Лекции.Орг


Поиск:




Педагогикалық іс-тәжірибе мазмұны.

БАСТАУЫШ БІЛІМ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ

 

БЕКІТЕМІН

Бастауыш білім және педагогика

факультетінің деканы

_____________ф.ғ.к. Оразбаева Э.Б.

«___» ___________2016ж.

 

 

Мектепке дейінгі тәрбие және дефектология кафедрасы

Педагогикалық іс-тәжірибенің

Жұмыс бағдарламасы

 

Мамандық аты, шифры: 5В010100-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

Оқу формасы: күндізгі

Курс: 3

Мерзімі: 4 апта

 

 

Шымкент 2016

Іс-тәжірибе бағдарламасы ОҚМПИ Мектепке дейінгі тәрбие және дефектология кафедрасының мәжілісінде талқыланған (№ 1 хаттама, «29» 08 2016ж.), Бастауыш білім және педагогика факультетінің әдістемелік комиссиясы мәжілісінде қаралып (№1 хаттама, «31» 08 2016ж.), бекітуге ұсынылған оқу бағдарламасы негізінде жасалынған.

 

Жұмыс оқу бағдарламасын құрастырған п.ғ.к., аға оқытушы Б.Ж.Абуова

 

Жұмыс оқу бағдарламасы Мектепке дейінгі тәрбие және дефектология кафедрасының мәжілісінде талқыланды, № 1 хаттама, «29» 08. 201 ж.

 

Кафедра меңгерушісі __________ ф.ғ.к. Масалиева Ж.А.

 

Жұмыс оқу бағдарламасын Бастауыш білім және педагогика факультетінің әдістемелік комиссиясы мақұлдаған, № 1 хаттама, «31» 2016 ж.

 

Төрағасы (төрайымы) __________ п.ғ.к. Абуова Ж.Б.

Педагогикалық іс-тәжірибенің мақсаты мен міндеттері.

1. Студенттерді көп қырлы педагогикалық қызметке бейімдей түседі, олардың мектепке дейінгі мекеме атмосферасына бейімін қалыптастырады, бітіру алдындағы курстың бітіруші курста өтетін педагогикалық іс-тәжірибесінің күрделене түсетінін байқатады.

2. Болашақ тәрбиешілердің кәсіби сапасын қалыптастыру, пәнді терең игеру, өз кәсібін сыйлау, бабаларға деген сүйіспеншігін ояту, балалармен қарым-қатынас жасай білу.

3. Студенттерді мектептің казіргі жағдайдағы оқу-тәрбиелік жұмыстарымен, жаңа білім беру технологияларын қалыптастыру саласындағы ізденістермен, мектепке дейінгі мекеменің тәрбиешілерінің озық тәжірибелерімен таныстыру.

4. Студенттердің жоғары оқу орнында алған теориялық білімдерін тереңдете түсу және бекіту, осы білімді балалар арасындағы оқу-тәрбиелік жұмыстарда қолдану.

5. Балалар және жасөспірімдермен өткізілетін оқу- тәрбие жұмыстарына бақылау жасау және талдауды студент бойында қалыптастыру.

6. Балалар мен жасөспірімдердің психологиясы, педагогикасы және физиологиясы туралы алынған білімдерге сүйене отырып, оқушылардың жас ерекшелігі мен жеке қабілеттерін ескерген жағдайда оқу-тәрбие жұмыстарын жүргізу.

7. Студенттерді оқытудың алуан түрлі әдіс-тәсілдері мен құралдарын қолдана отырып, түрлі типтегі және түрдегі сабақтар өткізуге дайындау.

8. Студенттерді топ тәрбиешісі міндетін атқаруға балалар ұжымымен жұмыс істеуге, сондай-ақ балалармен жеке тәрбие жұмысын жүргізуге үйрету.

9. Студенттердің бойында педагокалық қызметке деген ынтасын нығайту, оған деген шығармашылық жол ашу, өз білімін үнемі жетілдіре түсуге баулу.

10. Студенттердің педагог кәсібіне деген сүйіспеншілігін дамыту, арнайы және педагогикалық қабілетін жетілдіре түсуге ынталандыру.

11. Балаларының денсаулығын қорғау дағдысын ендіру.

 

Оқу жоспарынан көшірме

Курс Семестр Бақылау түрі
    Есеп

Педагогикалық іс-тәжірибе мазмұны.

Жұмыс мазмұны Студент-практикантқа берілетін ұсыныстар
     
І апта
  Педагогикалық іс-тәжірибені ұйымдастыру, қалыптастыру конференциясына қатысу Мектепке дейінгі мекеме әкімшілігі, топ тәрбиешілерімен танысу Мектепке дейінгі мекеме меңгерушісі және мекеме әдіскерімен келісе отырып студент-практикантарды топқа бөлу Топ тәрбиешілерінің жұмыс жоспарларымен танысуларын бақылау Педагогикалық жетекшілік пен студенттің өзін-өзі басқаруын іске асыру Педагогикалық іс-тәжірибенің өту ережелерімен танысу
  Оқу-тәрбие мекемесімен танысу.
Мектепке дейінгі мекеменің материалдық базасымен танысу
Жұмыс жоспарын түзу
Жеке баламен және топ ұжымымен жұмыс жасай білу
ІІ апта
  Бүгінгі заманға талабына сай алдыңғы қатарлы педагогикалық ізденістермен, озат педагогикалық тәжірибелермен танысу, тәжірибе жинақтау мақсатында студент-практиканттарды педагогикалық жұмыс өтелі мол тәрбиешілердің сабағына қатыстыру Студент-практиканттардың күнделікті сабаққа қатысуы мен оқу-тәрбие процесінің тәртібіне бағынуын қадағалау Студент-практиканттарға талдаудың элементтерін түсіндіру Талдау схемасын пайдалануға дағдыландыру. Студент-практиканттардың сабақтарына қатысып, сабақтың типін дұрыс қолдануға дағдыландыру Студент-практиканттардың сабақтарына тақырыптың мақсаты мен мазмұнының сәйкестігін қалыптастыру Студент-практиканттардың жұмыс жоспарларын тексеру, бекіту.
Дидактикалық жадығаттарды, көрнекі құралдарды дайындау.
Оқытудың техникалық құралдарын дайындау
Сабақты өткізуге әртүрлі формалар мен әдістердің қолданылуын меңгеру
Сабақ өткізудің мақсатқа сәйкестігін меңгеру.
Сабақ өтудегі мазмұн мен мақсатты ұштастыруды қалыптастыру.
ІІІ апта
  Студент-практиканттардың оқу-тәрбие процесінің тәртібіне бағынуын қадағалау Студенттердің сабақтарына қатысып, талдау жасау: - студент-практиканттың шығармашылық жұмыс жасауына бағыт беру, оны қадағалап отыру Студент-практиканттың өткізетін пәндік факультативтік сабағына қатысып, оған өздерінің талдау жасауларын ұйымдастыру Студенттердің сабақ жоспары мен конспектісін дағдылы тексеріп, бекітіп отыру. Студент-практиканттардың оқу-тәрбие жұмыстарын педагогика-психология кафедраларының оқытушы-әдіскерлерімен, келісе, бірлесе отырып бақылау, талдау. Дидактикалық жадығаттарды, көрнекі құралдарды дайындау
Сабақ жоспарларына, факультативтік сабақтарына, үйірме жұмыстыраны талдау жасау, танысу, зерттеу. Іс-тәжірибе кезінде сабақ беру кестесін түзу.
Пән бойынша оқушының білім деңгейін, шеберлігін, дағдысын тексеру
Оқушының жеке іс-қағаздары мен күнделіктерін тексеру
Мамандыққа сәйкесті пән бойынша оқу және сыныптан тыс жұмыстарын жүргізу.
ІVапта
  Қорытынды сынақ сабақтарына ену, бақылау, талдау, бағалау, әдістемелік кеңес беру. Кеңесті сабақ жоспарын тексеріп, бекіту, сынақ сабақтарына қатысу, талдау бағалау. Педагогикалық іс-тәжірибенің аяқталуына байланысты мектептегі педагогикалық кеңеске қатысу. Мекеме әдіскері мен топ тәрбиешілерінің пікірін тыңдау. Педагогикалық іс-тәжірибенің қорытынды конференциясына қатысу. Студент-практиканттардың оқу-ісі бойынша жасаған жұмысын бағалау, мінездеме беру. Есеп тыңдау. Көрнекіліктерді реттеу.
Іс-тәжірибе құжаттарын жинақтау.
Балалармен жүргізген оқу-тәрбие жұмыстарының құжаттарын жинақтап, есеп беруге дайындау.
  Оқу-тәрбие жұмыстарын қорытындылауға әзірлену құжаттар даярлау.
Есеп құжаттарын дайындау.
Педагогикалық іс-тәжірибе қорытындысы бойынша есеп беру.

 

 



<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
В ЗАКЛЮЧЕНИЕ хотелось бы все переделать и переписать, покрасивше там, поинтереснее. Но, что выросло – то и срослось. А икебану делать, это не наша традиция. | Требования к оформлению материалов
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-03-12; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 2161 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Вы никогда не пересечете океан, если не наберетесь мужества потерять берег из виду. © Христофор Колумб
==> читать все изречения...

1292 - | 1214 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.019 с.