Лекции.Орг


Поиск:




Кәсіпкерлер жауапкершілігінің мәні, түрлері және пайда болу шарттары.




Дәріс 5. Кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің жауапкершілігі

Сұрақтар

1.Кәсіпкерлер жауапкершілігінің мәні, түрлері және пайда болу шарттары.

2. Кәсіпкерлердің әкімшілік және қылмыстық жауапкершілігі.

 

Дәріс мақсаты: Кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің жауапкершілігінің мәнін, түрлерін, пайда болу шарттарывн қарастыру және кәсіпкерлердің әкімшілік және қылмыстық жауапкершілігіне түсінік беру

Негізгі терминдер: кәсіпкерлік-құқықтық жауапкершілік, заңдық жауапкершілік, әкімшілік құқық-бұзушылық, әкімшілік жауапкершілік, қылмыстық жауапкершілік, міндеттеме.

 

Кәсіпкерлер жауапкершілігінің мәні, түрлері және пайда болу шарттары.

Кәсіпкерлердің жауапкершілігі деп мемлекеттің, қызметкерлердің, клиенттердің, шаруашылық жүргізу субъектілірінің құқықтарын бұзуға, орындалмаған (келісімшарттық) міндетемелерді қалпына келтіруге бағытталған белгілі бір іс-әрекеттерді жасау қажеттілігін, міндеттерін айтамыз. (шаруашылық жүргізуші әріптестер, мемлекеттік органдар кәсіпкерлердің құқықтарын бұзатын шешімдерді қабылдаған және келісімшарт міндеттемелерін орындамаған жағдайда кәсіпкерлердің алдында жауапты болады.)

 
 
Кәсіпкерлік-құқықтық жауапкершіліктердің ерекшеліктері


1. Қолданудың негізгі мақсатына байланысты: Жазалаушы және орнын толтырушы (айыппұлдық) жауапкершілік; 2. Құқық бұзушылықтың түрлері мен қолданылатын санкциялардың сипатына байланысты: Азаматтық-құқықтық, қылмыстық, әкімшілік, тәртіптік, материалдық (мүліктік) жауапкершілік; 3. Санкцияларды қолдану тәртібі бойынша: соттық және әкімшілік жауапкершілік; 4. Құқық бұзу субъектісі бойынша: Дербес және ұжымдық жауапкершілік; 5. Жауапкершіліктің туындау және оны іске асру тәсілі бойынша: Құқық бұзу фактісі салдарынан заңнан тікелей туындайтын жауапкершілік және құқық бұзу туралы істі мемлекеттік органдардың тексеруі кезінде заң негізінде туындайтын жауапкершілік
Заңдық жауапкершілік түрлерінің жіктелуі
Орнын толтыру (компенсациялық) функция. Ол заңды бұзушы – кәсіпкерлік қызмет субъектісінен зардап шегуші қатысушының пайдасына ақшалай соманы өндіріп алумен байланысты болып келеді және оның жоғалтуларының орнын толтыру, сондай-ақ бұзылу орын алғанға дейінгі бұрынғы жағдайды қалпына келтіру мақсатын көздейді.
Айыппұлдық (репрессивті) функция Мұнда ықпал етудің қарастырылған шаралары кәсіпкерлік сферасында заң бұзушылықтардың орын алуына жол берген тұлғалар үшін жазалаудың өзіндік нысаны ретінде көрініс табады.
Превентивті функция. Ол кәсіпкерлік қызметке қатысушылар тарапынан болашақта шартта белгіленген міндеттемелердің бұзылуының алдын алады және санкцияларды қолдану қаупінің пайда болағанын ескертеді.
Кәсіпкерлік-құқықтық жауапкершіліктің орындайтын функциялары ерекшеліктері
Шаруашылық жүргізу қағидаларын жекелей бұзғаны немесе кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруды нақты бұзғаны үшін, сондай-ақ кезең ішінде теріс сипатқа ие болған қызметтің жалпы нәтижелері (оң нәтижеге жете алмағаны үшін) үшін жауапкершілік пайда болады.
Жауапкершілік субъектісінің экономикалық мүдделеріне ықпал ету, қолайсыз экономикалық салдарлар түрлерінде (мүліктік және мүліктік емес сипаттағы) жауапкершілік туындайды
Заңмен белгіленген тәртіппен тіркелген және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар ғана жауапкершілік субъектілері бола алады (яғни, кез-келген азаматтар емес, кәсіпкерлік мәртебесі бар тұлғалар)

 

Заңдық жауапкершілік түрлерінің ішнен негізі, немесе басты және қосымша, немесе екінші дәрежелі жауапкершіліктерді бөліп көрсетуге болады.

ҚР «Кәсіпкерлік» кодексінде заңды жауапкершіліктің негізгі екі түрі қарастырылған:

1. Мемлекеттік бақылауды және лицензиялауды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың жауапкершілігі;

2. Жеке кәсіперлік субъектілерінің (дара кәсіпкерлік) жауапкершілігі.

Мемлекеттік органдар мен ондағы лауазымды тұлғалары келесідей жағдайларда ҚР заңдарымен белгіленген жауапкершілікте болады:

1) Жеке кәсіпкерлік субъектісі туралы ақпартты таратқаны үшін;

2) Жеке кәсіпкерлік қызметіне заңсыз кедергі жасайтын кез келген іс-әрекет үшін;

3) Жеке кәсіпкерлік субъектісіне тексеру жүргізудің белгіленген тәртібін бұзғаны жағдайда;

ҚР «Кәсіпкерлік» кодексіне сәйкес заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершіліктің үш түрі қолданылады:

1) Азаматтық-құқықтық жауапкершілік;

2) Әкімшілік жауапкершілік;

3) Қылмыстық жауапкершілік.

 

2. Қазіргі кезде кәсіпкерлік сферасындағы заңдық жауапкершілік түрлерінің қатарына әкімшілік жауапкершілікті жатқызуға болады.

Әкімшілік құқық-бұзушылық (азаматтардың өмірі мен денсаулығына, мемлекеттік немесе қоғамдық меншікке қол сұғуды көздейтін заңға қайшы әрекеттер) жасалаған кезде, әкімшілік жауапкершілік туындайды.

Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексі 2014 жылы 5 шілдеде қабылданған, осы кодекстің 14-тарау. «КӘСIПКЕРЛIК ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР» деп аталады.

Кодексітің 154 бапына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға тыйым салу белгiленген адамның осындай қызметпен айналысуы –әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жасау заттары және (немесе) құралдары және (немесе) құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кірістер (дивидендтер), ақша, бағалы қағаздар тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады (Қазақстанда 1 қантар 2016 ж 1 айлық есептік көрсекіш мөлшері 2121 теңгені құрайды).

153-бапта Заңсыз кәсiпкерлiк туралы айтылған.

Кәсiпкерлiк қызметтiң тыйым салынған түрлерiмен айналысу, егер бұл іс-әрекет азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке iрi залал келтiрсе не iрi мөлшерде кіріс алумен немесе акцизделетiн тауарларды едәуiр мөлшерде өндiрумен, сақтаумен, тасымалдаумен не өткiзумен ұштасқан болса, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, – жеке тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – келтiрiлген залал сомасының, алынған кіріс сомасының және заңсыз кәсiпкерлiк нәтижесiнде алынған акцизделетiн тауарлар құнының – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

 


Қылмыстық жауапкершілік мемлекеттік мәжбүрлеумен байланысты қарастырылады және ықпал етудің ең қатал шарасы ретінде қабылданады. Қылмыс деп қылмыстық кодекс бойынша жазалау мүмкіндігімен тыйым салынған, қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздікті айтамыз. Қылмыстық кодекстің 7 тарауы «Экономикалық қызмет саласына» арналған, онда экономикалық қылмысты екі түрге бөліп көрсеткен:

1.жеке кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын бұзатын, мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларымен жасалатын қылмыстар;

2.жеке кәсіпкерлік субъектілерімен жасалатын қылмыстар.

ҚР Азаматтық Кодексіне сәйкес міндеттеме деп бір адам (борышқор) басқа адамның (несие берушінің) пайдасына мүлік беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т.б. сияқты белгілі бір әрекет жасау, не болмаса белгілі бір әрекет жасаудан тартыну міндеттілігін айтамыз.

Міндеттемені орындау келесі әдістер арқылы қамтамасыз етіледі:

1.айып төлеу;

2.кепіл;

3.борышқордың мүлкін алып қалу;

4. кепілдік;

5. кепілпұл;

6. кепілдік жарна (үйге тапсырма – түсініктерін жазып келу).

Міндеттеме келесідей жағдайларда толық немесе ішінара тоқтатылады:

1. Міндеттеме толық дәрежеде орындалса;

2. Талаптан бас тарту төлемі төленсе;

3. Борышты есепке жатқызылса;

4. Борышты кешіру арқылы борышқор мен несие беруші бір тұлға боласа;

5. Орындауға мүмкіндік болса;

6. Мемлекеттік органның құжаты шығарылса;

7. Азамат қайтыс болса;

8. Заңды тұлға таратылса.

 

Қайталауға арналған ұрақтар:

1. Кәсіпкерлер жауапкершілігі қандай болуы керек?

2. Кәсіпкерлер жауапкершілігін пайда болу негіздерін атаңыз.

3. Кәсіпкерлер жауапкершілігінің түрлерін сипаттап, маңыздылығын түсіндіріңіз.

4. Әкімшілік жауапкершілік қандай жағдайларда қолданылады?

5. Экономикалық қызмет саласындағы қандай қылмыстарға қылмыстық жауапкершілік қолданылады?

6. Міндеттемені орындауды қамтамасыз ететін әдістерге сипаттама жасаңыз.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-03-11; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 6191 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Бутерброд по-студенчески - кусок черного хлеба, а на него кусок белого. © Неизвестно
==> читать все изречения...

946 - | 989 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.