Лекции.Орг


Поиск:




Ші дәріс. Адам мен есептеуіш орта арасындағы қарым-қатынас интерфейсін инженерлік-психологиялық жобалаудың мақсаты мен міндеттері.




Дәріс сабақтарының конспектісі

Ші тарау. Оператор мен есептеу жүйесінің арасындағы қарым қатынас инерфейсінің инженерлік-психологиялық жобасы.

Ші дәріс. Адам-оператор мен компьютерлік жүйе арасындағы қарым-қатынасты іске асыратын пайдаланушылық, программалы-аппараттық интерфейстерді жобалау мен таңдау сұрақтары.

Компьютерлік жүйе интерфейстерінің кешені. Компьютерлік жүйе интерфейстерінің өзара байланыстары. Интерфейстердің анықтамасы. Интерфейстер өзектілігі.

Соңғы жылдарда компьютерлік жүйелерді көптеп қолдануда. Басты себептерінің бірі пайдаланушы мен программалық қосымшаның өзара қарым-қатынас интерфейстерінің ролі зор. Жалпы алғанда, интерфейс түсінігі кең мағыналы және компьютерлік технологиялардың әр түрлі салаларында қолданылады.

Аталмыш курста қарастырылатын негізгі мәселе - пайдаланушылық интерфейстер және олардың қосымша деңгейінің программалы-аппараттық интерфейстері арасындағы байланыстары болып табылады. Осы мәселеге қызығушылық тек есептеу техникасы мамандарының ғана емес, сонымен қатар эргономисттердің, психологтардың, социологтардың және графикалық жүйелерді жасаушылардың да қызығушылығын туғызып отыр. Тәжірибе көрсеткендей, компьютерлік жүйелердегі көптеген қолданбалы есептерді шешу үшін интерфейсті таңдау мен (немесе) құрастырудағы проблемаларды толығымен, жан-жақты қарастыру қажет.

Пайдаланушылық және программалы-аппараттық интерфейстерді құру технологиялары кешенді түрде қарастырылуы тиіс.

Соңғы жылдары адам-компьютер жүйесінде интерфейсті ұйымдастыру айтарлықтай дамып, логикалық аяқталуына келді. Интерфейсті жалпылама құрылым түріндегі функциясы бар бірнеше бөлікке бөлуге болады. Мұндай интерпретация әр құрылымның құрылысын түсіндіреді және оларды қолдану принциптерін негіздеуге мүмкіндік береді. Мысалға, интерактивті Web-қосымшаларды жобалауда, жасаушыларға бірнеше интерфейстерді таңдауға тура келеді:

- пайдаланушының клиенттік программамен өзара қарым-қатынас деңгейдегі интерфейсі;

- клиенттік машинамен сервер машина арасындағы өзара қарым-қатынас деңгейдегі интерфейспен;

- - сервердің шеттік программамен немесе басқа сервермен өзара қарым-қатынас деңгейдегі интерфейсі;

Мысалға, WEB-қосымшаны құрған кезде, бірінші интерфейс WUI (Web user interface) компонентін таңдау және негіздеумен іске асырылады. Ал екіншісі серверге сұраныс жіберу әдісін таңдаумен, үшіншісі CGI-ді (Common Gateway interface) пайдаланумен немесе SQL-сұраныстарды қолданумен іске асырылады (1-сурет).

 

Компьютерлік жүйелер интерфейсі түсініктемесінің бірнеше анықтамасы бар, солардың бірнешеуін айтайық. Қатынас интерфейсі қандайда бір есептерді шығару үшін, адам мен ЭЕМ арасында сенімді қатынасты қамтамассыз ететін, аппаратты-программалық, ақпаратты көрсету құрылғылардың және ақпарат алмасу протоколдарының жиынтығы арқылы да анықталады. Компьютердің аппараттық интерфейсі ретінде ДК-ң кез келген периферийлік құрылғысының әр түрлі мінездемелер жинағын түсінеміз. Ол олардың арасында және орталық процессор арасындағы ақпарат алмасуды ұйымдастырады. Олар электрлік және уақыттық параметрлер, басқару сигналдар жинағы, деректер алмасу протоколы және қосылудың конструктивті артықшылықтары.

Осылайша, қосымшамен жұмыс істеп отырған пайдаланушы немен түйіседі, ол оның интерфейсі. Ойланбай жасалған интерфейс оның артықшылықтарын жоққа шығаруы мүмкін. Айтылғандардың барлығы локальді қосымшалар мен пайдаланушының тораптағы жұмысын қамтамассыз ететін қосымшаларға да қатысты. Интерфейс проблемасының маңыздылығы жөнінде келесі фактілерді айтуға болады. Американың Ұлттық Стандарттар Институтында (ANSI) осы бағыт бойынша арнайы кеңесшілер тобы – Адам–Компьютер интерфейсінің стандарттары бойынша комитеті (The Human-Computer Interface Standard Committee) бар. Мұндай ұйымдар тек АҚШ-та ғана емес, басқа да елдерде де бар. Сонымен қатар осы бағытта жұмыс істейтін Халықаралық зерттеу топтары да бар, мысалы, телеграфия мен телефония бойынша халықаралық кеңес беру комитет (International Telegraph and Telephone Consultation Committee). Олар өз кезегінде интерфейстің интерактивті элементтерінің ерекшеліктерін зерттейді.

Осы ұйымдардың немесе жұмыс тобының көбісімен кезінде пайдаланушылық интерфейстер стандарттары бойынша құжаттарының жобалары дайындалған және оларды жобалау мен іске асыру принциптері бар.

Әдебиет: 1 нег. [20-26], 2 нег.[17-41], 3 нег. [10-29], 7 қос.[67-112].

Бақылау сұрақтары:

1. Аталмыш курста қандай интерфейстер қарастырылады?

2. Әртүрлі деңгейлердегі интерфейстер қалай ерекшелінеді?

3. Компьютерлік жүйелердің интерфейстерінің анықтамалары қандай?

4. Пайдаланушы интерфейстер мәселелерімен қандай ұйымдар айналысады?

 

ші дәріс. Адам мен есептеуіш орта арасындағы қарым-қатынас интерфейсін инженерлік-психологиялық жобалаудың мақсаты мен міндеттері.

Адам-оператордың компьютерлік жүйелердегі орны.

Есептеу техникасын басқару жүйелерінде, ұйымдастыру, басқару мен конструктрлық қызметте, оқу процестерінде және ғылыми зерттеулерде пайдалану, компьютермен жұмыс істеуге адамзат қызметінің әртүрлі салаларындағы мамандарды іске тартады. Пайдаланушылардың дайындығы мен квалификациясы әр түрлі болуы, ЭЕМ-нің дәрежесін арттыруды, олармен жұмыс істеуді жеңілдетуді және ЭЕМ-сын интеллектуализациялауды талап етеді. Интеллектуализациялауда адам мен есептеу жүйесі (ЕЖ) арасында интерфейсті жасау ерекше орын алады. Ол өз кезегінде дайындығы жоқ пайдаланушы мен компьютер арасындағы қатынасты қамтамасыз етуі тиіс.

“Адам-компьютер” интерфейсін ұйымдастыру кезінде негізгі 2 есепті қарастыру қажет:

- ақпаратты енгізу мен көрсетудің тиімді түрлерін құратын енгізу-шығаруды ұйымдастыру;

- диалогтың мәндік мазмұнын арттыратын және ресми емес қатынас процедураларын қолдайтын бағдарламалық қамтаманы құру.

ЭЕМ-да шығарылатын кең ауқымды есептер, интерфейсті құру проблемасы компьютерлік жүйенің қай облыста қолданылуына байланысты болады. Ұшқыш пен борттық ЭЕМ арасындағы қатынас, оқушы мен оқыту жүйесі арасындағы қатынастан өзгеше ұйымдастырылуы қажет екендігі түсінікті.

Соның салдарынан, адам-машина жүйесінің есептерін құру мен ондағы қатынасты ұйымдастыру түрлі дәрежедегі пайдаланушыларды тану болып табылады. Осы есептің шешуі - пайдаланушы-оператордың қызметін құрылымдауға және кез-келген адаммашиналық жүйені жобалау кезінде міндетті түрде қарастырылуы тиіс психофизиологиялық сипаттамаларды есепке алуға мүмкіндік береді. Бұл ақпарат компьютерлік жүйелерді құру кезіндегі пәндік облысты жобалау алдындағы сараптауға негізделген. Бұл сараптаудың мақсаты адам мен ЭЕМ арасында қызметтерді бөлу және аппараттық пен программалық қамтама талаптарын біркелкі ету.

Осы күнде адам мен компьютерлік жүйе қатынасын ұйымдастыруда кең ауқымды програмалық және аппараттық құрылымдар бар. Қарым қатынастың салттық түрінен басқа тілдік диалог пен қарапайым тілдегі диалогтар жүйесі құрастырылуда. Осыны ескере отырып, басқа да негізгі мәселелердің бірі - қолданбалы программаларда адам мен ЭЕМ арасындағы қатынасты жобалау процесстерін ұйымдастыру болып табылады. Қолданбалы интерфейсті құру сұрақтарында инженерлік психология негізгі орын алады.

Инженерлік психология – адам мен техника арасындағы ақпараттық өзара қатынас процесстерінің объективті заңдылықтарын зерттейтін ғылыми пән. Оларды “адам-машина” жүйесін (АМЖ) жобалауда, құруда және іске асыруда пайдаланылады.

Инженерлік психологияның негізгі міндеттері:

- АМЖ-де адамның қызметін және орнын сараптау;

- Оператордың қызмет құрылымын және классификациясын зерттеу;

- Басқарушы әсерлерді іске асыруда және шешімдер қабылдау кезінде ақпаратты өңдеу процесстерін зерттеу;

- Оператордың жұмыс орнын ұйымдастыру принциптерін құру;

- АМЖ тиімділігіне психологиялық факторлардың әсерін зерттеу;

- Адамның техникалық жүйелермен ақпараттық өзара қатынасын оптимизациялау;

- Операторларды кәсіби дайындаудың әдістері мен принциптерін құру;

- Инженерлік-психологиялық жобалау теориясын құру және оны АМЖ құру барысында пайдалану.

Адам-оператордың ақпаратты басқару мен өңдеудегі жалпы сұлбасындағы ролі мен орнын қарастырайық.(2-сурет). Оператордың ролі әр түрлі көздерден түскен ақпаратты қабылдап және оған баға беріп, соңынан шешім қабылдап, оның орындалуына командаларды қалыптастыру және іске асыру болып табылады. Оператордың жұмысына бақыланатын процесстің жағдайы туралы ақпараттан басқа, жоғарғы деңгейдегі ішкіжүйе жетекшілері мен операторларын нұсқаулары әсер етеді. Жоғарғы деңгейдегі операторлар автоматты басқару жүйелерімен бірге, басқару әсерлерін іске асыру кезінде басқару процесіне араласа алады. Операторлар айтылған функциялардан басқа басқару жүйесінің жағдайын да басқара алады. Адамның техникалық құрылғылармен өзара қатынасы кезінде, оператор қабылданып және сарапталған ақпараттың негізінде басқару бойынша қажетті шешім қабылдайды. Шешім қабылдау процедурасы ақпаратты қабылдау мен өңдеудің барлық деңгейлерінде орталық болып табылады. Шешім қабылданғаннан кейін адам-оператордан басқарушы әсер келіп түседі, өз кезегінде ол түрлендіру жолдарымен басқару жүйесіне келіп түседі. Ақпаратты басқару мен өңдеудің жалпы сұлбасы 2-суретте көрсетілген.

Әдебиет: 1нег. [20-26], 2 нег.[17-41], 3 нег. [10-29], 1 қос.[5-6].

Бақылау сұрақтары:

1. “Адам-оператор” интерфейсін ұйымдастыру барысында қандай негізгі сұрақтар қарастырылады?

2. Инженерлік психология нені зерттейді?

3. “Адам-оператор” интерфейсін ұйымдастыру барысында инженерлік психология қандай негізгі сұрақтарды шешеді?

4. “Адам-оператордың” ақпаратты басқару мен өңдеудегі жалпы сұлбасындағы рөлі мен орны қандай?

5. Ақпаратты басқару мен өңдеудің жалпы сұлбасына түсініктеме беріңіз.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-03-12; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1107 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Победа - это еще не все, все - это постоянное желание побеждать. © Винс Ломбарди
==> читать все изречения...

782 - | 759 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.