Лекции.Орг


Поиск:




Практикалық сабақ № 8




Сабақтың тақырыбы: Сабақты өткізудің тиімді әдістерін таңдау.

Сабақтың жоспары: Дәстүрлі оқыту әдістерінің ерекшеліктерін оқып – үйрену және оқыту үдерісінде жүзеге асыру.

Сабақтың мақсаты, міндеттері, іскерлігі, дағдысы және кұзіреттілігі: оқу бағдарламасының мазмұнындағы оқыту әдістеріне талдау жасау және студенттердің берілген талаптарды меңгеруіне байланысты білімі мен іскерлігін бағалау.

Сабақты өту формасы: «Өз ойыңды толықтыр»

Ысқаша теориялық мәліметтер

«Әдіс» термині гректің «metodos», яғни ақиқатқа, күтілетін нәтижеге қол жеткізудің жолы, амалы деген ұғымды білдіреді. Педагогикалық әдебиеттерде әдіс ұғымына берілген көптеген анықтамаларды кездестіруге болады.

Ғылыми әдебиеттерде жіктелудің бірнеше түрлері бар. Кең тарағаны И.Т. Огордников, Н.А. Сорокин, Ю.К. Бабанский, Р.Г. Лемберг, т.б ұсынған оқыту әдісінің жүйеленуі. Олар оқыту әдістерін үш топқа бөлген (Кесте 2).

Кесте 2. Р.Г. Лемберг ұсынған оқыту әдістері

Ауызша Көрнекілік Практикалық
Әңгіме Суретпен сипаттау Зертханалық жұмыстар
Әңгіме әдіс Демонстрациялау Практикалық жұмыстар
Кітаппен жұмыс    

Жіктелудің тағы бір кең тараған түрі – оқыту әдісін білімгерлердің таным белсенділігі деңгейіне сай құру. Дидактикалық әдісті ұстанған педагогтар И.Я. Лернер мен М.Н. Скаткин оқыту әдісінің бес түрін ұсынады (Кесте 3).

Кесте 3. И.Я. Лернер мен М.Н. Скаткин ұсынған оқыту әдістері

Әдістер атаулары Әдістердің мазмұны
  Түсіндіру сипаттау әдісі, әңгіме, көрсету, оқулықпен жұмыс істеу, жазба жаттығулар
  Қайталау жаттығу, әңгіме, өз сөзімен қайта айту
  Проблемалық баяндау әдісі оқытушының дәлелді түрде баяндауы, топсеруен, демонстрация
  Ізденіс түрлері эвристикалық әңгіме, байқау, жоспар жасау
  Зерттеушілік тәжірибе, байқау, сыныппен жұмыс, құжаттармен жұмыс, сурет салу.

Ілімгерлерге сабаққа дайындалу бойынша ұсыныстар

Білімгерлердің оқыту барысындағы нәтижелері мен үлгерім деңгейлерін жоғары бағалау үшін, практикалық сабаққа дайындықпен келу, сабаққа белсенді қатысып, барлық тапсырмаларды нақты, дұрыс, ұқыпты, толық орындаған жағдайда білімгерге жоғары баға қойылады.

Сабақтың көрнекілігі, құрал-жабдықтары: Оқу бағдарламалары, дәрістер жинағы, практикалық сабақтарған арналған әдістемелік нұсқаулар, кәсіптік оқыту мамандығы студенттеріне арналған оқу құралдары, оқулықтар.

Аудиторияда орындалатын тапсырма түрлері және тізімі:

1-тапсырма. Технология сабақтарын өткізудің әдістерін, формаларын таңдау ерекшеліктері.

2-тапсырма. Өндірістік оқу орындарындағы сабақты өткізудің дәстүрлі емес әдістерін пайдалану.

Й тапсырмаларының түрлері және тізімі

Оқыту әдістерінің дәстүрлері түрлері бойынша реферат дайындау.

Бақылау сұрақтары:

1. «Кәсіптік оқыту әдістері» ұғымдарының мәні неде?

2. «Кәсіптік оқыту әдістері» және «Кәсіптік оқыту тәсілдері» ұғымдарына түсініктеме беріңіздер?

3. Кәсіптік оқыту пәні сабақтарында түрлі кәсіптік оқыту әдістерін кешенді түрде қалай қолдануға болады?

4. Кәсіптік оқыту әдістерін кәсіби білім беру тұрғысынан сипаттайтын жіктемелерге түсініктеме беріңіздер.

5. Р.Г. Лемберг ұсынған оқыту әдістерінің ерекшеліктеріне талдау жасаңыз.

6. И.Я. Лернер мен М.Н. Скаткин ұсынған оқыту әдістерінің ерекшеліктері неде?

СӨЖ-ге тапсырмалар

I. нұсқа (жеңіл)

1. Р.Г. Лемберг ұсынған оқыту әдістерінің ерекшеліктеріне талдау жасаңыздар.

2. Дәстүрлі оқыту әдістеріне талдау жасау.

IІ. нұсқа (күрделілігі орташа)

1. И.Я. Лернер мен М.Н. Скаткин ұсынған оқыту әдістерінің ерекшеліктеріне талдау жасаңыз.

2. Оқытудың дәстүрлі емес әдістеріне талдау жасау және мысалдар келтіру.

III. нұсқа (күрделі)

1. Оқу бағдарламасының білім мазмұнындағы тақырыптық жоспары бөлімдеріне оқыту әдiстерiнің 1-сипаттағы топтары бойынша талдау жасау.

2. ІІ – сипаттағы оқыту әдістеріне білімгерлердің танымдық іс-әрекетінің сипаты бойынша талдау жасау.

Сынылатын әдебиеттер

Негізгі

1. Жолдасбекова С.А., Узахова А.С., Байбатшаева А.Е. Кәсіптік оқыту әдістемесі. (қыздар үшін) 5В012000 - Кәсіптік оқыту мамандығы студенттеріне арналған оқу құралы. Шымкент. М.Әуезов атындағы ОҚМУ. 2016 ж – 204 б.

2. Технология оқу бағдарламасы. Астана 2013 ж.

Осымша

1. Узахова А.С. «Кәсіптік оқыту әдістемесі» пәні бойынша 5В012000 - Кәсіптік оқыту мамандығы студенттерінің практикалық сабақтарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау. 2012 ж (қыздар).

2. Узахова А.С. «Кәсіптік оқыту» пәнінен СӨЖ. Әдістемелік нұсқау. М. Әуезов атындағы ОҚМУ. 2015 ж

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-03-11; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 793 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Велико ли, мало ли дело, его надо делать. © Неизвестно
==> читать все изречения...

1016 - | 777 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.