Лекции.Орг


Поиск:




Йымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы




Перспективалык жоспар

Білім беру саласы: «Әлеумет» Бөлімі: «Экология»

Тақырыбы Мақсаты Сағат саны
  Күз. Күзгі ағаштар   Күзгі табиғатты бақылау, қарапайым өзгерістерді атау (күн қысқарады, ауа райы суытады, жаңбыр жауып, жерде шалшық сулар пайда болады, күн сирек шығып, жылуы Аз болады, жапырақтар түседі, құстар жылы Жаққа ұшады, жәндіктер болмайды, кейбір жабайы аңдар ұйқыға кетеді. Емен және үйеңкі ағашымен таныстыру. Емен және үйеңкі ағашының жапырақтары мен діңінің ерекшелігіне қарап басқа ағаштардан ажыратып, атай білуге үйрету.  
  Үй жануарлары. Жылқы және есек Жануарлардың тіршілігі адамдардың қамқорлығына зәру екендігі туралы ұғымды қалыптастыра отырып қамқорлықпен қарау.  
  Бөлме өсімдіктері. Алоэ және аспидистра Бөлме өсімдіктері алоэ және аспидистрамен таныстыру. Олардың бір-бірінен айырмашылығын көре білу. Өсімдіктің өсуіне жарық, ылғал, ауа, қалыпты температура және адамдар күтімінің қажет екендігін түсіндіру.  
  Тиін Жануарлар әлеміне танымдық қызығушылығын, тілектестік, қамқорлық сезімін ояту.  
  Қарақұйрық Ересектердің табиғатқа жасаған теріс қылықтарына мінез құлық нормалары туралы түсінік бере отырып бағалауға үйрету.  
  Шырша және балқарағай Қазақстанның табиғи байлығын сақтау үшін адамдардың мінез құлық ережелерін түсінуге үйрету.  
  Арпа сеуіп үйренеміз Өзіне өзінің мүмкіншілігі күшіне сенуіне жағдай жасау белсенділігін арттыру, өзін және өзінің еңбегін бағалауға дағдыландыру.  
  Көбелек және инелік Жәндіктердің тіршілігіне қызығушылық тудыру. Оларға қамқорлықпен қарап қорғауға тәрбиелеу.  
  Кірпі (бақылау жасау) Қамқорлыққа тәрбиелеу. Кірпіні бақылау кезінде құрдастарымен жағымды қарым қатынас орнату.  
  Барлығы:   9 сағ

 

 

йымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Тобы:

Күні:

Тәрбиеші:

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта

ҰОІӘ: Экология

Тақырыбы: Күз. Күзгі ағаштар. Мақсаты: күзгі табиғатты бақылау кезінде қарапайым өзгерістерді атай білуге және өздерінің сезімдері туралы әңгімелеуге үйрету. Емен және үйеңкі ағашымен таныстыру. Емен және үйеңкі ағашының жапырақтары мен діңінің ерекшелігіне қарап басқа ағаштардан ажыратып, атай білуге үйрету. Олардың жапырақтарының түсіне назар аударып, жазғы уақыттағы жапырақтармен салыстыру. Ағаштардың экологияға оңды әсерін түсіндіру. Керекті құралдар: жұмыс дәптері.

Әдіс –тәсілдер: сөздік,көрнекілік,практикалық.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық –қозғаушылық -Балалар қазір жылдың қай мезгілі? Сендер табиғаттан қандай өзгерісті байқадыңдар? Педагог балаларға күз маусымының өзгерістері туралы қосымша ақпарат береді. -Күз мезгілі? -Ауа –райы суытады, жаңбыр жауады.
Ұйымдастырушылық-ізденістік -Балалар қараңдаршы өсіп тұрған ағаштардың ішінде сендерге таныс ағаш бар ма,ол қандай ағаш? Қайың ағашы туралы қосымша сұрақ қойылады. Ағаштың түрлері көп.Мына екі ағашқа назар аударыңдаршы.Екі ағаш бір-біріне ұқсай ма, әлде өзгешеліктері бар ма? Мынау үйіңкі ағашы, Үйіңкінің жапырақтары пішіні жағынан әртүрлі, жиегі иректелген және шілтерлі болып келеді.Маусымға байланысты жапырақтарының түсі өзгереді. Қазір үйіңкі ағашының жапырағының түсі қандай болып тұр? Енді, балалар мына ағашқа қараңдар, бұл ағаш қалай аталады? Бұл- емен ағашы -Қане, емен ағашын құшақтап көріңдерші, қандай екен? Енді үйіңкі ағашын құшақтап көріңдер, ол қандай, жуан ба әлде жіңішке ме? Енді жоғарыға қарап,екі ағаштың биіктігін салыстырайық.Қайсысы биік, қайсысы аласа? Сурет арқылы ағаштардың түрлерімен, жапырақтарды түрлерімен таныстырады. Пайдасы жайында әңгімелейді. «Жапырағынан таны»№3ойыны. Ойын шарты бойынша әртүрлі ағаштардың жапырақтарын жинайды, жинаған жапырақтарыны ішінен үйеңкі және емен жапырақтарын тауып, сипаттап береді. Сергіту сәті. Тербелейді ағаштар Алдымнана жел есесді Кіп –кішкентай ағаштар Су құйғанда өседі. Дәптермен жұмыс. Тәрбиеші дәптерде берілген тапсырманы түсіндіреді. Бірдей емес өзгешеліктері бар   -сары,қызғылт түс     Балалар білетін ағаш болса,жауап береді.Білмесе тәрбиеші өзі толықтырады.     Ойын ойнайды. Ағаш түрлері және олардың жапырақтарымен танысады.   Өлең жолдарына сәйкес қимылдар орындайды.     Дәптердегі тапсырманы орындайды.
Рефлексиялық-түзетушілік Педагог балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды. Сабақтағы көңіл күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді. Қойылған сұрақтарға жауап беріп, ой бөліседі.

Күтілетін нәтиже: жасайды: күзгі табиғаттағы бақылау кезінде қарапайым өзгерістерді атауды, емен және үйеңкі ағашын танып, атауды.

түсінеді: күз мезгілінің ерекшеліктерін, емен және үйеңкі ағашын жапырақтары мен діңінің ерекшелігіне қарап басқа ағаштардан ажырата білуді. қолданады.: емен ағашының емдік пайдасы мен құрылыста пайдалануды, ағаштан бұйым жасайтындығын, өсімдіктері күтуді, қамқорлықпен қарауды.

 

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-03-12; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1042 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Если вы думаете, что на что-то способны, вы правы; если думаете, что у вас ничего не получится - вы тоже правы. © Генри Форд
==> читать все изречения...

744 - | 765 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.014 с.