Лекции.Орг


Поиск:




айталау сұрақтары. Тақырыбы: Розидтер класс тармағы /Rosidae/.

Зертханалық жұмыс №10-11

Тақырыбы: Розидтер класс тармағы /Rosidae/.

Раушангүлділер тұқымдасы - Rosасеае.

Бүршақгулділер тұқымдасы /Fabaceae/Сабақтың мақсаты:

Раушангүлділер тұқымдас өсімдіктердін

құрылыстарындағы және гүл бөлімдеріңдегі ерекшеліктерді ажырату.

Қажетті материалдар: Раушангүлділер тұқымдас өсімдіктердін

кеппешөптері, тірі өсімдіктер, жеміс түрлері, анықтағыш кітап.

Раушангүлдер тұқымдасы (розановые) – Rosасеае

Жалпы түсінік

Түрлерінің саны 3 мыңдай (115 туыс), олар солтүстік ендіктің субтропикалық және қоңыржай климатты елдерінде кеңінен таралған, кейбір түрлері оңтүстік ендіктегі елдерде де өседі.

Раушангүлдер жалпы алғанда табиғи тұқымдас болғанымен, олардың вегетативтік және генеративтік (репродуктивтік) органдарының құрылысы алуантүрлі болып келеді. Өмірлік формалары — мәңгі жасыл ағаштардан шөптесін өсімдіктерге дейін (негізінен көпжылдық) болады. Жапырақтары қарапайым және күрделі, жапырақ серігі бар немесе жапырақ серігі жоқ, қауырсынды және саусақ - салалы жүйкеленген болып келеді. Бір түрлерінде гүлдерінің және жемістерінің белгілерінің біршама қарапайым болып келуі, бұларды көп жемістілерге жақындатады, мысалы пестиктерінің санының көп болуы. Екінші біреулеріне гүлдің жекелеген бөліктерінің (мүшелерінің) редукцияға ұшырауы және прогрессивтік белгілерінің болуы, мысалы жатынының төмен болуы төн. Гүлдерінің мамаңдануы көп жағдайда жемістерімен дәндерінің таралуына негізделіп бағытталған бейімделушіліктің пайда болуына қарай жүрген. Тұқымдастың негізгі қасиеті оның гинецейімен гүл табанының құрылысыңда. Гүлдерінің гүл табаны конус тәрізді және гинецейі көп апокарпты немесе гүл табаны ойыс және гинецейі ценокарпты болып келеді. Осыңдай бір-бірінен алыс жататын екі форманың арасында көптеген аралық формаларыда болады. Табақша, тостағанша немесе бокал тәрізді болып ұлғайған гүл табанын гипантия деп атайды. Оның түзілуіне, гүл табанынан басқа, гүлдің басқада бөліктері тостағанша жапырақшаларының, күлте жапырақшалардың, аталықтарының түп жағы кейде тіптен тостағаншаның астыда қатысады. Көп жағдайда жемістер піскен кездерде гүл табаны ашық түске боялып етженді және шырынды жағдайға келеді, ол дегеніміз жемістерімен дәндерінің жануарлар арқылы таралуына мүмкіндік туғызады.

Раушангүлдер сарғалдақ гүлдерден мынадай белгілері арқылы ажыратылады: гипантиі жақсы жетілген; жапырақтарында жапырақ серіктерінің болуы; кейде гүлдерінің астында тостағанша асты жапырақшаларының (подчащия) болуы, әсіресе шөптесін формаларында, гүлдері барлық уақытта актиноморфты, циклді, гүлсерігі қосарланған 5 мүшелі (сиректеу 4 мүшелі) және аталықтары көп мүшелі, олар 5 қатар шеңбер түзіп орналасады. Раушангүлдердің шөптесін формаларының ішінде сарғалтақгүлдер тұқымдасы секілді мал азығы ретінде пайдаланылатын өсімдіктер жоқтың қасы, алайда улы түрлері өте сирек кездеседі.

Раушангүлдер тұқымдасын гүлдерінің және жемістерінің құрылысының ерекшеліктеріне қарай төрт түқымдастармағына бөледі: тобылғылар, итмүрындар, алмалар, қараөріктер.

Тобылғылар тұкымдас тармағы (спирейные) — Spiraeoideae.

Бұталар, көпжылдық шөптесін өсімдіктер жапырақтары кезектесіп, сиректеу қарама-қарсы орналасады. Гүл табаны біршама жалпақ, сиректеу ойыс (батыңқы). Тостағанша жапырақшаларының саны 5, олар түп жағьшан біріккен больш келеді. Күлтесі 5, бос орналасқан күлте жапырақшалардан тұрады. Андроцейі көптеген бос орналасқан аталықтардың жиынтығынан тұрады. Гинецейі апокарпты көпмүшелі, аналықтарының саны көп жағдайда 5 болады. Жатыны жоғары орналасады, кемінде екі тұқымбүрі болады. Гүлінің формуласы:

*Са5Со5АС5.

Жемісі аналықтардың бірігіп кетуінен пайда болатын таптамалардың жиынтығынан (сборная листовка), сиректеу қауашақтан тұрады.

Тобылғы туысы (спирея — Spirаеа). Европада, Азияда, Солтүстік Америкада 80-дей түрі кездеседі. Бұрынғы одақтас республикалардың флорасында 22 түрі, ал Қазақстанда 10 түрі өседі. Бұталардың ішінде табиғи жағдайда да және мәдени жағдайда да сәндік өсімдіктер ретінде өсетіңдер шайқурай жапырақты тобылғы (S.hypericifolia) және дөңес жиекті жапырақты тобылғы (S.crenata), сиректеу тал жапырақты тобылғы (S.salicifolia) жатады (1-сурет). Бақтар мен парктерде көп жағдайда қызылгүлдерден тұратын әдемі гүл шоғыры бар жапон тобылғысын (S.jponica) өсіреді.

Итмұрындар тұқымдас тармағы (шиповниковые) - Rosoidеае

Түрлерінің жалпы саны 800-дей, олар негізінен солтүстік ендіктің қоңыржай климатты белдеулеріңде кең таралған. Негізгі өмірлік формалары: мәңгі жасыл және жазда ғана жасыл болатын ағаштар, лианалар, көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Гүл табаны ойыстан тостағанша тәріздіге дейін болады, құрғақ немесе етжеңді, тостағанша жапырақшаларының түпжағымен бірігіп кетеді. Кейбір туыстарының тостағаншасының астында тостағанша асты жапырақшалары болады. Гинецейі апокарптыдан цено-карптыға дейін болады. Көптеген өкілдерінің гүлдерінің формуласы мынадай болады: *Са(5)Со5АС Жемістері негізінен құрама: дәндердің жиьнтығынан, жаңғақшалардың жиынтығынан, құрама таптамалардың жиынтығынан және сүйекті жидектердің жиынтығынан тұрады.

Раушангүл, немесе итмұрын туысы (Rosа). Полиморфты (өзгергіш) туыстардың бірі. Жабайы өсетін түрлерінің 5-мүшелі түксіз қосарланған, сиректеу жартылай түкті гүл серігі болады. Солтүстік ендікте кең таралған.

1-сурет.

Талжапырақты тобылғы (S.salicifolia):

А-гүлден жеміс беретін өркен;

Б-гүл (тікесінен жасалған кесіндісі);

В-гүлдің диаграммасы: 1-гипантий; 2-тосағанша жапырақша;

3-күлте жапырақша; 4-андроцей; 5-гинецей.


Жартылай орманды-далалық шөлейтте және шөлейт жерлерде, әдетте жарық ормандарда, орманның шетіңдегі ашық жерлерде, өзендердің жайылмаларында, жыралы сайларда өседі. Таулы аудандарда (Орта Азия) көптеген жерлерді алып жатады. Түрлерінің саны аралық формаларының орасан көп болуына байланысты, әлі күнге дейін толық анықталмаған. Бір деректер бойынша туыста 120—150 түр, ал екінші деректер бойынша 300—350 түр бар. Бұрынғы одақтас республикалардың флорасыңда 150-дей түрі бар, оның 60-ы эңдемдер, яғни тек бүрынғы одақтас респуб-ликалардың территориясында ғана кездеседі. Ал Қазақстанда 24 түрі бар. Олардың ішінде мәңгі жасыл және жапырағы жылма-жыл түсіп отыратын формалары да бар. Кейбір түрлерінің гипантиінде көп мөлшерде витамин С витамин В2,Р,К және провитамин А мен комплексте болады. Бүл жағынан ең қүндысы ақгүлді (беггера итмұрыны — R.begerianna, іле итмұрыны — R.iliensis) және қызылгүлді түрлері (қоңыр итмұрын — R.cinnamomea, қатпарлы итмұрын — R.rigosa). Қызғыл гүлді түрлерінің гипантиясында (ит итмұрыны — R.canina, 2-сурет, киіз итмұрын — R.tomentosa) витамин С біршама аз, ал сары гүлді түрлерінің гипантиі де (тікенекті итмұрын — R.spinossisima, сасық итмұрын — R.foetida) олар өте аз, бірақта таниндер мен танидтер көп.

Итмұрыңды бұтадан тікенекті қоршау жасау үшін жиі қолданады. Раушангүл (итмұрын) сәңдік гүлдер өсіру шаруашылығында бұрыннан белгілі және танымал объект болып саналады. Қазіргі кезде дүние жүзі бойынша бұлардың 12 мыңнан астам сорттары белгілі, ал Қазақстаңда да сорты аудандастырыльш сәндік өсімдіктер ретіңде өсіріледі. Оның ішіңде тікелей Қазақстан ғалымдары шығарған сорттар да бар.

Таңкурай (ежевика, малина — Rubus) туысы. 500-дей түрі бар үлкен полиморфты (өзгергіш) туыс; бүрьшғы одақтас республикалардың флорасыңда 45 түрі, ал Қазақстаңда 4 түрі кездеседі. Солтүстік еңдіктің негізінен қоңыржай және салқын климатты зоналарында өсетін бұталар. Алғашқы ағаш тәрізді формалары субтропикада өседі. Оңтүстік еңдікте туыстың өкілдері Жаңа Зеландияға дейін жетеді. Жемісі сүйекті жидектердің жиынтығынан тұрады. Көдімгі таңқурай (малина обыкновенная — R.idaeus) бұрынғы одақтас республикалардың европалық бөлігінде, Кавказда, Сібірде және Солтүстік Американың жалпақ жапырақты және қылқан жапырақты ормандарының төменгі ярусын (қабатын) түзеді. Сонымен бірге таңқурайдың бүл түрі ағашы кесілген және өрт шалған жерлерде, тау шатқалдарындағы өзендердің бойыңда өсетін бұталардың арасында кездеседі. Мәдени жағдайда көптеген сорттары өсіріледі. Қожақат таңқурайы (ежевика — R.caesius) табиғатта кең таралған, кейде мәдени жағдайда да өсіріледі. Қой бүлдірген (костяника — R.saxatilis) бүрьшғы одақтас республикалардың европалык бөлігінің жөне сібірдің қылқанжапырақты ормандарында кен тараған өсімдік. Аласа таңқурай (морошка приземистая — R.chamaemorus) және арктика таңқурайы (R.arcticus) өмірлік формасы жағынан редукцияға көп үшыраған түрлер. Субарктикалық райондарда өседі.

 

2-сурет. Итмұрын раушан:

А-гүл шанағы;

Б-гүл (жалпы көрінісі және көлденең кесіндісі);

В-күлте жапырақшалар;

Г-аналық;

Д-гүлдің диаграммасы;

Е-гүлдеп жеміс беретін өркен;

Ж-жемісі-біріккен жаңғацшасы (тікесінен жасалған кесінді).

 

Кұлпынай туысы (земляника Fragaria). Оның 50-дей түрі бар. Үзынсағақты жапырақтарынан розетка түзілетін көпжыддық шөптесін өсімдіктер. Тостағаншасының астыңда, тостағанша асты жапырақшалары болады. Аналығы ойыс, етженді больш келген гүлтабаньша орналасады. Жемісі сүйекті жидектердің жиынтығынан түрады. Орман қүлпынайы (земляника лесная — F.vesca) (3-сурет) және жасыл бүлдірген (клубника немесе полуница —F.viridis) екі үйлі өсімдіктер, олар бүрынғы одақтас республикалардың европалық бөлігінде, Сібірде, Орта Азияда, бүталардың арасыңда және шалғындарда, сонымен бірге Кавказдың жарық ормандарында да өседі. Ананас қүлпынайы (F.ananasa) тек мөдени жағдайда ғана белгілі, оны қүлпьшайдың виргинская (F.virginiana) және чилийская (F.chiloensis) деп аталынатын түрлерін будандастыру арқылы алған деп шамалайды. Ол мәдени жағдайда өсірілетін, жемісі үлкен болып келетін сортқа біріктірілген. Түқымдастармағының шөптесін өкілдерінің ішінде тек дәрілік шелна (кровохлебка аптечная – Sanquisorba officinalis) деп аталынатын бір ғана түрдің
мал азығы ретіңде үлкен маңызы бар. Оны медицинада
және ветеринарияда дәрі ретінде емге қолданады. Бүл
ылғалды шалғывдарда өсетін өсімдік. Гүлі қоңыр-қызыл
түсті, шоқпарбас болып келетін гүлшоғырына жиналған.
Кейде мәдени жағдайда өсіреді.

 

3-сурет. Орман бүлдіргені (Fragaria vesca):

А-жалпы көрнісі; Б-гүл (тікесінен жасалған кесіндісі): В-аналық, (тікесінен жасалган кесіндісі); Г-гүлдің диаграммасы; Д-жемісі біріккен тұқымша (жалпы көрнісі және тікесінен жасалган кесіндісі)

 

Алмалар тұқымдас тармағы (яблоневые) — Pomoideae

Өмірлік формалары ағаштар мен бүталар. Гүлдері аналықтың үстінде орналасады, гүлтабаны ойыс. Гүлсерігі қосарланған, 5-мүшелі. Аталығының саны көп жағдайда 20-ға жетеді. Гинецейі ценокарпты, жеміс жапырақшалары әдетте 5, бірақ олар көп жағдайда редукцияға ұшырап 2—3, кейде тіптен 1-ге дейін қысқарған. Гүл түйіні (жатыны) төменгі, ол бокал төрізді гипантимен бірігіп кетеді. Гүлінің формуласы:

* Са(5)Со5АС(1-5).

Жемісі жидек тәрізді — алмалар, алмұрттар, айвалар және т.б.

Алма туысы (яблоня — Маlus). Туыстың құрамында солтүстік еңдіктің негізінен қоңыржай климатты елдерде өсетін 30-дай түрі бар.

Бұрынғы одақтас республикалардың территориясында ағаштар мен бұталардың 10 түрі, ал Қазақстаңда 6 түрі кездеседі. Табиғи өсімдіктер қауымдастығында ең көп кездесетін түрлері мыналар: орман алмасы (яблоня лесная — М.sylvestris). Ол бұрынғы одақтас республикалардың европалық бөлігіндегі жалпақ жапырақты ормандарда; Шығыс алмасы (яблоня восточная — М.orientalis) Кавказдың жалпақ жапырақты ормандарында; Сиверси алмасы (яблоня Сиверси — М.siversi) — Орта Азия мен Қазақстанның таулы және
өзен жағалық ормандарында өседі. Бұл түрлер кейде таза
алма ағашынан тұратын тоғай түзеді. Орта Азияның
тауларында өсетін, алмадан тұратын бай орманның өндірістік
маңызы зор. Жабайы түрлерінің жемістері жеуге келеді және
оларды өндірісте пайдалануға толық мүмкіндік бар (кептіруге,
вино жасауға, джем жасауға). Недзвецкий алмасы (яблоня
Недзвецкого - М.nedzwetzkyana) аса сәнді, оның сабақтары
және жемістерінің жұмсақ бөлігі (етженді бөлігі) антоцианды
түсімен ерекшеленеді. Алма ағашының барлық екпелі сорттарының күрделі комплексі "үй алмасы" (яблоня домашняя — М.domestica) деген атпен топтастырылады (4-сурет).

Алмұрт туысы (груша — Pyrus). Туыстың күрамында негізінен солтүстік ендіктің қоңыржай климатты белдеуінде өсетін 20-дай түр бар. Бұрынғы одақтас республикалардың территориясында 17 түрі белгілі, ал Қазақстанда 2 түрі өседі. Алмадан қысқарған сабақтарынан пайда болатын тікенектерінің болуымен, формасы қабақ тәрізді сопақша болып келетін жемістерімен және соңғысының жүмсақ бөлігінде (етженді бөлігінде) склереидтердің (тасты клеткалардың) болуымен ажыратылады. Кәдімгі алмүрт (груша обыкновенная — Р.communis) табиғи жағдайда өзгергіш больш келеді. Көп жағдайда ол біртектес таза орман түзіп өседі (бұрынғы одақтас республикалардың европалық бөлігінің оңтүстік батысында жөне Кавказдың, Орта Азияның, әсіресе таулы аудандарындағы ормандар). Мәдени жағдайда өсірілетін сорттардың барлығы осы түрден шыққан. Табиғи жағдайдағы өсімдіктер қауымдастығының қалыптасуына уссурий алмұртының (груша уссурийская — Р.ussuriensis) (Қиыр Шығыс, Уссурий аймағы) және қырымда өсетін жиде жапырақты алмұрттың (груша лохолистная — Р.elaeagnifolia) қатысы үлкен болады.

Шетен туысы (рябина — Sorbus). Солтүстік ендікте өсетін 80-дей түрі белгілі. Бұрынғы ССРО-ның флорасыңда 34-түрі, ал Қазақстанда 3 түрі кездеседі. Аса кең тараған түрі кәдімгі шетен (рябина обыкновенная — S.aucuparia), оның ақ түсті гүлдері үлкен қалқанша тәрізді гүл шоғырына жиналған. Жемістерін жинап кулинарияда пайдаланады (варенье, қақ, компот). Шетеннің осы түрінен И.В.Мичурин қош иісті тәтті жемістері бар сорттар шығарды.

Караөріктер тұқымдас тармағы (сливовые) — Prunoideae

Ағаштар, бұталар. Гүл табаны ойыс, бірақ ол гүл түйінімен (жатынмен) бірікпеген. Гинецейі бір ғана жеміс-жапырақшасынан тұрады, тұқымбүрі -2, оның тек біреуі ғана жетіледі. Гүлінің формуласы: * Са(5) Со5 АG1

Жемісі шырынды, сиректеу құрғақ, сүйекті.

Шие туысы (вишня — Cerasus). Бұл туыстың 150-дей түрі белгілі, бұрынғы БОР-ның флорасыңда 10 түрі, ал Қазақстаңда 7 түрі кездеседі. Жемісті бақтарда бақ шиесін (вишня садовая — С.vulgaris) (5-сурет) және құс шиесін (черешня — С.avium) кеңінен отырғызады. Бақ шиесі өсімдіктердің табиғи қауымдастықтарында мүлдем кездеспейді. Құс шиесі Украинаның Карпат тауларыңда, Кавказда, Молдовада табиғи жағдайда қалың тоғай түзеді. Шие ағашының биіктігі 30 м-ге дейін жетеді.

Қараөрік туысы (слива, терн — Prunus). Бұл туыста 35 түр бар. Кәдімгі қараөрік (слива домашняя — Р.domestica). Қараөрік мәдени жағдайда көптеген аудандастырылған және жергілікті сорттардың арғы тегі ретінде (исходная форма) кең таралған өсімдік. Табиғи жағдайда белгісіз. Алша (алыча — Р.divaricata) биіктігі 9—10 м болатын ағаш немесе бұта. Кавказда және Орта Азияда өседі. Осы жерлерде көп жағдайда тікенекті қараөрікті (терн — Р.spinosa) отырғызады. Ол өте тікенекті бұта, көп жағдайда күн жақсы түсетін күнгей беткейлерде, орманның арасындағы ашық жерлерде, бұталы қопаларда және жыралар мен сайларда өседі (БОР-дың европалық бөліктерінін орталық және оңтүстік зоналарында, Кавказда, Батыс Сібірде).

Өрік туысы (абрикос — Armeniaca). Табиғи жағдайда Шығыс Сібірде, Қиыр Шығыста, Орта Азияда, Қытайда таралған 8 түрді бірікті-реді. Кәдімгі өрік (абрикос обыкновенный — А.vulgaris) өндірістік мақсатта арнайы өсіріледі.

 

5-сурет. Кәдімгі шие (Cerasus vulgaris):

А-гүлдеп жеміс беретін өркен;

Б-гүл (тікесінен жасалған кесіндісі);

В-гүлдің диаграммасы; Г-жеміс

(сыртқы көрінісі және тікесінен жасалған кесіндісі).

Бұршақтар түқымдасы (бобовые, или мотыльковые) — Fabaceae, Papilionaceae

Бұршақтар тұқымдасының 120 мыңдай түрі бар (490 туысы бар, олардың көпшілігі өзгергіш полиморфты). Бұлардың өкілдерінің көпшілігінің бұрынғы БОР-дың климаты құрғақ болып келетін субтропикалық, сонымен бірге солтүстік қоңыржай және салқын климатты аудандарындағы өсімдіктер жабынының қалыптасуында маңызы аса зор.

Негізгі өмірлік формалары: ағаштар, бұталар, көп жылдық және бір жылдық шөптесін өсімдіктер. Шөптесін түрлерінің көпшілігі қоңыржай, тіптен климаты салқын аудандарда топтасқан, ал ағаштары мен бұталарының көпшілігі тропикалық және субтропикалық аймақтарда өседі. Егін шаруашылығы практикасында бұршақтар түқымдасының биологиялық ерекшеліктерінің маңызы аса зор. Мысалы, олар түйнек бактерияларымен симбиоз түзіп, ауадағы бос жүрген азотты бойына сіңіруге мүмкіндік алады. Бұршақтар тұқымдасының жапырақтары көп жағдайда күрделі болып келеді, олардың қосалқы жапырақтары (жапырақ серігі) бар, жапырақтары кезектесіп орналасады. Гүл шоғыры шашақ, масақ, шоқпарбас болып келеді. Гүлі бұршақтың гүлі типтес (7-суретті қара).

7-сурет. Егістік асбұршақ (Pisum sativum):

Л-репродуктивтік оркен; Б-гүл (жйппақ корінісі, тікесінен жасалган кесіндісі, гүл серігі жоқ); В-күлте жапырақша; Г-гинецей; Д-гүлдің диаграммасы; Е-жемісі бүршақбас (боб); Ж-түқым (жарып қарағандағы көрінісі): 1-желкен; 2-ескекше; 3-қайықша; 4-тамырша; 5-бүршікше; 6-түқым жарнагы.

Тостағаншасы біріккен жапырақшалардан түрады, 5-тісті, дұрыс немесе зигоморфты (екі ерінді). Күлтесі зигоморфты, 5-күлте жапырақшадан тұрады: олардың үшеуі бос орналасқан (желкенше, немесе жалауша, және екі ескекше, немесе қанатша) және жоғарғы жағынан біріккен екеуі қайықша түзеді. Кейбір туыстарында күлте жапырақшаларының бір-бірімен бірігіп кетуі тән. Мысалы, жоңышқа туысыңда, ескекшелері мен қайықшасының, кейде тіптен желкеннің бірігіп кетуі байқалады. Андроцейі 10 аталықтың жиынтығьшан тұрады. Бір түрлеріңде аталықтарының 10-ы да бос болады, екінші біреулерінде аталықтары жішпелері арқылы бірігіп (бір ағайьщды андроцей) түтік түзеді, оның ішінде аналық (пестик) орналасады, алайда көптеген туыстарының аталықтарының 9-ы жіпшелері арқылы түтікке бірігеді де, бір аталығы бос орналасады (екі ағайынды андроцей). Тек екі ағайынды аталығы бар гүлдер ғана шырынды заттар (нектарниктер) бөліп шығарады. Аталықтардың бірігуінен пайда болған түтіктер бір жағдайда тігінен, ал екінші жағдайда қиғаш кесілген болады (6-сурет).

Гинецейі бірмүшелі апокарпты, гүлтүйіні жоғарғы. Көптеген түрлерінің гүлінің формуласы мынадай:

↑Са(5) Со3+(2) А(9)+1G1

6-сурет. Аталықтың түтігі: Л-тікесінен кесілген (чина туысы); Б-қия кесілген (сиыржоңышка туысы).

Жемісі боб, ол не ішінде дәні көп екі жақтауы арқылы қақырайтын (ашылатын) немесе ішінде бір-бірден ғана дәндері болатын бөліктерге бөлінген, не бір жемісті қақырамайтын болып келеді. Дәндерінің құрғақ салмағына шаққанда ондағы белоктың проценттік мөлшері өте жоғары: асбұршақта (горох — Pisum) 34% дейін, ноқатта (нут —Cicer) 31%, люпинде (Lupinus) 61%-ке дейін болады. Тамаққа пайдаланылатын белоктың сапасы бойынша бірінші орында фасоль (Phascolus) мен жасымық (чечевица — Lens) тұрады. Белоктардың құрамында адамдар мен малдарға аса қажетті аминокислоталар болады.

Бұршақтар тұқымдасының көптеген түрлерінің халық шаруашылығында маңызы аса зор. Олар азықтық, жемшөптік, бал жинайтын, сәндік, дәрідәрмектік т.б. өсімдіктердің топтарын қүрайды. Бүршақтар түқымдасының азықтық, жем-шөптік сапасы кейде олардың құрамында глюкозидтердің немесе алколоидтардың көп мөлшерде болуына байланысты біршама төмендейді (люпин).

Сиыржоңышқа туысы (вика, немесе горошек — Vісіа). 150-дей түрі бар; БОР-дың флорасыңда 84 түрі бар, ал Қазақстанда 25 түрі кездеседі. Олардың көпшілігі жем-шөп ретінде аса қүнды және сапасы жоғары пішен немесе дән алу мақсатында мәдени жағдайға ендірілген. Кейбіреулері арам шөп ретінде егістікті бүлдіреді.

Егістік сиыржоңышқа (вика посевная — V.sativa) пішен дайындау және дән алу мақсатында өсірілетін біржылдық шөптесін өсімдік. Түкті сиыржоңышқа (вика мохнатая — V.villosa) біржылдық, сиректеу екіжылдық өсімдік, оны мал азығы ретінде күздік қарабидаймен бірге себеді. Табиғи жағдайда ол БОР-дың европалық бөлігінде, Кавказдың Солтүстігінде және Орта Азияда кездеседі. БОР-дың барлық жерлерінде, арамшөп ретінде түкті сиыржоңышқа (вика волосистая — V.hirsuta), ал осы республикалардың европалық бөлігі мен Кавказда айылжапырақты сиыржоңышқа (вика узколистная — V.) өседі.

Асбұршақ туысы (горох — Pisum). Түрлерінің саны әлі күнге дейін толық дәлелденбеген. БОР-дың флорасында 6-түрі келтірілген. Біржылдық және көпжылдық шөптесін өсімдіктер, сабақтары жұмсақ, мұртшалары арқылы басқа өсімдіктерге жабысып көтеріліп тұрады.

Егістік асбұршак, (горох посевная — Р.sativum) (7-сурет) біржылдық шөптесін өсімдік, егістік және кейбір жағдайларда бақшалық дақыл ретінде кең таралған. Бұл түр дала асбұршағына жақын (грох полевой — Р.arvense), шамасы соңғы түр осы кездегі себіліп жүрген сорттарды шығарғанда алғашқы пайдаланған форма болса керек.

Беде туысы (клевер — Trifolium). Түрлерінің саны 300-дей, БОР-дың флорасында 65 түрі, ал Қазақстанда 11 кездеседі. Жер бетінің барлық құрлықтарында (континентерінде) кездесетін, оның ішінде Солтүстік ендіктің қоңыржай және субтропикалық климатты елдерінде біршама кең таралған көпжылдық және біржылдық шөптесін өсімдіктер. Сабақтары негізінен тік, сиректеу жерге төселіп өседі. Жапырағы ұшқүлақ, сиректеу 5—9 жапырақшадан тұрады. Гүлдерінің түсі сары, қанық қызыл және ашық қызыл болып келеді. Күлтежапырақшалары түп жағынан біріккен болып келеді. Жемісі 1—3 дәнді қақырайтын боб (сиректеу 4—6 дәнді), әдетте екі еріңді немесе қоңырау тәрізді тостағаншаға еніп түрады.

Қызылбас беде (клевер луговой — Т.pratense) биіктігі 30—50см болатын көпжылдық шөптесін өсімдік, мамыр айының екінші жартысынан күзге дейін гүлдейді. Гүлдерінің түсі қызыл, шоқпарбас шоғырға жиналған, бобтарында біреуден ғана дәні болады, мәдени жағдайда көп өсіріледі. Қызғылт беденің (клевер розовый или шведский — Т. hybridum) күлте жапырақшасының түсі солғын қызғылт болып келеді, оны негізінен орманды аудандарда көптеп себеді, жабайы қалпына ауысуы жиі байқалады. Ақ беденің (клевер ползучий или белый — Т. repens) күлте жапыракшасының түсі ақ болады, ол мал азығы ретінде аса қүнды өсімдік, әрі малдың таптапжаншуына шыдамды. БОР-дың барлық жерлерінде кеңінен таралған.

Жоңышқа туысы (люцерна — Mtdicago). 100-дей түрі бар. Табиғи жағдайда жер шарының екі ендігінінде тропикалық аймақтарында, жерортатеңізі жағалауында, Европада, Кавказда, Орта Азияда кездеседі. БОР-дың флорасыңда 36 түрі кездеседі, олар негізінен Орта Азияда өседі, ал Қазақстанда 18 түрі бар. Көпжылдық және біржылдық шөптесін өсімдіктер, жапырақтары ұшқүлақ болып келеді, сиректеу бұталар. Бобтары бір дәнді (немесе аз дәнді), формасы бүйрек немесе орақ тәрізді. Құрғақшылыққа, сортаң және сор топырақтарға жақсы бейімделген тамырының үзыңдығы 1,5 м-ге дейін жететін, кіндік тамырлы өсімдік. Агромелиоративтік маңызы зор. Мал азығы ретіңде аса қүнды, құнары жоғары және жақсы желінетін пішен беретін өсімдік.

Сарбас жоңышка (люцерна серповидная, или люцерна желтая — М.falcata) биіктігі 100— 120см болатын, күлте жапырақшасының түсі сары, құрғақшылыққа, ыстыққа және суыққа төзімді өсімдік. Табиғатта (Европада, Сібірде, алдыңғы және Орта Азияда) және мәдени жағдайда кең таралған өсімдік. Кәдімгі жоңышқаның (люцерна посевная, или синяя — М.sativa) (8-сурет) гүлі қою-күлгін түсті, бобы спираль тәрізді бұралған болып келеді. Табиғи жағдайда Кіші Азияда, Тибетте, Индияда кеңінен таралған. БОР-дың территориясында, әсіресе құрғақ шөлейт аудандарда тек мәдени жағдайда ғана өседі, кейде жабайы жағдайға ауысқандығы байқалады.

Фасолъ туысы (Phaseolus). Түрлерінің жалпы саны 200-дей. Табиғи жағдайда негізінен Азия мен Американың тропикалық аймақтарыңда өседі. Біржылдық шөптесін өсімдік, сабақтары тігінен жайылып, көп жағдайда тіптен шырмалып өседі. Жапырақтары ұшқұлақ күрделі болып келеді.


Күлте жапырақшалары сары, ақ, қызғыштау-сары, қоңыр-қызыл және сиякөк түсті больш келеді. БОР-дың территориясыңда 20-дай түрі белгілі. Олардың барлығы тек мәдени жағдайда көкөніс дақылы ретінде және сәндік өсімдіктер ретінде ботаникалық бақтарда, парктерде, скверлерде өсіріледі.

Кәдімгі фасоль (фасоль обыкновенная — Рһ.vulgaris) көкөніс дақылы, Солтүстік жақта Санкт-Петербургке дейін жетеді. Отжалынды-қызыл фасоль (фасоль огненно-красная — Рһ.соссіneus) өрмелеп өсетін біржылдық өсімдік, гүлі ашық-қызыл түсті болып келеді. Сәндік өсімдік ретінд кеңінен отырғызылады, сиректеу тамақ ретінде де пайдаланылады (дәндері ақ болып келетін сорттары).

Соя туысы (Glycine). Туыстың құрамында 40-тай түр бар. Табиғи ареалы аса кең, алайда негізінен Американың, Азияның және Австралияның тропикалық аймақтарын қамтиды. БОР-дың териториясында тек бір ғана Уссурий соясы (соя уссурийская — G.ussuriensis) деген түр өседі. Шаруашылықтағы маңызы жағынан ең қажеттісі түкті соя (соя щетенистая — G.hispida) деп аталынатын түр. Ол биіктігі 30-50 (80) см болатын біржылдық шөптесін өсімдік, жапырағы ұшқұлақ, гүлдері жапырақтың қолтығынан шашақтанып шығып тұрады, бобтарының ішінде біреуден немесе аздан дәңдері болады. Азияда кеңінен себілетіңдігі сонша, оның егістік көлемі 10 млн. га асады. 1 т. дәннен 113 кг май және 725 кг майдан тазартылған ұн алынады. Дәнінің құрамында 36%-ке дейін белок болады. Сабағы мен жапырағын жас балауса түрінде де, кептіріп те және сүр шөп түрінде де ауыл шаруашылық жануарларына қорек ретінде пайдаланады. Соядан әртүрлі тағамдар дайындайды: сүт, май, айран, қаймақ, сүзбе, нан, ал сусамыр ауруымен ауыратын кісілер үшін арнайы печенье, кофе, шоколад және т.б. (100-ден астам тағамдардың түрлерін) жасайды. Сонымен бірге соядан пластмасс, фанер жасауға қажетті клей және тағы басқа да заттарды жасауға керекті шикізат алады.

Люпин туысы (Lupinus). Туыста 400-дей түр бар, олардың басым көпшілігі Оңтүстік Америкада (Аңды) кездеседі. Бұлар негізінен дәндері ұсақ болып келетін шөптесін өсімдіктер, жартылайбұталар, ішінде тіптен бұталарыда болады. Солтүстік Американың батыс аудандарында біржылдық түрлері басым болып келеді. Түрлерінің көптігі жағынан екінші орынды алатын табиғи орталық болып жерорта теңізі жағалауы саналады. Жерорта теңізі жағалауындағы түрлердің басым көпшілігі біржылдық, биік, дәндері ірі болып келетін өсімдіктер. Бұларға ұшқұлақ және саусақсалалы күрделі жапырақтар тән. Гүлдері ақ, сары, көк түсті болып келеді және үлкен шашақ тәрізді гүлшоғырына жиналады.

Люпин рекордтық деңгейге дейін жететін көк балауса береді, бірақта өсімдіктің барлық бөлігінде көп мөлшерде улы заттар болады (люпинин және люпинидин алкалойдтары). Сидерациялық және сәндік өсімдіктер ретінде өсіріледі. Алкалоиды жоқ сорттарын шығаруға байланысты люпиннің жемшептік маңызы арта түседі.

Тапсырма

1. Тірі өсімдіктерден немесе кеппешөп даналарынан раушангүлділер тұқымдас өсімдіктердің вегетативтік мүшелерін сипаттау.

2. Өсімдіктерден гүл шоғырының түрін анықтау.

3. Гүлдерінен тостағанша, күлтелерінің санын және біріккен, бірікпегенін анықтап, гүлдеріңдегі гипантий құрылысын қарау.

4. Гүлдерінен аталық, аналық түрлерін және сандарын
анықтау.

5. Раушангүлділер тұқымдас тармақтарына жататын өсімдіктердің гүл құрылыстарыңдағы және жемістеріңдегі ерекшеліктерді зерттеу.

6. Күмісті қазтабанның вегетативті мүшелерінің, гүлдің суретін салу.

7. Раушан гүлділер тұқымдас өсімдіктердің түрлерін анықтап, гүл формулаларын құрастыру.

8. Қайталау сұрақтарына жауап бере отырып, салған суреттеріне талдау жасау.

айталау сұрақтары

1. Раушангүлділер тұқымдас өсімдіктердін қаңдай ерекшеліктері бар?

2. Гипантий дегеніміз не?

3. Раушангүлділер тұқымдасының қандай тұқымдас тармақтары бар? Олар қандай бедгілерімен сипатталады?

4. Күмісті казтабанның вегетативті мүшелеріне сипаттама беріңдер.

5. Күмісті қазтабанның гүлінің құрылысы қандай?

6. Күмісті қазтабанның жемісі қандай және гүл формуласын жазып көрсетіңдер?

7. Жергілікті жерде раушангүлділер тұқымдас өсімдіктердін қаңдай түрлері кездеседі?

8. Раушангүлділер тұқымдас өсімдіктердің халық шаруашылығында қандай маңызы бар?

 

Дебиеттер

1. М. Мәкенова. Ботаника курсының практикумы. Алматы 2000.

2. Ә. Әметов. Ботаника. Алматы 2005.

 



<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Методы саморегуляции и снятия психоэмоционального напряжения у детей | айталау сұрақтары. Тақырыбы: Диллениидтер класс тармағы – Dilleniidae
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-03-12; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 2146 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Самообман может довести до саморазрушения. © Неизвестно
==> читать все изречения...

1032 - | 878 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.008 с.