Белгілі жақындатумен минералдардың құрамын, түзілу температурасын және шығу тегін анықтайтын белгілерді типморфтық белгілер деп атайды.
Минералдар табиғатта ортаның белгілі физика – химиялық жағдайларда түзіледі. Бұл жағдайлардың өзгеруі, мысалы орта құрамының өзгеруі олардың түстерінен көрінетін минералдар құрамының өзгеруіне алып келеді. Мысал ретінде цинкті алдауды келтіруге болады. Бақылаулар біршама жоғары температуралы цинкті алдаулар құрамында темір және қара түсті болатынын көрсетеді. Кәдімгі, цинкті алдаулар қоңыр түсті болады, ал түссіз және ашық – сарылар (темірсіз, кейде кадмиймен) төмен температуралы болып келеді. Осылайша, цинкті алдау түсі бойынша тек құрамын ғана емес (мысалы, темір мөлшерін), сонымен бірге түзілу температурасын білуге де болады.
Минералдар түсінің құрамына және түзілу жағдайларына тәуелділігінің басқа бір мысалы болып гранаттар табылады. Гроссуляр (жасыл түсті әктасты – сазшірікті гранат) әктастармен әрекеттесуге, альмандин (қызыл түсті темірлі – сазшірікті гранат) сланецтер және гнейстермен әрекеттесуге жақсы, уваровит (изумрудты – жасыл хромды гранат) ультронегізді породалар арасында хромды темірлермен кездеседі.
Типморфтық белгілері бар минералдар типморфтық минералдар деп аталады. Осыдан, цинкті алдау мен гранаттар – типморфтық минералдар.
Нағыз типморфтық минерал турмалин де болып табылады. Оның түрлерінің ішіндегі көптарағаны қара түсті темір құрамды турмалин – шерл. Ол көптеген пегматидті торларда,және де мускатты пегматидтерде кездеседі. Салыстырмалы сирек түрлері қызғылт (рубеллит) немесе полихромдылар (түрлі-түсті) құрамында литий, цезий, тантал, необий минералдары бар сирекметалдылармен сипаталады. Осылайша қызғылт және полихромды турмалиндердің табылулары сирек металдардың болу мүмкіндігін көрсетеді.
Типоморфтық белгі болып минералдар беті де бола алады. Пегматидті торлардың кассетериттер кристалдары әдетте дипирамидалы, ал гидротермальды торлардың призмалы түрде болады (49 – сурет). әр минерал басқа бірдей жағдайларда белгілі-бір температуралық интервалында түзіледі. Кейде бұлинтервал жүздеген градустарды құрайды, басқа жағдайларда түзілу температурасы анықтырақ болады. Мысалы, төмен температуралы кварц 575°С төмен температурада түзіледі. Осыдан, оған дейін немесе одан кейін түзілген басқа минералдар да 575 °С төмен температурада түзіледі. Түзілу температуараны шамамен анықтауға мүмкіндік беретін минералдарды минералдар-термометрлер деп атайды
Минералдар арасындағы қатынасы бойынша, яғни бір минералдарының басқаларымен қиылысулары бойынша олардың түзілу ретін құруға болады. Жие бір минернал минералтүзілу процесі кезінде бірнеше рет түзілуі мүмкін, яғни бірнеше генерациясы болады. Мысалы, 50 – суретте кварцтың екі генерациясы көрсетілген. Бірінші генерациясы пиритпен, ал екіншісі сфалеритпен байланысты.
Түрлі генерациялардың минералдардың бір-бірінен химиялық құрамы және сыртқы белгілерімен – түсі,дән өлшемі, огранка және т.б. бойынша еркшеленеді. Осылайша, кварцтың біршама ерте генерациясы сұр түсті, ал кештеулері – ақ түсті, жие анық огранкалы және мөлдір (тау хрусталі) болады.
Кенорындарда детальды минерологиялық зерттеулер нәтижелерінде әдетте кварцтың, сульфидтің жәнебасқа миералдардың бірнеше генерациялары анықталады. Мұндай зерттеу берілген минерал үшін іздеу және барлау жұмыстары үшін маңызды болып келетін өндірістік бағалы генерациясын анықтауға мүмкіндік береді.
Белгілі-бір кенорны үшін минералдар және генерацияларының шығу реті арнайы схемаларда немесе диаграммаларда көрсетілген. 51 – суретте Орта Азия аудандарының біреуінің пегматидті торлардың кейбір минералдарының шығу реті және типморфтықбелгілер көрсетілген. Диаграммада нақты реттілік ассоциациялар көрінеді. Мысалы, сподумен минералы полихромды турмалиндермен, пластиналы альбитпен (клевеландитпен), лепидолитпен бірігіп кездесетіні, және дә биолитпен кездеспейтіні көрінеді.
Парагенезис – ұқсас түзілу жағдайларына байланысты табиғатта минералдардың қосарланып болуы. Парагензистік ассоциациялар туралы оқулары минерология, петрография және пайдалы қазбалар туралы ғылымы үшін маңызы зор.
Минералдар парагенезисі туралы іздеу жұмыстарын жүргізуге көмектеседі. Мысалы, хромды пудаларды тек қана ультронегіздік аймақтарында, ал қалайы және вольфрам рудаларын – қышқылдар арасында іздейді. Гранитердің әктастармен контактта пирокседі және гранатты породаларды тапқаннан кейін, оларды шеелит және басқа кенді минералдар құрамына зерттеу қажет. Минералдардың парагенезистік ассоциацияларын негізгі генезис түрлері бойынша анықтайды. Осы жолмен шығу тегі магматты минералдардың (қышқылдық, негіздік және сілтілік породалар үшін), пегматиттер үшін (қышқылдық және сілтілік), жоғары, орташа және төмен температуралы гидротермальды өнімдердің парагенезистік ассоциацияларын анықтайды. Соңғылары үшін киноварь, антимонит, барит, кальцит, флюорит, халцедон жатады. Киноварь мен антимонит басқа генезистің ассоциацияларында сирек кездеседі. Полиметалдық атауын алған қорғасын, күміс және мыс рудаларының ассоциациялары өте тығыз.
Мирнералдар парагенезисіне көп көңіл бөлген академик В. И. Вернадский. Оның жұмыстарына дейін минералогия сипаттамалы түрде болатын. В. И. Вернадский өз еңбектерінде минералдардың шығу тегі және өмір сүру туралы жалпылама берді. Ол минералогияның дұрыс генетикалық бағыттың негізін қалаған деп есептеледі.