Лекции.Орг


Поиск:




Дәріс: Балалар фольклоры және бала тәрбиелеу ғұрыптары




Балалар фольклоры деген ұғымның ауқымы кең. Бұған ауыз әдебиетінің көптеген жанрлары мен жанрлық түрлері жатады. Балалар фольклорының арнайы сала болып бөліну себебі оның өзіне тән көптеген ерекшеліктерінің болуында. Халқымыздың балалар фольклоры жанрлық құрамы жағынан сан салалы, олардың атқаратын қызметі де түрліше. Зерттеу еңбектерде оларды үлкендердің балаларға арнап шығарған, бірақ негізінен балалрдың репертуарында сақталған шығармалар және балалардың өздері таратқан өлең-жырлар деп екіге бөлу қалыптасқан. Балалар фольклорының халық педагогикасымен тығыз байланысты. Балалар фольклорының үлкен бір саласы - ойын өлеңдері.Тілі шығып, сөйлей бастағаннан, кәмелетке толып, есейген шағына дейін баланың жасына лайықты сан түрлі ойын ойналған. («Саусақ санау», «Қуырмаш», «Бес саусақ», «Соқыр теке», «Кім ұшты?», «Қаламақ», «Сұрамақ» т.б.). Балалар фольклоры балалардың ойын ұштап, қиялына қанат беріп, әдемілікке, әсемдікке тәрбиелеп қана қоймайды, сонымен бірге тапқырлыққа, шешендікке де баулиды.

Дебиеттер. 1-7,19,29,36,37,339,40,45,48,54,56.

Семинар сабақтарының жоспары

Семинар. Тақырыбы:Ғұрып фольклоры және тұрмыс-салт жылары

1. Халық өлеңдерінің зерттелу тарихы мен класификациясы.

2. Ш.Уәлиханов, В.Радловтың халық өлеңдерін жіктеуі.

3. А.Байтұрсынұлының фольклор мұраларын жіктеуі. Сарындама.

4. Қазіргі зертелу жайы және класификациялаудың проблемалары, жанрдың сипаттамасы.

5. Тұрмыс-салт жырлардың үй-іші, шаруашылық, еңбек процестеріндегі түрлі салт-ырым, әдет-ғұрып, наным-сенімдермен байланысы.

6. Еңбек кәсіппен байланысты туған өлең жырлардың жанрлық түрлері.

7. Наным-сенімдерге байланысты өлеңдер.

8. Үй-іші салтына байланысты өлең түрлері.

9. Қара өлең, ән өлең, тарихи өлеңдер.

10. Лирикалық өлеңдердегіқазақ халқының эстетикалық дүниетанымы.

 

Семинар бойынша тапсырмалар.

1. Бақсы сарынын жатқа оқу.

2. Бәдік жырын жатқа оқы.

3. Жар-жарды жатқа оқы.

4. Сыңсуды жатқа оқы.

5. Қоштасуды жатқа оқы.

6. Жұбатуды жатқа оқы.

7. Махаббат, туған жер, еңбек-кәсіп, тәлім-тәрбие т.б. тақырыптағы қара өлеңдерден жатқа оқу.

8. Халық әндерінің 1-2 мәтінін жатқа оқу.

9. Тарихи өлеңдердің 1-2 мәтінін жатқа оқу.

 

Дебиеттер:1-7,14,16,17,18,29,32,34,37,38,39,46,50,52.

 

Семинар. Тақырыбы: Мақалдар мен мәтелдер

1. Мақал-мәтелдердің жанрлық белгілері мен классификациялаудың принциптері.

2. Тақырыптық, логикалық, семантикалық жіктеулер туралы түсінік.

3. Мақал–мәтелдердің жиналуы мен зерттелуі және оның ауызекі сөйлеу тілімен байланысы.

4. Мақал-мәтелдердің тақырыбы халық өмірінің барлық саласын қамтуы.

5. Мақал-мәтелдердің жалпы және жалқы мағыналары.

6. Құрылысы, ырғақ, ұйқас, үндестік ерекшеліктері.

7. Мәтелдің мақалдан айырмашылығы.

8. Қанатты сөздер, афоризмдермен арақатынасы.

Дебиеттер:1-5,19,21,22,34,47.

№3- семинар. Тақырыбы: Жұмбақтар,жаңылтпаштар, өтірік өлең

1. Қазақ жұмбақтарының жиналу, зерттелу тарихы.

2. Жанрлық белгілері. Жұмбақтың жасалу жолдары мен тәсілдері.

3. Жұмбақтың тақырыбы, ондағы халық тұрмысының көрінісі.

4. Жұмбақтың басқа жанрлармен (ертегі, айтыс, мақал-мәтел, шешендік сөздермен байланысы.

5. Жұмбақтардың айтылу формасы мен көркем бейнелеу тәсілдері.

6. Өтірік өлеңнің жанрлық сипаты, шендестіріу.(антитеза мен әсірелеудің ролі).

Дебиеттер:1-7,18,21,56.

Семинар: Шешендік сөздер

1. Шешендік сөздердің табиғаты, атқарған қызметі мен қоғамдық мәні.

2. Шешендік сөздердің жиналу және зерттелу тарихы.

3. Жанрлық түрлері.

4. Шешендік арнау.

5. Шешендік толғау.

6. Шешендік дау.

7. Шешендік сөздердің аңыз, мақал-мәтелдермен байланысы.

8. Шешендік сөздердің эстетикалық, тәрбиелік мәні-маңызы.

Дебиеттер:1-7,20,23,35,36,40,43,48.

Семинар. Тақырыбы: Ертегілер

1. Халық прозасы туралы түсінік.

2. Ертегілік және аңыздық проза.

3. Ертегілердің жиналуы мен зерттелуі.

4. Ертегілердің жанрлық ерекшелігі, халықтық сипаты.

5. Ертегілердің классификациясы және жанрлық түрлері.

6. Хайуанаттар жайындағы ертегілер.

7. Қиял-ғажайып ертегілер.

8. Батырлық ертегілер.

9. Новеллалық ертегілер.

10. Сатиралық ертегілер.

Дебиеттер: 1-5, 7,8,9,10,13,35,43.

Семинар. Тақырыбы: Аңыздар

1. Аңыз. Анықтамасы мен жанрлық сипаты.

2. Тарихи, мекендік, күй аңыздары.

3. Әпсана. Анықтамасы, түрлері, аңыздан айырмасы.

4. Хикая.

5. Миф. Мифтік құбылушылық.

6. Аңыздар, олардың тарихи негіздері.

Дебиеттер: 1-5,7,8,9,18,35,41,43,50.

Семинар: Эпостық жырлар

1. Қазақ эпосының жанрлық классификациясы.

2. Көне эпос.

3. Қаһармандық эпос.

4. Лиро-эпос.

5. Тарихи жырлар.

6. Эпос пен тарих.

Дебиеттер:1-7,9,11,12,25,30,31,32,42,43,44,45,53.

 

№7- семинарға тапсырмалар:

1. «Қобыланды батыр» жырындағы Тайбурылдың шабысын суреттейтін үзіндісін жатқа оқу.

2. «Ер Тарғын» жырындағы Тарғынның монологын жатқа оқу.

3. «Ер Тарғын» жырындағы Ақжүністің портреті берілетін үзіндіні жатқа оқу.

4. «Қыз Жібек» жырындағы Төлегеннің алты қазбен қоштасуын жатқа оқу.

5. «Қыз Жібек» жырындағы Жібектің портреті берілетін үзіндіні жатқа оқу.

6. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырындағы Ай мен Таңсықтың қоштасу жырын жатқа оқу.

7.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-03-18; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1576 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Стремитесь не к успеху, а к ценностям, которые он дает © Альберт Эйнштейн
==> читать все изречения...

739 - | 732 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.008 с.