Лекции.Орг


Поиск:




Бір шөмішті экскаватордың өнімділігін есептеу




Драглайндер мен механикалық күректердің техникалық өнімділігі шөміштің сыйымдылығына, циклдың ұзақтығына және шөміштің көсіп алу радиусы мен толтыру операциялары ұзақтығына әсерін тигізетін қазылатын тау жыныстарының қасиеттеріне байланысты болады.

Экскаватордың жұмыс циклі мына операциялардан тұрады: көсіп алудан, шөмішті кенжардан шығарудан, шөмішті төгетін жерге бұрудан, шөмішті төгу деңгейіне көтеруден немесе түсіруден, төгуден, шөмішті кенжарға қайтадан әкелуден және көсіп алу жағдайына тұрғызудан құралады.Шөмішті кенжардан шығару және оны төгу деңгейіне тұрғызу операциялары шөміштің төгілетін жеріне дейінгі бұрылған кезінде орындалады. Экскаватордың кенжарға қарай бұрылуы кезінде шөмішті көсіп алу басталатын жерге түсу операциясы қоса орындалады. Экскаватордың төгу жеріне және кенжарға қайтадан бұрылуы барынша көп жылдамдықпен орындалады. Бұрылу мерзімін қысқарту тек қана бұрылу бұрышы азайғанда мүмкін болады. Экскаваторлардың ауысым ішіндегі эксплуатациялық өнімділігі оны ұсақ жөндеуге тұрып қалу мерзіміне, шөмішті майлауға және тазалауға байланысты. Гидравликалық экскаваторлар конструкциялық ерекшеліктеріне байланысты майлауға уақытты көп қажет етпейді. Экскаватордың эксплуатациялық өнімділігі көлікпен қамтамасыз ету жұмыстарын ұтымды ұйымдастыруға байланысты болады.

Бір шөмішті экскаваторлардың өнімділігін есептеу формулалары төмендегідей түрде ұсынылады: теориялық (м3/сағат)

3/сағат);

Мұндағы Е-шөміш сыйымдылығы (м3 );

Техникалық 3/сағат) ;

Ауысымдық (м3/ауысым) Пэ.смэ.техТсмКи.э ;

Тәуліктік (м3/тәу) Пэ.сут= Пэ.см nа ;

 

Айлық (м3/ай) Пэ.мес= Пэ.сут Nай ;

 

Жылдық (м3/жыл) Пэ.гэ.смNднnдн;

Мұндағы Е-шөміш сыйымдылығы (м3 ), -экскаватордың жұмыс циклінің ұзақтығы,с; -экскавациялау коэффиценті, Т-ауысым ұзақтығы,сағат; n-тәуліктегі жұмыс ауысымдар саны; nа – ауысымдар саны (nа =2), Nай – бір айдағы жұмыс күндерінің саны (Nай =26 күн), N-бір жыл ішінде экскаватордың жөндеуге тұрып қалатын жоспарлы күндерді ескергендегі жұмыс жасайтын күндер саны. Механикалық күрек шөмішінің толу коэффиценті Кт төмендегідей:

жеңіл ылғалды құмдарда және сазды топырақта 1-1,1

орташа тығыздықты құмды –сазды тау жыныстарда 0,6-0,8

ұсақ жұмыр тас және домалақ тастар араласқан тығыз

құмды-топырақ тау жыныстарында 0,6-0,7

қопарылған тасты тау жыныстарында 0,6-0,75

нашар қопарылған тасты тау жыныстарында 0,4-0,6

Драглайн шөмішінің толу коэффиценті жұмсақ ылғалды құмдарда 0,5-1,1;

Тығыздығы орташа құмды-сазды топырақ тау жыныстарында 0,4-0,7 болады.Тау жыныстарының шөміштегі қопсу коэффиценті жұмсақ тау жыныстары үшін 1,2-1,4; тасты 1,4-1,6 дейін өзгереді. Ауысым мерзімінде экскаваторды пайдалану коэффиценті. Экскаватор тікелей үйіндіде жұмыс жасағанда Кп=0,8-0,85; автомобиль және конвейр көлігімен Кп=0,75-0,80; темір жол көлігімен Кп =0,5-0,6. Карьердегі жұмысты ұтымды ұйымдастыру және экскавациялау әдістерін жақсарту экскаватордың өнімділігін 5-8% өсіруге мүмкіндік береді.

Ашық тау кен жұмыстарындағы қазу тиеу жұмыстарынның параметрлерін есептеуге арналған бағдарламалық жүйені құрастыру

Ашық тау кен жұмыстарындағы қазу тиеу жұмыстарын есептеуге арналған бағдаламалық жүйені құрастыру үшін қажетті техникалық құралды таңдау

Бағдарламалық жүйе Delphi XE3 бағдарламалау тілінде жазылған. Delphi XE3 Embarcadero компаниясының өнімі болып табылады. Бұл бағдарламаны таңдау себебі жалғыз компьютерлер емес смартфондар арқылы жұмыс істей алады.Ал соңғы кездері смартфонға сұраныстың көп екенін ескерсек бұл таптырмас құрал деп есептеледі. Яғни ол дегеніміз қолданылуымен жетілдіруі өте жоғары деңгейде жүргіледі. Delphi XE3 – бұл Паскаль нысанды-бейімделу бағдарламалау тілінің жалғасы болып саналады. Мұнда бағдарламаны жобалауға,мәліметтер қорымен қосуға және тестілеуге қажетті құралдардың бәрі бар. Код редакторы,код көмекшісі, инструмент панелі, көп санды редакторлар, мәліметтер қорының инструменттері,провайдерлері бағдарламалық жабдықты жобалауға қажетті құралдардың барлығы қамтылған. Delphi XE3 Windows 7, Windows 8, Mac OSX операциондық жүйелерінде жұмыс істей алады.

Бағдарламалық жабдықтың мәліметтер қорымен байланысы болғандықтан OLEDB 4.0 провайдерімен жұмыс істейді. Себебі бұл провайдер бағдарламалық құралдарды қосымша пакеттердің көмегінсіз.mdb(MicrosoftAccess) форматындағы мәліметтер қорларымен байланыстырады.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-03-12; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1108 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Лаской почти всегда добьешься больше, чем грубой силой. © Неизвестно
==> читать все изречения...

1439 - | 1295 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.