Лекции.Орг


Поиск:




Тарау 5. Компьютерлік жүйелердің ақпараттық өзара қатынас интерфейстерін құру.




12-ші дәріс. Программалы-аппаратты интерфейстер.

Қосымша деңгейінің өзара қатынас интерфейстері. WEB - қосымшалардың өзара қатынас интерфейсін орындау.

Екі қосымшаның, WEB – броузер және WEB –сервердің (әдетте бұл екі қосымша әртүрлі машиналарда және соған сәйкес түрлі программалы-аппараттық платформаларда орналасқандықтан, программалы-аппараттық интерфейс терминін қолданамыз) өзара қатынас интерфейсін қарастырамыз.

WEB- қосымшаның өзара қатынас интерфейсін орындағанда (Hypertext Transfer Protocol – гипертекст тасымал протоколы) қолданылады, WWW- World Wide Web торабында орналасқан, қолданбалы деңгейдегі протокол және әртүрлі ақпаратқа кіру мүмкіндігін қамтамасыз етуші. НТТР протоколы - берілген мәліметтердін түріне байланысыз, ақпаратты көбейтідің жоғарғы өндіргіштік механизмін иемденеді. Протокол объекті – бағытталған технологиялар бойынша құрылған және түрлі тапсырмаларды шешу үшін қолданылады, мысалы таратылған ақпараттық жүйелерді басқару үшін.

Берілген әртүрлі форматтарды сақтау және ұсыну қабілеті НТТР-ді қолдана отырып, WWW жүйесін ерекше енгізу құралы етеді.

Қазіргі кезде HTTP протоколы WWW жүйесінде негізгі протокол ретінде қолданылады. Осыған қарай HTTP протоколында жұмыс істеу әдісін толығырақ қарастырайық. HTTP протоколы WWW серверлерінде ақпараттық ресурстар мен сервистерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. WWW торабының көпфункционалды ресурстарына қатынасты унификациялау үшін, серверлер интерфейстер кешенін қолдайды. Ол тораптық ресурстарға қол жеткізу әдістеріне және деңгейлерді құрылымдауға мүмкіндік береді. Әр интерфейс құрылымы мен әдісі бар торап объектісінен тұрады. WWW торабында орналасқан ақпаратты іздеу үшін Web-броузер деп аталынатын арнайы қосымша қолданылады. Объектілердің (клиенттік және серверлік) келісілген өзара қатынасы программалық интерфейс түсінігін қалыптастырады.

Қосымша деңгейінің протоколы негізінде құрастырылған программа – аппараттық интерфейстерді қарастырайық. URI (Uniform Resource Identifier, ресурс идентификаторы), URL (Uniform Resource Locator, ресурстың орны), URN (Uniform Resource Locator, ресурстың аты) - бір сервистің әртүрлі идентификациялық аспектісі. Ол ресурс орналасқан, интернет жүйесі арқылы кіруге болатын тораптың түйінінің түрін, қатынас әдісін және орнын анықтайды. Бұл сервис үш бөлімнен тұрады.

1) Сұлба. Сервистің түрін идентификациялайды. Ол арқылы сервиске қатынас жасауға болады. Мысалы WWW сервер.

2) Мекен жай. Ресурстың мекен жайын (хост) идентификациялайды. Мысалы, www.ripn.net.

3) Кіру мүмкіндігінің аты және жолы. Таңдалынған хоста, ресурсқа толық жол идентификацияланады. Біз оны ресурсқа кіру мүмкіндігіне пайдаланатын боламыз. Мысалы /home/images/image l.gif. Мысалы, Microsoft (WWW-серверде) сайтында орналасқан, readme.txt файлы келесідей идентификаторы бар ресурсқа ие: http://www.microsoft.com/readme.txt. Ол дегеніміз, ресурсқа қатынас үшін HTTP протоколын пайдалану керек, (кіру сұлбасы қос нүктемен бөлінген “:” және пайдаланған протоколдың атын көрсетеді) келесі екі слэш www.microsoft.com серверінің мекен-жайын көрсетеді және файлдың аты /readme.txt қолданылады.

Әдетте, ресурс орналасқан компьютер туралы айтылса, оны URL немесе URN мәндері пайдаланылады, ол егерде ресурс толық белгіленсе (түрі, хост, жолы көрсетілсе) онда URI қолданылады. Әрине таңбаларды орын ауыстыруға болады, бірақ тексте оны не білдіретінін түсіндіру керек.

URI идентификаторы ресурс атын көрсетеді және оның параметрін де анықтайды. Параметрлер жолынан ресурс аты мына таңбамен “?” бөлінеді. Параметрлер жолы тұрақты құырылымдық символ тобынан тұрады, мынадай символмен“&” белгіленеді, мұндай лексама оның параметрінің атынан және оның “=” символымен бөлінген мәнінен тұрады. Бос орын символы “ “, “+” таңбасына ауыстырылады. ASCII символдар жиынтығына кірмейтін лексем символы “%” таңбасына және осы символдың он алтылық мәніне ауыстырылады. Берілген ресурсқа барлық жол параметрлері, бір жол параметрі болып табылады, сондықтан да жолдың жеке параметрлерінің атауының немесе оның реті, түрінің соншалықты маңызды емес. Мысалы: http://www.exe.com/bm/scrshell.run?in=10&go=ok+and+ok&event=l&event=2

Бұл URI идентификатор төрт параметрден тұрады, үшеуі оны сандық, ал екеуі бір атауға ие. URI идентификаторға кейбір параметрдің мәндеріне талдау жатады. Аталмыш мысалда scrshell.run ресурсы.

HyperText Markup Language (HTML) – WWW торабында сақталатын ақпаратты баяндау тілі. HTML файлы графикалық, бейне, аудио ақпараттың қосылғанын білдіретін арнайы кодтан немесе ақпараттың (Web-броузер Java Script, Java) ортасын көрсететін орындау кодынан тұрады. Web-броузер қосымшасы Java және JavaScript тілдері үшін, олар орындалатын операциялық жүйе немесе орта, ал Web-парақ жұмыс істеу үшін бөлінген ресурс болып келеді. Бұл тілдер пайдаланушының деректері бойынша Web парақты құрмайды, оны өзінің жұмысы үшін және пайдаланушы үшін негіз ретінде пайдаланады. Web броузер бұл файлға қол жеткізгенде кодталған HTML файлдағы ақпаратты интерпретациядан өткізіп пайдаланушыға ыңғайлы түрде жеткізеді.

“HT” әріптері HTML протоколы атауында “Hyper Text”- WWW торабында ақпаратты орналастырудың негізгі концепциясын білдіреді. Hyper Text құжаты гиперсілтеме (hyperlinks) деп аталынатын арнайы байланысы бар және ол құжат мәтінінде орналасады. Гиперсілтеме қолданушыға құжаттың бір бөлімнен екінші бөлімге көшуге ғана емес, сонымен қатар WWW торабындағы құжаттармен байланысуға мүмкіндік береді.

Common Gateway Interface (CGI) – бұл WWW жүйесін кеңейту стандарты. WWW серверларға аргументтерді пайдаланушы анықтай алатын программа құруға мүмкіндік береді. CGI интерфейсі пайдаланушының мүмкіндігін арттырады және аталмыш Web парақпен байланысты программа орындауға мүмкіндік береді. Ол дегеніміз WWW- серверінен ақпарат алу мүмкіндігі болады. Мысалы WWW серверді қолданғандар ең соңғы ауа райы болжамы туралы ақпарат ала алады. Ол үшін дерекқордан қазіргі уақыт мезетіне ауа райына сұраныс жасайтын программаны орындау қажет. CGI интерфейсі WWW сервер мен сыртта орындалатын программалардың байланыс құралы болып табылады. Ол пайдаланушының сұранысын қабылдайды да, оны сыртқы программаға береді, одан кейін нәтижесін пайдаланушыға құрастырылған Web парақ арқылы қайтарады. Web парақтар бір – бірінен айрықша болуы мүмкін. Себебі олар пайдаланушы анықтаған параметрлерге байланысты қалыптасады.

CGI механизмі әмбебап болғандықтан ол кез келген WWW серверлер арасында деректерді алмастыра алады. CGI интерфейсі орындалатын файлдардан құралған соң, оған онда орындалатын программа түрлеріне шектеулер болмайды. Программа орындалатын модулдерді құралатын кез келген программа тілінде жазылуы мүмкін. CGI-программа Perl және Shell сияқты операциялық жүйелердің командалық тілдерін пайдалана отырып жазылуы мүмкін.

Қазіргі уақытта технологияда көбінесе белсенді серверлік парақтар ASP (Active Server Pages) технологиясы кеңінен қолдануда. Бұл технология CGI стандартын пайдалануын қарастырады. Бірақ, Web парақ құру мақсатында, объекті-бағытталған деңгейде ғана пайдаланады.

 

Әдебиет: 1нег.[20-26],2нег.[80-98],7қос.[100-117],9қос.[211-234].

Бақылау сұрақтары:

1. Қосымшаның өзара қатынас интерфейстері қалай орынлдалады?

2. Web-қосымша мысалында, өзара қатынас интерфейсінің негізгі құрамдастарын атаңыз?

3. CGI интерфейсі қандай қызмет атқарады?

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-03-12; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 646 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Настоящая ответственность бывает только личной. © Фазиль Искандер
==> читать все изречения...

825 - | 700 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.008 с.