Лекции.Орг


Поиск:




Ойлаудың динамикалық бұзылуы




Ойлау әрекетінің динамикасының бұзылуы келесі тәсілдер арқылы да анықталуы мүмкін:

Ø Ойлаудың ретсіздігі-

Ойлаудың лабильділігі- ойлау динамикасы бұзылуы. Адекватты не адекватты емес тапсырмаларды орындауда кездесетін қателік ойлаудың толық бұзылғанын дәлелдемейді. Бұл дегеніміз тек бір уақытта ғана жоғалып кететін бұзылу б.т.

Маниакальды қалып немесе кейіп- маниакальды қалып науқастардың көңіл-күйі және өзін – өзі сезінуі, психомоторлы қозулары деп сипатталады.науқастар қатты айқайлап сөйлейді,күледі, қалжындайды, өздерінің сөздерін шындық деп қабылдайды, олар жест пен мимика арқылы сөйлейді.

Ø Алаңдаушылық немесе аутқушылық - мұндай науқастарда әртүрлі формалар кездесуі мүмкін: олар тапсырманы орындауда қалыпты жағдайда емес, және де олар әртүрлі реакцияға қобалжу білдіреді, әрдайым алаңдап тұрады.

Ø Ойлаудың инерттілігі- мұндай жағдайда науқас өз жұмысының тәсілдерін түсінбейді. Өз реттіліктерін өзгерте алмайды, бір әрекет түрінен екінші әрекет түріне тез ауысып отырады.

2)Даун синдромы - (21 хромосоманың трисомиясы) – 21-жұп хромосомалардың қалыпты екі көшірменің орнына 3 көшірмесімен (трисомия) көрінетін геномдық патологиялардың бір түрі, сондықтан адам кариотипі қалыпты 46 хромосома орнына 47 хромосомадан тұрады. Синдром ауруды 1866 жылы алғашқы рет сипаттаған ағылшын дәрігері Джон Даунның есімімен аталған. Туа біткен синдромның себебі хромосомалар санының өзгеруіне байланысты екенін 1959 жылы француз генетигі Жером Лежен анықтаған. «Синдром» сөзі белгілер мен қасиеттердің жиынтығы деген мағына береді. Бұл терминді қолданғанда «Даун ауруынан» көрі «Даун синдромы» сөзін қолданған дұрыс. Даун синдромымен ауыратын адамдардың Халықаралық күні алғаш рет 2006 жылдың 21 наурызында өткізілді. Даун синдромына тән негізгі белгілері:

• «жалпақ бет» - 90% • брахицефалия - 81% • нәрестелер мойнындағы тері қатпарлары - 81% • эпикантус (көз ойығының медиалді бұрышын жауып тұратын вертикалді қатпар) - 80% • буындардың аса қозғалмалығы - 80% • бұлшық ет гипотониясы - 80% • шүйденің жалпақтығы - 78% • аяқ-қолдың қысқалығы - 70% • брахимезофалангия (ортаңғы фалангалардың әлсіз дамуы себебінен барлық саусақтардың қысқаруы) - 70% • 8 жастан асқанда катаракта анықталуы - 66% • ауыздың ашық болуы (бұлшық еттер тонусы төмен болғандықтан және таңдайының ерекше құрылысына байланысты) - 65% • тіс аномалиялары - 65% • 5-саусақтың клинодактилиясы (шынашақтың қисаюы) - 60 % • доғатәрізді (готикалық) таңдай - 58% • жалпақ таңау - 52% • жүлгелі тіл - 50% • алақан қыртысының көлденең орналасуы (маймыл алақаны) - 45% • қысқа қалың мойын - 45% • жүректің туа біткен ақауы - 40% • қысқа мұрын - 40% • страбизм (қыли көз) – 29% • кеуде торының деформациясы - 27% • нұрлы қабат қырымен орналасқан пигменттік дақтар-Брушфильд дақтары - 19 % • эписиндром - 8% • он екі елі ішектің стенозы немесе атрезиясы - 8% • туа біткен лейкоз – 8 Даун синдромы диагнозы қанды кариотипке зерттеу негізінде қойылады. Тек сыртқы белгілеріне қарап диагноз қою мүмкін емес.

1. Дисграфия - жазу қабілетінің бұзылуы, грамматикалық ережелерді білгенімен сөздерді, сөйлемдерді қате жазады. Фрустрация - тұрақты жағымсыз эмоциялық күйге душар ететін, шектен асқан қанағаттанбаушылық фрустрацияның, яғни сана мен әрекеттің бұзылуының негізі болады. Симптом - аурудын белгісі.

Билет №19

1. Ойлаудың мотивациялық компонентінің бұзылуы Ойлаудын мотивациялык компонентинин бузылуы- осындай бұзылуы бар науқастарды олардың қабілеттілігі, әрекеттері арқылы байқаймыз. Көптеген экспериментальды зерттеулерде дәлелдегендей науқастар үшін әрбір зат не құбылыс тура мағынасында қалып отырады. Олардың бұзылуларын анықтауға байланысты заттарды классификациялауға арналған бірқатар тапсырма беріледі. М: шкаф пен кастрөлді біріктіреді- екеуінің ұстайтын құлақшалары бар. Науқастар заттарды: түстері, қаттылығы, суретте салынулары жағынан топтастырады. Ю.П. Поляков пен Т.К. Мелешко мынандай мысал келтірді: бір науқас карандаш пен бәтеңкені байланыстырып, ұқсастығын – екеуінен де із қалып отырады деп жауап берген. А.Н.Леонтьев белгілі құбылыс жан – жақты ісер еткенде ғана өзгереді дейді. Ойлаудың мотивациялық компонентінің бұзылуы эмоцияның өзгеруіне, аффекттердің болуына әсер етеді. Жалпы ойлаудың мотвациясының түрлері негізінен үшке бөлінеді:

1. Ойлаудың әртүрлі жоспарлануы – ойлаудың бұзылуы бізге әртүрлі жоспарланып кетуі болып табылады, яғна науқастардың әртүрлі жолдарға түсуімен сипатталады.

2. Мәнді нәрсені қалдырып кету

3.Резонерстік- Тұлғаның қарым-қатынастан оның потологиялық ойлауын және клиникадағы психиатриялық резонерстік бағытының рөлін анықтауға болады. Резонерстік клиницистер (жеміссіз ақылгөйлікке икем болу) деген тенденциямен анықталады





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-03-12; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 758 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Люди избавились бы от половины своих неприятностей, если бы договорились о значении слов. © Рене Декарт
==> читать все изречения...

1031 - | 844 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.