Лекции.Орг


Поиск:




Білім беру мекемелеріне байланысты бюджет ақшасының есептік көрсеткіштері мен жоспарлау тәртібі




Білім беру саласының қаржылық қамтамасыз етуінің тиімділігі бюджет құралдарының нақты қажеттілігінің есептемелері мен оларды дәйекті жоспарлау тәртібіне негізделеді. «Білім беру туралы» Заңға сәйкестік мемлекет жыл сайын білім беру шығындарын қаржылындыруға бюджет құралдарын бөлуді кепіл етеді. Бұл құралдардың мөлшері бюджет жүйесінің деңгейлері бойынша кірістер көлемімен реттеледі. Сондықтан, білім беруге арналған шығындарды бюджетке енгізу олардың қажеттілігімен қоса сол шығындарды іске асыру қаржылық мүмкіншіліктерімен анықталады.

Білім беру саласына арналған бюджет құралдары бюджеттік жіктелуге сәйкес бөлінеді. Бұл саланы үстауға арналған бюджеттік ақшаны жоспарлау тәртібі әрбір мекеме үшін іс-әрекетінің белгіленген өндірістік көрсеткіштерін есепке алуға мүмкіншілік жасайды. Мысалы, осындай көрсеткіштер болын мектепке дейінгі тәрбие мен окыту үшін балалар мен топтар саиы, мектеп үшін - оқушылар мен сыныптар саны табылады. Шығындарды есептеу, белгіленген формаларды пайдалана отырын, шығыстардың экономикалық жіктелу ерекшеліктері бойынша анықталады.

Мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік қызметкерлер емес жүмыскерлерінің негізгілік еңбекақысына арналған шығындар есептемелерін құру үшін 02-111 және 03-111 формалары толтырылады. Бұл формаларда мамандық пен қызмет атау-лары, жүмыскерлердің категориясы мен стаждары бойынша мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің айлық еңбекақы сомалары анықталады.

Білім беру мекемелерінде тамаққа арналған шығындар есебі үшін 01-131 форма толтырылады. Бұл формада бір оқушы не-месе бір балалаға шаққандағы тамақ нормасы мен олардың орташажылдық саны негізінде тамақ азықтарын алушылардың атаулары көрсетіледі. Үкімет тағайындаған нормативтер негізінде коммуналдық және электроқуатқа арналған шығындар көлемін есептеу үшін 01-141 және 01-144 формалар толтырылады. Сонымен қатар, ғимаратгар, құрал-жабдыктар мен баска да негізгі құралдарды ұстау, күту және жөндеуге арналған шығындар көлемін есептеу үшін 0Ы46 форма толтырылады.

Нәтижесінде, осындай есептемелер негізінде қажетті бюджеттік құралдар көлемі анықталып, білім беру мекемесінің қаржыландыру жоспары қалыптастырылады. Бұл құжатта мекеменің аты мен мекен-жайы және бюджеттік жіктелудің кодтары, бюджетке шамаланған кірістер түсуіне сәйкестік тоқсан сайын қаржыландыру көлемін бөлуімен экономикалық жіктелудің әрбір ерекшеліктері бойы бекітілген құралдар сомасы көрсетіледі.

Экономикалық әдебиет беттерінде білім беру мекемелерінің шығындарын есептейтін әр түрлі әдістер ұсынылады. Солардың бірі, ақпараттық жалпы қаржылык көрсеткіш болып есепте-летін, оқушылардың біріне шаққандағы шығындар мөлшерін пайдалануға негізделеді. Бұл көрсеткіштш мағынасын анықта-ғанда басқа да функционалдық көрсеткіштердің деңгейін есепке алу кажет, мысалы, мұғалімдер кадрлары мен олардың саны, оқушылардың сабақ үлгеруін, орта мектепте білім алудың мүм-кіндігін, негізгі құралдардың көлемі мен жағдайын және тағы басқаларын.

Мысал ретінде экономикалық әдебиет бетінде жарияланған әдістердің бірін пайдалану мүмкіндігіи қарайық. Бұл әдістің негізінде оқушылардың біріне шақкандағы орта білім беруге арналған шығындар мөлшері алынған. Республика бойынша осы корсеткіштің деңгейі орташа есеппен алғанда 156 АҚШ долларын құрайды. Бұл мөлшерді бастапқы (Сб) ретінде пайдаланғанда, оның жеткілікті деңгейін анықтау үшін қор коэффициентін (Кқ) етгізу қажет. Осы коэфициенттің мөлшері, макроэкономикалық керсеткіштер өзгерістерінің негізінде білім беруге арналған шы-ғындар сомасы объективті түрде өсу мүмкіндігін есептегенде, мысалы, 30%-ды құраса, онда 1,3-ке тең болады. Демек, орта білім беру деңгейі үшін жеткілікті шығындар мөлшерін (Сж) келесі формула арқылы анықтауға болады:

Сж = Кқ * Сб= 1,3 * 156 = 202,8 АҚШ долл./адамға,

Бұл нәтиже республика бойынша көрсеткіштің орташа мөлшерін көрсетеді, ал ауыл мен қала мектептері бойынша орта білім беруге арналған шығындар мәнін анықтау үшін осы есептелген көрсеткішті саралау қажет. Ауылдық мектептердің ахуалын, ауыл тұрғындарының мекендеу ерекшеліктерін және барлық оқушылардың жартысына жуығы осы ауылды жерде түратындарын есептей отырып, оқушылардың біріне шаққандағы шығындар мөлшерінің есебін әр түрлі дүрыстау коэффициенттерді (Кд) пайдалану арқылы анықтауға болады, яғни, мысалы, ауылдық жердегі мектептері үшін Кд - 1,1, ал қалалық қоныстану мектептер үшін Кд - 0,9. Демек, аймақтар бойынша орта білім беру деңгейі үшін жеткілікті шығындар көлемі (Сжр) айтылған ерекшеліктерді есептей отырып келесі формула арқылы аныкталады:

Сжр = Саж * Оса + Сққ * Осқ, мұнда

Саж - ауылдық жердегі мектептер үшін оқушылардың біріне есептелген шығындар мөлшері;

Сққ - қалалық қоныстану мектептер үшін оқушылардың бірі-не есептелтен шығындар мөлшері;

Оса - аймақ бойынша ауылдық жердегі мектептердегі оқушылар саны;

Осқ - аймақ бойынша қадалық қоныстану мектептердегі оқушыларының саны.

Осы әдісті қолдана отырып, республика бойынша барлық білім беруге арналған шығындар көлемін анықтауға болады. Білім беру саласын қаржыландыру колемін жеткілікті шығындар мөлшерін есептеу арқылы анықтау аймақтар мен тұрғын жер бойынша диспропорцияны жою мен әлеуметтік жағдай жасауды іске асыруға мүмкіндік береді.

Мемлекет кызметкерлері емес мемлекеттік мекемелер жұмыскерлерінің еңбекақы жүйесі. Білім беру мекемелеріндегі қызметкерлерге еңбекақы төлеу ерекшеліктері

Білім беру мекемелерін ағымды ұстауға арналған шығындардың негізгі бөлігін еңбекақы төлеуге жұмсалатын шығындар құрайды. Олар педагогикалык, әкімші-шаруашылық және оқу-көмектесуші персонал бойынша анықталады. Үкімет бекіткен бірынғай тарифтік кесте негізінде аныкгалған осы еңбекакы мен оғаи қосымша және басқа да төлемдер түрлеріне арналған шығындар қосындысы білім беру мекеме жұмыскерлерінің еңбекақы қоры болын табылады.

Білім беру саласының мемлекеттік мекеме жұмыскерлерінің еңбекақы жүйесі Республика Үкіметінің 2014 ж. бекіткен №91 «Мемлекеттік кызметкерлер және қазыналык кәсіпорындар жұмыскерлері емес мсмлекеттік мекемелер жұмыскерлерінің еңбекақы жүйесі жөніндегі» қаулысымен реттеледі. Осы қаулыға сәйкестік білім беру мемлекеттік мекемелерде сағаттық еңбекақы жүйесі тағайындалған және осындай мекемелердің жүмыскерлері мемлекеттік мекемелер мен қазыналык кәсіпорындар қызметтері тізілімінің О санат тобына апарылған.

Еңбекақы корын анықтау маңында негізгі табыстык ақымен қоса жалпы білім беру, жоғары білім беру мен мемлекеттік ғылыми мекемелер мен қазыналык кәсіпорындар жұмыскерлеріне еңбектің айрықша шарттары үшін заннамалармен тағайындалған қосымша төлемдер есептеледі. Мысалы, мектеп мүғалімдерінің еңбекақы қоры қосымша төлемдерді қоса бірыңғай тарифтік кесте негізінде есептелген педагогикалық мөлшерлемелер саны мен мүғалімнің айлық орташа мөлшерлемесі арқылы анықталады. Ал педагогикалык мөлшерлемелер саны әрбір сыныптар тобы бойын-ша есептелген оқу сағаттарының жалпы көлемін мүғалімнің белгіленген оқу сағат нормасына бөлу арқылы анықталады.

Білім беру мекемелерінің еңбекақы жүйесінің айрықша ерекшелігі - ол оқу жылы мен қаржы жылы басының түйіспеуі. Сон-дықтан, ағымдағы және жаңа қаржы жылғы айлар үшін еңбекақы қордың айлық сомасы мен сыныптар топтарының саны негізінде 1-ші қаңтар мен 1 -ші қыркүйекке мүғалімнің орташа мөлшерлемесі мен енбекақы қоры есептеледі.

Тұжырымдама

Азаматтардың білім алу құқы Қазақстан Республикасының Конституциясында кепілденген және 2013 жылы маусым айының 7-нші жұлдызында қабылданған «Білім беру туралы» Заңмен реттеледі. Осы құқықты мемлекет тиісті әлеуметті-экономикалық шарт-тар жасап, білім беру жүйесін дамыту арқылы камтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының азаматтарына мемлекет ақысыз жалпы орта мен алғашқы кәсіби білім және мемлекеттік тапсырысқа сәйкес конкурстык негізде ақысыз орта кәсіби, жоғары кәсіби және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуды кепілдейді, егерде азамат осы әрбір деңгей бойы білімді алғашқы рет алып отырса.

Тақырып бойынша теориялық білімді бақылау және өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1. «Білім беру туралы» Заңы қашан қабылданды?

2. Білім беру аумағындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері қандай?

3. Білім беру жүйесінің негізгі міндеті не болып табылады?

4. Білім беруге арналған шығыстарды қалыптастыру?

5. Жоғары кәсіптік білімді кадрларды даярлауға арналған шығындар құрамына қандай баптар кіреді?

6. Мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік қызметкерлер емес жүмыскерлерінің негізгілік еңбекақысына арналған шығындар есептемелерін құру үшін қандай форма толтырады?

Әдебиеттер тізімі:

1. Государственный финансовый контроль в Республике Казахстан.: Сб. норм.- правовых актов. –Астана: Фолиант,2014.- 132 с.

2. Действующие неправительственные и межгосударственные Конвенции и Соглашения об избежании двойного налогообложения: На 1 января 2013 года.- Алматы: Каржы-каражат, 2013.- 96 с.

3. Дунаев В.М. Налоговый терминологический русско-казахский словарь-справочник.- Алматы: Познание, 2013.- 428 с.

4. Дуканич Л.В. Налоги и налогообложение: Учебное пособие.- Ростов-на-Дону: Феникс, 2012.- 416 с.

5. Ержанов С. Налогообложение юридических лиц в Казахстане (примеры, ситуации, бухгалтерские проводки по налоговым платежам): По налоговому законодательству, действующему на 01.07.2014 г.- 163 с.

6. Законы Республики Казахстан: О налогах и других обязательных платежах в бюджет от 24.04.2014 г. № 2235 с изм. и доп. от 23.01.01 г. № 147-II; О государственном контроле при применении тансфертных цен от 05.01.01 г. № 136-II; Краткие комментарии к ЗРК.- Алматы: Lem, 2013.- 207 с.

7. Идрисова Э.К. Налоговое регулиро-вание предпринимательской деятель-ности в сфере малого и среднего биз-неса.- Алматы, 2013.- 136 с.

8. Исмагулова А.У. Налоговое планирование. Учеб. прогр.- Астана: Ун-т «Туран-Астана», 12 с.

9. Исмагулова А.У. Налоговое планирование. Учеб. прогр.- Астана: Ун-т «Туран-Астана», 12 с.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-03-12; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 880 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Вы никогда не пересечете океан, если не наберетесь мужества потерять берег из виду. © Христофор Колумб
==> читать все изречения...

790 - | 761 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.008 с.