесі бойынша

Пән: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасы

Уақыт: бекітілген бойынша

Кредит: 3

Пән пререквизиттері. Бұл пәнді оқу үшін студенттер мына төмендегі пәндерді меңгерулері тиіс: «ҚР Қылмыстық құқығы», «ҚР Қылмыстық іс жүргізу құқығы», «ҚР әкімшілік құқығы», «ҚР азаматтық құқығы», «ҚР Еңбек құқығы» т.б.

Пән постреквизиттері: Бұл пәнді оқып үйрену келесі пәндерді оқу үшін қажет: ҚР қылмыстық құқығы, Азаматтық құқық, Еңбек құқығы, Шаруашылық құқығы, Нарық құқығы, Адам және азаматтық құқығы мен бостандығы және т.б.

Пәннің қысқаша сипаттамасы. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасы пәні азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, Лауазымдық және ұйымдасқан қылмыстар көріністерінен туындайтын қауіп қатерден Қазакстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау,олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кінәлілерді жауапқа тарту арқылы мемлекеттік органдардың, мемлекеттік міндеттерді атқаратын лауазымды және басқа да адамдардың, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдардың тиімді қызметін қамтамасыз етуге бағытталган және лауазымдық және ұйымдасқан қылмыстармен қарсы күрестің негізгі прициптерін айқындап, оларға байланысты құқық бұзушылықтың, сондай-ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгілейді.

Курстың мақсаты: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасы құқық саласы сол сияқты демократиялық негіздерді, мемлекеттік басқарудағы жариялылық пен бақылауды кеңейтуге халықтың мемлекет пен оның құрылымдарына деген сенім нығайтуға, білікті мамандарды мемлекеттік қызметке кіруге ынталандыруға, мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың риясыз адалдығы үшін жағдайлар жасауға да бағытталған.

Курстың міндеті: Студенттердің бұл курс жөнінде мәлімет алуы.

- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасы пән бойынша мол мағұлмат алуға мүмкіндік беру

- Пеницентнарлық жүйенің құқықтық қамтамасыз ету, әр тұлғаның заң алдындағы жауапкершіліктерін түсіндіру.

Қалыптасатын құзіреттіліктер:

- коммуникативті: қазақ, орыс, шетел тілдері, қарым-қатынас технологиясы, педагогикалық риторика және конфликтология, коммуникативті стратегия саласындағы білімдерді меңгеру, конструкциялық диалог ауқымындағы біліктері мен дағдыларының болуы, көпмәдениетті, көпэтикалы, көпконфессионалды қоғамдағы қарым-қатынас, педагогикалық ынтымақтастыққа қабілетті және толерантты болу;

- технологиялық: педагогикалық инноватика, педагогикалық технология саласындағы білімдерді меңгеру, педагогикалық технологияларды пайдалану мен осы салада іздену, бағалау, саралау және қолдану біліктері мен дағдыларын меңгеру, жаңашылдыққа қабілетті болу, педагогикалық шеберлікті жетілдіруге ұмтылу, ынталылығы мен еңбекқорлығын көрсете білу;

- бақылаушы: педагогикалық менеджмент саласындағы білімдерді меңгеру, педагогикалық мониторингті іске асыру, педагогикалық өлшемдер мен индикаторлар жүйесін жасау, бақылау-бағалау материалдарын әзірлеу, алынған нәтижелерді түсіндіріп беру біліктері мен дағдыларын меңгеру, өзін-өзі бағалау мен өзін-өзі бақылауға, әділдікке, ақиқатқа ұмтылу.

Осы пәнді оқыту үрдісінде келесі компетенцияларды қалыптастыруға бағытталған:

а) түйіндік құзіреттілік (ТҚ)

- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасы бойынша алған білімі негізінде құқықтың әр саласынан хабары болып, білімін көрсете білуі;

-кәсіби қызметінде заман талабына сай білімді болу;

- үнемі ізденісте болу.

б) пәндік құзіреттілік (ПҚ)

- сөйлеу шеберлігі, дауыс мәнері, өзіне қарата білу қабілеті мен мәдениетті болуы, қызметінде ортамен тіл табысуға бейім болуы;

- заман талабына технологияларды қолдану шеберлігінің болуы;

- өзінің жан-жақтылығын арттыруға ұмтылысының болуы;

в) арнайы құзіреттілік (АҚ)

- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасы алған білімін, дағдыларын іс жүзінде дұрыс пайдалана білуі;

- біліктілігі жоғары, тәжірибесі мол адамдардың тәжірибесінен үлгі алып, кеңейтіп, қолдана білуі;

- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасы бойынша нормативтік-құқықтық актілер туралы білімінің болуы мен оның өзгерістеріне ілесе алуы, нормативтік құқықтық құжаттармен жұмыс жасай білуі тиіс;

- кез келген тығырықтан шығу үшін шешім қабылдай білу қабілеті мен сын айта білу, ойын жүзеге асыру қабілетінің болуы.

 

 

Бағалау саясаты

Білімді бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесі

 

Әріппен белгіленген баға Бағаның цифрлік эквиваленті Пайыздық мөлшері Дәстүрлі түрде бағалау
A 4.0 95-100 Өте жақсы
A- 3.67 90-94
B+ 3.33 85-89 Жақсы
B 3.0 80-84
B- 2.67 75-79
C+ 2.33 70-74 Қанағаттанарлық
C 2.0 65-69
C- 1.67 60-64
D+ 1.33 55-59
D   50-54
F   0-49 Қанағаттанарлықсыз

 

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-03-18; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 829 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Люди избавились бы от половины своих неприятностей, если бы договорились о значении слов. © Рене Декарт
==> читать все изречения...

1510 - | 1316 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.